ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇨🇳 Қазақстан нарығына қытайлық жаңа автобрендтер енеді Ерсайын Нағаспаев жаңа өндіріс орындарының пайдалануға берілгенін атап өтті. Өткен жылы KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan атты екі ірі автомобиль зауыты пайдалануға берілді. Олардың…
🇨🇳 Новые китайские автобренды заходят в Казахстан
 
Ерсайын Нагаспаев отметил ввод в эксплуатацию новых производственных мощностей.  В прошлом году в эксплуатацию введены два крупных автомобильных завода — KIA Qazaqstan и Astana Motors Manufacturing Kazakhstan. Общий объем инвестиций в их строительство превысил 346 млрд тенге. Предприятия оснащены современным оборудованием и высоко автоматизированы: функционируют 135 промышленных роботов. Для дальнейшего наращивания производственного потенциала отрасли до 2028 года планируется реализация новых проектов по расширению производства легковых и коммерческих автомобилей.

«В рамках государственного визита Главы государства в Китай был достигнут ряд важных договоренностей в сфере автомобилестроения. В частности, предусматривается организация производства автомобилей марок Li Auto, OMODA и JAECOO, выпуск беспилотных седельных тягачей SITRAK, а также развитие совместно с компанией BYD сети высокоскоростных зарядных станций»,

– сообщил  министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💻 Машина жасау саласында ЖИ өндірістік үдерістерді модельдеп, оңтайландырады

Қазақстанда бүгінде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника өндіретін 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зауыттарда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қауіпсіздік ісін жедел басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі ахуалдық орталық пайдалануға берілді.

«Зияткерлік платформа бейнебақылау камераларынан, датчиктерден және ақпараттық жүйелерден келіп түсетін деректерді талдайды. Бұл тәуекелдерді, төтенше жағдайлар мен ауытқуларды жедел анықтауға, сондай-ақ оларды уақтылы жою бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, дәнекерлеу жұмыстарының сапасын автоматты түрде бақылауды қамтамасыз ететін талдау жүйелері қолданылады. Өндірістік үдерістерді нақты уақыт режимінде модельдеу және оңтайландыру үшін цифрлық сыңарлар технологиясы пайдаланылады»,

– деді министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
💻 Машина жасау саласында ЖИ өндірістік үдерістерді модельдеп, оңтайландырады Қазақстанда бүгінде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника өндіретін 11 кәсіпорын жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес зауыттарда жасанды интеллект…
💻 ИИ в машиностроении моделирует и оптимизирует процессы
 
Всего в Казахстане действуют 11 предприятий по производству легковых автомобилей, автобусов, грузовой и спецтехники. В соответствии с поручением Главы государства на заводах ведется работа по внедрению технологий ИИ и цифровых технологий. В эксплуатацию введен ситуационный центр на базе искусственного интеллекта, предназначенный для оперативного управления безопасностью.

«Интеллектуальная платформа анализирует данные, поступающие с камер видеонаблюдения, датчиков и информационных систем, что позволяет оперативно выявлять риски, чрезвычайные ситуации и отклонения, а также своевременно принимать меры по их устранению. Кроме того, применяются аналитические системы, обеспечивающие автоматический контроль качества сварочных работ. Для моделирования и оптимизации производственных процессов в режиме реального времени используются цифровые двойники»,

– отметил министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстандық кәсіпорында жылына 500 VOLVO жүк тартқышын құрастыру жоспарланып отыр

Өндірісті локализациялау деңгейін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі – автокомпоненттер өндірісін дамыту. Бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобустарға арналған металл бөлшектер, орындықтар мен мультимедиялық жүйелер өндірісін игерді. Сонымен қатар бамперлер, электр сымдары шоғырларын, доңғалақ дискілерін және лак-бояу материалдарын өндіру бойынша жаңа жобалар іске асырылуда.

Осы бағытты дамыту мақсатында «Машина жасау және көлік мәселелері туралы» заң қабылданып, онда «өнеркәсіптік кластер» ұғымы енгізілді. Ең ірі өнеркәсіптік кластерлер Қостанай, Саран және Алматы қалаларында қалыптасты. Автокөлік өндірісімен қатар, оларға қажетті құрамдас бөлшектерді өндіруді дамыту, жаңа жеткізушілерді тарту және өндірістік тізбектерді қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта елімізде жүк техникасын өндіру саласында Scania және HOWO сияқты әлемдік брендтердің жүк тартқыштары шығарылуда. Саланы одан әрі дамыту мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, биылғы IV тоқсаннан бастап Hyundai Trans Auto кәсіпорнында жылына 500 VOLVO жүк тартқышын өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Barys Truck Manufactory компаниясы XCMG компаниясымен бірлесіп электрлі жүк тартқыштарын өндіру жобасын іске асыруда»,

– деді министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Қазақстандық кәсіпорында жылына 500 VOLVO жүк тартқышын құрастыру жоспарланып отыр Өндірісті локализациялау деңгейін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі – автокомпоненттер өндірісін дамыту. Бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Отандық кәсіпорындар шиналар…
📌 До 500 седельных тягачей VOLVO в год будут собирать на казахстанском предприятии
 
Одним из основных механизмов повышения уровня локализации является развитие производства автокомпонентов. Данное направление развивается динамичными темпами: отечественные предприятия освоили производство шин, деталей двигателей, аккумуляторов, металлических деталей для автобусов, сидений и мультимедийных систем. Кроме того, реализуются новые проекты по производству бамперов, электрических жгутов, колесных дисков и лакокрасочных материалов.

В целях развития данного направления принят Закон «По вопросам машиностроения и транспорта», которым введено понятие «промышленный кластер».
Крупнейшие промышленные кластеры сформированы в городах Костанай, Сарань и Алматы. Наряду с производством автотранспортных средств, ведется работа по развитию производства необходимых для них компонентов, привлечению новых поставщиков и формированию производственных цепочек.

«В сфере производства грузовой техники в настоящее время в стране выпускаются седельные тягачи таких мировых брендов, как Scania и HOWO. В целях дальнейшего развития отрасли реализуются новые проекты. Так, начиная с 4 квартала т.г. на предприятии Hyundai Trans Auto планируется производство 500 седельных тягачей VOLVO в год. Кроме того, компания Barys Truck Manufactory совместно с XCMG реализует проект по производству электрических грузовых тягачей»,

– сообщил министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍 Мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде

Үкімет отырысында Ерсайын Нағаспаев саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті мамандарға тікелей байланысты екенін атап өтті. Кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға жүйелі түрде инвестиция салып келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жоғары оқу орындары және колледждермен бірлесіп, дуальды оқыту бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар өңірлерге мамандарды тарту мақсатында еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде.

ℹ️ Корпоративтік кампустар мен жатақханалар салынуда. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

Кәсіпорындар қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыда қолдау шараларын кеңейтіп келеді. Оның ішінде медициналық сақтандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, көлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік көмектің басқа да түрлері қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
😍 Мамандардың еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілуде Үкімет отырысында Ерсайын Нағаспаев саланың одан әрі дамуы инженерлік әлеует пен білікті мамандарға тікелей байланысты екенін атап өтті. Кәсіпорындар инженерлік құзыреттерді…
😍 Усиливаются меры по улучшению условий труда и соцподдержки специалистов
 
В ходе заседания Правительства Ерсайын Нагаспаев подчеркнул, что дальнейшее развитие отрасли напрямую зависит от инженерного потенциала и квалифицированных кадров. Предприятия на системной основе инвестируют в развитие инженерных компетенций, формирование кадрового резерва и подготовку специалистов нового поколения.

Данная работа осуществляется совместно с высшими учебными заведениями и колледжами посредством программ дуального обучения.

Кроме того, для привлечения специалистов в регионы усиливаются меры по улучшению условий труда и социальной поддержке.

ℹ️ Строятся корпоративные кампусы и общежития, а в рамках Года рабочих профессий запущена жилищная программа «Наурыз жұмыскер».

Предприятия расширяют меры социальной поддержки работников, включая медицинское страхование, организацию питания, обеспечение транспортом и другие виды социальной помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазақстанда автомобиль өндірісі 35%-ға өсті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі автомобиль жасау саласында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Соңғы 5 жылда салаға шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы елімізде 171 мыңнан астам автомобиль шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты.

Оң динамика биыл да сақталуда. Биылғы 6 айда 94 400 автомобиль шығарылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 35%-ға жоғары. Осы жылға арналған жоспар – өндіріс көлемін 11%-ға ұлғайтып, 190 мың автомобиль шығару.

Жалпы, биыл автомобиль өндірісі 131,1%-ға өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Қазақстанда автомобиль өндірісі 35%-ға өсті Өнеркәсіп және құрылыс министрі автомобиль жасау саласында 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылғанын хабарлады. Соңғы 5 жылда салаға шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы елімізде 171 мыңнан…
⚡️ На 35% выросло производство автомобилей в Казахстане 

Министр промышленности и строительства сообщил, что в отрасли автомобилестроения занято более 10 тыс. человек. За последние 5 лет привлечено около 457 млрд тенге инвестиций. В прошлом году в стране выпущено более с 171 тыс. автомобилей, а объем производства увеличился на 18%.

Положительная динамика сохраняется и в текущем году. За 6 месяцев этого года произведено 94 400 автомобилей, что на 35% выше показателя аналогичного периода прошлого года. План на текущий год — увеличить объем производства на одиннадцать процентов и выпустить 190 тыс. автомобилей.

В целом в текущем году производство автомобилей выросло на 131,1%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты

Министр локализациялау деңгейін одан әрі арттыру үшін негізгі басымдықтардың бірі жаңа автокомпоненттер өндірісін игеру және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль компанияларымен бірлескен өндірістерге тарту екенін атап өтті.

➡️Халық үшін автомобильдерге қолжетімділікті арттыру мақсатында автонесиелеу мен лизинг тетіктерін жетілдіру көзделуде. Оның ішінде борыштық жүктеме коэффициентін алып тастау және жеке тұлғалар үшін автолизингті дамыту шаралары қарастырылған.

➡️ Электр және гибридті көлік өндірісін дамыту, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру ісі зарядтау стансалары желісін кеңейтуді және жүргізушісіз көлік технологияларын қолдану үшін жағдай жасауды қамтиды.

➡️ Автомобильдерді импорттау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету отандық өндірушілер мен импорттаушылар үшін тең әрі ашық бәсекелестік жағдай қалыптастыруға, сондай-ақ заңсыз схемалардың қолданылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

➡️ Өзіміздің зертханалық базамызды құру техникалық регламент талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша толық сынақ циклін жүргізуді, елдегі инженерлік және технологиялық құзыреттерді дамытуды, жаңа модельдерді нарыққа шығаруды жеделдетуді, сондай-ақ отандық өндірістің технологиялық тәуелсіздігі мен бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

«Ұсынылып отырған шаралар автомобиль өнеркәсібін одан әрі тұрақты дамытуға, жаңа инвестициялар тартуға, отандық өнімнің қолжетімділігін арттыруға және өңірлік әлеуетті нығайтуға мүмкіндік береді. Министрлік өз өкілеттіктері аясында аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып, қойылған міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді»,

– деп қорытындылады Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев машина жасау саласын дамытудың негізгі бағыттары туралы айтты Министр локализациялау деңгейін одан әрі арттыру үшін негізгі басымдықтардың бірі жаңа автокомпоненттер өндірісін игеру және отандық кәсіпорындарды әлемнің жетекші автомобиль…
📌 Ерсайын Нагаспаев сообщил о ключевых направлениях развития машиностроения
 
Министр подчеркнул, что для дальнейшего повышения уровня локализации основным приоритетом станет освоение производства новых автокомпонентов и привлечение отечественных предприятий к совместным производствам с ведущими мировыми автомобильными компаниями.

➡️ В целях повышения доступности автомобилей для населения предусматривается совершенствование механизмов автокредитования и лизинга, в том числе отмена коэффициента долговой нагрузки и развитие автолизинга для физических лиц.

➡️ Развитие производства электрического и гибридного транспорта, а также формирование необходимой инфраструктуры для их эксплуатации включает расширение сети зарядных станций и создание условий для применения технологий беспилотного транспорта.

➡️ Обеспечение соблюдения требований законодательства при импорте автомобилей позволит сформировать равные и прозрачные условия конкуренции для отечественных производителей и импортеров, а также предотвратить применение незаконных схем.

➡️Создание собственной лабораторной базы обеспечит проведение полного цикла испытаний на соответствие техрегламенту, развитие инженерных и технологических компетенций в стране, ускорение вывода новых моделей на рынок, а также повышение уровня технологической независимости и конкурентоспособности отечественного производства.

«Предлагаемые меры позволят обеспечить дальнейшее устойчивое развитие автомобильной промышленности, привлечь новые инвестиции, повысить доступность отечественной продукции и укрепить региональный потенциал. Министерство в рамках своих полномочий будет системно продолжать работу по указанным направлениям и обеспечит качественное и своевременное выполнение поставленных задач»,

— подытожил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Реновация саласындағы жаңа тетік азаматтардың құқықтарын қорғап, жобаларға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев пен «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков тұрғын үй қорын реновациялау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Реновация аясында қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, инженерлік желілерді жаңартуға, қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде. 2029 жылға дейін шамамен 40 мың меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Жер кодексіне, Құрылыс кодексіне және басқа да бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Әкімдіктер реновацияға жататын тұрғын үйлердің тізімін қалыптастырып, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын өзектендіру жұмыстарын жүргізуде. Биыл елімізде 224 көппәтерлі тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланған, оның ішінде 44 үйдің демонтаж жұмыстары аяқталған.

«Реновация саласында тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторының кепілдіктеріне негізделген жаңа нарықтық тетік енгізілді. Бұл тетік жеке инвестицияларды тартуға, тұрғындардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға жол ашады. Кепілдік тетігі тұрғындардың құқықтарын "бөлмеге – бөлме" қағидаты бойынша қорғайды, құрылыс салушыларға кепілдік алуға мүмкіндік береді, инвесторлардың сенімін арттырып, реновация жобаларына жеке инвестициялардың тартылуына ықпал етеді»,

– деді Қанат Мыңбаев.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исламбек Қайырбеков салынып жатқан, ҚТҮК кепілдігі берілген тұрғын үйлерден баспана сатып алуға мүмкіндік беретін «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы туралы айтты. Бағдарлама шарттарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесі – 15,9%, бастапқы жарна – 20%-дан бастап, несие мерзімі – 20 жылға дейін; қарыз сомасы – 75 млн теңгеге дейін. ҚТҮК кепілдігі сатып алушылардың қаражатының сақталуын қамтамасыз етеді және құрылыс салушыда қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда да құрылыс жұмыстарының аяқталуына кепілдік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Реновация саласындағы жаңа тетік азаматтардың құқықтарын қорғап, жобаларға инвесторларды тартуға мүмкіндік береді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын…
📌 Новый механизм в сфере реновации обеспечит защиту прав граждан и привлечет инвесторов в проекты
 
О проводимой работе в сфере реновации жилищного фонда рассказали на пресс-конференции в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства МПС РК Канат Мынбаев и заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков.

В рамках реновации ведется комплексная работа, направленная на модернизацию городской инфраструктуры, обновление инженерных сетей, развитие общественных пространств и повышение качества жизни граждан. До 2029 новым жильём планируется обеспечить около 40 тысяч собственников. Для достижения этой цели внесены изменения в Земельный и Строительный кодексы, а также ряд других законодательных актов. Акиматы формируют перечни домов, подлежащих реновации, и обеспечивают актуализацию проектов детальной планировки. В текущем году в стране планируется снести 224 многоквартирных жилых дома, из которых 44 уже демонтированы.

«В сфере реновации внедрён новый рыночный механизм, основанный на гарантиях Единого оператора жилищного строительства. Он позволит привлечь частные инвестиции, обеспечить защиту прав жителей и снизить нагрузку на государственный бюджет. Гарантийный механизм обеспечивает защиту прав жителей по принципу «комната за комнату», позволяет застройщикам получать гарантии, повышает доверие инвесторов и способствует привлечению частных инвестиций в проекты реновации»,

— сообщил Канат Мынбаев.

Заместитель Председателя Правления АО «Казахстанская Жилищная Компания» Исламбек Каирбеков рассказал об ипотечной программе «Орда Аймақ», которая позволяет приобрести жилье в строящихся домах с гарантией КЖК. Программа предусматривает ставку 15,9%, первоначальный взнос от 20%, срок кредитования до 20 лет и сумму займа до 75 млн тенге. Гарантия КЖК обеспечивает защиту средств покупателей и завершение строительства даже в случае возникновения проблем у застройщика.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

Кездесу барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар аясында өнеркәсіп саласы бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қазақстанның машина жасау, металлургия және жеңіл өнеркәсіп саласы өнімдерінің Армения нарығына экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан мен Арменияны өзара құрметке, сенімге және сындарлы саяси диалогқа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстырады. Аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогтың арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастық жүйелі түрде дамып келеді»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Министр отандық өндірушілердің дайын өнім жеткізу көлемін, оның ішінде жоғары қуатты трансформаторлар, аккумуляторлар және басқа да өнімдер экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді. Өткен жылы екі ел арасындағы өнеркәсіп өнімдерінің тауар айналымы $67,9 млн-ды құрады. Оның $48 млн-ы Қазақстан Республикасының экспортына тиесілі болды.

ℹ️ Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мақсатында шикізатты терең өңдеу, жоғары қосылған құны бар өнім шығару және екі ел кәсіпорындары арасында орнықты өндірістік тізбектер қалыптастыру бағытында бірлескен өндірістер құру перспективалары қозғалды.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты барлық перспективалы бағыттар бойынша одан әрі кеңейтуге жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екендерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нағаспаев Арменияның Қазақстандағы елшісімен өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондянмен кездесті.…
🇰🇿🇦🇲 Ерсайын Нагаспаев обсудил промышленное сотрудничество с Послом Армении в Казахстане
 
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев провёл встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Армения в Казахстане Арменом Гевондяном.

Обсуждены перспективы наращивания промышленного взаимодействия в рамках достигнутых на высшем уровне договоренностей. Отдельное внимание уделено перспективам наращивания казахстанского экспорта продукции машиностроения, металлургии и легкой промышленности на рынок Армении.

«Казахстан и Армению связывают традиционно дружественные отношения, основанные на взаимном уважении, доверии и конструктивном политическом диалоге. Благодаря регулярному политическому диалогу на высшем и высоком уровнях казахстанско-армянские отношения последовательно развиваются»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

Министр отметил готовность отечественных производителей  наращивать объемы поставок готовой продукции, в том числе силовых трансформаторов, аккумуляторов и др. В прошлом году товарооборот продукции промышленного назначения двух стран составил $67,9 млн. Из них большую часть составил экспорт из РК –  $48 млн.

ℹ️ Кроме того, в целях развития промышленной кооперации обсуждены перспективы создания совместных производств в области глубокой переработки сырья, выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью и формирования устойчивых производственных цепочек между предприятиями двух стран.

🤝 По итогам переговоров стороны подтвердили намерения всесторонне содействовать расширению сотрудничества Казахстана и Армении по всем перспективным направлениям. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында ұйымдастырылған «Өнеркәсіптік кооперация – Қазақстан мен Ресейдің орнықты дамуының факторы» атты панельдік сессияға қатысты.

Сессия барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері, бірлескен инвестициялық жобалар, инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту тетіктері таныстырылды.

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресейден тартылған тікелей инвестициялар көлемі $2,9 млрд-ты құрады. Ал 2005 жылдан бері тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі шамамен $29 млрд-қа жетті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация қоржынында жалпы құны $52,7 млрд-ты құрайтын, шамамен 60 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 177 бірлескен жоба бар. Оның ішінде жалпы құны $22,4 млрд-ты құрайтын 122 жоба қазірдің өзінде іске асырылды.

Сондай-ақ жиында инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары, оның ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру тетігі қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM