ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: форумда жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері талқыланды

Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «Жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама: өзекті мәселелер» тақырыбында панельдік сессия болды.

Сессия мемлекеттер, сарапшылар қауымдастығы және өнеркәсіп өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналды.

Қатысушылар Орталық Азия елдерінде көмірсутектер мен қатты пайдалы қазбалар саласын реттеуді, оның ішінде жер қойнауын пайдалану заңнамасын жетілдірудің негізгі бағыттарын қарастырды.

Барлау мен өндіруге инвестиция тартудың құқықтық тетіктеріне, сондай-ақ көмірсутек және тау-кен салаларындағы экологиялық және әлеуметтік стандарттарға ерекше назар аударылды.

Талқылауға Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері қатысты.

Сессия барысында Иран Шархан минералдық-шикізат базасын толықтыру мәселесін шешу мақсатында заңнамалық реформа жүргізілгенін, осы орайда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс қабылданғанын атап өтті. Аталған Кодекске Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және саланы реттеу ісін жетілдіруге бағытталған маңызды өзгерістер енгізілген.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауларында және сөйлеген сөздерінде жасанды интеллект енгізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын қарапайым және ашық түрде бөлу, жер қойнауын пайдалану реформасын жалғастыру қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Жалпы, реформа жаппай геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тартатын мүлде жаңа бәсекелі ортаны қалыптастыруды көздейді.Реформаның алғашқы нәтижелері геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемінің еселене (2,5 есе) артқанын көрсетті: 2019-2024 жылдары 1 млрд АҚШ долларыболса, ал 2012-2017 жылдары бұл көрсеткіш 400 млн долларды құраған. Геологиялық барлау үшін аумақтар ашық, Қазақстанға юниорлық компаниялар мен әлемдік алыптар келді. Егер 1991 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңмен салыстырсақ, Кодекс күшіне енгеннен кейін геологиялық барлауға құқық беру 6 есеге өсті», – деді Иран Шархан.


Вице-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта қатты пайдалы қазбаларды барлауға шамамен 3 мың лицензия берілген. Бұл іске Cove Capital (АҚШ), Rio Tinto (Аустралия), Teck Resources (Канада), Fortescue (Аустралия), Barrick Gold (Канада), First Quantum Minerals (Канада), Ivanhoe Mines (Канада) сияқты ірі шетелдік тау-кен компаниялары тартылған.

"Қазақстанда қазіргі уақытта Arras Minerals, East Star Resources, Pallas Resources, Sarytogan Graphite сияқты шетелдік компаниялар жұмыс істеп жатқанын атап өткен жөн. Аталған компаниялар геологиялық барлауға
кемінде 40 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, барлау басталғаннан бастап кен орнын табуға дейінгі орташа кезең 3 жылдан 5 жылға дейін созылатынын ескерсек, кен орындарын "ашудың" күтілетін нәтижесі 2026-2028 жылдары көрінеді", – деп нақтылады Иран Шархан.


Сондай-ақ вице-министр қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оның сөзіне қарағанда, талдаудың сапасын арттыру мақсатында "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ базасында зертханалар ғана емес, қор қоймасы, керноқойма және әкімшілік корпус та кіретін сертификатталған зертханалық кешен құрылмақ. Оны іске қосу 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанның минералдық-шикізат базасына 10 мыңға жуық кен орны кіреді, оның ішінде: 1 009 – қатты пайдалы қазбалар кен орны; 359 – көмірсутектер; 3 700-ден астам кең таралған пайдалы қазбалар және 4 931 – жер асты сулары. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша қорлардың жалпы көлемі: алтын – 2,3 мың тонна, мұнай – 4,3 млрд тонна, газ – 3,8 трлн текше метр, көмір – 33,5 млрд тонна, темір – 26,7 млрд тонна.
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: форумда жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың өзекті мәселелері талқыланды Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «Жер қойнауын пайдалану саласындағы…
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: на форуме обсудили актуальные вопросы законодательства в сфере недропользования

В рамках Международного геологического форума в Астане - Geoscience & Exploration Central Asia 2026 - состоялась панельная сессия на тему «Законодательство в недропользовании: актуальные вопросы».

Сессия стала площадкой для открытого диалога между государством, экспертным сообществом и индустрией.

Участники рассмотрели ключевые направления совершенствования законодательства в сфере недропользования, включая регулирование в области углеводородов и твердых полезных ископаемых в странах Центральной Азии.

Особое внимание было уделено правовым механизмам привлечения инвестиций в разведку и добычу, а также вопросам экологических и социальных стандартов в углеводородной и горнодобывающей отраслях.

В обсуждении приняли участие вице-министр промышленности и строительства РК Иран Шархан, а также представители государственных и международных организаций, отраслевых ассоциаций и бизнеса.

В ходе сессии Иран Шархан отметил, что для решения проблемы восполнения минерально-сырьевой базы проведена законодательная реформа, принят Кодекс «О недрах и недропользовании». Так, в Кодекс о недрах были внесены значительные поправки, направленные на реализацию поручений Главы государства, повышение инвестиционной привлекательности и совершенствование регулирования отрасли.

«Глава государства в Посланиях и выступлениях неоднократно подчеркивал необходимость продолжения реформы недропользования, способствуя простому и прозрачному распределению прав на недропользование, в том числе путем внедрения искусственного интеллекта. В целом, реформа нацелена на создание совершенно новой конкурентной среды, привлекающей инвестиции в массовую геологоразведку. Первые результаты реформы показали кратно возросшие инвестиции в геологоразведку (в 2,5 раза): 1 млрд долларов США за 2019–2024 годы против 400 млн долларов до реформы в 2012–2017 годов. Открыта территория для геологоразведки, в Казахстан пришли юниорные компании и мировые гиганты. Если сравнить период с 1991 по 2018 годы, с введением в действие Кодекса о недрах, предоставление права на геологоразведку возросло в 6 раз», - сказал Иран Шархан.


Так, по данным вице-министра, в настоящее время выдано около 3 тыс. лицензий на разведку ТПИ, привлечены иностранные горнорудные компании такие как Cove Capital (США), Rio Tinto (Австралия), Teck(Канада), Fortescue (Австралия), Barrick Gold (Канада), First Quantum (Канада), Ivanhoe(Канада) и др.

«Необходимо отметить, что в Казахстане уже работают иностранные компании, такие как, Arras Minerals, East Star Resources, PallasResources, Sarytogan Graphite. Указанные компании планируют вложить в разведку не менее 40 млрд тенге. Вместе с тем, учитывая, что средний период от начала разведки до обнаружения месторождения занимает от 3 до 5 лет, ожидаемый результат «открытия» месторождений – 2026-2028 годы», - уточнил Иран Шархан.


Также вице-министр указал, что в настоящее время активно ведется работа по исполнению поручения Главы государства по доведению геолого-геофизической изученности территории страны до 2,2 млн квадратных километров к 2026 году.

По словам вице-министра, для повышения качества аналитики будет создан сертифицированный лабораторный комплекс на базе АО «Национальная геологическая служба», который включает не только лаборатории, но и фондохранилище, кернохранилище и административный корпус. Запуск планируется в декабре 2028 года.

Отметим, что минерально-сырьевая база Казахстана включает порядка 10 тыс. месторождений, из них: 1 009 месторождений твердых полезных ископаемых; 359 - углеводородов; более 3 700 - общераспространенных полезных ископаемых и 4 931 - подземных вод. Общий объем запасов по основным видам полезных ископаемых составляет: золото – 2,3 тыс. тонн, нефть – 4,3 млрд тонн, газ – 3,8 трлн кубометров, уголь – 33,5 млрд тонн, железо – 26,7 млрд тонн.
❤5
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: Қазақстанда геолог мамандар келешек талаптарына сай даярлануда

Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «Геологиялық ғылым және білім – болашақ мамандарды даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Сессия заманауи кәсіби құзыреттерге сұраныстың артуы жағдайында мамандарды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыруға арналды.

Сессияда мемлекеттік органдар, жетекші білім беру және ғылыми ұйымдар, салалық институттар мен компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.

Іс-шара қатысушылары геологиялық білім беруді трансформациялау, оқу бағдарламаларын жаңарту, жоғары оқу орындары мен колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру, сондай-ақ білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар геомодельдеу, аэрогеофизика және жер қойнауын зерттеудің басқа да заманауи әдістері сияқты басым бағыттарды дамытудың маңызы атап өтілді.

Бұдан бөлек, мамандарды даярлауда халықаралық білім берудің маңыздылығы да ерекше аталды. «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсмановтың мәліметінше, қазіргі таңда геология бағыттары бойынша «Болашақ» бағдарламасының 11 стипендиаты білім алуда. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия және Германия елдерінде оқып жатыр. Осы ретте шетелде білім алып, ғылыми тағылымдамадан өткен 50-ден астам түлек даярланған.

Айта кетейік, геологиялық форумға Орталық Азия елдері үкіметтері, мемлекеттік органдар, ұлттық геологиялық қызметтер мен жетекші компаниялардың өкілдері қатысуда.

Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумын ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: Қазақстанда геолог мамандар келешек талаптарына сай даярлануда Астанада өткен Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында «Геологиялық ғылым және білім – болашақ мамандарды…
📌 Geoscience & Exploration Central Asia 2026: как в Казахстане подготовят геологов под требования будущего

В рамках Международного геологического форума в Астане - Geoscience & Exploration Central Asia 2026 - состоялась панельная сессия «Геологическая наука и образование - подготовка кадров будущего», посвященная формированию новой модели обучения специалистов на фоне растущего спроса на современные профессиональные компетенции.

В ходе сессии выступили представители государственных органов, ведущих образовательных и научных организаций, отраслевых институтов и компаний.

Участники мероприятия особое внимание уделили трансформации геологического образования, обновлению учебных программ, модернизации материально-технической базы вузов и колледжей, интеграции науки и производства, а также внедрению цифровых технологий в образовательный процесс. Была отмечена важность развития таких приоритетных направлений, как геомоделирование, аэрогеофизика и другие современные методы изучения недр.

Кроме того, на сессии была подчеркнута значимость международного образования в подготовке специалистов.

Так, по данным председателя правления АО «Центр международных программ «Болашак» Адиля Кусманова в настоящее время по геологическим направлениям обучаются 11 стипендиатов программы «Болашак», в том числе в США, Великобритании, Австралии и Германии. При этом уже подготовлено более 50 выпускников, прошедших обучение и научные стажировки за рубежом.

Отметим, что в геологическом форуме участвуют представители правительств стран Центральной Азии, государственных органов, национальных геологических служб и ведущих компаний.

Организаторами Geoscience & Exploration Central Asia 2026 выступают Комитет геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан и АО «Национальная геологическая служба».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерубаев Қанат Бақытбекұлы - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының м.а.

➖

Ерубаев Канат Бахытбекович -
и.о. председателя Комитета геологии Министерства промышленности и строительства РК

@minpromstroykz
❤5👍1👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ерлан Галиев, Председатель Правления АО «Национальная геологическая служба»

➖

Ерлан Галиев,«Ұлттық Геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы

@minpromstroykz
❤4👍1🔥1👏1
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы аясында Британиялық геологиялық қызмет, Корей геоғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM), сондай-ақ "Росгеолфонд" ФМБМ, Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компаниясының басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында геологиялық барлау, геологиялық деректермен алмасу, заманауи цифрлық шешімдер мен озық технологияларды енгізу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ісіндегі өзара ынтымақтастықты дамыту және маман даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу тиімділігін арттыруға және минералдық-шикізат базасын игеруге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға және бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👌2🔥1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 форумы аясында бірқатар кездесулер өткізді Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Geoscience & Exploration Central Asia 2026 халықаралық геологиялық форумы…
⚡️ Ерсайын Нагаспаев провел ряд встреч в рамках Geoscience & Exploration Central Asia 2026

На полях Международного геологического форума Geoscience & Exploration Central Asia 2026 министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел ряд встреч с руководством Британской геологической службы, Корейского института геонаук и минеральных ресурсов (KIGAM), ФГБУ «Росгеолфонд», а также международной консалтинговой компании «Boston Consulting Group».

В ходе встреч особое внимание было уделено вопросам геологоразведки, обмена геологическими данными, внедрения современных цифровых решений и передовых технологий, а также развитию научно-исследовательского взаимодействия и подготовке кадров.

Также отдельно были рассмотрены возможности реализации совместных проектов, направленных на повышение эффективности изучения недр и освоения минерально-сырьевой базы Республики Казахстан.

🤝 По итогам переговоров стороны договорились о дальнейшем наращивании взаимовыгодного партнерства и углублении взаимодействия по совместным проектам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍1🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Geoscience & Exploration Central Asia 2026 алғашқы халықаралық геологиялық форумы

➖

Первый международный геологический форум Geoscience & Exploration Central Asia 2026

#GeoscienceCentralAsia #GECA2026 #Геология #ЦентральнаяАзия #МПСРК
❤7👍2🔥2👏1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің жобаларымен танысты.

Машина жасаушылар форумы 1300-ден астам делегаттың басын қосты, оның ішінде Австрия, Германия, Италия, ҚХР және басқа да 20-дан астам елден келген жетекші өндірушілер, мамандар мен бизнес өкілдері бар.

Премьер-министр Олжас Бектенов форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде елімізде салаларды жаңғырту мен экономиканың тұрақты өсуінің институционалдық негізіне айналған жаңа Конституцияның қабылданғанын атап өтті.

«Біз бәріміз ел тағдырын айқындайтын елеулі кезеңнің куәсі болдық. Қоғамның белсенді қолдауымен референдумда жаңа Конституция қабылданды.

Әрқайсымызға мәлім, экономиканың және қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға мүмкіндік беретін еліміздің Негізгі заңының авторы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Аса маңызды құжат ұлтымыздың ұзақмерзімді даму бағдарын айқындап, Қазақстанның кез келген сын-қатерлерге төтеп беруін қамтамасыз етеді.

Осылайша, “Әділетті Қазақстанды” құру үшін берік құқықтық негіз қаланды.

Бұл экономикаға, соның ішінде өнеркәсіп саласына да ерекше жауапкершілік жүктейді әрі еліміздің мол шикізаттық әлеуетін халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағыттай алатын қуатты өңдеуші секторды дамытуды талап етеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес, елімізде машина жасау саласын дамыту үшін болжамды әрі тұрақты орта қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекет пен бизнестің ортақ міндеті – әділ және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту.

Өткен жылы машина жасау өндірісі 5,7 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 13%-ға өсті. Отандық өндірушілер сыртқы нарықтарға батыл шығуда, соңғы 5 жылда экспорт көлемі екі еседен асып, $1,3 млрд-тан $3,1 млрд-қа дейін жетті. Республика бойынша барлығы 4 мыңға жуық зауыт жұмыс істейді, онда 130 мыңнан астам білікті маман еңбек етеді.

Негізгі капиталға тартылатын инвестицияның үштен бірге өсуі – 376 млрд теңгеге жетуі саланы әрі қарай жаңғыртуға негіз болады. Барлық негізгі бағытта, оның ішінде, автомобиль, ауыл шаруашылығы, теміржол және электротехникалық машина жасау салаларында оң серпін байқалады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍1🔥1👏1
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов принял участие в XIII Форуме машиностроителей Казахстана

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов принял участие в пленарном заседании XIII Форума машиностроителей Казахстана и ознакомился с развитием казахстанских производителей на международной специализированной выставке Kazakhstan Machinery Fair 2026.

Форум машиностроителей собрал свыше 1300 делегатов, среди которых ведущие отечественные производители, специалисты, представители бизнеса из более 20 стран – Австрии, Германии, Италии, КНР и других государств.

Премьер-министр Олжас Бектенов в своем приветственном обращении к участникам форума акцентировал внимание на принятии в Казахстане новой Конституции, ставшей институциональной основой для модернизации отраслей и устойчивого роста экономики.

«Мы все стали свидетелями фундаментального события исторического значения, определившего судьбу страны – новая Конституция принята на референдуме при активной поддержке казахстанцев.

Как нам всем известно, Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев – главный автор нашей Конституции, предусматривающей дальнейшую модернизацию всех сфер экономики и общества. Важнейший документ определяет будущее развитие нации на долгосрочный период и делает Казахстан более устойчивым к любым вызовам.

Заложен прочный фундамент для строительства «Справедливого Казахстана». Это налагает на индустрию промышленности особую ответственность и требует создания сильных перерабатывающих производств, способных превратить сырьевой потенциал в реальный рост благосостояния населения»,

— отметил Олжас Бектенов.

Премьер-министр подчеркнул, что в соответствии с поручениями Главы государства, данными в Послании народу и на расширенном заседании Правительства, в Казахстане ведется работа по формированию предсказуемой и устойчивой среды для развития машиностроительной отрасли. Совместная задача государства и бизнеса – обеспечение справедливых и безопасных условий труда, развитие системы социального партнерства.

Объем производства в машиностроении по итогам прошлого года достиг 5,7 трлн тенге при росте индекса физического объема почти на 13%. Отечественные производители увереннее выходят на внешние рынки, о чем свидетельствует двукратное увеличение экспорта за 5 лет: с $1,3 млрд до $3,1 млрд. Всего по республике действуют порядка 4 тыс. заводов, где работают более 130 тыс. квалифицированных специалистов.

Основу для дальнейшей модернизации обеспечивает рост инвестиций в основной капитал на треть – до 376 млрд тенге. Положительная динамика охватывает все ключевые направления, включая автомобилестроение, сельскохозяйственное, железнодорожное и электротехническое машиностроение.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1🔥1👏1