ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🔵 «Қазтізілімде» тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алу бойынша жаңа функция іске қосылды Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі – «Қазтізілімде» жаңа функция іске қосылды. Енді уәкілетті компаниялар осы функция…
🔵Новый функционал для привлечения средств дольщиков запущен в «Казреестре»

В Единой цифровой системе долевого участия в жилищном строительстве «Казреестр» запущен новый функционал. Теперь уполномоченные компании могут в электронном формате подать заявку на получение разрешения на привлечение средств дольщиков для строительства жилых объектов.

🌐 Государственная услуга предоставляется полностью в цифровом формате. Все необходимые действия выполняются непосредственно в системе «Казреестр». Заявку подаёт уполномоченная компания, планирующая привлекать средства дольщиков, рассматривают её местные исполнительные органы.

Срок оказания государственной услуги составляет 8 рабочих дней с момента поступления заявки через систему. По итогам рассмотрения заявитель получает электронное разрешение на привлечение средств дольщиков.

🗯
«Новый функционал делает процесс получения разрешения более удобным и эффективным. Подача и рассмотрение заявок осуществляются в единой цифровой системе, что упрощает взаимодействие между уполномоченными компаниями и государственными органами, сокращает бумажный документооборот, ускоряет обработку документов и обеспечивает единый прозрачный порядок предоставления государственной услуги»,

— говорит Биржан Елеусиз, руководитель управления долевого участия в жилищном строительстве Комитета по делам строительства и ЖКХ МПС РК.

🌐Запуск нового функционала стал очередным этапом цифровизации строительной отрасли Казахстана. Министерство промышленности и строительства совместно с Казахстанской Жилищной Компанией продолжают развивать систему «Казреестр», расширять её возможности и совершенствовать цифровую экосистему рынка долевого строительства.

📱 @minpromstroykz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

«Қазтізілімде» үлескерлердің қаражатын тартуға арналған жаңа функция іске қосылды

Астанада «Қазақстандағы міндетті BIM» тақырыбында сараптамалық кездесу өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде болған семинарда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілген жаңа нормаларды қолдану мәселелері талқыланды

📍Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы баяндады Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады «Қазтізілімде»…
📌 Недельный дайджест Министерства промышленности и строительства РК

Ерсайын Нагаспаев доложил на заседании Правительства о ключевых направлениях работы в рамках реализации Нацпроекта МЭКС

Министр промышленности и строительства провёл прием граждан по личным вопросам

Новый функционал для привлечения средств дольщиков запущен в «Казреестре»

Экспертная встреча «Обязательный BIM в Казахстане» состоялась в Астане

Вопросы применения новых антикоррупционных норм законодательства обсудили на семинаре в МПС

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства.
👍3
🤝 Жарты жыл ішінде отандық өндірушілермен құны 82 млрд теңге болатын 45 мыңнан астам шарт жасалды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерін өткізу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Өңдеу өнеркәсібі саласында алғашқы жарты жылдың қорытындысы бойынша 9,8%-дық өсімге қол жеткізіліп, жалпы өндірілген өнімнің құны 16 трлн теңгеден асты. Елде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің, киім-кешек пен тоқыма, резеңке және пластмасса бұйымдарының, автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелердің импорты төмендеді.

Сонымен қатар шикізаттық емес тауарлар экспорты 14,6%-ға өсіп, шамамен $12 млрд-ты құрады. Негізінен металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі өнімдері және құрылыс материалдары экспортталады.

🗯
«Министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі – реттелетін сатып алу шеңберінде отандық өндірушілерді қолдау және оларды тауарларын өткізу ісінде ынталандыру. Мемлекеттік сатып алуда 5 323 түрлі тауар бойынша отандық өнімге басымдық берілді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 82 млрд теңге болатын 45 мыңнан астам шарт жасасты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры жүзеге асырып жатқан қазақстандық тауар өндірушілерді қолдаудың 16 шарасы аясында отандық тауар өндірушілермен 3,8 мың шарт жасалды. Оның ішінде 390 млрд теңгеге 286 ұзақ мерзімді және офтейк-келісімшарт бар»,

– деді Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🤝 Жарты жыл ішінде отандық өндірушілермен құны 82 млрд теңге болатын 45 мыңнан астам шарт жасалды Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық…
🤝 Свыше 45 тысяч договоров на 82 млрд теңге заключено с отечественными производителями за полгода  

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о принимаемых мерах по поддержке и продвижению отечественных товаров.

В обрабатывающей промышленности по итогам полугодия  достигнут рост на уровне 9,8%, произведено продукции на свыше 16 трлн теңге. В стране снизился объем импорта резиновых и пластмассовых изделий, продукции легкой промышленности, в том числе одежды, текстильных изделий, а также автомобилей, прицепов и полуприцепов.

Вместе с тем объем экспорта несырьевых товаров вырос на 14,6%, составив около $12 млрд. В основном на рынки поставляется продукция металлургии, машиностроения, химической промышленности и строительные материалы.

🗯
«Одним из ключевых направлений работы Министерства является поддержка и продвижение товаров отечественного производства в рамках регулируемых закупок. В государственных закупках обеспечен приоритетный закуп отечественных товаров по 5 323 позициям. За первое полугодие государственными органами заключено свыше 45 тысяч договоров с ОТП на общую сумму 82 млрд теңге. В рамках 16 мер поддержки казахстанских товаропроизводителей, реализуемых Фондом «Самрук-Қазына», заключено 3,8 тыс. договоров с ОТП, из них 286 долгосрочных договоров и оффтейк-контрактов на 390 млрд теңге»,

— отметил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔛 Қазақстанда 2030 жылға дейін 478 жаңа өндіріс орны іске қосылады

Бүгінде жер қойнауын пайдалану саласында жалпы сомасы 123 млрд теңгені құрайтын кепілдендірілген сатып алу бойынша 425 шарт жасалды. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, қабылданып жатқан қолдау шаралары нақты нәтиже беріп, өнім өткізу нарығын қалыптастыруға және отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалануға ықпал етуде.

Мәселен, Шымкенттегі трансформатор өндірушісінің өндірістік жүктемесі 90%-ға, Семейдегі кабель-өткізгіш өнімдерін өндірушінікі – 72%-ға, ал Қарағандыдағы арқан өндіруші кәсіпорындікі 71%-ға жетті.

🗯
«Жаңа өндіріс орындарын дамыту аясында 2023 жылдан бері экономиканың құрылымын жаңғыртуға және өңдеу өнеркәсібінің көлемін ұлғайтуға бағытталған 623 жоба іске қосылды. Бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген өнім түрлерін шығару жолға қойылды. Олардың қатарында локомотивтердің тірек арқалықтары, автобустардың қаптау элементтері, жүк көліктерінің жетекші ось арқалықтары мен цилиндр блоктары, орындықтар, мультимедиялық жүйелер, тұрмыстық техника, тік жікті дәнекерленген құбырлар, терезе профильдері, талшықты цемент плиталары, ламинат, жылыту радиаторлары және басқа да өнімдер бар. 2030 жылға дейін тағы 478 жоба іске қосылады»,

– деген Ерсайын Нағаспаев алдағы уақытта жаңартылатын энергия көздеріне арналған трансформаторлар, бандаждар, тісті дөңгелектер, престер, сутегі, сутегі пероксиді, желатин мен пептон, асфальтбетонға арналған қоспалар және басқа да жаңа өнім түрлерінің өндірісі жолға қойылатынын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🔛 Қазақстанда 2030 жылға дейін 478 жаңа өндіріс орны іске қосылады Бүгінде жер қойнауын пайдалану саласында жалпы сомасы 123 млрд теңгені құрайтын кепілдендірілген сатып алу бойынша 425 шарт жасалды. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, қабылданып…
🔛 478 новых производств введут в Казахстане до 2030 года 

В сфере недропользования на сегодня заключено 425 договоров гарантированного закупа на 123 млрд теңге. По словам министра промышленности и строительства РК, реализуемые меры уже дают конкретные результаты, формируют устойчивый рынок сбыта и способствуют росту загрузки отечественных предприятий.

Так, загрузка производителей трансформаторов в Шымкенте достигла 90%, кабельно-проводниковой продукции в Семее – 72%, канатов в Караганде – 71%.

🗯
«В рамках развития новых производств с 2023 года введено 623 проекта, направленных на глубокое обновление структуры экономики и увеличение объёма обрабатывающей промышленности.Освоен выпуск новых видов продукции, ранее не производимых в Казахстане, включая опорные балки локомотивов, элементы обшивки автобусов, блоки цилиндров и балки ведущих мостов грузовой техники, сиденья, мультимедийные системы, бытовая техника, сварные прямошовные трубы, оконные профили, фиброцементные плиты, ламинат, радиаторы отопления и др.  До 2030 года будет введено 478 проектов»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев, отметив, что дополнительно будет освоено производство новых видов продукции, включая трансформаторы для ВИЭ, бандажи, зубчатые колеса, прессы, водород, пероксид водорода, желатин и пептон, добавки в асфальтобетонные смеси и др.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📌 Ерсайын Нағаспаев өндіріс орындары жұмысына серпін беру және елішілік құндылық үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндіріс орындары жұмысының қарқынын арттыру және өнім өткізудің кепілдендірілген нарығын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта елімізде Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі қолданысқа енгізілді.

⏹Ірі компаниялар отандық өндірушілермен кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасуды және шағын және орта бизнес белдеуін дамытуды көздейтін елішілік құндылық үлесін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаларды бекіту жұмыстарын жүргізуде.

⏹Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуатын тиімді пайдаланудың қосымша тетіктері, оның ішінде толлингтік схемаларды қолдану іске асырылып жатыр.

⏹Ішкі нарықты қамтамасыз ету мақсатында минералды тыңайтқыштар экспортын лицензиялау енгізілді. Бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді алдын ала келісілген, белгіленген бағада минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

⏹Металл сынықтары айналымын реттеу тетіктерін жетілдіру жалғасуда. Бұл қара металлургия саласын дамытуға, болаттың жаңа маркаларын игеруге, сондай-ақ автомобиль, машина жасау және құрылыс секторларына арналған өнім өндірісін кеңейтуге ықпал етеді.

⏹Ішкі нарықты қорғау мақсатында үшінші елдерден цемент, гипсокартон, табақ шыны, тас бұйымдары және құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар импорттауға шектеулер енгізілді. Қабылданған шаралар ішкі нарықтағы бағаларға теріс әсер етпей, отандық өндірістің дамуын қамтамасыз етті.

⏹Арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа моделі әзірленді. Ол АЭА-лар құру, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, қатысушыларды іріктеу, инвестициялық жобаларды іске асыру, қабылданған міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу және АЭА-ларды басқару жүйесін ұйымдастырудың негізгі кезеңдерін қамтиды.

⏹2030 жылға дейінгі Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы көлік құралдарын өндіру кезінде отандық компоненттерді пайдалануды қарастыратын заңнамалық өзгерістер енгізілді.

🗯
«Министрлік алдағы уақытта да отандық тауар өндірушілерді қолдау, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, қосылған құны жоғары өнім өндірісін кеңейту және қазақстандық өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді»,

– деп түйіндеді сөзін Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Ерсайын Нағаспаев өндіріс орындары жұмысына серпін беру және елішілік құндылық үлесін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндіріс орындары жұмысының қарқынын арттыру және өнім өткізудің…
📌 Ерсайын Нагаспаев проинформировал о работе по загрузке мощностей и увеличению доли внутристрановой ценности 

Министерством промышленности и строительства РК проводится системная работа по загрузке производственных мощностей и формированию гарантированного рынка сбыта. Для этих целей в стране запущен Реестр казахстанских товаропроизводителей.

⏹Крупными компаниями ведется работа по утверждению долгосрочных программ увеличения доли внутристрановой ценности, предусматривающих заключение договоров гарантированного закупа с отечественными производителями и развитие пояса МСБ.

⏹Одновременно реализуются дополнительные механизмы загрузки действующих производств, включая применение толлинговых схем.

⏹Для обеспечения внутреннего рынка введено лицензирование экспорта минеральных удобрений, что позволило гарантировать отечественным аграриям поставки по заранее согласованным фиксированным ценам.

⏹Продолжается совершенствование регулирования оборота металлолома, что способствует развитию черной металлургии, освоению новых марок стали и расширению производства продукции для автомобилестроения, машиностроения и строительной отрасли.

⏹Для защиты внутреннего рынка введены ограничения на импорт из третьих стран цемента, гипсокартона, листового стекла, изделий из камня и сухих строительных смесей. Принятые меры обеспечили рост отечественного производства без негативного влияния на цены на внутреннем рынке.

⏹Выработана новая модель развития специальных экономических зон, которая охватывает основные этапы их создания, инфраструктурного обеспечения, отбора участников, реализации инвестпроектов, мониторинга исполнения обязательств и организации управления СЭЗ.

⏹Принят Комплексный план развития легкой промышленности до 2030 года, а также внесены законодательные изменения, предусматривающие использование отечественных комплектующих при производстве транспортных средств специального назначения.

🗯
«Министерство и далее продолжит системную работу по поддержке отечественных товаропроизводителей, развитию промышленной кооперации, расширению производства продукции с высокой добавленной стоимостью и укреплению позиций казахстанской продукции на рынке»,

— подытожил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🗺Қазақстанда басымдық берілген геологиялық негізгі деректерді цифрландыру жұмыстары аяқталды

Геология комитеті геологиялық қорларда қағаз түрінде сақталған, басымдыққа ие бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстарын толық аяқтады.

Ондаған жылдар бойы жүргізілген геологиялық зерттеулердің нәтижелері есептер, карталар, сызбалар және өзге де архивтік материалдар түрінде жинақталып келді. Бұл бастапқы геологиялық ақпарат жер қойнауын зерттеу, жаңа кен орындарын іздестіру және елдің минералдық ресурстарын одан әрі игеру жөніндегі шешімдерді қабылдау барысында кеңінен пайдаланылады.

Бүгінгі таңда жоспарланған көлем 100%орындалып, жалпы саны 4 818 836 бірлік материал цифрлық форматқа көшірілді. Оның ішінде:

📄 4 304 239 парақ қағаз құжат;

📜 355 000 графикалық материал (карталар, сызбалар және сызбалық құжаттар).

Нәтижесінде геологиялық зерттеулердің материалдары, есептерді, картографиялық және өзге де архивтік құжаттарды қамтитын басымдыққа ие бастапқы геологиялық ақпараттың бірыңғай цифрлық қоры қалыптастырылды.

🇷🇺 Материалдарды цифрлық форматқа көшіру оларды ұзақ мерзімді сақтауға мүмкіндік береді, мұрағаттық құжаттардың жоғалу және бүліну қаупін азайтады. Сондай-ақ жер қойнауын геологиялық тұрғыда зерттеу кезінде пайдаланылатын ақпаратты іздеу мен өңдеу үдерістерін жеделдетеді.

〰️ Цифрлық архивтің құрылуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын да арттырады. Инвесторлар геологиялық ақпаратқа неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы қол жеткізсе, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі шешімдер де соғұрлым жедел қабылданады.

🇷🇺 Келесі кезеңде мәтіндік материалдарды автоматты түрде тану, геологиялық деректердің ауқымды көлемін талдау, ақпаратты іздеу және түрлі дереккөздер арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

🌐 Алдағы уақытта цифрландырылған материалдар Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасымен (ЖҚПБП) біріктіріледі. Бұл құрылымдалған геологиялық ақпаратқа бірыңғай цифрлық сервис арқылы электрондық форматта қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аталған жобаны іске асыру геология саласынцифрлық тұрғыдан трансформациялаудың маңызды кезеңдерінің бірі саналады. Ол мемлекеттік геологиялық ақпараттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыруға, жер қойнауын геологиялық тұрғыда зерттеу үдерістерін жетілдіруге, сондай-ақ инвесторлардың, жерқойнауын пайдаланушылардың және сала мамандарының геологиялық маңызды деректерге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1👏1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🗺Қазақстанда басымдық берілген геологиялық негізгі деректерді цифрландыру жұмыстары аяқталды Геология комитеті геологиялық қорларда қағаз түрінде сақталған, басымдыққа ие бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстарын толық аяқтады. Ондаған жылдар…
🗺 В Казахстане завершена оцифровка приоритетной первичной геологической информации

Комитет геологии завершил работу по оцифровке приоритетной первичной геологической информации, хранившейся в бумажных геологических фондах.

На протяжении десятилетий результаты геологических исследований накапливались в виде отчетов, карт, схем и других архивных материалов. Именно эта первичная геологическая информация используется для изучения недр, поиска новых месторождений и принятия решений о дальнейшем освоении минеральных ресурсов страны.

По состоянию на сегодняшний день в цифровой формат переведено 4 818 836 единиц, что составляет 100% от запланированного объема, в том числе:

📄 4 304 239 листов бумажных документов;

📜 355 000 графических материалов (карт, схем и чертежей).

В результате создан цифровой массив приоритетной первичной геологической информации, включающий материалы геологических исследований, отчеты, картографические и другие архивные документы.

🇷🇺 Перевод материалов в цифровой формат обеспечивает их долгосрочное хранение, снижает риски утраты и повреждения архивных документов, а также значительно повышает оперативность поиска и обработки геологической информации для дальнейшего использования при геологическом изучении недр.

〰️ Создание цифрового архива также повышает инвестиционную привлекательность Казахстана. Чем быстрее и удобнее инвестор получает доступ к геологической информации, тем быстрее принимаются решения о проведении геологоразведочных работ и реализации новых проектов.

🇷🇺 Следующим этапом предусмотрено внедрение технологий искусственного интеллекта для автоматизированного распознавания текстовых материалов, анализа больших массивов геологических данных, поиска информации и выявления взаимосвязей между различными источниками данных.

🌐 В дальнейшем оцифрованные материалы будут интегрированы с Единой платформой недропользователей (ЕПН), что обеспечит доступ к структурированной геологической информации в электронном формате через единый цифровой сервис.

Реализация проекта является одним из этапов цифровой трансформации геологической отрасли и направлена на повышение эффективности управления государственными геологическими информационными ресурсами, совершенствование процессов геологического изучения недр, а также обеспечение доступа инвесторов, недропользователей и специалистов к актуальным геологическим данным.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1👏1
📌Тазартылған ауыз су ұсынатын кәсіпорынның өндірісті жаңғыртуға жұмсаған 24 млн теңге шығыны өтелді

Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық өндірісті қолдауды ел экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған. Осы орайда бизнестің еңбек өнімділігін арттыруға және өнімін нарыққа ілгерілетуге жұмсаған шығындарының 40-50%-ын өтеу тетігі тиімді қолдау құралы ретінде жүзеге асырылып отыр.

💦 Осы бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облысында орналасқан «MIDSU» ЖШС-ның өндірісті жаңғыртуға жұмсаған шығындарының шамамен 24 миллион теңгесі мемлекет тарапынан өтелді. Тазартылған, түрлі көлемдегі арнайы ыдыстарға құйылған ауыз су ұсынатын кәсіпорын заманауи автоматтандырылған құю желілері мен су сүзгілеу жүйелерін сатып алып, өндірістік қуатын едәуір арттырып, өнім түрлерін кеңейтті.

🗯
«Өндірістік базаны жаңғырту қол еңбегін барынша азайтып, технологиялық үдерістің әр кезеңін қатаң бақылауға және өнімнің қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келуіне мүмкіндік берді. Жабдықтарды сапалы орнату және қызметкерлерді оқыту үшін арнайы мамандарды тарттық. Өнеркәсіптік жабдықтарды монтаждау мен қызметкерлерді олармен жұмыс істеуге үйрету арзанға түскен жоқ – бұл жұмыстарға шамамен 60 миллион теңге жұмсалды»,

– дейді «MIDSU» ЖШС-нің директоры Диас Қазиев.

🏭 Кәсіпорын өкілдері мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алғаннан кейін QazIndustry арқылы онлайн форматта технологиялық жабдықтарды монтаждау және қызметкерлерді оқыту шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінім берген. Қажетті құжаттар толық тапсырылып, өтінім мақұлданғаннан кейін кәсіпорынның жұмсалған шығынының 40 пайызы өтелді.

💵Жыл басынан бері мемлекет отандық өндірушілерге өндірісті дамытуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында жалпы көлемі 328 млрд теңге қаржы бөлді.

📌 Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының операторы – QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы.

🌐 Өтінімдер онлайн форматта QazIndustry порталы арқылы қабылданады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌Тазартылған ауыз су ұсынатын кәсіпорынның өндірісті жаңғыртуға жұмсаған 24 млн теңге шығыны өтелді Қазақстан Республикасы Үкіметі отандық өндірісті қолдауды ел экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған. Осы орайда бизнестің еңбек өнімділігін…
📌 Производителю питьевой воды возместили порядка 24 млн теңге затрат на модернизацию производства

Поддержка отечественного производства определена Правительством Республики Казахстан как один из ключевых экономических приоритетов. Эффективным инструментом является возмещение от 40 до 50% затрат бизнеса на повышение производительности труда и продвижение продукции.

💦На 24 млн теңге возмещены затраты на модернизацию западно-казахстанскому ТОО «MIDSU». Отечественный производитель бутилированной питьевой воды приобрел современные автоматизированные линии розлива и системы фильтрации, что позволило увеличить мощности и значительно расширить ассортимент.

🗯
«Модернизация производственной базы позволила минимизировать ручной труд, строго контролировать каждый этап технологического процесса и соответствовать высоким стандартам безопасности. Для профессионального монтажа оборудования и проведения инструктажа мы привлекли специалистов. Монтаж промышленного оборудования и обучение персонала работе с ним — процесс недешевый: нам это обошлось почти в 60 миллионов тенге»,

— говорит руководитель ТОО «MIDSU» Диас Казиев.

🏭 Узнав о действующих мерах государственной поддержки, представители компании в онлайн-режиме обратились в QazIndustry за возмещением части затрат на монтаж технологического оборудования и обучение персонала работе с ним. После сбора полного пакета документов заявка была рассмотрена положительно, 40% расходов бизнесу компенсировали.

💵Всего с начала года государство возместило отечественным производителям расходы на общую сумму 328 млрд теңге.

📌 Оператором мер государственного стимулирования промышленности является Казахстанский центр индустрии и экспорта QazIndustry.

🌐 Заявки принимаются в онлайн-режиме на портале QazIndustry.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2👏1
Forwarded from UKIMET.POINTS
Қанат Ерубаев ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығымен Қанат Бақытбекұлы Ерубаев Геология комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

➖

Канат Ерубаев назначен председателем Комитета геологии МПС РК

Приказом министра промышленности и строительства Республики Казахстан  Ерубаев Канат Бахытбекович назначен на должность председателя Комитета геологии ведомства. Об этом сообщает пресс-служба Правительства РК.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4👏3