ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Ерсайын Нағаспаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарды шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелері туралы хабардар етті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың шикізаттық емес экспорттың өсім нүктелері мен жоғары қосылған құны бар өнім өндіруге бағытталған ірі индустриялық жобаларға қатысты сауалдарына жауап берді.

Министр Қазақстан экономикасының құрылымында өңдеу өнеркәсібі екінші жыл қатарынан тау-кен өндіру секторынан жоғары көрсеткішке қол жеткізгенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіру саласының жалпы ішкі өнімдегі үлесі 11,9 пайызды құраса, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13 пайызға жетті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 17 ірі инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның ішінде 9 жоба министрліктің бақылауында. Бұлармашина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және басқа да салалардағы жобалар. Дәл осы жобалар жоғары деңгейде өңделген өнім өндірісін ұлғайтып, шикізаттық емес экспорттың негізгі қозғаушы күшіне айналады. Жалпы,биыл жалпы құны 1,7 трлн теңгені құрайтын 200 өнеркәсіптік жоба іске асырылады», – деді негізгі салаларға тоқталған Ерсайын Нағаспаев.


⏩ Мәселен, машина жасау саласында жылына 70 мың автокөлік шығаруға қауқарлы KIA Qazaqstan және жылдық қуаты 120 мың автокөлік шығаруға жететін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыттары пайдалануға берілді.

⏩ Теміржол машиналарын жасау саласында швейцариялық Stadler компаниясы жолаушылар вагондарын шығаратын зауыт салды.

⏩ Сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына John Deere және басқа да әлемдік өндірушілер тартылды. Бұл бағыттағы басты міндет – өндірісті локализациялау деңгейін арттырып, сыртқы нарықтарға шығу.

⏩ Металлургия өнеркәсібінде екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Оның бірі – жылына 160 мың тонна ферросилиций өндіретін ферроқорытпа зауыты, екіншісі – жыл сайын шамамен 15 тонна Доре қорытпасы түріндегі алтын өндіретін гидрометаллургиялық комбинат. Сонымен қатар Qarmet компаниясын жаңғырту бағдарламасы аясында болат өндірісін жылына 5 млн тоннаға дейін ұлғайтып, салаға серпін беру көзделіп отыр.

⏩ Химия өнеркәсібінде Жамбыл облысында жылдық қуаты 500 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауытты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге келесі жылы Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштар өндірісі ашылады деп жоспарлануда. Маңғыстау облысында азот тыңайтқыштарын шығаратын зауыт, ал Батыс Қазақстан облысында Qazaq Kalium кәсіпорны іске қосылады.

⏩ Құрылыс материалдары өндірісі саласында Roca GroupҚызылорда облысында Қазақстандағы алғашқы керамикалық өнім шығаратын жобаны жүзеге асыруда. Ал Саран қаласында жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі жолға қойылады.

⏩Жеңіл өнеркәсіп саласында Lihua Group толық өндірістік циклді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құруда. Қазіргі уақытта иірілген жіп өндірісі іске қосылды, ал биыл жылына 40 млн шаршы метрге дейін мата өндіретін кәсіпорын пайдалануға беріледі.

✅ Ерсайын Нағаспаев сөзін қорытындылай келе, өңдеу өнеркәсібін дамыту министрліктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарды шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелері туралы хабардар етті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен…
📌 Ерсайын Нагаспаев на совместном заседании палат Парламента проинформировал депутатов о развитии несырьевого экспорта
 
На совместном заседании палат Парламента РК с участием Премьер-министра РК Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев ответил на вопросы депутата Мажилиса Серика Егизбаева касательно точек роста несырьевого экспорта и крупных индустриальных проектов по выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью.

Министр подчеркнул, что отрасль обрабатывающей промышленности в структуре экономики РК второй год подряд превышает показатели горнодобывающего сектора. Если по итогам прошлого года горнодобывающая отрасль занимала 11,9% в ВВП, то обрабатывающая промышленность — 13%.

«По поручению Главы государства сформирован пул из 17 крупных инвестиционных проектов. Из них 9 находятся на контроле Министерства. Это проекты в таких отраслях, как машиностроение, металлургия, химическая промышленность и др. Именно они станут драйвером выпуска продукции высокого передела и наращивания несырьевого экспорта. В целом, в текущем году будет реализовано 200 промышленных проектов на сумму 1,7 трлн тенге», — отметил Ерсайын Нагаспаев, сделав акцент на ключевых отраслях.  


⏩ Так, в машиностроении уже введены два крупных завода: KIA Qazaqstan мощностью 70 тыс. и Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мощностью 120 тыс. автомобилей в год.

⏩ В железнодорожном машиностроении швейцарской компанией Stadler построен завод по производству пассажирских вагонов.

⏩ В отрасль  сельскохозяйственного машиностроения привлечены такие мировые производители, как John Deere и др. Главной задачей является наращивание локализации и выход на внешние рынки.

⏩ В металлургической промышленности реализуются два крупных проекта: ферросплавный завод мощностью 160 тыс. тонн ферросилиция и гидрометаллургический комбинат по выпуску порядка 15 тонн золота в виде сплава Доре ежегодно. Дополнительный импульс обеспечит программа модернизации Qarmet с увеличением производства стали до 5 млн тонн в год.

⏩ В химической промышленности ведется работа по запуску производства кальцинированной соды в Жамбылской области мощностью 500 тыс. тонн, а также в следующем году планируется открытие производства минеральных удобрений в Каратау. В Мангистауской области будет запущен завод по выпуску азотных удобрений, в ЗКО – предприятие Qazaq Kalium.

⏩ В сфере строительных материалов Roca Group реализует в Кызылординской области первый в РК проект по производству керамической продукции. В городе Сарань будет налажен выпуск теплоизоляционных материалов.

⏩ В легкой промышленности Lihua Group создает хлопково-текстильный кластер полного цикла. Уже запущено производство пряжи, в текущем году будет введено производство до 40 млн кв. метров тканей.

✅ Подытоживая, Ерсайын Нагаспаев отметил, что развитие обрабатывающей промышленности находится на особом контроле Министерства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📌 Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, инженерлік коммуникацияларды қосу мәселелері көтерілді. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі, құрылыс заңнамасын қолдану және т. б. мәселелерге де назар аударылды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша азаматтарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғындармен жүйелі әрі ашық жұмысты жалғастыруда. Бұл бағытта тұрақты түрде жеке қабылдаулар өткізіліп келеді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, инженерлік коммуникацияларды қосу…
📌 Куандык Кажкенов провел прием граждан

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов провел прием граждан по личным вопросам. Подняты вопросы жилищного обеспечения, земельных отношений, подключения инженерных коммуникаций.

Внимание уделено деятельности субъектов естественных монополий, применению строительного законодательства и др.

По всем направлениям гражданам даны соответствующие разъяснения. Министерство промышленности и строительства РК продолжает системную и открытую работу с населением, включая проведение регулярных личных приемов.
📌 Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысына іссапарымен барып, өңір тұрғындары және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді.

Азаматтармен өткен кездесуде өңірдегі өнеркәсіпті дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау және өзге де өзекті мәселелер қаралды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.

➡️ Өңір басшылығымен өткен кездесуде Абай облысының өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және жаңа өндіріс орындарын ашуға ерекше назар аударылды.

➡️ Өнеркәсіп орындарының басшыларымен кездесуде мемлекеттік қолдау шаралары, «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі, ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарттар жасасу тетіктері және басқа да мәселелер талқыланды.

ℹ️ Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша азаматтар мен бизнес өкілдері көтерген барлық мәселелер министрліктің бақылауына алынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысына іссапарымен барып, өңір тұрғындары және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Азаматтармен өткен…
📌 Олжас Сапарбеков встретился с жителями области Абай
 
Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Олжас Сапарбеков в рамках рабочей поездки в область Абай провел встречу с жителями региона и представителями бизнес-сообщества.

На встрече с гражданами рассмотрены вопросы развития промышленности, предпринимательской деятельности в регионе и др. По каждому из обращений даны разъяснения в рамках действующего законодательства.

➡️ С руководством региона обсуждено развитие промышленного комплекса области Абай. Внимание уделено реализации инвестиционных проектов и запуску новых производств.

➡️ С руководителями промышленных предприятий акцент сделан на мерах государственной поддержки, функционировании ГИС «Реестр казахстанских товаропроизводителей», механизмах заключения долгосрочных и офтейк-контрактов и др.

ℹ️ По итогам рабочей поездки все поднятые гражданами и бизнесом вопросы взяты Министерством на контроль.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 «Атамекен» ҰКП алаңында Құрылыс кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, салалық қауымдастықтардың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында биылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Құрылыс кодексіндегі негізгі жаңашылдықтар таныстырылды.

«Құрылыс кодексі нормаларды бір жүйеге келтіреді, әкімшілік кедергілерді азайтады, үдерістерді цифрландыруды күшейтеді және құрылыстың барлық кезеңдеріндегі жауапкершілікті арттырады. Басты мақсат – құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту, бюрократиялық кедергілерді қысқарту, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және оның тұрақты дамуына барлық жағдай жасау», – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов.


Кеңесте құрылыс үдерістерін цифрландыруға, қала құрылысы кадастры жүйесінің қызметіне, жобаларға сараптама жүргізу ісіне, сондай-ақ құрылыс нарығына қатысушылардың қызметін реттеудің жаңа тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков Кодекстің жекелеген нормаларын іске асыру тетіктерін таныстырды. Атап айтқанда, лицензия иелерінің автоматтандырылған тізілімінің жұмыс тәртібі, 2028 жылғы 1 шілдеден бастап құрылыс саласы мамандарын сертификаттау жүйесіне көшу, сондай-ақ жобаларды іске асыру мерзімін қысқартып, құрылыс сапасын арттыруға бағытталған техникалық тапсырыс беруші институтын енгізу мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры» РМК мен «Мемсараптама» РМК өкілдері де сөз сөйлеп, тақырып аясында жан-жақты түсініктемелер берді.

ℹ️ Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті. Бизнес өкілдерінен түсетін қосымша ұсыныстар мен сұрақтар өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жинақталып, кейін уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп пысықталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 «Атамекен» ҰКП алаңында Құрылыс кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп…
📌 В НПП «Атамекен» обсудили ключевые положения нового Строительного кодекса

На площадке НПП «Атамекен» состоялось совещание по разъяснению основных положений Строительного кодекса Республики Казахстан с участием представителей Министерства промышленности и строительства, отраслевых ассоциаций и бизнес-сообщества.

В ходе встречи представлены ключевые нововведения Строительного кодекса, вступающего в силу с 1 июля текущего года.

«Кодекс объединяет разрозненные нормы, устраняет административные барьеры, усиливает цифровизацию процессов и повышает ответственность на всех этапах строительства. Главная цель — обеспечить безопасность и качество строительных объектов, сократить бюрократические процедуры, повысить инвестиционную привлекательность отрасли и создать все условия для ее устойчивого развития», — отметил вице-министр промышленности и строительства Куандык Кажкенов.


Особое внимание уделено вопросам цифровизации строительных процессов, функционирования градостроительного кадастра, проведения экспертизы проектов, а также новым подходам к регулированию деятельности участников строительного рынка.

Председатель Комитета по делам строительства и ЖКХ Министерства промышленности и строительства Бахытжан Жунисбеков представил механизмы практической реализации отдельных положений Кодекса. В частности, разъяснены порядок функционирования автоматизированного реестра лицензиатов, переход к системе сертификации специалистов строительной отрасли с 1 июля 2028 года, а также внедрение института технического заказчика, направленного на сокращение сроков реализации проектов и повышение качества строительства.

С разъяснениями также выступили представители РГП «ГосГрадКадастр» и РГП «Госэкспертиза».

ℹ️ По итогам встречи участники договорились продолжить взаимодействие в области применения отдельных норм Кодекса. Дополнительные вопросы и предложения бизнеса будут аккумулироваться через региональные палаты предпринимателей для последующей проработки совместно с уполномоченным органом.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды

Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Ерсайын Нағаспаев Қазақстан мен ЕО арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойды

Ерсайын Нағаспаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарды шикізаттық емес экспортты дамыту мәселелері туралы хабардар етті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Mining Week Kazakhstan 2026 халықаралық көрмесі аясында «Тау-кен металлургия кешеніндегі энергия тиімділігі: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 

Ұлттық энергия үнемдеу орталығы Қытаймен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

Елімізде былғары өнімдері өндірісі 36%-ға өсті

«Қазмеханобрдың» зерттеулері Ақбейіт кен орнында алтын өндіру фабрикасы құрылысын жүргізуге негіз болды

Қуандық Қажкенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Олжас Сапарбеков Абай облысында  өңір тұрғындары және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті

«Атамекен» ҰКП алаңында жаңа Құрылыс кодексінің негізгі ережелері талқыланды

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды Мемлекет басшысының Бельгия…
📌 Дайджест недели  МПС РК
 
Главой государства подписан Закон «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития машиностроения и транспорта»

В рамках официального визита Главы государства в Королевство Бельгия Ерсайын Нагаспаев подписал ряд документов, направленных на развитие промышленной кооперации между Казахстаном и ЕС  

Ерсайын Нагаспаев на совместном заседании палат Парламента проинформировал депутатов о развитии несырьевого экспорта

В Министерстве промышленности и строительства РК состоялось торжественное собрание, посвященное Дню государственного служащего

В рамках Mining Week Kazakhstan-2026 проведен круглый стол на тему: «Энергоэффективность в горно-металлургическом комплексе: текущее состояние и перспективы развития»

Национальный центр энергосбережения расширяет международное сотрудничество с Китаем

Производство кожаной продукции в Казахстане выросло на 36%

Исследования Казмеханобра легли в основу строительства золотоизвлекательной фабрики на месторождении Акбеит

Куандык Кажкенов провел прием граждан по личным вопросам 

Олжас Сапарбеков в области Абай провел встречу с жителями региона и представителями бизнес-сообщества

В НПП «Атамекен» обсудили ключевые положения нового Строительного кодекса

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі
 
****
 
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на совместном заседании палат Парламента
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат.

Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз.
 
Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:
 
«Нашу сегодняшнюю встречу можно без преувеличения назвать событием исторического масштаба.

Мы не просто завершаем очередную парламентскую сессию – мы подводим черту под целой эпохой в развитии Независимого Казахстана и открываем принципиально новую главу в летописи отечественной государственности.
 
Уже завтра вступает в силу новая Конституция нашей страны. Наряду с Основным законом коренным образом обновится и система государственной власти. На смену двухпалатному Парламенту приходит однопалатный Курултай.  В целом, эти изменения наглядно отражают преемственность в историческом развитии Казахстана».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:
 
«Елімізде көлік, тұрмыстық техникалар, жүк вагондарын, құрылыс материалдарын және басқа да сапалы өнімдер шығаратын заманауи зауыттар ашылып жатыр.
 
Тек 2023-2025 жылдардың ішінде 540 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Олардың жалпы құны 3,7 триллион теңге болды.
 
Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады. Бұл – қазынаға түсетін салық көлемі артады, өндіріске озық технологиялар енгізіледі және ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.
 
Іске қосылған жобалардың арқасында қазірдің өзінде 50 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны пайда болды. Қалған жобалар жүзеге асқан соң тағы 20 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.
 
Мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауға баса мән беруде. Осы мақсатқа қомақты қаржы бөлініп жатыр.
 
Жалпы, Қазақстандағы жұмысқа жарамды азаматтардың жартысына жуығы табысын шағын және орта бизнестен тауып отыр. Соңғы бес жылда осы секторда еңбек ететін адам саны 4,5 миллионға жетті.
 
Жалпы ішкі өнімнің 40 пайыздан астамы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Мұны рекордтық көрсеткіш деп айтуға толық негіз бар. Былтыр «Бәйтерек» холдингі арқылы кәсіпкерлерге 8 триллион теңге көлемінде қолдау көрсетілді».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:
 
«В стране открываются современные заводы по производству автомобилей, бытовой техники, грузовых вагонов, строительных материалов и другой высококачественной продукции.
 
Только с 2023 по 2025 годы реализовано 540 индустриальных проектов на сумму 3,7 триллиона тенге.
 
В ближайшие два года ожидается запуск еще более 200 новых производств с привлечением инвестиций в объеме около трех триллионов тенге. Это означает увеличение поступлений в бюджет, внедрение передовых технологий и, самое главное, открытие новых рабочих мест.
 
Благодаря уже запущенным проектам создано почти 50 тысяч постоянных рабочих мест. Ввод в строй планируемых объектов откроет возможность для трудоустройства еще свыше 20 тысяч человек.
 
Государство направляет колоссальные средства на поддержку и защиту отечественных предпринимателей.
 
В целом, около половины трудоспособных граждан Казахстана задействованы в малом и среднем бизнесе. За последние 5 лет число людей, работающих в этом секторе, достигло 4,5 миллиона человек.
 
Рекордных показателей достигла и доля малого и среднего бизнеса в структуре ВВП, уверенно перешагнув рубеж в 40 процентов. В 2025 году через холдинг «Байтерек» предпринимателям была оказана поддержка на сумму в восемь триллионов тенге».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:
 
«Сонымен қатар елімізде түбегейлі жаңа Құрылыс және Су кодекстері қабылданды. Стратегиялық маңызы айрықша салаларды ретке келтіру үшін қабылданған құжаттардың маңызы зор.
 
Былтыр Қазақстанда 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл да – тарихымыздағы ең жоғары көрсеткіш. Ең басты нәтиже – мыңдаған отбасы баспаналы болды.
 
Біз қалаларды абаттандырумен қатар, ауылдардың жағдайын жақсартуға басымдық беріп келеміз. Биыл шалғай елді мекендерде тұратын жарты миллионнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 ірі жоба іске қосылады.
 
Мемлекет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бұрын-соңды болмаған ауқымда қолдау көрсетіп жатыр. Өткен жылы агроөнеркәсіп саласына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге қаржы тартылды.
 
Осылайша, шаруалар алғаш рет жылына 5 пайыздық мөлшермен «ұзақмерзімді» қаражат алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай қадам ауыл шаруашылығы саласын жаңғыртуға ықпал еткені сөзсіз.
 
Осындай шаралардың арқасында агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі жалпы өнім құны шамамен 10 триллион теңгеге жетті. Ал экспорт көлемі 1,3 есе артып, 7 миллиард доллар табыс түсті. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
 
Озық технологиялар саласы да қарқынды дамып келеді. Әсіресе, отандық фармацевтика бағытында біраз жетістіктеріміз бар.
 
Фармацевтика индустриясына сенім деңгейі бойынша Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында көш бастап тұр. Мұндай бағаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы беріп отыр.
 
Отандық дәрі-дәрмек нарығының көлемі 1 триллион теңгеден асты. Кейінгі үш жылда бұл салаға тартылған шетелдік инвестиция көлемі үш еседен астам ұлғайды.
 
Алайда, бұған мәз болып отыра беруге болмайды, алдымызда тұрған міндет аз емес, қойылған мақсаттарға міндетті түрде жетуіміз керек».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:
 
«Кроме того, в стране были приняты принципиально новые Строительный и Водный кодексы. Эти документы имеют особое значение для регулирования отраслей стратегической важности.
 
В прошлом году в Казахстане было построено более 20 миллионов квадратных метров жилья. Это также самый высокий показатель в нашей истории. Самое главное заключается в том, что тысячи семей обрели собственные дома и квартиры.
 
Наряду с благоустройством городов последовательно повышается качество жизни в сельской местности. В текущем году планируется завершить 12 крупных проектов, что позволит обеспечить чистой питьевой водой свыше полумиллиона человек в сельской местности.
 
Беспрецедентную по масштабу государственную поддержку получили сельхозпроизводители. В прошлом году на льготное финансирование агропромышленного комплекса был привлечен один триллион тенге кредитных ресурсов.
 
Фермеры впервые получили доступ к «длинным» деньгам под пять процентов годовых, что способствовало существенной модернизации сельскохозяйственной отрасли.
 
Благодаря этим мерам валовая продукция АПК достигла почти десяти триллионов тенге, а экспорт вырос в 1,3 раза, достигнув самого высокого за последнее десятилетие показателя в 7 миллиардов долларов.
 
Динамично развиваются высокотехнологические отрасли. Есть достижения и в отечественной фармацевтике.
 
По оценке Всемирной организации здравоохранения, Казахстан стал первой страной в СНГ по уровню доверия к фармацевтической индустрии.
 
Объем рынка лекарств и медикаментов превысил триллион тенге, а иностранные инвестиции в отрасль за последние три года выросли более чем в три раза.
 
Однако мы не можем довольствоваться этими результатами. Перед нами стоят сложные задачи, и мы обязательно должны достичь поставленных целей».
 
t.me/aqorda_resmi
✍️ Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі қазіргі нарық талаптары мен экономиканы ауқымды цифрландыру үдерістерін ескере отырып, саланы кешенді жаңғыртуға бағытталған.

Құжатта кадастрлық жүйе арқылы қала құрылысы жобаларын бақылау, сондай-ақ бас жоспарларға қайшы келетін рұқсат беру құжаттамасын беруді шектеу көзделген. Қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қала құрылысы жобалары қоғамдық талқылауға шығарылып, олардың нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын жиі түзетуге тыйым салынады (2 жылда 1 реттен артық емес).

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сейсмикалық қауіпті аумақтарда сейсмикалық тәуекелдерді бағалау, микросейсмикалық аудандастыру карталарын міндетті түрде ескеру және өзге де қауіпсіздік тетіктері арқылы құрылыс жүргізуге қойылатын талаптар күшейтілді. Техникалық нормалаудың ұлттық институтын құру техникалық реттеудің заманауи әрі икемді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Инженер мамандардың біліктілігі мен кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында, Еуропалық Одақ елдерінің тәжірибесі негізінде аттестаттау жүйесінің орнына мамандарды сертификаттау жүйесі енгізіледі. Бұл норма 2 жылдан кейін күшіне енеді.

Лицензия иелерінің электрондық тізілімін енгізу бұрын берілген рұқсаттарға толық тексеру жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жоспарлы инспекциялау тетігін енгізу арқылы құрылысқа мемлекеттік бақылауды күшейту көзделген.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы (МСҚБ) органдарына сәулет және қала құрылысы саласындағы талаптарды бұзған тұлғаларға қатысты жедел ықпал ету шараларын қабылдау, оның ішінде құрылыс жұмыстарын және рұқсат құжаттарының қолданысын тоқтата тұру құқығы беріледі. Бұдан бөлек, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен өрт қауіпсіздігі органдары құрылыс нысандарын қабылдау рәсіміне қатысады. Сонымен бірге құрылыс нысандарының негізгі кепілдік мерзімі 2 жылдан 5 жылға дейін, ал көтергіш конструкцияларға, шатырға және қасбетке берілетін кепілдік мерзімі кемінде 10 жылға ұлғайтылды.

Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіретін және жоспарлау, жобалау, сараптама жүргізу мен құрылыс үдерісін, яғни жұмыстың барлық кезеңін «бір терезе» қағидаты бойынша бақылайтын Qportal.kz бірыңғай құрылыс порталы құрылды. Құрылыс нысандарын бірыңғай сәйкестендіру мақсатында әрбір нысанға бірегей нысан нөмірі (БНН) беріледі.

Құрылыс кодексінің ережелері бизнес өкілдерінің, салалық қауымдастықтардың және сарапшылар қоғамдастығының қатысуымен түрлі алаңдарда жан-жақты талқыланды.