ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы төрағасымен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимура және Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ясумаса Ииджимамен кездесті.

Министр қазіргі уақытта екі ел арасында өнеркәсіптік кооперация аясында 1,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін, жалпы құны 936 млн АҚШ долларынан асатын 17 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

«Құны 914 млн АҚШ доллар болатын 10 жоба сәтті іске қосылды. Олардың ішінде күкірт қышқылын және уран өндіретін өндірістер бар. 2027 жылы Komatsu техникасын күрделі жөндеу орталығын құруды және заманауи күкірт қышқылы зауытын салуды қоса алғанда, Жапониямен 22,3 млн АҚШ доллары сомасына 7 жоба бойынша ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белсенді түрде пысықталуда», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Бұл ретте Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы желтоқсанда Токиоға ресми сапары аясында жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын 60-тан астам құжатқа қол қойылғанын атап өтті. Ведомство тарапынан Жапониямен сирек кездесетін металдар мен жабдықтарды жеткізуді кеңейту және жапониялық жоғары сапалы технологияларын енгізу үшін 8 келісім жасалды.

🤝 Министр Жапония өкілдерін 2026 жылғы 11-12 маусымда Астанада өтетін Astana Mining & Metallurgy XVI халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысуға шақырды. Конгресс аясында Critical Minerals Dialogue сессиясын өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ министр 2026 жылы Астанада екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) келесі 9-шы отырысын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Ерсайын Нағаспаев пен Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Такэхико Мацуо аталған комиссияның тең төрағасы болып табылады.

Кездесу соңында тараптар бірлескен жұмыстарды одан әрі жалғастыруға дайын және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екендерін мәлімдеді.

ℹ️ Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония арасындағы өнеркәсіп саласындағы тауар айналымының көлемі 2025 жылы 1,8 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан 434,3 млн АҚШ доллары сомасына өнім экспорттады, ал импорт көлемі 1,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы төрағасымен кездесті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимура және Жапонияның…
📌 Ерсайын Нагаспаев встретился с председателем Парламентской лиги дружбы с Казахстаном

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провёл встречу с председателем Парламентской лиги дружбы Япония-Казахстан Ясутоши Нишимурой и Чрезвычайным и Полномочным Послом Японии в РК Ясумасой Ииджимой.

Министр отметил, что в настоящее время в рамках промышленной кооперации реализуются 17 совместных проектов на сумму более 936 млн долларов США с созданием более 1,5 тыс. рабочих мест.

«Успешно введены в эксплуатацию 10 проектов на 914 млн долларов США – среди них производственные мощности по выпуску серной кислоты и добыче урана. Активно прорабатываются новые направления сотрудничества с Японией по 7 проектам на 22,3 млн долларов США, включая создание центра капитального ремонта техники Komatsuв 2027 году и строительства современного сернокислотного завода», - сказал ЕрсайынНагаспаев.


При этом глава Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан указал, что в рамках официального визита Главы государства Касым-ЖомартаТокаева в Токио в декабре 2025 года в целом было подписано более 60 документов на сумму свыше 3,7 млрд долларов США. Со стороны ведомства с Японией заключены 8 соглашений для расширения поставок редкоземельных металлов и оборудования и внедрения высококачественных японских технологий.

🤝 Министр пригласил представителей японской стороны принять участие в 16-м Международном Горно-металлургическом конгрессе Astana Mining & Metallurgy 11-12 июня 2026 года в городе Астана, в рамках которого будет проведена сессия Critical Minerals Dialogue. Также Ерсайын Нагаспаев уведомил о планируемом проведении в 2026 году в столице Республики Казахстан следующего 9-го заседания Межправительственной комиссии по торгово-экономическому сотрудничеству (МПК) двух стран, где он является сопредседателем вместе с заместителем министра экономики, торговли и промышленности Японии Такэхико Мацуо.

В завершение встречи стороны заявили о готовности дальнейшего участия в совместной работе и заинтересованности в укреплении двухстороннего сотрудничества.

ℹ️ Отметим, что объём товарооборота в сфере промышленности между Республикой Казахстан и Японией в 2025 году достиг 1,8 млрд долларов США. Казахстан экспортировал продукцию на сумму 434,3 млн долларов США, в то время как импорт составил 1,3 млрд долларов США.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
🕊️ Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!

➖

🕊️ С Праздником единства народа Казахстана!


@minpromstroykz
❤1
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы:

🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында жасанды интеллектті енгізу тақырыбында сөз сөйледі

🔹 Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы төрағасымен кездесті

🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды қабылдады

🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Беларусь делегациясымен кездесу өтті

🔹 «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасының орынбасары БҰҰ ЕЭК Ресурстарды басқару бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды

🔹 Қазақстанда 2026 жылы түсті металлургия саласында сегіз жоба іске қосылады

🔹 Қазақстанда вагон паркін жаңарту және отандық машина жасау саласын дамыту жұмыстары жүргізілуде

🔹 Елімізде халықты сапалы сумен қамтамасыз ету басты назарда

🔹 «Казкомплект и К»: мемлекеттік қолдау шығындарды өтеуге және өндірісті арттыруға оң ықпал етуде

🔹 Отандық ғылымның сирек металдар өндірісіне қосқан үлесі: негізгі әзірлемелер мен перспективалар

🔹 Құрылыстағы цифрлық трансформация: сарапшылар жасанды интеллекттің еліміздегі рөлі мен BIM-ді қолдану ісін талқылады

🔹 Қазақстанда тұрғын үйді басқару: Тараз қаласында «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында форум өтті

🔹 «Мемсараптама» РМК өкілдері AstanaBuild 2026 пленарлық сессиясына қатысты

🔹 Атырау қаласында тұрғын үйді басқару ісіне қатысты форум өтті

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы: 🔹 Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында жасанды интеллектті енгізу тақырыбында сөз сөйледі 🔹 Ерсайын Нағаспаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы төрағасымен кездесті 🔹 Өнеркәсіп және құрылыс…
📌События Министерства за неделю:

🔹Министр промышленности и строительства выступил на заседании Правительства на тему внедрения ИИ

🔹Ерсайын Нагаспаев встретился с председателем Парламентской лиги дружбы с Казахстаном

🔹Министр промышленности и строительства провел прием граждан

🔹В Министерстве промышленности и строительства состоялась встреча с делегацией из Беларуси

🔹Заместитель председателя правления «Национальной геологической службы» избран вице-председателем Бюро по управлению ресурсами ЕЭК ООН

🔹Восемь проектов в цветной металлургии запустят в Казахстане в 2026 году

🔹Обновление вагонного парка и развитие отечественного машиностроения в Казахстане

🔹Обеспечение населения водой в Казахстане: итоги и планы масштабной работы

🔹«Казкомплект и К»: как господдержка помогла компенсировать затраты и увеличить выпуск

🔹Вклад казахстанской науки в редкометальную отрасль: ключевые разработки и перспективы

🔹Цифровая трансформация строительства: эксперты обсудили роль ИИ и применение BIM в Казахстане

🔹Управление домами в Казахстане: в Таразе прошел форум в рамках проекта «TURGYNDAR AMANATY»

🔹Представители РГП «Госэкспертиза» приняли участие в пленарной сессии AstanaBuild 2026

🔹Форум по управлению жильем прошел в Атырау

📍 Работа ведётся по всем направлениям деятельности Министерства.
📌 Жезқазған қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы Рыспеков, депутаттар, салалық сарапшылар және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзекті өзгерістер, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты арттыру және тұрғындардың белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй секторын заманауи әрі тиімді басқару жүйесін дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

ℹ️ Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекет, басқарушы ұйымдар және тұрғындардың бірлескен жұмысы тұрғын үй-коммуналдық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі факторы екеніне тоқталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Жезқазған қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды.…
📌 «TURGYNDAR AMANATY»: форум по управлению жильем провели в Жезказгане

В городе Жезказган прошел форум-семинар «Управление домом: ответственность, доверие, результат» в рамках партийного проекта партии AMANAT «TURGYNDAR AMANATY».

В ходе форума участники обсудили своевременные изменения в законодательстве в сфере жилищно-коммунального хозяйства (ЖКХ). Также были затронуты вопросы открытости и подотчетности в управлении многоквартирным жилищным фондом и усиления участия собственников.

В мероприятии приняли участие заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан Канат Мынбаев, аким области Улытау Дастан Рыспеков, депутаты, отраслевые эксперты и представители управляющих организаций.

ℹ️ По итогам встречи участники отметили необходимость объединения усилий государства, управляющих организаций и граждан для дальнейшего совершенствования системы ЖКХ. Было отмечено, что проект «TURGYNDAR AMANATY» направлен на развитие современной и эффективной системы управления жилищным сектором.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
📌 Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana 2026 халықаралық көрмелері салтанатты түрде ашылды

2026 жылғы 5 мамырда Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana 2026 халықаралық салалық көрмелерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

5-7 мамыр аралығында еліміздің бас қаласы көлік, логистика және құрылыс салалары өкілдері бас қосатын маңызды іскерлік алаңға айналды. Көрмеде коммерциялық көлік, арнайы техника, құрылыс және жол жабдықтары, автокомпоненттер, сервистік шешімдер, лизинг құралдары мен бизнеске арналған заманауи технологиялар таныстырылды.

Аталған көрмелерге 147 компания қатысып, 50-ден астам техника үлгісі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ұлттық павильондары таныстырылып, шараның халықаралық деңгейін айқындай түсті.

Ашылу рәсіміне мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Көлік министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, Энергетика министрлігінің өкілдері де болды.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков көрмелердің сала дамуы үшін стратегиялық маңызына тоқталды.

«Инфрақұрылымды дамыту, жаңа өндірістерді іске қосу және ірі жобаларды жүзеге асыру заманауи техникаға, тиімді логистикаға және орнықты жеткізу қызметтеріне тікелей байланысты. Comtrux Astana мен Eurasian Construction Technology Astana алаңдарында аталған салалардың өкілдері бас қосып, өзара пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылайды. Бұл өз кезегінде ынтымақтастықты кеңейтуге, келісімшарттар жасауға және жаңа нарықтарға жол ашуға мүмкіндік береді», – деді Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ шараға Германия, Португалия, Канада, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Үндістан, Эстония, Түркия және Словакия елдерінің дипломатиялық миссиялары мен экономикалық өкілдіктерінің өкілдері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы және салалық қауымдастық жетекшілері қатысты.

ℹ️ Сөз етілген көрмелердің ашылуы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға серпін беріп, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші логистикалық және индустриялық хаб ретіндегі беделін нығайтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana 2026 халықаралық көрмелері салтанатты түрде ашылды 2026 жылғы 5 мамырда Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana 2026 және Eurasian Construction Technology Astana…
📌 В Астане состоялось открытие международных выставок Comtrux Astana 2026 и Eurasian Construction Technology Astana 2026

Торжественная церемония открытия международных отраслевых выставок Comtrux Astana 2026 и Eurasian Construction Technology Astana 2026 состоялась в Международном выставочном центре EXPO в Астане.

В церемонии открытия приняли участие представители государственных органов и делового сообщества, в том числе вице-министры Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан, Министерства транспорта, Министерства торговли и интеграции, Министерства туризма и спорта, Министерства энергетики.

«Развитие инфраструктуры, запуск новых производств и реализация ключевых проектов напрямую зависят от современной техники, эффективной логистики и устойчивых цепочек поставок. Именно эти направления объединяют площадки Comtrux Astana и Eurasian Construction Technology Astana, создавая возможности для кооперации, заключения контрактов и выхода на новые рынки», - отметил вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас Сапарбеков, выступая на церемонии.

В мероприятии также участвовали представители дипломатического корпуса и экономических миссий Германии, Португалии, Канады, Беларуси, Узбекистана, Кыргызстана, Украины, Индии, Эстонии, Турции и Словакии, руководство Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» и лидеры отраслевых ассоциаций.

Отметим, что международные отраслевые выставки Comtrux Astana 2026 и Eurasian Construction Technology Astana 2026, которые проходят с 5 по 7 мая, являются основными площадками для представителей транспортной, логистической и строительной отраслей.

Здесь представлены коммерческий транспорт, спецтехника, строительное и дорожное оборудование, автокомпоненты, сервисные решения, лизинговые инструменты и современные технологии для бизнеса.

В выставках принимают участие более 147 компаний, представлено свыше 50 единиц техники, а также организованы национальные павильоны Республики Узбекистан и Китайской Народной Республики, что подчеркивает высокий международный статус события.

ℹ️ Открытие выставок стало значимым событием для развития делового сотрудничества и укрепления международных связей, подтвердив статус Казахстана как важного логистического и индустриального хаба Центральной Азии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥2❤1👏1
📌 Тұрғын үй заңнамасы және жалға берілетін тұрғын үйді бөлу мәселелері талқыланды

Бүгін «Отбасы банк» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің төрағалығымен мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңеске «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жансұлтан Матай, банктің басқарушы директоры Азат Әшімов, Астана қаласы әкімдігі «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Бейсен Үсенов, сондай-ақ «RUKHTYLAR», «Не молчи сирота», «Ана рухы», «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қорларының және «Қызмет» салалық кәсіподағының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тұрғын үй заңнамасының өзекті мәселелері мен жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тәсілдері, сондай-ақ оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды.

Қатысушылар қолданыстағы түйткілді аспектілерді талқылап, өз пікірлерімен алмасып, бірқатар ұсынымдар енгізді.

🏠 Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар тұрғын үй саясатын жетілдіру жөніндегі алдағы жұмыстар аясында қаралатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Тұрғын үй заңнамасы және жалға берілетін тұрғын үйді бөлу мәселелері талқыланды Бүгін «Отбасы банк» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкеновтің төрағалығымен мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының…
📌 Обсуждены вопросы жилищного законодательства и распределения арендного жилья

На площадке АО «Отбасы банк» прошло совещание под председательством вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан Куандыка Кажкенова.

В совещании приняли участие заместитель председателя правления АО «Отбасы банк» Жансултан Матай, управляющий директор банка Азат Ашимов, заместитель руководителя ГУ «Управление жилья и жилищной инспекции города Астаны» Бейсен Усенов, а также представители общественных фондов «Rukhtylar», «Не молчи сирота», «Ана рухы», «Бақытты шаңырақ» и отраслевого профсоюза «Қызмет».

В ходе встречи рассмотрены актуальные вопросы жилищного законодательства и подходы к распределению арендного жилья, а также предложения по его дальнейшему совершенствованию.

Участники обсудили существующие проблемные аспекты, обменялись мнениями и внесли ряд рекомендаций.

🏠 По итогам встречи озвученные предложения будут рассмотрены в рамках дальнейшей работы по совершенствованию жилищной политики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇹 Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Аустрия бизнес-форумында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан мен Аустрия арасындағы іскерлік және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға арналған Қазақстан-Аустрия бизнес-форумында сөз сөйледі. Іс-шараға Аустрияның және еліміздің 70-тен астам жетекші компаниясының өкілдері қатысты.

Министр өз сөзінде соңғы 20 жыл ішінде Аустрияның Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі 3,1 млрд АҚШ долларынан асқанын атап өтті.

«Бүгінде елімізде аустриялықтардың қатысуымен 167 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Негізгі басымдықтардың бірі — тереңдете өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағытталған өнеркәсіптік кластерлерді дамыту», — деді Ерсайын Нағаспаев.


Министр аустриялық компаниялар өкілдерін бірлескен жобаларға қатысуға шақыра отырып, өндіру, өңдеу және қосылған құны жоғары өнім шығару салаларында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар Аустриядағы жоғары технологиялық және өнеркәсіптік өнімдердің дамуын ескере келіп, осының аясында жаңа индустрияға арналған материалдар мен компоненттер саласындағы кооперация перспективаларына назар аударды.

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат ресурстары секторындағы үлкен әлеуетін, дамыған металлургиялық және өңдеуші базасының бар екенін, ЖІӨ өсімін және тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының артуын, сондай-ақ инвесторларды қолдаудың кешенді инфрақұрылымының дамуын атап көрсетті.

Сонымен қатар Қазақстан-Аустрия бизнес-форумы аясында министр Аустрияның Сыртқы істер министрі Беате Майнль-Райзингер және аустриялық компаниялар өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

🤝 Келіссөздер барысында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелері талқыланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇦🇹 Ерсайын Нағаспаев Қазақстан-Аустрия бизнес-форумында сөз сөйледі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан мен Аустрия арасындағы іскерлік және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға арналған Қазақстан-Аустрия…
🇰🇿🇦🇹 Ерсайын Нагаспаев выступил на казахстанско-австрийском бизнес-форуме

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев выступил на казахстанско-австрийском бизнес-форуме, посвященном развитию делового и промышленного сотрудничества между Республикой Казахстан и Австрией. В мероприятии приняли участие более 70 ведущих австрийских и отечественных компаний.

В ходе выступления министр подчеркнул, что объем австрийских инвестиций в экономику Казахстана в течение 20 лет превысил 3,1 млрд долларов США.

«Сегодня в стране успешно функционируют 167 предприятий с австрийским участием. Одним из ключевых инструментов является развитие промышленных кластеров, направленных на углубление переработки и создание продукции высокого передела», - сказал Ерсайын Нагаспаев.


Министр пригласил представителей австрийских компаний к участию в совместных проектах, отметив перспективы для расширения сотрудничества в сфере добычи, переработки и выпуска продукции высокого передела.

Также он обратил внимание на перспективы кооперации в сфере материалов и компонентов для новой индустрии на фоне развития в Австрии высокотехнологичной и промышленной продукции.

Ерсайын Нагаспаев обозначил значительный потенциал Республики Казахстан в сфере минерально-сырьевых ресурсов, наличие развитой металлургической и перерабатывающей базы, рост ВВП и валового притока прямых иностранных инвестиций, развитие комплексной инфраструктуры поддержки инвесторов.

🤝 Кроме того, на полях казахстанско-австрийского бизнес-форума министр провел переговоры с министром иностранных дел Австрии Беате Майнль-Райзингер и представителями австрийских компаний, в ходе которых были обсуждены вопросы реализации совместных инвестиционных проектов и перспективы расширения промышленной кооперации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪖 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 7 мамыр мерекесіне орай ер азаматтарға құрмет көрсетілді

⚡️ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Отанды қорғау әрбір азаматтың конституциялық борышы екенін, ал елге қызмет ету әрқашан жауапкершіліктің, батылдықтың және өз ісіне адалдықтың символы  болып қала беретінін атап өтті.

Министр ведомство қызметкерлерін мерекемен құттықтай келіп, оларға еліміздің дамуына үлкен жауапкершілікпен, тыңғылықты істерімен зор үлес қосып келе жатқандары үшін шынайы ризашылығын жеткізді.

Құттықтау сөзінің соңында Ерсайын Нағаспаев баршаға, ардагерлерге, әскери борышын өтеген азаматтарға және бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштері сапында қызмет етіп жүрген әскери қызметшілер мен сарбаздарға зор денсаулық, амандық, бейбіт өмір және еңбекте табыс тілеп, ыстық ықыласпен алғысын білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🪖 Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 7 мамыр мерекесіне орай ер азаматтарға құрмет көрсетілді ⚡️ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиында Өнеркәсіп…
🪖 В Министерстве промышленности и строительства поздравили мужчин спраздником 7 мая - Днём защитника Отечества
 
⚡️ В Министерстве промышленности и строительства Республики Казахстан состоялось торжественное мероприятие, посвящённое празднованию Дню защитника Отечества – 7 мая.

В ходе поздравления министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев отметил, что защита Родины является конституционным долгом каждого гражданина, а служение стране всегда было и остаётся символом ответственности, мужества и преданности своему делу.

Министр поздравил сотрудников ведомства с праздником и поблагодарил за профессионализм, ответственность и ежедневный вклад в развитие страны.

В завершение Ерсайын Нагаспаев выразил благодарность ветеранам, военнослужащим и всем, кто служил в Вооружённых Силах Казахстана, пожелав крепкого здоровья, благополучия, мирной жизни и успехов в работе.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
🔥 Ерсайын Нағаспаев Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерін құттықтады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ел тарихында ерекше орын алатын, мемлекеттік мереке ретінде жыл сайын 9 мамырда аталып өтетін Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Рзағұл Байкешевпен кездесті.

Министр Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтап, қазақстандықтардың бейбіт өмір сүруіне және Жеңіске қосқан үлесі, Отанын қорғау жолындағы ерлігі мен батырлығы үшін құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.

Ерсайын Нағаспаев кездесу соңында ардагерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасарлары да Жеңіс күніне орай тыл еңбеккерлерімен жүздесіп, оларды мерекемен құттықтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2