ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
⚡️Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп саласындағы шетелдік әріптестермен бірқатар кездесу өткізді

Астанада Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өңірлік экологиялық саммит аясында шетелдік серіктестер – компания басшылары және мемлекеттік сектор өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Атап айтқанда, CLAAS Group бақылау кеңесінің төрағасы Катрин Клаас-Мюльхойзер және шамамен 20 кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Талқылау барысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығару және өндірісті локализациялау мәселелері қозғалды.

➡️ Словакия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қоршаған ортаны қорғау министрі Томаш Тарабамен өткен кездесуде машина жасау, электроника және химия өнеркәсібі, металлургия салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Қазақстан тарапы словакиялық әріптестерге жер қойнауын пайдалану бойынша аукциондарға қатысуды ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан тарапы бірлескен жобаларды іске асыруға ашық және шетелдік инвесторларға арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) сияқты қолайлы алаңдар ұсынып, тиісті жағдайлар жасауғадайын екенін жеткізді.

➡️ Словакия жағы биыл қараша айында өтетін Үкіметаралық комиссияның (ҮАК) 11-ші отырысын Братислава қаласында өткізу бастамасын көтерді. Қазақстан тарапынан Ерсайын Нағаспаев осы комиссияның тең төрағасы.

➡️ Ресей Федерациясы Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонинмен әңгіме барысында химия, мұнай-химия және машина жасау салаларындағы кооперацияны кеңейту мәселелері қозғалды. Ауыл шаруашылығы кешенін минералды тыңайтқыштармен тұрақты қамтамасыз ету, сондай-ақ машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс салаларындағы бірлескен жобаларды дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Өнеркәсіпке шетелден инвестиция тартудың және халықаралық компаниялардың индустриялық жобаларға қатысуын өрістетудің маңызы ерекше атап өтілді.

Жалпы, Ерсайын Нағаспаев елімізде жоғары технологиялы өндірістерді жүйелі дамыту мақсатында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенімізді білдірді.

ℹ️ Айта кетейік, Қазақстан 2029 жылға дейінөнеркәсіп саласына шамамен $400 млрд көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Елімізде инвесторлар үшін жеңілдіктер мен қолайлы жағдай жасайтын 17 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп саласындағы шетелдік әріптестермен бірқатар кездесу өткізді Астанада Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Өңірлік экологиялық саммит аясында шетелдік серіктестер – компания басшылары және мемлекеттік…
⚡️ Ерсайын Нагаспаев провел ряд встреч с зарубежными партнерами в промышленной сфере

В Астане министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев в рамках регионального экологического саммита провел ряд встреч с зарубежными партнерами - руководителями компаний и представителями госсектора.

В частности, с Председателем Наблюдательного совета CLAAS Group Катриной Клаас-Мюльхойзер и при участии порядка 20 предприятий обсуждены перспективы сотрудничества в промышленной сфере.

Затронуты вопросы углубления взаимодействия в сфере производства сельскохозяйственной техники и локализации производств в Казахстане.

➡️В ходе встречи с заместителем Премьер-министра - министром окружающей среды Словацкой Республики Томашем Тарабой рассмотрены вопросы сотрудничества в сфере машиностроения, электронной и химической промышленности, металлургии. Казахстанской стороной предложено словацким партнерам принять участие в аукционах в недропользовании.

Отмечено, что Казахстан открыт к реализации совместных проектов и готов предложить иностранным инвесторам благоприятные условия, включая механизмы СЭЗ.

➡️Словацкая сторона выступила с инициативой провести предстоящее 11-е заседание Межправительственной комиссии (МПК), запланированное на ноябрь текущего года, в городе Братиславе. Ерсайын Нагаспаев является сопредседателем МПК от Казахстана.

➡️В беседе с губернатором Пермского края Российской Федерации Дмитрием Махониным акцент сделан на расширении кооперации в химической, нефтехимической и машиностроительной отраслях. В центре внимания - перспективы обеспечения стабильных поставок минеральных удобрений для АПК, а также развитие совместных проектов в машиностроении, металлургии, химической промышленности и строительстве.

Подчеркнута значимость привлечения иностранных инвестиций в промышленность и расширения участия международных компаний в реализации индустриальных проектов.

В целом Ерсайын Нагаспаев выразил намерение в дальнейшем укреплении сотрудничества с зарубежными партнерами для последовательного развития высокотехнологичных производств в Казахстане.

ℹ️ Отмечено, что к 2029 году Казахстан ставит задачу привлечь порядка $400 млрд инвестиций в промышленность. В стране функционируют 17 СЭЗ с предоставлением преференций для инвесторов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2
📌 Ерсайын Нағаспаев ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында министр ЭЫҰ-мен ынтымақтастықты күшейту еліміздің сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде маңызды екенін атап өтті.

«Біз бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруды және өзара іс-қимылдың қолда бар әлеуетін пайдалануды маңызды деп санаймыз. Қазақстан Үкіметі ЭЫҰ Хатшылығымен тығыз ынтымақтастыққа ашық және нақты оң нәтижелер көрсететін бастамаларды қолдауға дайын», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр өнеркәсіпті дамыту Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін, осы орайда жаңа технологияларды енгізу, инновацияларды дамыту және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды екен атап өтті.

Сондай-ақ Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 23 қыркүйекте Душанбе қаласында өтетін Министрлер кеңесін ЭЫҰ аясындағы өнеркәсіптік ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін мүмкіндік ретінде атады. Осы Министрлер кеңесі шеңберінде Халықаралық тоқыма форумы өтеді.
Жеңіл өнеркәсіп Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі екені атап өтілді.

🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты сақтауға дайын екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев ЭЫҰ Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен…
📌 Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Генеральным секретарем ОЭС Асадом Маджид Ханом

В Астане в рамках Регионального экологического саммита министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Генеральным секретарем Организации экономического сотрудничества (ОЭС) Асадом Маджид Ханом.

В ходе переговоров министр подчеркнул значимость усиления сотрудничества с ОЭС, как одного из основных направлений внешней политики страны.

«Мы считаем важным активнее реализовывать совместные проекты и использовать имеющийся потенциал взаимодействия. Правительство Казахстана остается открытым к тесному сотрудничеству с Секретариатом ОЭС и готово поддерживать инициативы, приносящие конкретные результаты», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Министр подчеркнул, что развитие промышленности остается одним из ключевых приоритетов Казахстана, отметив важность внедрения новых технологий, развития инноваций и повышения конкурентоспособности отечественных предприятий.

Ерсайын Нагаспаев упомянул предстоящее совещание министров, которое будет 23 сентября 2026 года в Душанбе, как возможность придания нового импульса промышленному сотрудничеству в рамках ОЭС. В рамках совещания министров будет проведен Международный текстильный форум. Отмечено, что легкая промышленность является одной из значимых отраслей экономики Казахстана.

🤝 По итогам встречи стороны подтвердили готовность сохранения взаимовыгодного сотрудничества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🌳Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қызметкерлері «Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы сенбілікке қатысты

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ведомство қызметкерлерімен бірге Астанадағы Ботаникалық бақ аумағында өткен сенбілікке қатысты.

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылған бұл экологиялық акция қоршаған ортаға ұқыпты әрі жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

✔️ Іс-шара барысында көрсетілген аумақты тазалаумен қатар абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

➖

🌳 Министерство промышленности и строительства приняло участие в субботнике в рамках инициативы «Таза Қазақстан»

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев совместно с сотрудниками ведомства принял участие в субботнике на территории Ботанического сада.

Экологическая акция прошла в рамках инициативы Главы государства «Таза Қазақстан», направленной на формирование бережного отношения к окружающей среде.

✔️ В ходе мероприятия проведены работы по уборке и благоустройству прилегающей территории.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы:

🔹 Ерсайын Нағаспаев Ресей және Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің бірінші отырысына қатысты
🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі өнеркәсіп саласындағы шетелдік серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді
🔹 Ерсайын Нағаспаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесті
🔹 Үкіметте қолжетімді орта мен тұрғын үй саласын қолдау мәселелері қаралды
🔹 Өнеркісіп және құрылыс вице-министр SUEZ және Veolia компаниялары өкілдерімен Қазақстанның су инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады
🔹 Қазақстан отандық өндірушілерді қолдаудың арқасында импортқа тәуелділікті азайтып келеді
🔹 ТКШ-ны цифрландыру – ресурстарды ұқыпты тұтынудың тиімді жолы
🔹 Қазақстан мен Өзбекстанның энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру бойынша ынтымақтастығы нығая түсуде
🔹 Қазақстанда барит кендерін кешенді қайта өңдеудің инновациялық технологиясы әзірленді
🔹 Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделген темірбетон брустар: қауіпсіздік және сапа
🔹Қазақстан мен Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) энергия тиімділігін арттыру саласындағы әріптестік мәселелерін талқылады
🔹 Электрондық аукционға қатысу үшін өтінім қабылдау басталды
🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінде мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды
🔹 Коммуналдық қызметкерлер арасында өткен футбол турнирі өңірлер мен орталық мемлекеттік органдардан келген 200-ге тарта адамның басын қосты
🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы: 🔹 Ерсайын Нағаспаев Ресей және Орталық Азия елдері өнеркәсіп министрлерінің бірінші отырысына қатысты 🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі өнеркәсіп саласындағы шетелдік серіктестермен бірқатар кездесулер өткізді 🔹…
📌События Министерства за неделю:

🔹Ерсайын Нагаспаев принял участие в Первом заседании министров промышленности стран ЦА и РФ                                                   
🔹Министр промышленности и строительства провел ряд встреч с зарубежными партнерами в промышленной сфере
🔹Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Генеральным секретарем ОЭС Асадом Маджид Ханом
🔹В Правительстве рассмотрены вопросы доступной среды и жилищной поддержки
🔹Вице-министр промышленности и строительства обсудил с SUEZ и Veolia развитие водной инфраструктуры Казахстана
🔹Казахстан усиливает поддержку отечественных производителей и снижает импортозависимость
🔹Цифровизация ЖКХ как драйвер бережного потребления ресурсов
🔹Казахстан и Узбекистан выходят на новый уровень сотрудничества в сфере энергоэффективности
🔹Инновационную технологию комплексной переработки баритовых руд разработали в Казахстане
🔹Устойчивость к климату Казахстана железобетонных брусьев: безопасность и качество
🔹Казахстан и ОТГ обсудили партнерство в сфере энергоэффективности
🔹Стартовал прием заявок на участие в электронном аукционе
🔹День открытых дверей для школьников организовал Комитет геологии Министерства промышленности и строительства
🔹Футбольный турнир среди работников коммунальных служб объединил около 200 участников из регионов и центральных госорганов
🔹Министерство промышленности и строительства приняло участие в субботнике в рамках инициативы «Таза Қазақстан»

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
❤2
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, өндірісті локализациялау және отандық кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар енгізу мәселелерін талқылады.

Премьер-министр аграрлық сектордың өсіп келе жатқан қажеттіліктері ауыл шаруашылығы техникасының тұрақты және болжамды нарығын қалыптастыратынын атап өтті. Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында. Егіс алқаптары шамамен 24 млн гектарды құрайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 трлн теңгеден асып, 6%-дан астамға өсті. Астық жинау 26 млн тоннаға, майлы дақылдар 5 млн тоннаға жетті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының технологиялық әлеуетін дамыту мен оны арттыру мәселесіне айрықша мән береді. Өндіріс көлемінің өсуі, өнімділіктің артуы және экспорттық жеткізілімдердің кеңеюі шаруаларды техникалық жабдықтауға қойылатын талаптарды күшейтуде. Сондықтан техниканы жаңарту, оның қолжетімділігін қамтамасыз ету, отандық өндірушілерді ынталандыру саланың әрі қарай дамуының негізгі шарттары ретінде қарастырылады.

Қазақстанның жетекші шетелдік өндірушілермен серіктестігі тұрақты әрі өзара тиімді сипатқа ие және ұзақмерзімді кооперацияға бағдарланған. Үкімет жобаларды локализациялаудан бастап сыртқы нарықтарға шығуға дейінгі барлық кезеңде қолдау арқылы жаңа өндірістер құру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еліміздің егіс алқаптарында 130 мыңнан астам трактор, шамамен 30 мың комбайн және 200 мыңнан астам тіркемелі және аспалы техника бірлігі пайдаланылуда. Бұл ретте өткен жылдың қорытындысы бойынша техника паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ды құрады. Нысаналы мақсат – бұл көрсеткішті жыл сайын 10%-ға дейін жеткізу. Осы мақсатта мемлекет тарапынан қолдау шараларының жүйелі тетігі қалыптастырылған, оның ішінде техника сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30%-на дейін субсидиялау, кредиттер мен лизинг бойынша жүктемені төмендету, сондай-ақ отандық өндірістегі техника үшін 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру ұсыну қарастырылған. Қабылданып жатқан шаралар қазірдің өзінде нәтиже беруде – соңғы екі жылда отандық техника сату көлемі 35%-ға артып, 7,7 мыңнан 10,4 мың бірлікке дейін өсті.

Сонымен қатар сұраныс құрылымы анағұрлым күрделі әрі жоғары технологиялық машиналарға қарай ауысуда. Бүгінде жыл сайын 8 мыңнан астам трактор және 1,2 мың комбайн шығаратын 8 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Ішкі нарықтағы отандық техниканың үлесі шамамен 90%-ға жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Халықаралық серіктестер локализацияны одан әрі тереңдетуге, технологиялар трансферіне, сервистік инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан нарығында қатысуды кеңейтуге қызығушылық білдірді. Толық технологиялық тізбекті қалыптастыру және отандық шаруалар үшін заманауи жоғары технологиялық жабдықтардың қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

«Президент пен Үкіметтің дәйекті өнеркәсіптік саясаты сенімге берік негіз қалап отыр. Алдымен елімізге нарық көшбасшысы John Deere келді, мұндай жетістік өзгелерге күшті сигнал болды: бүгін біз басқа да жаһандық ойыншылардың келіп жатқанын көріп отырмыз. Біз жаңа технологияларды қабылдап, озық стандарттарды енгізуге, техникалық мамандарымыздың біліктілігін арттырып, фермерлерді қазақстандық өндірістің жоғары технологиялық машиналарымен қамтамасыз етуге дайынбыз»,

— деді «АгромашХолдинг KZ» АҚ президенті Динара Шүкіжанова.

«Біз Қазақстанның ұзақмерзімді ынтымақтастыққа ашықтығын және инвесторлар үшін жасалып жатқан жағдайды жоғары бағалаймыз. Былтырғы қарашада қол қойылған Қостанайдағы өндірісті локализациялау жөніндегі стратегиялық келісім серіктестігіміздегі маңызды қадам болды. Біздің компания алдағы жылдары 3 мыңға жуық техника шығаруды жоспарлап отыр. John Deere Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық әріптес ретінде қарастырады. Біз өндірісті одан әрі локализациялауға, өнімділікті арттыруға дайынбыз. Цифрландыру мен ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға назар аудара отырып, заманауи техника шығаруды жоспарлап отырмыз»,

— деп атап өтті John Deere компаниясының ТМД елдері бойынша вице-президенті Петер Заксе.

«Жаңа тетіктердің арқасында ауыл шаруашылығы саласының түбегейлі жаңа деңгейіне қол жеткізілді. Қалыптасқан инвестициялық және институционалдық ахуал Қазақстанды ұзақмерзімді негізде технологиялар трансферті, жобаларды локализациялау және дамыту контекстінде шетелдік инвестициялар үшін тартымды алаңға айналдырады. Сонымен қатар адами капиталдың маңыздылығын атап өткім келеді. Біз оқыту және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында жаңа бағдарламаны іске қостық»,

— деп атап өтті Eurasia Group AG бас операциялық директоры Сергей Глокке.

Өнімі 40-тан астам елге тарайтын, ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші жетекші компания Väderstad Group-тың (Швеция) директорлар кеңесінің мүшесі Кристина Старк Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтты: «Біздің компания Қазақстанның тұрақты серіктесі болуды және елдің ауыл шаруашылығын дамытуға қатысуды жоспарлап отыр. Өзара іс-қимылымыздың әлеуетін дамыту қазақстандық шаруалардың қажеттіліктеріне бағдарланған жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік береді».

Компаниялардың топ-менеджерлері серіктестікті дамытуға дайын екендігін білдірді. Олардың қатарында Dewulf компаниясынан – Хендрик Декрамер, Amity Technology – Майк Спренгер, Lindsay Corporation – Ричард Гарольд, Frans Vervaet B.V. – Робин Верват, Brandt – Филип Коржчак, Kuhn Group – Джеки Кирч және тағы да басқалар бар.

Қазақстан тарапынан өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннің пікірлері тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қостанайдағы Локализация орталығының өндірістік базасында Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін локализациялауға бағытталған көпжақты келісімдерге қол қою рәсімі өтті.

Келісім «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Eurasia Group AG» ЖШС мен әлемдік жетекші өндірушілер – Väderstad Group, Dewulf, Lindsay Corporation, Amity Technology, Frans Vervaet B.V., Kuhn Group және Brandt компаниялары арасында жасалды.

Уағдаластықтарды жүзеге асыру саланың әлеуетін күшейтеді және Қазақстанның жаһандық өнеркәсіптік өндіріс жүйесіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2