ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
📌 Нацпроект «МЭКС»: начата работа по 223 проектам 

Во исполнение поручения Главы государства продолжается реализация Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов».

Ерсайын Нагаспаев отметил, что в сфере водоснабжения и водоотведения ведется работа по 223 проектам, из которых по 13 проектам начаты строительно-монтажные работы. 

По линии МПС до 2030 года предусмотрена модернизация 5 тыс. км водопроводных сетей и 2,8 тыс. км сетей водоотведения общей стоимостью свыше 1 трлн теңге, а также реализация 45 проектов строительства и реконструкции канализационных очистных сооружений на сумму порядка 800 млрд теңге. 

«Министерство продолжит работу по развитию промышленности и строительной отрасли через реализацию новых инвестиционных проектов, привлечение инвестиций и создание условий для устойчивого роста экономики»,

— подытожил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📖 Ерсайын Нағаспаев мемлекеттік қызмет пен өнеркәсіп саласының ардагерлеріне жаңа Конституция басылымдарын табыстады

Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде ведомство Қоғамдық кеңесі мүшелері – еліміздің индустрия саласының еңбек сіңірген ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа Конституцияның тарихи маңызына тоқталып, оның Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды қалыптастырудың берік негізіне айналатынын атап өтті.

«Біз бүгін еліміздің тарихындағы шын мәнінде тағдырлы оқиғаның куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен әзірленіп, халықтың қолдауына ие болған Конституция Қазақстан дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. Ата Заңда экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өнеркәсіптің тұрақты өсімін қамтамасыз ету арқылы қуатты экономиканы қалыптастырудың институционалдық негіздері қаланған»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Жаңа Конституция басылымының бір данасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетовке еліміздің экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылғы адал еңбегі үшін табысталды.

🤝 Жиынға қатысушылар елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды қолдайтындықтарын білдірді.

➖

📖 Ерсайын Нагаспаев вручил экземпляр новой Конституции ветерану госслужбы и промышленности

В честь вступления в силу принятой на общенациональном референдуме новой Конституции РК в Министерстве промышленности и строительства проведено собрание с участием членов Общественного совета МПС – заслуженных работников индустриального сектора страны.

Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев подчеркнул историческую значимость новой Конституции, ставшей прочной основой для формирования Справедливого и Сильного Казахстана.

«Мы с вами являемся свидетелями поистине фундаментального события в истории нашей страны. Инициированная Главой государства Касым-Жомартом Кемелевичем Токаевым и единогласно поддержанная народом Конституция открывает новый этап развития Казахстана. В Основном законе заложены институциональные основы для построения сильной экономики через ее диверсификацию, привлечение инвестиций и масштабирование промышленного роста», — подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.


Экземпляр новой Конституции был вручен председателю Общественного совета МПС РК Сеитсултану Аимбетову за многолетний добросовестный труд и вклад в развитие экономики страны.

🤝 Участники собрания выразили поддержку проводимым в стране масштабным реформам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерсайын Нағаспаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы инвестициялар тарту, сондай-ақ өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралды.

Ерсайын Нағаспаев пен Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер Ислам даму банкінің қаржысын тарта отырып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салу жобасын іске асыру мәселесіне ерекше назар аударды.

Жобаны іске асырудағы маңызды кезеңдердің бірі – биылғы ақпан айында жалпы сомасы $1,3 млрд көлемінде қаржы тарту және жоба аясында $1,3 млн көлемінде гранттық қолдау көрсету туралы келісімге қол қойылуы болды. Бұл уағдаластықтарға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Жидда қаласына жұмыс сапары барысында қол жеткізілді.

Тартылатын қаржының арқасында қажетті инженерлік инфрақұрылым қамтамасыз етіліп, 2030 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі мен логистика салаларында 240-қа жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жобаларды іске қосу нәтижесінде 32 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бүгінгі таңда негізгі рәсімдер аяқталып, бірінші транш бойынша мемлекеттік кепілдік берілді.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар экономиканы әртараптандыруға және өнеркәсіп салаларының тұрақты дамуына бағытталған өзара әріптестікті одан әрі кеңейтуге бейілді екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ислам даму банкі арасындағы инвестициялар тарту, сондай-ақ өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша…
📌 Ерсайын Нагаспаев провел встречу с президентом Исламского банка развития Мухаммадом Сулейманом Аль Джассером
 
В ходе переговоров рассмотрены вопросы сотрудничества Казахстана и Исламского банка развития в области инвестиций и совместной реализации промышленных и инфраструктурных проектов.

Ерсайын Нагаспаев и Мухаммад Сулейман Аль Джассер уделили внимание реализации проекта по строительству инженерной инфраструктуры специальных экономических и индустриальных зон с привлечением финансирования Исламского банка развития.

Важным этапом в реализации проекта стало подписание в феврале т.г. соглашения о привлечении финансирования на сумму $1,3 млрд и предоставлении грантовой поддержки в рамках проекта на $1,3 млн. Данные договоренности были достигнуты в рамках рабочей поездки министра промышленности и строительства РК  в Джидду.

Благодаря привлекаемому финансированию планируется обеспечить необходимой инфраструктурой и реализовать до 2030 года  порядка 240 проектов в сферах обрабатывающей промышленности и логистики. Их запуск обеспечит создание более 32 тыс. постоянных рабочих мест. На сегодняшний день проведены основные процедуры и выдана государственная гарантия к первому траншу.

🤝 По итогам переговоров участники встречи подтвердили приверженность расширению партнерства, направленного на диверсификацию экономики и устойчивое развитие отраслей промышленности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝3❤2👏1👌1
📌 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп жүзеге асырылған тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау және қадағалау бойынша қанатқақты жобаны аяқтады.

Аталған пилоттық жобаға тауар өткізу тізбегінің әртүрлі буындарын қамтитын 20 ұйым қатысты. Олардың қатарында 7 отандық өндіруші, сондай-ақ импорттаушылар мен көтерме және бөлшек сауда өкілдері бар. Жоба аясында сәйкестендіру құралдарын қолданудың түрлі тәсілдерін сынақтан өткізу және олардың қолданыстағы өндіріс пен тауарайналымы жағдайындағы тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін технологиялық 12 эксперимент жүргізілді.

Сынақтар Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) кодтары бойынша жеті тауар тобын қамтыды. Олардың қатарында сабын, жуу және тазалау құралдары, сәндік косметика, шаш пен ауыз қуысына күтім жасауға арналған өнімдер бар. Қатысушылар таңбалау жүйесінің толық жұмыс циклін – таңбалау кодтарын шығару және өнімді топтастырудан бастап, оны бақылау-кассалық машиналар арқылы айналымнан шығаруға дейін тексерді.

Практикалық сынақтар отандық кәсіпорындар мен ірі импорттаушылардың өндірістік және қойма алаңдарында жүргізілді. Жобаға ««МедиДез» ҒӨБ» ЖШС, «Аврора» ӨКЖШС, «ПрофХим» ЖШС, «Вита Вент» ЖШС, «Проктер энд Гэмбл Қазақстан Дистрибьюшн» ЖШС, «Amway Central Asia» ЖШС және басқа да компаниялар қатысты. Бұл нақты өндірістік үдерістер жағдайында сәйкестендіру құралдарын қолданудың әртүрлі тәсілдерінің, оның ішінде жапсырма жапсыру және тікелей басып шығару әдістерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

«МедиДез» ҒӨБ» ЖШС өкілі атап өткендей, пилоттық жобаға қатысу таңбалау жүйесі жұмысын қолданыстағы өндіріс жағдайында сынақтан өткізіп, оның іс жүзіндегі технологиялық үдерістерге ықпалын бағалауға мүмкіндік берді.

«Өндірушілер үшін жаңа цифрлық шешімдердің саланың ерекшеліктері мен нақты өндірістік үдерістер ескеріле отырып енгізілуі аса маңызды. Сондықтан пилоттық форматтың практикалық маңызы зор. Ол әртүрлі технологиялық шешімдерді сынақтан өткізуге, сәйкестендіру құралдарын қолданудың ең тиімді тәсілдерін анықтауға және реттеуші шешімдер қабылданғанға дейін ықтимал мәселелерді алдын ала пысықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мемлекеттің міндеттерін де, бизнес мүдделерін де тең дәрежеде ескеретін теңгерімді тетіктерді қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті пилоттық жоба барысында ««МедиДез» ҒӨБ» ЖШС өндірістік цехының шебері Әмір Өтенов.


Қанатқақты жоба нәтижелері тауарларды цифрлық таңбалау саласында одан әрішешімдер әзірлеу кезінде пайдаланылады.

Жоба барысында алынған деректер саланың техникалық дайындығын бағалауға, цифрлық шешімдерді қолданыстағы бизнес-үдерістерге енгізудің ерекшеліктерін айқындауға және тұрмыстық химия мен косметикалық өнімдер нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруға мүмкіндік берді.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп жүзеге асырылған тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау және қадағалау бойынша қанатқақты жобаны аяқтады. …
📌 Министерство промышленности и строительства Республики Казахстан завершило пилотный проект по маркировке и прослеживаемости товаров бытовой химии и косметической продукции, реализованный совместно с Единым оператором маркировки и прослеживаемости товаров.

В пилотном проекте приняли участие 20 организаций, представляющих различные звенья товаропроводящей цепи, в том числе семь отечественных производителей, а также импортеры и представители оптово-розничной торговли. В рамках проекта проведено 12 технологических экспериментов, позволивших протестировать различные модели нанесения средств идентификации и оценить их применение в условиях действующего производства и обращения продукции.

Испытания охватили семь товарных групп по кодам ТН ВЭД, включая мыло, моющие и чистящие средства, косметическую продукцию для макияжа, средства по уходу за волосами и полостью рта. Участники протестировали полный цикл работы системы маркировки — от эмиссии кодов маркировки и агрегации продукции до ее вывода из оборота через контрольно-кассовые машины.

Практическая апробация проводилась на производственных и складских площадках отечественных предприятий и крупнейших импортеров. В числе участников проекта — ТОО «НПО «МедиДез», ТОО ПК «Аврора», ТОО «ПрофХим», ТОО «Вита Вент», ТОО «Проктер энд Гэмбл Казахстан Дистрибьюшн», ТОО «Amway Central Asia» и другие. Это позволило оценить эффективность различных способов нанесения средств идентификации, включая этикетирование и прямую печать, в условиях реальных производственных процессов.

Как отметил представитель ТОО «НПО «МедиДез», участие в пилотном проекте позволило протестировать работу системы маркировки в условиях действующего производства и оценить ее влияние на существующие технологические процессы.

«Для производителей особенно важно, чтобы новые цифровые решения внедрялись с учетом отраслевой специфики и реальных производственных процессов. Именно поэтому пилотный формат имеет большую практическую ценность. Он позволяет протестировать различные технологические решения, определить наиболее эффективные способы нанесения средств идентификации и заранее проработать возможные вопросы до принятия регуляторных решений. Такой подход способствует выработке сбалансированных механизмов, учитывающих как задачи государства, так и интересы бизнеса», — подчеркнул мастер производственного цеха ТОО «НПО «МедиДез» Амир Утенов в ходе проведения пилотного проекта.


Результаты пилотного проекта будут использованы при выработке дальнейших решений в сфере цифровой маркировки товаров.

Полученные данные позволили оценить техническую готовность отрасли, определить особенности интеграции цифровых решений в действующие бизнес-процессы и сформировать предложения по совершенствованию нормативного регулирования с учетом специфики рынка бытовой химии и косметической продукции.
📌 Павлодарда жоғары технологиялық гидрометаллургиялық комбинат салуды қаржыландыру бойынша ЕҚДБ-мен келісімге қол қойылды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассомен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ерсайын Нағаспаев пен Одиль Рено-Бассо өнеркәсіп, құрылыс, өңірлік инфрақұрылымды дамыту және өзге де салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы әріптестікті одан әрі кеңейту перспективаларына және экономиканың орнықты дамуына бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға назар аударылды.

📃 Кездесу қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрінің қатысуымен ЕҚДБ мен Solidcore Resources компаниясы арасында Ертіс гидрометаллургиялық комбинатын (ЕГМК) салуды қаржыландыру бойынша $300 млн көлеміндегі келісімге қол қойылды. Жобаны іске асыру үшін ING бастаған коммерциялық банктер синдикатынан да $300 млн көлемінде қаржы тартылды.

Банктің қолдауымен «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында Қазақстандағы алғашқы жоғары технологиялық толық циклді гидрометаллургиялық зауыт іске қосылады.

Кәсіпорында қысыммен тотықтыру әдісі арқылы құрамында алтыны бар қиын байытылатын концентраттар өңделеді. Гидрометаллургиялық комбинаттың өндірістік қуаты жылына 300 мың тоннаға дейін алтын құрамды концентратты өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорын жыл сайын доре қорытпасы түрінде 500 мың унцияға дейін алтын өндіре алады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде шамамен 500 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Павлодарда жоғары технологиялық гидрометаллургиялық комбинат салуды қаржыландыру бойынша ЕҚДБ-мен келісімге қол қойылды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысы аясында Өнеркәсіп және құрылыс министрі…
📌 Подписано соглашение с ЕБРР по финансированию строительства высокотехнологичного гидрометаллургического комбината в Павлодаре
 
На полях 38-го пленарного заседания Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев провел двустороннюю встречу с президентом Европейского банка реконструкции и развития Одиль Рено-Бассо.

Ерсайын Нагаспаев и Одиль Рено-Бассо обсудили вопросы развития сотрудничества в сферах промышленности, строительства, развития региональной инфраструктуры и др. Внимание уделено перспективам дальнейшего расширения партнерства Казахстана и ЕБРР и реализации новых инвестиционных проектов, направленных на устойчивое развитие экономики.

📃 По итогам встречи в присутствии министра промышленности и строительства было подписано соглашение между ЕБРР и Solidcore Resources о финансировании на сумму $300 млн строительства Ертис гидрометаллургического комбината (ЕГМК). Для реализации проекта также привлечено $300 млн от синдиката коммерческих банков в составе ING, Société Générale и Abu Dhabi Commercial Bank.

При поддержке Банка на территории СЭЗ «Павлодар» будет запущен первый в РК высокотехнологичный завод полного цикла по переработке упорных золотосодержащих концентратов методом окисления под давлением.

Производственная мощность гидрометаллургического комбината составит до 300 тыс. тонн золотосодержащего концентрата в год с возможностью ежегодного производства до 500 тыс. унций золота в сплаве доре.

Проект обеспечит создание порядка 500 постоянных рабочих мест.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📈 Мемлекет жарты жылда бизнестің 145,5 млн теңге көлеміндегі шығындарын өтеді

Мемлекет еңбек өнімділігін арттыру және отандық өнімдерді ішкі нарықта ілгерілету мақсатында қазақстандық бизнесті қолдауды жалғастыруда. Биылғы бірінші жартыжылдықта қазақстандық кәсіпорындардың шамамен 145,5 млн теңге көлемінде шығыны өтелді. Бұл туралы «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығының мемлекеттік ынталандыру шаралары дирекциясы хабарлады.

Қаражаттың басым бөлігі, яғни шамамен 144 млн теңгесі еңбек өнімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеуге бағытталды. Біз бұл жерде технологиялық үдерістерді жетілдіруге, технологиялық жабдықтарды сатып алуға, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға және цифрлық технологияларды енгізуге жұмсалған шығындар туралы айтып отырмыз.

Аталған бағыт аясында машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы кәсіпорындар, сондай-ақ құрылыс материалдарын, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндірушілер қолдау көрді. Сондай-ақ бизнестің халықаралық сертификаттауға, өнімдерді зертханалық сынақтан өткізуге, міндетті таңбалауға арналған жабдықты (оның ішінде аяқ киім өнеркәсібіне арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді) сатып алуға жұмсаған шығындары да өтеледі.

ℹ️ Еске сала кетейік, QazIndustry бизнес субъектілері шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінгі бөлігін өтейді. Өткен жылы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру тетіктерін кеңейтті. Мысалы, енді отандық кәсіпорындар басымдықты тауарларды ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдағаны үшін жұмсаған шығындарының жартысына өтемақы алады. Бұдан бөлек, халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды өтеу мөлшері 5 есеге артты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📈 Мемлекет жарты жылда бизнестің 145,5 млн теңге көлеміндегі шығындарын өтеді Мемлекет еңбек өнімділігін арттыру және отандық өнімдерді ішкі нарықта ілгерілету мақсатында қазақстандық бизнесті қолдауды жалғастыруда. Биылғы бірінші жартыжылдықта қазақстандық…
📈 145,5 млн теңге возместило государство бизнесу за полугодие

Государство продолжает поддерживать отечественный бизнес в целях повышения производительности труда и продвижения продукции на внутренний рынок. В первом полугодии казахстанским предприятиям возмещено порядка 145,5 млн теңге. Об этом сообщает дирекция мер государственного стимулирования Казахстанского центра индустрии и экспорта «QazIndustry».

Большая часть средств или почти 144 млн направлена на возмещение затрат по повышению производительности труда. Речь идет о совершенствовании технологических процессов, приобретении технологического оборудования, повышении компетенции работников, эффективности организации производства, внедрение цифровых технологий.

Поддержку по этому механизму получили заводы в сфере машиностроения, легкой промышленности, АПК, производители стройматериалов, пластмассовых и резиновых изделий. Также возмещаются расходы бизнеса на международную сертификацию, лабораторные испытания продукции, закупку оборудования для обязательной маркировки (включая софт для обувной промышленности).

ℹ️ Напомним, QazIndustry компенсирует от 40% до 50% затрат субъектов бизнеса. В прошлом году Министерство промышленности и строительства РК расширило инструменты госстимулирования промышленности. К примеру, отечественные предприятия теперь могут возмещать половину затрат на транспортировку приоритетных товаров по железной дороге внутри страны. Кроме этого, в 5 раз увеличен размер возмещения затрат на международную сертификацию.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерсайын Нағаспаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыста Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының іске асырылу барысы қаралды. Сондай-ақ энергия үнемдеу саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен саланы дамыту жоспарларына назар аударылды.

Отырыс барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ірі кәсіпорындармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп секторындағы энергия сыйымдылығының 32%-ға төмендегені туралы баяндады. Сонымен қатар бизнес үшін энергия тиімділігі бойынша жеке мақсатты көрсеткіштер әзірленгенін атап өтті.

«300-ге жуық ірі өнеркәсіптік нысан энергия аудитінен өтті. Жалпы құны 113 млрд теңгені құрайтын энергия үнемдеу іс-шаралары жүзеге асырылып, соның нәтижесінде салада айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізілді. Қазіргі таңда тағы 300-ден астам нысанда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының энергия сыйымдылығы 5%-ға төмендеді», – деді Ерсайын Нағаспаев.


Премьер-министр Олжас Бектенов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жауапты мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Отырыста Мемлекет басшысының…
📌 Ерсайын Нагаспаев выступил на  заседании Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте РК

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан. Рассмотрен ход реализации инициативы Главы государства «Таза Қазақстан». Внимание также было уделено проводимой работе в сфере энергосбережения и планах по развитию отрасли.

В ходе заседания министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о снижении энергоемкости в промышленном секторе на 32% за счет проведенной работы с крупными предприятиями. Для бизнеса разработаны индивидуальные целевые индикаторы по энергоэффективности.

«Энергоаудит прошли порядка 300 крупных промышленных объектов, реализован ряд энергосберегающих мероприятий на 113 млрд теңге, обеспечивший достижение существенной экономии в отрасли. Работа на сегодня ведется еще по свыше 300 объектам. В целом, энергоемкость экономики РК по итогам 2024 года снизилась на 5%», – отметил Ерсайын Нагаспаев.


Премьер-министр Олжас Бектенов поручил Министерству промышленности и строительства совместно с ответственными органами и акиматами принять соответствующие меры по достижению запланированных показателей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

ҚР жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде салтанатты жиын өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген ҚР жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп пен құрылыс салаларын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады

Ерсайын Нағаспаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл Джассермен кездесті

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында сөз сөйледі

Павлодарда гидрометаллургиялық комбинат салуды қаржыландыру бойынша ЕҚДБ-мен келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Өзбекстанның мамандары минералдық шикізатты зерттеу саласында тәжірибе алмасты

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтарды қабылдады

Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

Қазақстанда тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды

Қазақстандық кәсіпорындардың шамамен 145,5 млн теңге көлемінде шығыны өтелді

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда.
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы ҚР жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде салтанатты жиын өтті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген ҚР жаңа Құрылыс кодексі 1 шілдеден бастап күшіне енді Премьер…
📌 Дайджест недели МПС РК

В честь вступления в силу новой Конституции РК в Министерстве промышленности и строительства проведено собрание 

Разработанный по поручению Главы государства новый Строительный кодекс РК вступил в силу с 1 июля

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова Ерсайын Нагаспаев доложил о проводимой работе по развитию промышленности и строительной отрасли

Ерсайын Нагаспаев провел встречу с президентом Исламского банка развития Мухаммадом Сулейманом Аль Джассером

Ерсайын Нагаспаев выступил на  заседании Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте РК

Подписано соглашение с ЕБРР о финансировании строительства гидрометаллургического комбината в Павлодаре

Специалисты Казахстана и Узбекистана обменялись опытом в области исследований минерального сырья

Вице-министр промышленности и строительства Куандык Кажкенов провел прием граждан

Казахстанские ученые разработали новое решение в области переработки литийсодержащих руд

В РК завершен пилотный проект по маркировке бытовой химии и косметической продукции

Казахстанским предприятиям возмещено порядка 145,5 млн теңге

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
👍1
📌 Ерсайын Нағаспаев XVI «ИННОПРОМ» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) органдарына төрағалығы аясында Екатеринбург қаласында (РФ) өткен XVI «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында ұйымдастырылған Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің 8-інші отырысын ашты.

Отырысқа Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецов, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алиханов, ал Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан (ЕЭК) Алқа мүшесі, Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министр Гоар Барсегян қатысты.

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі өз сөзінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес бірлескен инновациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өнеркәсіптік кооперацияны қаржылай қолдау тетіктері, роботтандыру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ортақ ақпараттық ресурстарды дамыту және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

✍️ Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 8-інші отырысының хаттамасына қол қойылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3