ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамтамасыз ету - су ресурстарын басқару тиімділігін арттырудың және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртудың негізі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша…
📌 Приборизация водоснабжения: зачем нужен учет воды

Приборизация водоснабжения является ключевым инструментом повышения эффективности управления водными ресурсами и модернизации коммунальной инфраструктуры. По итогам 2025 года обеспечен доступ к услугам водоснабжения в городах и в сельских населенных пунктах.

Внедрение приборов учета на всех этапах системы позволяет обеспечить достоверный контроль объемов подачи и потребления воды, своевременно выявлять утечки, снижать потери и повышать прозрачность расчетов. Приборизация также является основой для цифровизации отрасли и внедрения современных решений.

В рамках Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов» предусмотрено:
• поэтапное обеспечение 100% учета и автоматизации коммунальной инфраструктуры в 2025–2029 годах;
• снижение уровня износа сетей к 2030 году:
– водоснабжения — до 30%;
– водоотведения — до 41%;
• 1,9 трлн тг — планируемый объем инвестиций;
• 5 тыс. км — модернизация водопроводных сетей;
• 2,8 тыс. км — модернизация сетей водоотведения.

Приборизация — это основа эффективного, прозрачного и устойчивого водоснабжения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1🙏1
📌 2026 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі 8,5%-ды құрады

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласы 2026 жылдың І тоқсанында 8,5% деңгейінде өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында «2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» тақырыбы бойынша сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.


«І тоқсан қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторларында жиынтық көрсеткіш 8,5% деңгейінде оң динамика байқалады. Машина жасауда өндіріс 21,9%-ға, химия өнеркәсібінде – 2,4%-ға, жеңіл өнеркәсіпте 51,1%-ға өсті. Құрылыс материалдарының өндірісі – 37,1%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару 26,9%-ға артты», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Сонымен қатар Ерсайын Нағаспаев өз сөзінде Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел өңірлерінде
жаңа өндірістерді іске қосу, жергілікті қамтуды арттыру және инвестициялық қызметті белсенді түрде ынталандыру арқылы тиісті салаларда тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатынын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 2026 жылғы І тоқсан қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің өсімі 8,5%-ды құрады Еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласы 2026 жылдың І тоқсанында 8,5% деңгейінде өсім көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында «2026 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық…
📌 Рост обрабатывающей промышленности составил 8,5% по итогам 1 квартала 2026 года

Обрабатывающая промышленность Казахстана в 1 квартале 2026 года показала рост на уровне 8,5%. Об сообщил министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства на тему «Об итогах социально-экономического развития за январь-март 2026 года».

«По итогам 1 квартала в основных секторах обрабатывающей промышленности наблюдается положительная динамика с совокупным показателем 8,5%. Производство в машиностроении выросло на 21,9%, в химической промышленности – на 2,4%, в легкой промышленности – на 51,1%. Выпуск строительных материалов увеличился на 37,1%, резиновых и пластмассовых изделий – на 26,9%», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


При этом Ерсайын Нагаспаев отметил, что Министерство промышленности и строительства продолжит работу по обеспечению стабильных темпов роста в курируемых отраслях за счет запуска новых производств, повышения уровня локализации и активного стимулирования инвестиционной деятельности в регионах страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
📌 Қазақстанның құрылыс саласы 2026 жылдың І тоқсанында 14,8%-ға өсті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында "2026 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы" тақырыбында сөйлеген сөзінде еліміздің құрылыс саласының тұрақты өсімін атап өтті.

"3 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 1,2 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,8%-ға артты", – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министрдің мәліметінше, елімізде 2026 жылдың І тоқсанында 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылғы деңгейден 3,8%-ға жоғары. Бұл ретте өсім 18 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіш Абай облысында (41,3%), Қарағанды облысында (26%) және Шымкентте (14,7%) байқалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстанның құрылыс саласы 2026 жылдың І тоқсанында 14,8%-ға өсті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында "2026 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы" тақырыбында сөйлеген…
📌 Строительная отрасль Казахстана выросла на 14,8% в 1 квартале 2026 года

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев, выступая на заседании Правительства на тему «Об итогах социально-экономического развития за январь-март 2026 года», подчеркнул стабильный рост строительной отрасли страны.

«По итогам 3 месяцев объем строительных работ составил порядка 1,2 трлн тенге, увеличившись на 14,8% к аналогичному периоду прошлого года», - сказал Ерсайын Нагаспаев.

По данным министра, в стране в 1 квартале 2026 года ввели в эксплуатацию 3,9 млн кв. метров жилья, что выше уровня прошлого года на 3,8%. При этом рост зафиксирован в 18 регионах. Наибольшее увеличение отмечено в области Абай (на 41,3%), Карагандинской области (на 26%) и Шымкенте (на 14,7%).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
📌 Ерсайын Нағаспаев Франция парламенттік делегациясының басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының басшысы Валери Буайемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында министр Орталық Азиядағы франциялық сауда және инвестициялық ағындардың 80%-ға жуығы Қазақстанның үлесіне тиесілі екенін атап өтті. 2025 жылы өзара сауда көлемі 4,8 млрд долларға жетті.

“Бүгінде елімізде франциялық 260-тан астам компания, оның ішінде 70 бірлескен кәсіпорын тиімді жұмыс істеуде. Біз олардың қатысуын кеңейтуді құптаймыз және TotalEnergies, Alstom, Air Liquide, Airbus, Orano, Danone, Vicat, Lactalis, Renault Group, Suez, Veolia сынды тағы басқа да алпауыт компаниялармен жемісті серіктестік орнағанын атап өткіміз келеді”, – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр осы жылдың 5 мамырында Маңызды минералдар мен металдар жөніндегі дөңгелек үстел аясында жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл формат 2025 жылғы желтоқсанда Парижде өткен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысының қорытындысы негізінде қолға алынған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Францияның Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық мәселелері жөніндегі министр-делегаты Николя Форисье – Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары.

Кездесу соңында тараптар халықаралық жобаларды іске асыру шеңберінде өзара тиімді әріптестік пен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға дайын екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Франция парламенттік делегациясының басшысымен кездесті Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Франция Республикасы Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясы делегациясының…
📌 Ерсайын Нагаспаев встретился с главой парламентской делегации Франции

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с главой делегации Комиссии по иностранным делам, обороне и вооруженным силам Сената Французской Республики Валери Буайе.

В ходе встречи министр отметил, что на долю Казахстана приходится около 80% французских торговых и инвестиционных потоков по Центральной Азии. В 2025 году объем взаимной торговли достиг 4,8 млрд долларов США.

«Сегодня в нашей стране эффективно работают более 260 французских компаний, в том числе 70 совместных предприятий. Мы приветствуем расширение их присутствия и особо отмечаем плодотворное партнерство с такими гигантами, как TotalEnergies, Alstom, AirLiquide, Airbus, Orano, Danone, Vicat, Lactalis, Renault Group, Suez, Veolia и другие», - сказал Ерсайын Нагаспаев.

Министр сообщил, что 5 мая текущего года планируется провести первое заседание рабочей группы в рамках Круглого стола по критическим минералам и металлам. Данный формат был запущен по итогам 16-го заседания Межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству, прошедшего в Париже в декабре 2025 года.

Отметим, что министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев и министр-делегат по вопросам внешней торговли и экономической привлекательности Франции Николя Форисье являются сопредседателями Межправкомиссии.

В завершение встречи стороны подтвердили готовность взаимовыгодному партнерству и долгосрочному сотрудничеству в рамках реализации международных проектов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясының бас директоры Хануман Раомен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы жетекші халықаралық компаниялармен стратегиялық әріптестікті дамытуға үлкен мән беретіні атап өтілді. Сондай-ақ еліміздің ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға қызығушылық тудыратын базалық металдарды өндіру және қайта өңдеу саласындағы елеулі әлеуеті атап көрсетілді.

Министр сондай-ақ инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Осы орайда ол цифрлық шешімдерді дамыту және жер қойнауын пайдалану, барлау мен өндіру құқықтарын алу үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету шараларын атап өтті.

Отандық тауар өндірушілерді шикізатпен басым тәртіппен қамтамасыз ету тетіктеріне сүйене отырып, металдарды терең өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру және тұрақты шикізат базасын қалыптастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты дамытуға және ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.

ℹ️ Jindal Group – Үндістандағы ең ірі өнеркәсіптік конгломераттардың бірі, оның активтерінің жиынтық құны шамамен 35 миллиард АҚШ долларын құрайды. Компания металлургия, энергетика, тау-кен өндірісі, инфрақұрылым, цемент өнеркәсібі және жаңартылатын энергетика салаларында жаһандық ойыншы саналады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Jindal Group компаниясының бас директоры Хануман Раомен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстанның…
📌 Ерсайын Нагаспаев обсудил перспективы сотрудничества с Jindal Group

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провёл встречу с генеральным директором Jindal Group Хануманом Рао.

В ходе беседы отмечено, что Казахстан придаёт большое значение развитию стратегического партнёрства с ведущими международными компаниями в горно-металлургическом комплексе. Подчёркнут значительный потенциал страны в сфере добычи и переработки базовых металлов, представляющих интерес для долгосрочного сотрудничества.

Министр также проинформировал о проводимой работе по созданию благоприятных условий для инвесторов, включая развитие цифровых решений и обеспечение прозрачности процессов в сфере недропользования и получения прав на разведку или добычу.

Отдельное внимание уделено возможностям реализации проектов в сфере глубокой переработки металлов с опорой на механизмы приоритетного обеспечения сырьём отечественных товаропроизводителей и формированию стабильной сырьевой базы.

По итогам встречи стороны выразили готовность к развитию конструктивного диалога и проработке взаимовыгодных направлений сотрудничества.

ℹ️ Jindal Group является одним из крупнейших промышленных конгломератов Индии с совокупной стоимостью активов порядка 35 млрд долларов США. Компания является глобальным игроком в сферах металлургии, энергетики, добычи полезных ископаемых, инфраструктуры, цементной промышленности и возобновляемой энергетики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🥰1👏1
📌 Шикізаттан өнімге: Қазақстан индустриялық трансформацияны арттыруда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан MINEX Kazakhstan 2026 форумында жер қойнауын пайдалану саласын дамытудың негізгі басымдықтарын атап көрсетті.

«Қазақстан шикізаттық модельден қосылған құны жоғары өнімдер экономикасына көшуде. Басты басымдық — шикізатты ел ішінде терең өңдеу, заманауи технологияларды дамыту және ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталған стратегиялық инвесторларды тарту», – деді ол.


«Сонымен қатар, біз қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруды көздейміз. Оны жетілдіру, жақсарту және жаңғырту қажет. Осыған байланысты өткен жылы саланы реттеуді жетілдіруге, инвестиция тартуға және рәсімдерді цифрландыруға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», – деді Иран Шархан.


Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан реформалар пайдалы қазбаларды өндіру салығының орнына роялти жүйесін (табиғи ресурсты пайдаланғаны үшін төленетін төлем) енгізуді, сондай-ақ шикізатты өңдеу бойынша міндеттемелерді орындау шартымен жеңілдіктер берілетін «стратегиялық инвестор» мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекітуді көздейді.

Еліміздің минералдық-шикізаттық базасын шамамен 10 мың кен орны құрайды. 2025 жылы алғаш рет 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды, олардың қатарында Көк-Жон, Алтын-Шоқы және Самомбет бар.

Ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелу деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш 2,038 млн шаршы шақырымға жетті. Мұны 2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы шақырымға жеткізу жоспарланған. Басым бағыттардың бірі – геологиялық түсірілімнің неғұрлым егжей-тегжейлі масштабына көшу. Бұл болашағы зор учаскелерді тиімдірек анықтауға мүмкіндік береді.

2026 жылы қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру құқығын беру үшін 50 кен орны бойынша аукцион өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Астанада Ұлттық геологиялық қызмет базасында заманауи зертханалық кешен құру жобасы жүзеге асырылуда. Нысанды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған.

ℹ️ Айта кетейік, MINEX Kazakhstan 2026 форумын өткізу Астанада 14–16 сәуір аралығына жоспарланған. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бизнестің және халықаралық инвесторлардың өкілдері қатысуда. 100-ден астам спикер, 500-ден астам қатысушы, 40 экспонент және 33 елден 1000-нан астам келуші жиналады деп күтілген. Форумның негізгі тақырыптары – саланы реформалау, өңдеу секторын дамыту және жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығын арттыру.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥1🙏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Шикізаттан өнімге: Қазақстан индустриялық трансформацияны арттыруда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан MINEX Kazakhstan 2026 форумында жер қойнауын пайдалану саласын дамытудың негізгі басымдықтарын атап көрсетті. «Қазақстан…
📌 От сырья к продукту: Казахстан усиливает индустриальную трансформацию

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Иран Шархан выступил на форуме MINEX Kazakhstan 2026, обозначив ключевые приоритеты развития сферы недропользования.

«Казахстан переходит от сырьевой модели к экономике добавленной стоимости. Приоритет — глубокая переработка сырья внутри страны, развитие технологий и привлечение стратегических инвесторов, ориентированных на долгосрочный эффект», — отметил он.


«Также мы стремимся формировать благоприятный инвестиционный климат. Его необходимо совершенствовать, улучшать и модернизировать. В этой связи в прошлом году нами были внесены поправки в Кодекс “О недрах и недропользовании”, направленные на совершенствование регулирования отрасли, привлечение инвестиций и цифровизацию процедур», — отметил Иран Шархан.


По его словам, проводимые реформы предусматривают внедрение системы роялти вместо налога на добычу полезных ископаемых, а также закрепление статуса «стратегического инвестора» с предоставлением преференций при условии выполнения обязательств по переработке сырья.

Минерально-сырьевая база страны насчитывает порядка 10 тыс. месторождений. В 2025 году на государственный учет впервые поставлены 17 месторождений, включая Кок-Жон, Алтын-Шоко и Самомбет.

Продолжается работа по повышению геолого-геофизической изученности территории. На сегодняшний день показатель достиг 2,038 млн кв. км при целевом ориентире 2,2 млн кв. км к 2026 году. В приоритете — переход на более детальный масштаб геологосъемки, что позволит эффективнее выявлять перспективные участки.

В 2026 году планируется проведение аукционов по 50 месторождениям для предоставления прав недропользования на разведку и добычу твердых полезных ископаемых.

Кроме того, в Астане реализуется проект по созданию современного лабораторного комплекса на базе Национальной геологической службы. Ввод в эксплуатацию запланирован на 2028 год.

ℹ️ Форум MINEX Kazakhstan 2026 проходит в Астане с 14 по 16 апреля и объединяет представителей государственных органов, бизнеса и международных инвесторов. Ожидается участие более 100 спикеров, свыше 500 участников, 40 экспонентов и более 1000 посетителей из 33 стран. В центре внимания — реформы отрасли, развитие переработки и повышение инвестиционной привлекательности недропользования.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥1👏1
📌 Қуандық Қажкенов азаматтарды құрылыс және ТКШ мәселелері бойынша қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бірқатар өзекті мәселелер бойынша өтініштер қаралды.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде білім беру нысандарын салу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейбір санаттағы азаматтар үшін жеке қабылдауға жазылудың негізгі тәртібін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Бұдан бөлек, үлестік құрылысқа қатысушылар өкілдерінен өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты ұжымдық өтініш түсті.

Барлық түскен өтініштерге баса назар аударылып, олардың әрбірі мұқият қаралатын болды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтармен ашық диалогты қамтамасыз ету және халық өтініштерін қарау тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Азаматтарды тұрақты түрде қабылдау министрліктің халықпен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жүйелі тәсілдерінің бірі саналады. Бұл туындаған мәселелерге байланысты жедел әрекет етуге және азаматтардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қуандық Қажкенов азаматтарды құрылыс және ТКШ мәселелері бойынша қабылдады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке қабылдады. Кездесу барысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы…
📌 Куандык Кажкенов провёл приём граждан по вопросам строительства и ЖКХ

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов провёл приём граждан, в ходе которого были рассмотрены обращения по ряду актуальных вопросов в сфере строительства и жилищно-коммунального хозяйства.

Отдельное внимание было уделено вопросам развития социальной инфраструктуры, включая строительство объектов образования. Также гражданами озвучена просьба о рассмотрении возможности предоставления приоритетного порядка записи на личный приём в соответствии с действующим законодательством для отдельных категорий граждан.

Кроме того, поступило коллективное обращение от представителей участников долевого строительства, касающееся защиты их законных прав и интересов.

Все поступившие обращения были внимательно рассмотрены и приняты в работу. Министерство промышленности и строительства РК продолжает системную работу по обеспечению открытого диалога с гражданами и повышению эффективности рассмотрения обращений населения.

Регулярные приёмы граждан являются частью системного подхода министерства к взаимодействию с населением. Это позволяет оперативно реагировать на возникающие проблемы и повышать качество жизни граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану саласына ЖИ мен Big Data технологияларын қарқынды енгізуде

Елімізде геология және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру қарқынды түрде жалғасып, жасанды интеллект пен Big Data технологиялары кеңінен енгізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова MINEX Kazakhstan 2026 XVI тау-кен өнеркәсібі форумында мәлімдеді.

Жәннат Дүбірова айтуынша, трансформацияның негізгі тетігі – Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (ЖҚПБП) болды. Осы платформа аясында мемлекеттік қызметтер толық цифрландырылып, электронды аукциондар іске қосылды және қашықтан төлеу қызметтері енгізілді. Сонымен қатар геологиялық зерттелу деңгейі бойынша бірыңғай дерекқор қалыптастырылып, олар машинамен оқылатын форматқа көшірілуде. Сондай-ақ ЖҚПБП жүйесіне интеграциялану арқылы құрылымданған Big Data базасы жасақталуда.

Жоспар бойынша, бұл жұмыстардың нәтижесінде геологиялық деректердің 90 пайыздан астамы қамтылып, 3D интерактивті карталар енгізіледі және жер қойнауын пайдаланушыларға арналған цифрлық сервистер іске қосылады.

ℹ️ Айта кетейік, аталған жобаны іске асыру саладағы ашықтықты арттыруға, лицензиялау үдерістерін жеделдетуге және елдің табиғи ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2