ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысында Жезқазған өндірістік алаңының дамуы және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарымен танысты

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар өнеркәсіп орындары мен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады.

➡️ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Жезқазған мыс балқыту зауытында өндірісті жаңғырту, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне назар аударылды. Зауыт –еліміздің индустриялық секторындағы негізгі кәсіпорындардың бірі. Оның өндірістік қуаты жылына 200 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіруге жетеді. Өнім ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге де экспортталады. Компания басшылығы министрге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде жаңа күкірт қышқылы цехы мен газ-поршенді электр стансасының құрылысы туралы ақпарат берді.

➡️ Жезқазған байыту фабрикасына барған кезде Ерсайын Нағаспаев еңбек жағдайларын жақсартуға және өңдеу тиімділігін арттыруға ықпал ететін озық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Кәсіпорын Жезқазған, Жомарт және Жыланды кен орындарынан алынған мыс кендерін ұсақтау, майдалау және флотациялау арқылы мыс концентратын өндіруге маманданған. Кәсіпорын жылына 21 млн тонна кен өңдеп, 150 мың тонна мыс концентратын өндіреді.

Сонымен қатар ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің металлургия өнеркәсібінде 2026 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде берген тапсырмасының орындалуына ерекше назар аударылды. Биылғы өткен 5 айда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 155 мың тонна мыс өндірді, өсім 1%-ды құрады. Министр жыл соңына дейін кемінде 6% өсімге қол жеткізу қажеттігін атап өтті.

«Металлургия саласының алдына жыл қорытындысы бойынша өндірістің оң серпінін қамтамасыз ету міндеті қойылған. Белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өндірістік қуаттарды барынша тиімді пайдаланып, барлық кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар бірінші кезекте қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері басты назарда болуы тиіс», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Сондай-ақ министр Жезқазғанда С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының күрделі жөндеу, «Жастар» саябағын жаңғырту және Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыру жұмыстарыныңбарысымен танысты. Бұл қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындарының демалуына арналған негізгі тартымды орындарға айналады.

«Қазақмыс» корпорациясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аталған 3 нысанның құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарына 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.

ℹ️ Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ерсайын Нағаспаев Жезқазған өндірістік алаңын жаңғырту жұмыстарын жеделдету және қалалық инфрақұрылым нысандарындағы құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысында Жезқазған өндірістік алаңының дамуы және әлеуметтік нысандарды жаңғырту жұмыстарымен танысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар…
📌 Ерсайын Нагаспаев в области Ұлытау ознакомился с промышленным развитием Жезказганской площадки и реконструкцией соцобъектов

Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев в рамках рабочей поездки в область Ұлытау посетил ряд промышленных предприятий региона и объектов социальной инфраструктуры.

➡️ На Жезказганском медеплавильном заводе ТОО «Корпорация «Казахмыс»  внимание уделено вопросам модернизации производства, промышленной безопасности и улучшения экологической ситуации. Завод является одним из ключевых объектов индустриального сектора страны, производственная мощность – до 200 тыс. катодной меди в год. Выпускаемая продукция обеспечивает потребности внутреннего рынка, а также экспортируется за рубеж. Руководство компании проинформировало министра о ходе реализации инвестиционных проектов, среди которых строительство нового сернокислотного цеха и газопоршневой электростанции.

➡️ При посещении Жезказганской обогатительной фабрики Ерсайын Нагаспаев подчеркнул важность внедрения передовых технологий, способствующих улучшению условий труда и эффективности переработки. Предприятие специализируется на получении медного концентрата путем дробления, измельчения и флотации медных руд месторождений Жезказган, Жомарт и Жыланды. Годовая производительность – 21 млн тонн руды и 150 тыс. тонн  меди в концентрате.

Отдельное внимание уделено исполнению поручения Премьер-министра РК Олжаса Бектенова по достижению плановых показателей в металлургической промышленности на 2026 год. За 5 месяцев т.г. ТОО «Корпорация «Казахмыс» произведено 155 тыс. тонн меди с ростом на 1%. Министр подчеркнул необходимость до конца года достичь не менее 6%-ного роста.

«Перед металлургической отраслью поставлена задача обеспечить положительную динамику производства по итогам года. Для достижения показателей необходимо обеспечить максимальную загрузку мощностей и стабильную работу всех предприятий. Вместе с тем важно уделять первоочередное внимание безопасности работников и улучшению условий труда», — отметил Ерсайын Нагаспаев.


Здесь же в Жезказгане министр ознакомился с ходом капремонта Казахского музыкально-драматического театра им. C.Кожамкулова, реконструкции парка «Жастар» и строительства набережной Кенгирского водохранилища. Общественные пространства станут главными точками притяжения и местами для досуга горожан.

В рамках социальной ответственности бизнеса всего на строительство и реконструкцию трех объектов Корпорацией «Казахмыс» было выделено свыше 13 млрд тенге.

ℹ️ По итогам рабочей поездки Ерсайын Нагаспаев дал ряд поручений касательно ускорения модернизации Жезказганской площадки и своевременного завершения строительных работ на объектах городской инфраструктуры.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Құрылыс саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бизнес ұсыныстары талқыланды

«Атамекен» ҰКП алаңында инвестициялық жобаларды іске асыру және құрылыс жобаларына сараптама жүргізу мәселелері талқыланды. Кеңеске ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, сарапшылар, салалық қауымдастықтар, жобалау ұйымдары және құрылыс бизнесінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ҚР Құрылыс кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді. Құжат цифрлық шешімдерді енгізуді, бірыңғай қала құрылысы саясатын дамытуды және саладағы бақылау жүйесін жетілдіруді көздейді.

Бизнес өкілдері сараптамадан өту мерзімдерін қысқарту, процестерді цифрландыру, нормативтік-техникалық реттеуді жетілдіру және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнес ұсыныстарын қарастыруға дайын екенін, оның ішінде мемлекеттік нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құру мүмкіндігі қарастырылатынын мәлімдеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Құрылыс саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бизнес ұсыныстары талқыланды «Атамекен» ҰКП алаңында инвестициялық жобаларды іске асыру және құрылыс жобаларына сараптама жүргізу мәселелері талқыланды. Кеңеске ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі…
📌 От экспертизы до ввода объектов: обсуждены предложения бизнеса по совершенствованию инвестклимата в строительной отрасли

В Национальной палате предпринимателей РК «Атамекен» состоялось совещание по вопросам реализации инвестиционных проектов и прохождения экспертизы проектов строительства с участием вице-министра промышленности и строительства РК Куандыка Кажкенова, представителей отраслевых ассоциаций, экспертного сообщества, проектных организаций и строительного бизнеса.

Участникам разъяснили ключевые положения нового Строительного кодекса РК, вступающего в силу с 1 июля. Документ предусматривает внедрение цифровых решений, развитие единой градостроительной политики и совершенствование системы контроля в отрасли.

Представители бизнеса озвучили предложения по сокращению сроков прохождения экспертизы, цифровизации процессов, совершенствованию нормативно-технического регулирования и сопровождению инвестиционных проектов.

В МПС РК подтвердили готовность рассмотреть предложения бизнеса, включая создание рабочей группы по актуализации и совершенствованию государственных нормативных документов.
🇰🇿🇫🇷 Қазақстан мен Франция өкілдері Стратегиялық маңызды шикізат материалдары жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді

Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының 2025 жылғы желтоқсанда өткен отырысы қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Стратегиялық маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Кездесу екі ел елшіліктерінің қолдауымен, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков пен Францияның минералдық шикізат және металдармен стратегиялық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық делегаты Бенжамен Галлезоның тең төрағалығымен ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Францияның стратегиялық маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастығы –жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болып есептеледі. Бұл 2023 жылы бекітілген Стратегиялық минералдар жөніндегі бірлескен ниеттестік декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға 2024 жылғы мемлекеттік сапары барысында қол қойылған Жол картасына негізделген.

Отырыс барысында Қазақстан мен Францияның мемлекеттік органдары, геологиялық қызметтері және бизнес өкілдері геологиялық картография, деректер алмасу, зертханалық зерттеулер, геологиялық барлау, жер қойнауын пайдалану және заманауи тау-кен өнеркәсібін дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Сонымен қатар титан және басқа да стратегиялық ресурстарды жеткізу саласындағы серіктестікке, сондай-ақ бизнес құрылымдар арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Олжас Әлібеков Қазақстанның Еуропалық одақтың тиісті тізбесіне енгізілген стратегиялық маңызды шикізат материалдарының 34 түрінің 21-ін өндіріп әрі өңдейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту және жер қойнауын пайдалану саласын цифрландыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қазақстандық тараптың франциялық серіктестерімен өзара тиімді әрі мазмұнды ынтымақтастықты дамытуға дайын екендерін растап, оларды геологиялық барлау, шикізатты өңдеу және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырды.

🤝 Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделі екендіктерін растады және бірлескен бастамалар мен жобаларды іске асыруды жалғастыра беруге уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🤝1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇫🇷 Қазақстан мен Франция өкілдері Стратегиялық маңызды шикізат материалдары жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысын өткізді Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының 2025 жылғы желтоқсанда өткен отырысы қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды…
🇰🇿🇫🇷 Казахстан и Франция провели первое заседание Рабочей группы по критически важным сырьевым материалам
 
В целях реализации договоренностей, достигнутых по итогам заседания Казахстанско-французской Межправительственной комиссии в декабре 2025 года, в формате видеоконференции состоялось первое заседание совместной рабочей группы по сотрудничеству в области критически важных сырьевых материалов.

Диалог состоялся при поддержке посольств двух государств под сопредседательством заместителя председателя Комитета промышленности МПС РК Олжаса Алибекова и межведомственного делегата Франции по вопросам стратегического обеспечения минеральным сырьем и металлами Бенжамена Галлезо.

Сотрудничество Казахстана и Франции в области критически важных сырьевых материалов является продолжением договоренностей, достигнутых на высшем уровне, и базируется на Совместной декларации о намерениях по стратегическим минералам 2023 года и Дорожной карте, подписанной в ходе государственного визита Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева во Францию в 2024 году.

В ходе заседания представители госорганов, геологических служб и бизнеса Казахстана и Франции обсудили перспективы взаимодействия в области геологического картирования, обмена данными, лабораторных исследований, геологоразведки, недропользования и развития современной горнодобывающей отрасли. Внимание уделено партнерству в части поставок титана и других стратегических ресурсов, а также расширению прямых контактов между бизнесом.

Олжас Алибеков отметил, что Казахстан добывает и перерабатывает 21 из 34 видов критически важных сырьевых материалов, включенных в соответствующий перечень ЕС. Акцент сделан на проводимой работе по совершенствованию инвестиционного климата и цифровизации сферы недропользования в РК.

Представители МПС подтвердили готовность казахстанской стороны к развитию предметного и взаимовыгодного сотрудничества с французскими партнерами, пригласив их к активному участию в реализации совместных проектов в области геологоразведки, переработки сырья и внедрения современных технологий.

🤝 По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии долгосрочного стратегического партнерства и договорились продолжить реализацию совместных инициатив и проектов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
⚡️ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобасын жариялады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қоғамдық талқылау үшін «Ашық бюджеттер» порталында 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобасын жариялады.

ℹ️ Қоғамдық талқылау мерзімі – кемінде 10 жұмыс күн.

ҚР ӨҚМ-нің бюджеттік бағдарламаларының қоғамдық талқылауына қатысу үшін келесі сілтемеге өту қажет: https://budget.egov.kz

ЭСҚ-ның болуы міндетті.
Белсенді түрде қатысуыңызды сұраймыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобасын жариялады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қоғамдық талқылау үшін «Ашық бюджеттер» порталында 2027-2029 жылдарға…
⚡️ Опубликованы проекты бюджетных программ на 2027-2029 годы

Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан оповещает о том, что проекты бюджетных программ на 2027-2029 годы опубликованы на портале «Открытые бюджеты».

ℹ️Сроки публичного обсуждения – не менее 10 рабочих дней.

Для принятия в них участия необходимо пройти по следующей ссылке: https://budget.egov.kz.

Наличие ЭЦП обязательно.
Просим принять активное участие.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Вице-министр Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау және үлескерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Оған жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан тұрғын үй компаниясының өкілдері қатысты.

Қатысушылар кепілдік жағдайлары туындаған нысандарды, оның ішінде өңірлердегі проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау ісінің қолданыстағы тетіктерін, сондай-ақ азаматтардың қаражатын заңсыз тартудың алдын алу және тұрғын үй құрылысы нарығының ашықтығын арттыру жөніндегі шараларды қарастырды.

Ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, бекітілген жол карталарының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және жаңа проблемалық нысандардың пайда болуына жол бермеу үшін алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерде жоспарланған іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейту, проблемалық нысандардың құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және азаматтардың қаражатын тарту кезінде заңнама талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Вице-министр Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар құрылысын аяқтау мәселелері жөнінде кеңес өткізді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов үлестік тұрғын үйлер бойынша проблемалық нысандар…
📌 Вице-министр Куандык Кажкенов провел совещание по вопросам завершения проблемных объектов долевого строительства

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов провел совещание с участием представителей местных исполнительных органов и Казахстанской жилищной компании по вопросам завершения строительства проблемных объектов долевого жилищного строительства и защиты прав граждан-дольщиков.

Участники рассмотрели действующие механизмы завершения строительства проблемных объектов в регионах, включая объекты, по которым наступили гарантийные случаи, а также меры по предупреждению незаконного привлечения средств граждан и повышению прозрачности рынка жилищного строительства.

Особое внимание уделено усилению межведомственной координации, своевременному исполнению утвержденных дорожных карт и повышению эффективности превентивных мер по недопущению появления новых проблемных объектов.

По итогам совещания даны поручения усилить контроль за реализацией мероприятий в регионах, обеспечить завершение строительства проблемных объектов, активизировать информационно-разъяснительную работу с населением и обеспечить строгое соблюдение законодательства при привлечении средств граждан.
⚽️ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде шағын футболдан алғаш рет турнир өтті

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің бастамасымен ведомство қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді.

Турнир командалық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

👥 Жарысқа бес команда қатысты: Министрліктің орталық аппараты, Геология комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, сондай-ақ Жер қойнауын пайдалану департаменті.

Турнир қорытындысы бойынша:

🥇I орын — Өнеркәсіп комитеті;
🥈II орын — Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
🥉III орын — Жер қойнауын пайдалану департаменті.

🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, медальдар және Құрмет грамоталары мен марапатталды.

Бұл алғаш рет ұйымдастырылған турнир министрлік қызметкерлері арасында жыл сайын спорттық жарыстар өткізу дәстүрінің бастамасы болды. Алдағы уақытта мұндай жарыстарды жыл сайын өткізу жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM