ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Қазақстанда тұрғын үй қорын жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және реновациялау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және қалалық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған.

Аталған шараларды іске асыру тұрғын үйлердің қауіпсіздігін арттыруға, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және қалалық заманауи, жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңарту аясында 2026 жылы 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌В Казахстане продолжается системная работа по обновлению жилищного фонда

В Казахстане за последние три года реализуется комплекс мер по модернизации и реновации многоквартирных жилых домов, направленный на улучшение условий проживания граждан и обновление городской инфраструктуры.

Реализация этих мер способствует повышению безопасности жилых зданий, продлению срока их эксплуатации и формированию современной и комфортной городской среды.

Вместе с тем, в рамках обновления жилищного фонда в 2026 году планируется отремонтировать 650 многоквартирных жилых домов.
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Қазақстан халқы сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі

Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, елімізде сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6 мыңнан астам инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

Сонымен қатар магистральдық су құбырларын және су тазарту нысандарын салу мен жаңғырту арқылы сумен қамтамасыз ету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

Осы шараларды іске асыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына ықпал етуде.
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌В Казахстане обеспечивается полный доступ населения к питьевой воде

В соответствии с поручением Главы государства по обеспечению населения качественной питьевой водой в Республике Казахстан проведена масштабная работа по развитию инфраструктуры водоснабжения и водоотведения.

За период 2021–2025 годов из республиканского бюджета было выделено 835 млрд тенге, реализовано более 1,6 тыс. инфраструктурных проектов.

При этом особое внимание было уделено повышению качества водоснабжения за счёт строительства и модернизации магистральных водоводов и водоочистных сооружений.

Таким образом, реализация данных мер способствует улучшению санитарно-эпидемиологической обстановки, повышению уровня жизни населения и устойчивому развитию регионов.
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Қазақстанда энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылуда

Елде инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бұл жоба сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кешенді түрде жаңартуға, сондай-ақ желілердің тозу деңгейін төмендетуге бағытталған.

Кешенді шаралар коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
👍4❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌В Казахстане реализуется Национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов

В целях повышения надёжности инженерной инфраструктуры и качества коммунальных услуг в стране реализуется Национальный проект «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Он направлен на комплексное обновление систем водоснабжения и водоотведения, а также снижение уровня износа сетей.

Комплексные меры направлены на повышение надёжности коммунальной инфраструктуры, улучшение качества предоставляемых услуг и обеспечение устойчивого социально-экономического развития регионов страны.
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Қазақстанда кәріз-тазарту құрылыстарын дамыту жалғасуда

Елде су бұру сапасын арттыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында кәріз-тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Аталған шаралар коммуналдық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және халықтың санитарлық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 45 қаланы қамту көзделген, онда кәріз-тазарту құрылыстарын салу және қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Осы жобаларды іске асыру сарқынды суларды тазарту сапасын едәуір арттыруға, қоршаған ортаға келетін теріс әсерді азайтуға және өңірлердегі су бұру жүйелерінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌В Казахстане продолжается развитие канализационных очистных сооружений

В целях повышения качества водоотведения и улучшения экологической обстановки в стране реализуется комплексная работа по строительству и модернизации канализационных очистных сооружений (КОС).

Данные меры направлены на обеспечение устойчивого функционирования коммунальной инфраструктуры и повышение уровня санитарной безопасности населения.

В рамках Национального проекта по модернизации энергетического и коммунального секторов предусмотрен охват 45 городов, где планируется строительство и реконструкция канализационных очистных сооружений.

Реализация данных проектов позволит значительно повысить качество очистки сточных вод, снизить негативное воздействие на окружающую среду и обеспечить устойчивое развитие систем водоотведения в регионах страны.
❤5
📌 Қуандық Қажкенов DENA және GIZ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Германияның Энергетика агенттігі (DENA) және Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар көппәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғыртуға бағытталған FELECITY II қанатқақты жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Жоба жылу энергиясын тұтынуды азайтуға, азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін энергия үнемдейтін заманауи тиімді технологияларды енгізуді көздейді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Германияның Энергетика агенттігі (DENA) арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қатысушылары энергияны тиімді пайдалану, үнемдеу және құрылыс саласындағы жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын да қарастырды.

Қуандық Қажкенов халықаралық әріптестіктің еліміздің тұрғын үй қорының энергия тұтыну тұрғысынан тиімділігін арттыру және озық технологияларды енгізу үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік білдіріп, Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық секторын жаңғыртуға бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қуандық Қажкенов DENA және GIZ өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Германияның Энергетика агенттігі (DENA) және Германияның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қоғамы (GIZ) өкілдерімен…
📌 Куандык Кажкенов провел рабочую встречу с представителями DENA и GIZ

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов провел рабочую встречу с представителями Немецкого энергетического агентства (DENA) и Германского общества по международному сотрудничеству (GIZ).

В ходе встречи стороны обсудили реализацию пилотного проекта FELECITY II, направленного на термомодернизацию многоквартирных жилых домов. Проект предусматривает внедрение современных энергоэффективных технологий, способствующих снижению потребления тепловой энергии, повышению комфорта проживания граждан и уменьшению негативного воздействия на окружающую среду.

Особое внимание было уделено вопросам дальнейшего сотрудничества в рамках Меморандума о взаимопонимании, заключенного между Министерством промышленности и строительства Республики Казахстан и Немецким энергетическим агентством DENA. Участники встречи также рассмотрели перспективы реализации новых совместных инициатив в сфере энергоэффективного и устойчивого строительства.

Куандык Кажкенов отметил важность международного партнерства для внедрения передовых технологий и повышения энергетической эффективности жилищного фонда страны.

По итогам встречи стороны подтвердили заинтересованность в продолжении сотрудничества и выразили готовность к дальнейшему развитию совместных проектов, направленных на модернизацию жилищно-коммунального сектора Казахстана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
📌 Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: өндіріс ауқымы кеңейіп, отандық өнім үлесі артып келеді

Орталық коммуникациялар қызметінде жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мәселелеріне арналған брифинг өтті. Онда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхаммед Андаков баяндама жасады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп өнімінің көлемі 259,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103%-ды құрады. Оның ішінде тоқыма өндірісі 159 млрд теңгені құраса, киім өндірісі шамамен 84 млрд теңгеге, ал былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі 17 млрд теңгеге жуықтаған.

Салаға тартылған инвестициялар көлемі 40 млрд теңгеге жетіп, 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,1%-ды құрайды.

Жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде отандық өндірушілердің үлесі – 8,1% (2024 жылы 5,1%).

Салада 1450-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 836-сы тігін, 489-ы тоқыма, ал 125-і былғары және соған қатысты өнімдер өндіреді.

2025 жылы 600-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында жүн өңдеу, геотекстиль өндіру және өңірлерде мақта-тоқыма кластерлерін дамыту жобалары бар.

Қазіргі уақытта 2026-2028 жылдарға арналған жаңа Жол картасы әзірленуде. Негізгі бағыттар – жергілікті шикізатты пайдалану, реттелетін сатып алулардағы отандық өнім үлесін 80%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ таңбалау жүйесін енгізу.

«Қазақстандық өнімді таңдау арқылы біз ел экономикасына үлес қосамыз, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеміз және халықтың әл-ауқатын арттырамыз», – деді Мұхаммед Андаков.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1🤩1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: өндіріс ауқымы кеңейіп, отандық өнім үлесі артып келеді Орталық коммуникациялар қызметінде жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мәселелеріне арналған брифинг өтті. Онда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп…
📌 Казахстан усиливает легкую промышленность: рост производства и увеличение доли отечественной продукции

В Службе центральных коммуникаций состоялся брифинг по развитию легкой промышленности. Спикером выступил заместитель председателя Комитета промышленности МПС РК Мухаммед Андаков.

По итогам 2025 года объем производства составил 259,5 млрд тенге (ИФО — 103%). Основную долю занимает текстиль (159 млрд тенге), далее — производство одежды (около 84 млрд тенге) и кожаных изделий (порядка 17 млрд тенге).

Инвестиции в отрасль достигли 40 млрд тенге, занято более 26 тыс. человек. При этом доля легкой промышленности в ВВП составляет 0,1%.

Объем рынка оценивается в $3,6 млрд, доля отечественных производителей — 8,1% (против 5,1% в 2024 году).

В отрасли работают более 1450 предприятий: 836 швейных, 489 текстильных и 125 по производству кожаных изделий.

В 2025 году реализовано 13 инвестиционных проектов с созданием более 600 рабочих мест, включая проекты по переработке шерсти, производству геотекстиля и развитию хлопково-текстильных кластеров.

Ведется разработка новой Дорожной карты на 2026–2028 годы. Среди ключевых направлений — использование местного сырья, увеличение доли отечественной продукции в закупках до 80% и внедрение цифровой маркировки.

«Выбирая казахстанские товары, мы инвестируем в экономику страны, способствуем созданию рабочих мест и повышению благосостояния граждан», — отметил Мухаммед Андаков.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1🥰1
📌🏠 Өнеркәсіп және құрылыс министрі ТКШ қызметкерлері күніне орай сала еңбеккерлерін құттықтады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шарада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде министр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай келе, бұл сала ел азаматтарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі екенін және қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында үйлерімізге су, жарық пен жылу келеді, аулалар мен көшелер абаттандырылады, тәртіп пен қолайлы орта сақталады. Бұл саладағы жұмыс тек білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар төзімділікті, тәртіптілікті, ұқыптылықты және өз ісіне деген шынайы адалдықты талап етеді», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр сондай-ақ саланы дамытудың басым бағыттарын атады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба іске асырылуда. Бұл жоба коммуналдық қызметтердің сапасын, сенімділігін және қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Министрлік тарапынан су бұру және сумен жабдықтау желілерінің шамамен 8 мың шақырымын жаңғырту, сондай-ақ 45 кәріз-тазарту құрылысын салу жобаларын іске асыру көзделген.

ℹ️ Сонымен қатар 2023 жылдан бері елімізде жалпы сомасы 100 млрд теңгеден астам қаржыға шамамен 2,5 мың көппәтерлі тұрғын үй жөнделді. 2026 жылы тағы 650 үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Жүзеге асырылып жатқан шаралар нәтижесінде 2030 жылға қарай су құбыры желілерінің тозу деңгейін 33%-ға, ал кәріз жүйелерінің тозуын 41%-ға дейін төмендету көзделуде.

🏅Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға қосқан үлесі үшін сала қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, сала ардагерлері, ТКШ кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген мамандар қатысты.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сала қызметкерлері мен ардагерлеріне кәсібилігі, еңбекке адалдығы және ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌🏠 Өнеркәсіп және құрылыс министрі ТКШ қызметкерлері күніне орай сала еңбеккерлерін құттықтады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты…
📌 🏠Торжественное мероприятие в честь Дня работников ЖКХ прошло в Министерстве промышленности и строительства

В Министерстве промышленности и строительства Республики Казахстан состоялось торжественное мероприятие, посвящённое Дню работников жилищно-коммунального хозяйства.

С приветственным словом выступил министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев.

В ходе выступления министр поздравил работников ЖКХ с профессиональным праздником и отметил, что жилищно-коммунальное хозяйство является неотъемлемой частью повседневной жизни каждого гражданина страны и играет ключевую роль в обеспечении комфортных условий проживания.

«Именно благодаря вашему труду в наши дома приходят вода, свет и тепло, благоустраиваются дворы и улицы, поддерживается порядок и комфорт. Работа в этом секторе требует не только знаний и опыта, но и выносливости, дисциплины, пунктуальности и истинной преданности своему делу», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.


Министр также обозначил приоритетные направления развития отрасли. Так, в рамках поручения Главы государства в стране реализуется Национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов, направленный на повышение качества, надёжности и доступности коммунальных услуг. По линии Министерства предусмотрена модернизация порядка 8 тыс. км сетей водоснабжения и водоотведения, а также реализация 45 проектов канализационно-очистных сооружений.

ℹ️ При этом с 2023 года в стране уже отремонтировано порядка 2,5 тыс. многоквартирных жилых домов на сумму свыше 100 млрд тенге. Капитальный ремонт ещё 650 домов планируется осуществить в 2026 году.

В результате реализуемых мер к 2030 году ожидается снижение износа сетей водоснабжения до 33%, а водоотведения — до 41%.

🏅 Во время мероприятия также состоялась церемония награждения работников отрасли за вклад в развитие жилищно-коммунального хозяйства. В мероприятии приняли участие представители государственных органов, ветераны отрасли, сотрудники предприятий ЖКХ, а также профильные специалисты со всех регионов страны.

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан выражает благодарность всем работникам и ветеранам отрасли за профессионализм, преданность делу и вклад в развитие страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7⚡1
📌 АЭА даму қайнары: өндірісті ұлғайту және экспорттық әлеуетті арттыру

Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) еліміздің өнеркәсіп саласын ілгерілетіп, инвестициялық тартымдылықты күшейтуде маңызды рөл атқарып отыр.

АЭА бүгінде инвестиция тартуға, жаңа өндірістерді іске қосуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін мемлекеттік саясаттың тиімді құралдарының біріне айналды.

«QazIndustry» АҚ-ның мәліметінше, қазіргі таңда 14 өңірде 17 АЭА жұмыс істейді. 2025 жылы үш жаңа АЭА құрылды. Олар – «Атырау», «Ақтөбе» және «Қорқыт Ата» аймақтары.

Жалпы алғанда, АЭА аумақтарында 558 инвестициялық жоба іске асырылып, 10,8 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды және 41 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

АЭА қатысушылары өндірген өнімнің жалпы көлемі 13,9 трлн теңгеге жетсе, экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты. Мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері 799,7 млрд теңгені құрады. Бюджеттен инфрақұрылымға салынған әрбір теңгеге 8,8 теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша АЭА аумақтарындағы өндіріс көлемі 3,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 34%-ға артты.

Қазіргі уақытта жалпы құны 12,9 трлн теңгені құрайтын 586 жоба іске асырылу үстінде. Олар толық іске қосылған жағдайда қосымша 43 мың жұмыс орны ашылады.

«Астана – жаңа қала» көшбасшы ретіндегі орнын сақтап отыр. Оған елдегі барлық АЭА өндірісінің 70%-дан астамы тиесілі.

Сарапшылардың пікірінше, АЭА-ны одан әрі дамыту еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып қана қоймай, экспорттық бәсекеге қабілеттілігін де айтарлықтай арттырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 АЭА даму қайнары: өндірісті ұлғайту және экспорттық әлеуетті арттыру Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) еліміздің өнеркәсіп саласын ілгерілетіп, инвестициялық тартымдылықты күшейтуде маңызды рөл атқарып отыр. АЭА бүгінде инвестиция тартуға, жаңа өндірістерді…
📌 СЭЗ усиливают промышленный рост и инвестиционную привлекательность Казахстана

Специальные экономические зоны (СЭЗ) остаются действенным инструментом государственной политики по привлечению инвестиций, запуску новых производств и созданию рабочих мест.

По данным QazIndustry, сегодня в 14 регионах функционируют 17 СЭЗ. В 2025 году созданы три новые зоны — «Атырау», «Актобе» и «Коркыт Ата».

За весь период на территориях СЭЗ реализовано 558 инвестиционных проектов, привлечено более 10,8 трлн тенге инвестиций и создано свыше 41 тыс. рабочих мест.

Общий объем произведенной продукции достиг 13,9 трлн тенге, экспорт превысил 1 трлн тенге, а налоговые поступления составили 799,7 млрд тенге. При этом на 1 тенге бюджетных вложений в инфраструктуру приходится 8,8 тенге частных инвестиций.

По итогам 2025 года объем производства на СЭЗ составил 3,1 трлн тенге, что на 34% больше, чем годом ранее.

В настоящее время в стадии реализации находятся 586 проектов общей стоимостью 12,9 трлн тенге, что позволит создать дополнительно около 43 тыс. рабочих мест.

Лидером остается СЭЗ «Астана – новый город», на которую приходится более 70% всей продукции СЭЗ.

Эксперты отмечают, что дальнейшее развитие СЭЗ позволит усилить промышленный потенциал страны и значительно повысить экспортную конкурентоспособность Казахстана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Forwarded from AI & Digital Ministry
Жасанды интеллект кен орындарын ашуды жеделдетеді: Астанада геология саласының цифрлық трансформациялануы талқыланды

Бүгін Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен геология саласына жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша кеңесі өтті.

Талқылауға Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ұлттық IT-холдингтердің өкілдері, сондай-ақ халықаралық және отандық технологиялық компаниялардың сарапшылары қатысты.

🔗 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1202157?lang=kk
Forwarded from AI & Digital Ministry
Искусственный интеллект ускорит открытие месторождений: в Астане обсудили цифровую трансформацию геологической отрасли

Сегодня в Правительстве под председательством Заместителя Премьер-Министра - Министра искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслана Мадиева состоялось совещание по вопросам внедрения технологий искусственного интеллекта в геологическую отрасль.

В обсуждении приняли участие Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев, представители национальных IТ-холдингов, а также эксперты международных и отечественных технологических компаний.

🔗 Подробнее: https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1202157?lang=ru