ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Татарстан Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда министрімен кездесті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда…
📌 Ерсайын Нагаспаев встретился с заместителем премьер-министра – министром промышленности и торговли Татарстана

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с заместителем премьер-министра – министром промышленности и торговли Республики Татарстан Олегом Коробченко.

В ходе встречи стороны обсудили вопросы сотрудничества в сфере промышленности.

ℹ️ Отмечена важность дальнейшего развития взаимодействия и реализации совместных проектов.

Стороны рассмотрели текущие направления работы и планы на предстоящий период.

🤝 По итогам встречи подтверждена готовность к продолжению сотрудничества и реализации намеченных инициатив.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
📌Министрліктің апталық жұмысының қорытындысы:

🔹 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев Danieli Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді
🔹 Ерсайын Нағаспаев Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп және сауда министрімен кездесті
🔹 Қазақстан делегациясы ауыл шаруашылығының заманауи техникаларын локализациялау мәселесін талқылау үшін еуропалық жетекші кәсіпорындарда болды
🔹 Отандық IT-компаниялар Қазақстан кәсіпорындарына жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу ісіне қатысады
🔹 Астанада GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA 2026 халықаралық геологиялық форумы өтеді

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Министрліктің апталық жұмысының қорытындысы: 🔹 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев Danieli Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді 🔹 Ерсайын Нағаспаев Татарстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – өнеркәсіп…
📌События Министерства за неделю:

🔹Министр промышленности и строительства Республики Казахстан провёл встречу с представителями Danieli Group
🔹Ерсайын Нагаспаев встретился с заместителем премьер-министра – министром промышленности и торговли Республики Татарстан
🔹Делегация Казахстана посетила ряд ведущих европейских предприятий для обсуждения локализации современной сельхозтехники
🔹IT-компании будут участвовать во внедрении ИИ-решений на предприятиях Казахстана
🔹Международный геологический форум - GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA 2026 - пройдёт в Астане

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
❤3
📌 Өңдеу өнеркәсібіндегі инновацияларға жұмсалған шығындар 4,5 есе өсті

ℹ️ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында инновациялар мен технологиялық жаңғыртуды дамыту өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Министрдің мәліметінше, цифрлық трансформация, Индустрия 4.0 технологияларын енгізу, индустриялық инфрақұрылымды дамыту және отандық өндірістерді жаңғыртуға қажетті инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру қазірдің өзінде нақты оң нәтижелер көрсетуде.

"Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының инновацияларға жұмсаған шығындары 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті", – деді Ерсайын Нағаспаев.


Бұл ретте 500 өнеркәсіптік кәсіпорынның технологиялық тұрғыда жетілуіне қатысты бағалау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өндірістік үдерістерді жаңғырту бойынша 23 ұсыным әзірленді. Жасанды интеллектті енгізу бойынша Жол картасы шеңберінде ЖИ-ді қолдану арқылы 11 қанатқақты жоба іске асырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Өңдеу өнеркәсібіндегі инновацияларға жұмсалған шығындар 4,5 есе өсті ℹ️ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында инновациялар мен технологиялық жаңғыртуды дамыту өнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттарының…
📌 Затраты на инновации в обрабатывающей промышленности выросли в 4,5 раза

ℹ️ Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев выступил на заседании Правительства, подчеркнув, что развитие инноваций и технологической модернизации является одним из ключевых направлений промышленной политики.

По данным министра, реализация мер по цифровой трансформации, внедрению технологий Индустрии 4.0, развитию индустриальной инфраструктуры и стимулированию инвестиций в модернизацию отечественных производств уже приносит конкретные результаты.

«Затраты предприятий обрабатывающей промышленности Республики Казахстан на инновации по сравнению с 2021 годом выросли в 4,5 раза и достигли 1,9 трлн тенге», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


При этом была проведена оценка технологической зрелости 500 промышленных предприятий, по итогам которой разработаны 23 рекомендации по модернизации производственных процессов. В рамках Дорожной карты по внедрению искусственного интеллекта реализовано 11 пилотных проектов с применением ИИ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
📌 Инновациялар еліміздің тау-кен металлургия кешенін қалай өзгертеді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде тау-кен металлургия кешенінде (ТМК) инновациялық технологияларды енгізудің нақты мысалдарын келтірді.

Министрдің айтуынша, Аяқ-Қожан, Ақтоғай, Алмалы кен орындарында, сондай-ақ Қоңырат үйінділерінде және Бозшакөл фабрикаларында төмен сұрыпты мыс құрамды шикізатты өңдеуге арналған байыту-гидрометаллургиялық біріктірілген технологиялар қолданылуда. Бұл технологиялар жылына 50 мың тоннадан астам катодты мыс өндіруге мүмкіндік беріп, нәтижесінде оны сату көлемі 350 млн АҚШ долларына дейін жетуде.

➡️"Берқара" кешенінде (Arx Minerals ЖШС) үймелі шаймалау технологиясын енгізу есебінен катодты мыс өндірудің жобалық қуаты жылына 5 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.

➡️Қаратау кен орнында ванадий құрамды кварциттерді гидрометаллургиялық өңдеу іске асырылып, ванадийді алу деңгейі 85%-дан, ал молибденді алу 77%-дан асты.

➡️Бұғыты кен орнында шеелитті кендерді өндіру және өңдеу технологиясын оңтайландыру нәтижесінде вольфрам кендерін өңдейтін зауыт іске қосылып, жылына қосымша 100 тоннаға дейін вольфрам триоксиді өндіріле бастады («Жетісу Вольфрамы» ЖШС).

➡️Балқаш мыс балқыту зауытында ілеспе компоненттерді кешенді түрде алу үшін қалпына келтіретін электрбалқыту технологиясы әзірленді (мыс – мыс шламы, құрамында алтын мен күмісі бар қара қорғасын, сүрмелі балқымалар). Бұл технология жылына мыңнан астам тонна құрамында бағалы металдар бар шлакты қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

➡️"Жезқазғанредмет" кәсіпорнында ыстыққа төзімді никель қорытпаларының қалдық шикізатын қайта өңдеу (рециклинг) технологиясы енгізіліп, нәтижесінде рений өндірісі 10 есеге (700 кг-нан 7,5 тоннаға дейін) артты. Сонымен қатар никель, кобальт және басқа да легирлеуші элементтерді қосымша алу қамтамасыз етілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Инновациялар еліміздің тау-кен металлургия кешенін қалай өзгертеді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде тау-кен металлургия кешенінде (ТМК) инновациялық технологияларды енгізудің нақты…
📌 Как инновации меняют ГМК Казахстана

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства, привел примеры внедрения инновационных технологий в горно-металлургическом комплексе (ГМК).

Так, по его словам, на месторождениях Аяк-Коджан, Актогай, Алмалы, отвалах Коунрада и фабриках Бозшаколь применяются обогатительно-гидрометаллургические комбинированные технологии переработки низкосортного медьсодержащего сырья, которые обеспечили производство более 50 тыс. тонн катодной меди в год с объемом реализации до 350 млн долларов США.

➡️На комплексе «Беркара» за счет внедрения технологии кучного выщелачивания проектная мощность выросла до 5 тыс. тонн катодной меди в год (ТОО «Arx Minerals»).

➡️На месторождении Каратау реализована гидрометаллургическая переработка ванадийсодержащих кварцитов с извлечением ванадия более 85% и молибдена более 77%.

➡️На месторождении Богуты по итогам оптимизации технологии добычи и переработки шеелитовых руд запущен завод по переработке вольфрамовых руд с дополнительным получением до 100 тонн триоксида вольфрама в год (ТОО «Жетісу Вольфрамы»).

➡️На Балхашском медеплавильном заводе разработана технология восстановительной электроплавки для комплексного извлечения сопутствующих компонентов (медь в медный шликер, черновой свинец, содержащий золото и серебро, сурьмянистые плавы), что позволяет переработать более тысячи тонн драгметального шлака в год.

➡️На «Жезказганредмет» внедрена технология рециклинга вторичного сырья жаропрочных никелевых сплавов, что позволило увеличить выпуск рения в 10 раз (с 700 кг до 7,5 тонн) с дополнительным извлечением никеля, кобальта и других легирующих элементов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
📌 Елімізде машина жасау өндірісін роботтандыру ісі күшейтіледі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында машина жасау саласындағы инновацияларды дамыту шеңберінде өндірісті роботтандыру басымдықтардың бірі саналатынын мәлімдеді.

Министр қазіргі уақытта елде өнеркәсіптік роботтардың тығыздығы 10 мың жұмысшыға шаққанда 10 бірлікті құрайтынын, бұл әлемдік жетекші елдердің (400-800 бірлік) көрсеткіштерінен едәуір төмен екенін жеткізді.

"Роботтандыруды дамыту және өндірістегі мамандар тапшылығын азайту мақсатында кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесін, деректерді талдауды, жасанды интеллект элементтерін және цифрлық платформаларды, сондай-ақ өнеркәсіптік роботтар мен машиналық көру жүйелерін қоса алғанда, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 300-ден астам робот орнатылды, оның ішінде FANUC және ABB сынды компаниялардың өнімдері бар", – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр мысал ретінде 68 робот орнатылған KIA Qazaqstan зауытын және 54 робот пайдаланылатын Astana Motors кәсіпорнын атады.

ℹ️ Сондай-ақ Ерсайын Нағаспаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп "Digital Kazakhstan" жалпыұлттық стратегиясы аясында экономика салаларын роботтандыру бойынша жобалық кеңсе құру жоспарланып отырғанын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Елімізде машина жасау өндірісін роботтандыру ісі күшейтіледі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында машина жасау саласындағы инновацияларды дамыту шеңберінде өндірісті роботтандыру басымдықтардың бірі…
📌 В Казахстане усилят роботизацию производства в машиностроении

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев в ходе выступления на заседании Правительства сообщил, что в рамках развития инноваций в машиностроении одним из приоритетов является роботизация производства.

Министр указал, что в настоящее время в стране плотность промышленных роботов составляет около 10 единиц на 10 тыс. работников, что существенно ниже показателей ведущих стран мира (400–800 единиц).

«В целях развития роботизации и сокращения дефицита кадров на производстве начата активная работа по внедрению цифровых решений, включая автоматизированную систему управления предприятием, аналитику данных, элементы искусственного интеллекта и цифровые платформы, а также промышленных роботов и системы машинного зрения. По итогам 2025 года установлено более 300 роботов, включая FANUC и ABB», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Среди примеров министр привел завод KIA Qazaqstan с 68 роботами и Astana Motors с 54 роботами.

ℹ️ Также Ерсайын Нагаспаев отметил, что совместно с Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития в рамках общенациональной стратегии «Digital Kazakhstan» планируется создание проектного офиса по роботизации отраслей экономики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесін ашты

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанадағы "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында ұйымдастырылған VII халықаралық мамандандырылған Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Өз сөзінде министр саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік серіктестермен кооперацияны кеңейту басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Kazakhstan Machinery Fair көрмесі іскерлік байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және отандық өнімді ішкі әрі сыртқы нарықтарға ілгерілетуге тиімді алаң болады деп сенемін», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр сондай-ақ машина жасау саласын дамыту мақсатында өндірістілокализациялауды тереңдету, заманауи технологияларды және автоматтандыруды енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласының өңдеуші өнеркәсіптің негізгі бағыттарының бірі ретінде тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде бұл секторда 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда шамамен 130 мың адам еңбек етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өнім өндіру көлемі 18%-ға өсіп, шамамен 6 трлн теңгеге жетті.
 
📌 Kazakhstan Machinery Fair 2026 көрмесі – машина жасау және металл өңдеу секторындағы заманауи технологияларды, жабдықтарды көрсетуге және кооперацияны дамытуға арналған негізгі салалық алаң. Көрмеде әлемнің 19 елінен келген 250-ден астам компания өз өнімдерін ұсынуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық көрмесін ашты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанадағы "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында ұйымдастырылған VII халықаралық мамандандырылған…
⚡️ Ерсайын Нагаспаев открыл международную выставку KazakhstanMachinery Fair 2026

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаевпринял участие в официальном открытии VII Международной специализированной выставки по машиностроению и металлообработке Kazakhstan Machinery Fair2026 на площадке Международноговыставочного центра «EXPO» в Астане.

В ходе выступления министр подчеркнул, что приоритетом остаётся повышение конкурентоспособности и расширение кооперации с зарубежными партнёрами.

«Уверен, что проведение KazakhstanMachinery Fair станет эффективной площадкой для укрепления деловых контактов, реализации совместных проектов и продвижения отечественной продукции на внутреннем и внешних рынках», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Министр также сообщил о проведении работ по дальнейшему углублению локализации, внедрению современных технологий и автоматизации для развития машиностроительной отрасли.

Ерсайын Нагаспаев подчеркнул устойчивый рост машиностроительной отрасли, которая является одной из базовых отраслей обрабатывающей промышленности. Он отметил, что в машиностроительном секторе в настоящее время уже действуют более 4 тыс. компаний, на которых работают порядка 130 тыс. человек. При этом в 2025 году объем выпуска продукции в машиностроении вырос на 18% и достиг порядка 6 трлн тенге.

📌 Выставка Kazakhstan Machinery Fair 2026 является ключевой отраслевой площадкой для демонстрации современных технологий, оборудования и развития кооперации в сфере машиностроения и металлообработки, где представлены свыше 250 компаний из 19 стран мира, которые продемонстрируют свои решения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1
⚡️ Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада ұйымдастырылған Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумының ашылуында құттықтау сөз сөйледі.

Ведомство басшысы форумның өткізілуі өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға, жер қойнауын ұтымды және орнықты пайдалануға келісілген тәсілдерді әзірлеуге бағытталған геология саласындағы кәсіби диалог үшін жаңа өңірлік алаңның бастауы болғанын атап өтті.

📌 Өз сөзінде министр Орталық Азия елдерінің экономикалық даму, өнеркәсіпті жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздік үшін негіз саналатын айтарлықтай минералдық-шикізаттық әлеуетке ие екенін айтты.

Сонымен қатар сала дәстүрлі кен орындарының сарқылуы, терең қабаттар мен қолжетімсіз аумақтардағы ресурстарды игеру қажеттілігі сияқты бірқатар қиындықтарға тап болып отырғанын жеткізді.

Осыған байланысты жер қойнауын геологиялық зерттеу жүйесін жаңғыртудың маңызы артып келеді. Қазақстан салада цифрлық мүмкіндіктерді енгізу және заманауи инфрақұрылымды дамыту арқылы реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.

«Біз инвесторларға өзекті әрі сенімді ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи ақпараттық жүйені қалыптастыру бағытында тыңғылықты жұмыс жүргізудеміз. Архивтік материалдарды цифрландыру, үлкен деректерді өңдеу және Жерді қашықтан зондтау технологияларын енгізу геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министрдің айтуынша, қабылданған шаралар саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға және отандық әрі шетелдік инвестициялар ағынын ұлғайтуға ықпал етті.

Сонымен қатар өңірлік ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Орталық Азия елдері бірлескен геологиялық барлау жобаларын, оның ішінде аса маңызды шикізат түрлері бойынша жобаларды жүзеге асыруда бірегей мүмкіндіктерге ие.

«Біздің алдымызда ортақ міндет тұр — қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалану және олардың әлеуетін болашақ ұрпақ үшін сақтау. Күш-жігерді біріктіру Орталық Азияның геология саласын жаңа даму деңгейіне көтеруге мүмкіндік береді деп сенемін», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.


Айта кетейік, 2-3 сәуір күндері өтіп жатқан форумға Орталық Азия елдерінің делегациялары, мемлекеттік органдардың, ұлттық геологиялық қызметтердің және жетекші компаниялардың өкілдері қатысуда.

ℹ️ Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында, сондай-ақ 10 ақпанда болған Үкіметтің кеңейтілген отырысында геологиялық барлау жұмыстарын жандандырудың, жаңа көмірсутек кен орындарын игерудің және геология саласына жеке инвестиция тартудың маңызын атап өткен болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада ұйымдастырылған Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумының ашылуында…
⚡️ Казахстан стал площадкой первого геологического форума Центральной Азии
 
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев выступил с приветственным словом на открытии международного геологического форума в Астане — Geoscience & Exploration Central Asia 2026.

Глава ведомства отметил, что проведение форума стало стартом новой региональной площадки для профессионального диалога в сфере геологии, направленной на обсуждение актуальных вопросов, обмен опытом и выработку согласованных подходов к рациональному и устойчивому использованию недр.

📌 В ходе выступления министр подчеркнул, что страны Центральной Азии обладают значительным минерально-сырьевым потенциалом, который является фундаментом экономического развития, промышленной модернизации и энергетической безопасности региона. Вместе с тем отрасль сталкивается с рядом вызовов, включая истощение традиционных месторождений и необходимость освоения ресурсов на глубоких горизонтах и в труднодоступных районах.

В этой связи особое значение приобретает модернизация системы геологического изучения недр. Казахстан последовательно реализует реформы в отрасли, включая внедрение цифровых решений и развитие современной инфраструктуры недропользования.

«Мы последовательно работаем над созданием современной информационной системы, обеспечивающей доступ инвесторов к актуальной и достоверной информации. Оцифровка архивных материалов, внедрение технологий обработки больших данных и дистанционного зондирования Земли открывают новые возможности для повышения эффективности геологоразведки», — отметил Ерсайын Нагаспаев.


По его словам, принятые меры способствовали повышению инвестиционной привлекательности отрасли, активизации геологоразведочных работ и росту притока как отечественных, так и иностранных инвестиций.

Отдельное внимание было уделено вопросам регионального взаимодействия. Центральная Азия имеет уникальные возможности для реализации совместных геологоразведочных проектов, включая проекты по критически важным видам сырья.

«Перед нами стоит общая задача — использовать имеющиеся ресурсы максимально эффективно, сохраняя при этом их потенциал для будущих поколений. Уверен, что объединение усилий позволит вывести геологическую отрасль Центральной Азии на новый уровень развития», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.


Отметим, что в форуме, проходящем 2–3 апреля, принимают участие делегации стран Центральной Азии, представители государственных органов, национальных геологических служб и ведущих компаний.

ℹ️ Напомним, что Глава государства Касым-Жомарт Токаев на V заседании Национального курултая 20 января 2026 года, а также на расширенном заседании Правительства 10 февраля текущего года отметил важность активизации геологоразведочных работ, освоения новых месторождений углеводородов и привлечения частного капитала в развитие геологии Казахстана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
📌 Еліміздің геологиялық деректерін ЖИ арқылы цифрландыру

Астанада ұйымдастырылған Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумында «Геологиядағы цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялар» атты панельдік сессия өтті.

Сессияға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова, Astana Hub және EPAM Kazakhstan, геологиялық барлау және IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Сессияда Жәннат Дүбірова Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында» геологиялық ақпаратты толық цифрландыру және жүйелеу үдерісін, ең алдымен жасанды интеллектті енгізу арқылы жеделдету жөнінде нақты тапсырма берілгенін атап өтті.

«Осы тапсырманы орындау мақсатында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық геологиялық қызмет» және Astana Hub-пен бірлесіп, геологиялық деректерді цифрландыру және оларды жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып машинада оқылатын форматқа көшіру жобасын жүзеге асыруда. Бүгінде бастапқы цифрландыру жұмыстары іс жүзінде аяқталды. Алғашқы геологиялық ақпаратты сканерлеу деңгейі 97,5%-ға жетті. Бұл – шамамен 4,7 млн бірлік: 4,2 млн-нан астам қағаз материалдар, 250 мың күрделі графикалық парақ, сондай-ақ архивтік магниттік таспалар мен картридждер. Жобаны толық аяқтау 2026 жылғы 1 шілдеге жоспарланған», – деді вице-министр.


Жәннат Дүбірованың айтуынша, геологиялық деректерді цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу Қазақстанның бірыңғай цифрлық геологиялық эко жүйесін қалыптастырудағы негізгі қадам болмақ. Деректер базасы толық қалыптастырылғаннан кейін ел табиғи ресурстардың ашық әрі интерактивті кадастрын алады. Бұл ұзақ мерзімді активке айналып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Сонымен қатар іс-шара барысында қатысушылар цифрландыру, жасанды интеллект және озық технологияларды енгізу жағдайында геологиялық зерттеу тәсілдерінің өзгеруі мен жер қойнауын басқарудың заманауи экожүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ ұлттық геологиялық қызметтердің үлкен деректер мен цифрлық платформаларды интеграциялау бағыттары қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Еліміздің геологиялық деректерін ЖИ арқылы цифрландыру Астанада ұйымдастырылған Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумында «Геологиядағы цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялар» атты панельдік сессия өтті.…
📌 Цифровизация геологических данных Казахстана с использованием ИИ

На Международном геологическом форумев Астане - Geoscience & Exploration Central Asia 2026 - прошла панельная сессия «Цифровизация, AI и новые технологии в геологии».

В сессии приняли участие вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Жаннат Дубирова, представители Astana Hub и EPAM Kazakhstan, геологоразведочных и IT-компаний.

На сессии Жаннат Дубирова подчеркнула, что в Послании народу «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию» Глава государства дал четкое поручение «ускорить процесс оцифровки и систематизации всей геологической информации, прежде всего, путем внедрения ИИ».

«Во исполнение данного поручения Министерством промышленности и строительства совместно с «Национальной геологической службой» и Astana Hub реализуется проект по оцифровке и переводу геологических данных в машиночитаемый формат с использованием технологий ИИ. Сегодня мы практически завершили их первичную оцифровку. Уровень сканирования первичной геологической информации доведен до 97,5%. Это почти 4,7 млн единиц: более 4,2 млн листов бумажных материалов, 250 тыс. листов сложной графики, архивные магнитные ленты и картриджи. Полное завершение запланировано на 1 июля 2026 года», - заявила вице-министр.


По словам Жаннат Дубировой, оцифровка и внедрение ИИ станут ключевым шагом к созданию единой цифровой геологической экосистемы Казахстана. После завершения наполнения базы страна получит прозрачный и интерактивный кадастр природных ресурсов, который станет активом на десятилетия и повысит инвестиционную привлекательность отрасли.

Кроме того, в ходе мероприятия участники обсудили изменение подходов к геологическому изучению и формированию современной экосистемы управления недрами на фоне внедрения цифровизации, искусственного интеллекта и передовых технологических решений, а также интеграцию больших данных и цифровых платформ национальными геологическими службами.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👏1👌1