ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
🏗️ Ерсайын Нағаспаев құрылысшылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

👷 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Құрылысшы күні қарсаңында сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты іс-шара барысында министр қазақстандық құрылысшылардың кәсіби қарым-қабілеттерін, жауапкершілігі мен жанқиярлық еңбегін ерекше атап өтті. Құрылыс саласының еңбеккерлері жыл сайын ел экономикасының дамуына және халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Елімізде өткен жылы 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі былтыр 17,5%-ға артса, биылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өсім 15,2%-ды құрады.
Отандық құрылысшылардың жетістіктері халықаралық деңгейде де жоғары бағалануда. Биыл еліміздің орнықты әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастырудағы озық тәжірибесі Біріккен Ұлттар Ұйымының алаңында таныстырылып, Астананы дамыту тәжірибесі халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.

🗯
«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес құрылыс саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – биыл күшіне енген жаңа Құрылыс кодексі. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жаңа қалалар мен елді мекендер бой көтеріп, заманауи инфрақұрылым нысандары салынуда. Алдағы уақытта да сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз және дамуға деген ұмтылыстарыңыз ауқымды жобалардың табысты жүзеге асуына әрі азаматтар үшін жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға өз ықпалын тигізе береді деп сенемін»,

– деді Ерсайын Нағаспаев.

🥇 Салтанатты іс-шара соңында саланың бірқатар ардагер мен мамандары «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші» төсбелгілерімен, «Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ Алғыс хаттармен марапатталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏗️ Ерсайын Нағаспаев құрылысшылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады 👷 ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Құрылысшы күні қарсаңында сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты іс-шара…
🏗️ Ерсайын Нагаспаев поздравил строителей и ветеранов индустрии с профессиональным праздником

👷 В канун Дня строителя министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев поздравил с праздником работников и ветеранов строительной отрасли.

В ходе торжественного мероприятия министр отметил профессионализм,  ответственность и самоотверженный труд казахстанских строителей. Отрасль ежегодно вносит весомый вклад в рост экономики страны и повышение качества жизни граждан. В прошлом году в Казахстане введено в  эксплуатацию более 20 млн м2 жилья, что стало рекордно высоким показателем. Объем строительных работ вырос на 17,5%, за 6 месяцев т.г. достигнуто 15,2% роста.

Достижения отечественных строителей получают признание и на международном уровне. Передовой опыт страны в формировании устойчивой и комфортной городской среды в этом году представили на площадке ООН, где практика развития Астаны получила высокую оценку международного сообщества.

🗯
«В соответствии с поручениями Главы государства Касым-Жомарта Токаева сегодня проводятся системные реформы, направленные на выведение отрасли на новый уровень. Одним из важных шагов в этом направлении является новый Строительный кодекс, вступивший в силу в этом году. Благодаря вашим трудам строятся новые города и поселки, возводятся современные объекты инфраструктуры. Уверен, что и в дальнейшем ваш профессионализм, преданность своему делу и стремление к развитию будут способствовать реализации масштабных проектов и формированию комфортной среды для жизни граждан»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

🥇По итогам торжественного мероприятия ряд ветеранов профессии и специалистов был награждён нагрудными знаками «Құрметті құрылысшы», «Құрметті сәулетші», медалью «Енбек ардагері», а также благодарственными письмами. 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏗️ Қазақстанның құрылыс саласы: тұрақты өсім және сапаның жаңа стандарттары

Құрылыс – ел экономикасының дамуына ықпал етіп отырған негізгі салалардың бірі. Оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 6%-ды құрайды.

Елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 4,1 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары. 2025 жылдың қорытындысында көрсеткіш 10,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өскен. Бұл игілікке ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы және инвестициялық белсенділіктің артуы арқасында қол жеткізілді.

📃 Секторды одан әрі дамытудың маңызды қадамдарының бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген ҚР Құрылыс кодексінің күшіне енуі болды. Құжат цифрлық бақылау тетіктерін енгізуге және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жетілдіру арқылы құрылыс сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жаңа нормаларда құрылыс нысандарын пайдаланудың кепілдік мерзімін ұзарту, жобалау кезінде сейсмикалық тәуекелдерді міндетті түрде ескеру, құрылыс ұйымдарын цифрлық бақылау, заң бұзушылықтарға жедел ден қою және басқа да мәселелер көзделген.

⚡️ Отандық құрылыс материалдары өндірісі де жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Ішкі нарықтағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 70%-дан асады, ал нарық сұранысын 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді. Биыл жалпы құны 202,2 млрд теңгені құрайтын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік бермек.

Кадрлық әлеуетті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Құрылыс саласында 380 мыңнан астам маман еңбек етеді. Құрылысшылардың, сәулетшілердің, жобалаушылардың, инженерлердің және өзге де сала мамандарының кәсіби шеберліктері арқасында Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыратын әрі ел экономикасының одан әрі дамуына негіз болатын ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

🎉 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыс саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏗️ Қазақстанның құрылыс саласы: тұрақты өсім және сапаның жаңа стандарттары Құрылыс – ел экономикасының дамуына ықпал етіп отырған негізгі салалардың бірі. Оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 6%-ды құрайды. Елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі биылғы алғашқы…
🏗️ Строительная отрасль Казахстана: устойчивый рост и новые стандарты качества
 
Строительная отрасль – один из ключевых драйверов роста экономики Казахстана с долей в 6% в структуре ВВП.

Объём строительных работ в стране за полгода составил 4,1 трлн теңге, что на 15,2% выше аналогичного периода прошлого года. В 2025 году показатель достиг 10,7 трлн теңге, увеличившись на 17,5% по сравнению с 2024-ым годом. Динамика обеспечена реализацией масштабных инфраструктурных проектов, активным жилищным строительством и ростом инвестиционной активности.

📃 Важным этапом дальнейшего развития отрасли стало вступление в силу разработанного по поручению Главы государства Строительного кодекса РК. Документ направлен на повышение качества и безопасности строительства посредством внедрения цифровых механизмов контроля и совершенствования государственного архитектурно-строительного надзора. Новыми нормами предусмотрено увеличение гарантийных сроков эксплуатации объектов, обязательный учет сейсмических рисков при проектировании, цифровой контроль строительных организаций, оперативное реагирование на нарушения и др.

⚡️ Последовательно развивается и отечественное производство строительных материалов. Доля казахстанских производителей на внутреннем рынке превышает 70%, потребности рынка обеспечивают свыше 3 тыс. предприятий. В текущем году планируется реализация 48 инвестиционных проектов общей стоимостью 202,2 млрд теңге, что позволит создать свыше 3,5 тыс. новых рабочих мест.

Большое внимание уделяется развитию кадрового потенциала. В отрасли трудятся более 380 тысяч специалистов. Благодаря профессионализму строителей, архитекторов, проектировщиков, инженеров и др. реализуются масштабные проекты, формирующие современный облик Казахстана и создающие основу для дальнейшего развития экономики страны.

🎉 Министерство промышленности и строительства РК поздравляет работников строительной отрасли с профессиональным праздником!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және нарықта ілгерілету шаралары туралы баяндады

Құрылысшы күні: Қазақстанда саланың дамуы мен перспективалары

Ерсайын Нағаспаев құрылысшылар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қазақстанда басымдық берілген негізгі геологиялық деректерді цифрландыру жұмыстары аяқталды

Тазартылған ауыз су ұсынатын кәсіпорынның өндірісті жаңғыртуға жұмсаған 24 млн теңгеге жуық шығыны өтелді

Қазақстан халықаралық алаңда мемлекеттік сараптаманы цифрлық трансформациялау тәжірибесін таныстырды

Құрылыс саласындағы жасанды интеллект: ҚазҚСҒЗИ-да заманауи цифрлық шешімдер талқыланды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Абайдың рухани мұрасына арналған семинар өтті

📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және нарықта ілгерілету шаралары туралы баяндады Құрылысшы күні: Қазақстанда саланың дамуы мен перспективалары Ерсайын Нағаспаев құрылысшылар…
📌 Недельный дайджест Министерства промышленности и строительства РК

На заседании Правительства министр промышленности и строительства доложил о мерах по поддержке и продвижению отечественных товаров

День строителя в Казахстане: развитие и перспективы отрасли

Ерсайын Нагаспаев поздравил строителей и ветеранов индустрии с профессиональным праздником

В Казахстане завершена оцифровка приоритетной первичной геологической информации

Производителю питьевой воды возместили порядка 24 млн теңге затрат на модернизацию

Казахстан представил опыт цифровой трансформации государственной экспертизы на международной площадке

Искусственный интеллект для строительства: в КазНИИСА обсудили цифровые решения нового поколения

В МПС провели семинар, посвященный духовному наследию Абая

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности Министерства. 
Forwarded from UKIMET
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен оларға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді

📌Мемлекеттік сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігі ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарттарының бірі болып қала береді.

Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2024 жылы қазақстандық өндірушілермен жалпы құны 370 млрд теңгеден асатын 145 мыңнан астам шарт рәсімделсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 16,5%-ға артып, 169 мың шартқа жетті. Ал олардың жалпы құны 23,3%-ға өсіп, 456 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша жалпы құны 97 млрд теңге болатын 68 мың шарт жасалды.

Осы саладағы цифрландырудың маңызды тетіктерінің бірі – 2025 жылғы қарашадан бастап штаттық режимде жұмыс істеп тұрған «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» ақпараттық жүйесі. Бүгінде жүйеге бизнестен 41 мыңнан астам өтінім түсіп, өңделді. Верификация нәтижесінде Тізілімге 10 мыңнан астам отандық тауар өндіруші енгізілді.

Тізілім негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және ірі сатып алу алаңдарымен біріктірілген. Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 52 мыңнан астам сатып алу, ал «Самұрық-Қазына» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы 6,7 мыңнан астам сатып алу жүргізілді.

2026 жылдың соңына дейін ақпараттық жүйені Бірыңғай жеке кабинетпен интеграциялай отырып, оны өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді аяқтау жоспарланып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Реестр казахстанских товаропроизводителей обеспечивает прозрачность и равный доступ к закупкам

📌 Открытость и доступность рынка государственных закупок остается ключевым условием для развития национального предпринимательства.

По данным Министерства финансов, объем участия отечественных товаропроизводителей ежегодно увеличивается. Так, если в 2024 году с казахстанскими производителями было оформлено свыше 145 тыс. договоров на сумму более 370 млрд теңге, то в 2025 году этот показатель вырос на 16,5% – до 169 тыс. договоров, а их общая стоимость увеличилась почти на 23,3% и достигла 456 млрд теңге. По состоянию на 31 июля 2026 года уже заключено 68 тыс. контрактов на 97 млрд теңге. 

Важным элементом цифровизации в этой сфере стала информационная система «Реестр казахстанских товаропроизводителей», которая с ноября 2025 года функционирует в штатном режиме. На сегодняшний день в систему поступило и обработано свыше 41 тыс. заявок от бизнеса. По итогам верификации в Реестр включены более 10 тыс. отечественных товаропроизводителей.

Реестр интегрирован с основными государственными информационными системами и крупнейшими закупочными площадками. Через портал государственных закупок с его использованием уже проведено свыше 52 тыс. закупок, а через информационную систему АО «Самрук-Қазына» – более 6,7 тыс. закупок. 

До конца 2026 года планируется завершить ввод информационной системы в промышленную эксплуатацию с интеграцией в Единый личный кабинет.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Толық өндірістік цикл – өнеркәсіптік тәуелсіздіктің негізі
 
📌Қаржылық ынталандыру нақты сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үкіметтің басты назарында Президент қойған міндетті жүзеге асыру мақсаты тұр, ол – ел ішінде шикізатты терең өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары дайын өнімді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклды құру. Локализацияны дамыту импортқа тәуелділікті азайтуға, отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға және жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Осы жұмыс шеңберінде 2024 жылдан бері Қазақстанда ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Жеңіл өнеркәсіпте мақта өңдеудің толық циклін қалыптастыру негізгі векторға айналды: мәселен, Түркістан облысындағы «TURAN» АЭА аумағында «Түркістан тоқыма» ЖШС LIHUA GROUP-пен бірлесіп иіруден бастап дайын үй тоқыма бұйымдарын шығаруға дейінгі барлық кезеңді қамтитын толық өндірістік циклді заманауи тоқыма кешенін салады. Кәсіпорын мақтаны терең қайта өңдеп, жаңа текстиль өнімін шығарады. Онда 1,3 мың жұмыс орыны құрылады.

Қазақстандық автомобиль жасау саласы сапалы динамика көрсетіп отыр, мұнда кәсіпорындардың құзыреті бұрынғы ірі тораптық құрастырудан бүгінгідей шағын тораптық құрастыру операцияларын орындауға ауысқан. Соның арқасында кейбір автомобиль маркалары бойынша локализациялаудың орташа деңгейі 40%-ға жетті. 2024-2025 жылдар аралығында қуаттылығы жылына 70 мың авто болатын Kia Qazaqstan және мультибрендтік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan автозауыттары пайдалануға берілді. Соңғысы жылына Changan, Great Wall Motor және Chery үшін 120 мың авто шығарады.

Сонымен қатар құрамдас база да кеңейтілуде: Саран қаласында Tengri Tyres шина зауыты іске қосылды, Алматыда Hyundai мультимедиялық жүйелерін, HVAC модульдерін және еден жабындарын шығаратын Kazakhstan Mobility Engineering және автоорындықтар шығаратын Almaty Autoparts Production кәсіпорындары, ал Қостанайда автокомпоненттердің мамандандырылған Локализациялық орталығы жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығы және теміржол машиналарын жасауда «АгромашХолдингKZ» базасында John Deere техникасын өндіруді бастау, Valmont Industries компаниясының Valley жаңбырлатып су шашу машиналарын локализациялау, Астанада швейцариялық Stadler жолаушылар вагондарын құрастыру және Wabtec локомотив зауытында локализация деңгейін 45%-ға жеткізу маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, XCMG Group-пен («Barys Truck Manufactory» ЖШС) арнайы техникалар, Саранда Samsung компаниясының теледидарлары мен кір жуғыш машиналарын шығару және Алматыдағы Xiaomi теледидарларын құрастыру жолға қойылған.
Сондай-ақ, Петропавл қаласында «ҚАЗТЕХМАШ» машина жасау зауыты» ЖШС-нің өндірістік алаңында LiuGong әлемдік брендінің жол-құрылыс техникалары өндірісі ұйымдастырылды.

Металлургия мен химия өнеркәсібінде үлкен диаметрлі болат құбырларды («ТЭМПО-Казахстан»), алюминий қаптамасын («QazAlPack»), алюминий радиаторларын («Silumin of Qazaqstan»), сондай-ақ сұйық шыны, натрий силикаты және метилэтанол шығаратын зауыттар іске қосылды.

Мұндағы жүйелі нәтижені кешенді мемлекеттік қолдау қамтамасыз етіп отыр. Өнеркәсіптік жобаларға «Бәйтерек» холдингінің даму институттары арқылы ұзақ мерзімге жеңілдікпен қаржы берілуде, 21 инвестициялар туралы келісім жасалған, «Атырау», «Ақтөбе», «Қорқыт Ата» және «Алатау» ИСЛК»-ларды қоса алғанда 11,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартқан 18 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп тұр.

Жалпы алғанда ішкі тұрақты сұраныстың, ЕАЭО мен Орталық Азия нарығына шығу мүмкіндігінің болуы, шикізат базасы мен өнеркәсіптік преференциялар инвесторларды қарапайым құрастыру өндірісінен отандық қосылған құнның жоғары үлесі бар толыққанды тізбектерді қалыптастыруға көшуге ынталандырып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Полный производственный цикл – основа промышленной независимости
 
📌 Финансовое стимулирование неразрывно связано с развитием реального сектора. В центре внимания Правительства находится реализация поставленной Президентом задачи по созданию полного производственного цикла внутри страны, начиная от глубокой переработки сырья и заканчивая выпуском готовой продукции с высокой добавленной стоимостью. Развитие локализации позволяет снижать зависимость от импорта, увеличивать загрузку отечественных предприятий и создавать новые высокопроизводительные рабочие места.

В рамках этой работы с 2024 года в Казахстане реализуются масштабные инвестиционные проекты.

В легкой промышленности ключевым вектором стало формирование полного цикла переработки хлопка: на территории СЭЗ «TURAN» в Туркестанской области ТОО «Туркестан текстиль» совместно с LIHUA GROUP ведет строительство современного текстильного комплекса полного производственного цикла. На одной производственной площадке будут сосредоточены все этапы — от прядения до выпуска готового домашнего текстиля. Реализация проекта позволит создать 1,3 тыс. рабочих мест.

Качественную динамику демонстрирует автомобилестроение, где компетенции казахстанских предприятий перешли от крупноузловой сборки к мелкоузловой сборке, благодаря чему средний уровень локализации доходит до 40% по некоторым маркам автомобилей. С 2024 по 2025 год введены в эксплуатацию автозаводы KIA Qazaqstan мощностью 70 тыс. авто в год и мультибрендовый Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – 120 тыс. авто в год для CHANGAN, Great Wall Motor и Chery. Пареллельно расширяется компонентная база: в Сарани запущен шинный завод Tengri Tyres, в Алматы действуют предприятия Kazakhstan Mobility Engineering по выпуску мультимедийных систем Hyundai, модулей HVAC и напольных покрытий) и Almaty Autoparts Production, производящее автосидения, а в Костанае специализированный Локализационный центр автокомпонентов.

В сельскохозяйственном и железнодорожном машиностроении важнейшим шагом стал старт производства техники John Deere на базе «АгромашХолдингKZ», локализация дождевальных машин Valley компанией Valmont Industries, сборка пассажирских вагонов швейцарской Stadler в Астане и достижение 45% уровня локализации на локомотивном заводе Wabtec.

Кроме того, налажен выпуск спецтехники с XCMG Group (ТОО «Barys Truck Manufactory»), телевизоров и стиральных машин Samsung в Сарани и сборка телевизоров Xiaomi в Алматы.

Также на производственной площадке ТОО «Машиностроительный завод «КАЗТЕХМАШ» в городе Петропавловске организовано производство дорожно-строительной техники мирового бренда LiuGong.

В металлургии и химпроме введены в строй заводы по выпуску стальных труб большого диаметра («ТЭМПО-Казахстан»), алюминиевой упаковки («QazAlPack»), алюминиевых радиаторов («Silumin of Qazaqstan»), а также жидкого стекла, силиката натрия и метилэтанола.

Системный эффект обеспечивает комплексная государственная поддержка. Промышленным проектам предоставляется долгосрочное льготное финансирование через институты развития холдинга «Байтерек», действует 21 соглашение об инвестициях и 18 специальных экономических зон, включая СЭЗ «Атырау», «Актөбе», «Қорқыт Ата» и «ИТЛК «Алатау», привлекшие более 11,1 трлн теңге инвестиций.

В целом стабильный внутренний спрос, выход на рынки ЕАЭС и Центральной Азии, сырьевая база и промышленные преференции стимулируют инвесторов переходить от простыx сборочных производств к формированию полноценных цепочек с высокой долей отечественной добавленной стоимости.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧠 Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасын ЖИ тексереді

«Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын тексеруге арналған жасанды интеллект технологиялары негізіндегі пилоттық модульді енгізді. Енді барлық жобалар жаңа цифрлық шешімнің көмегімен міндетті түрде алдын ала тексеруден өтеді.

🧠 ЖИ-модуль құжаттардың құрамын, рұқсат беру құжаттарының өзектілігі мен қолданылу мерзімін, олардың нақты жобаға тиесілі екенін, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Ол үшін компьютерлік көру, мәтінді оптикалық тану және құжаттардың құрылымы мен мазмұнын талдауға мүмкіндік беретін тілдік модельдер технологиялары қолданылады. Нәтижесінде құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі бес жұмыс күнінен екі жұмыс күніне дейін қысқарды. Өтініш берушілер ескертулер туралы ақпаратты бұрынғыдан екі еседен астам жылдам алып, сараптаманың келесі кезеңдеріне жедел өте бастады.

📖 Жасанды интеллект алдын ала талдау құралы ретінде пайдаланылады. Жобаны мемлекеттік сараптамаға қабылдау немесе оны кері қайтару туралы түпкілікті шешімді «Мемсараптама» РМК мамандары қабылдайды.

✔️ Пилоттық модуль ұлттық суперкомпьютер базасында жұмыс істейді және QPortal.kz жүйесімен интеграцияланған. Бұл шешімді іске асыру сараптамалық қызметтің тиімділігін арттыруға және құрылыс саласын одан әрі цифрландыруға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🧠 Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасын ЖИ тексереді «Мемсараптама» РМК мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын жобалау құжаттамасының толықтығын тексеруге арналған жасанды интеллект технологиялары негізіндегі пилоттық модульді енгізді. Енді…
🧠 ИИ проверяет проектную документацию, поступающую на госэкспертизу

РГП «Госэкспертиза» внедрён пилотный модуль на основе технологий искусственного интеллекта для проверки комплектности проектной документации при сдаче на государственную экспертизу. Теперь все проекты в обязательном порядке проходят предварительную проверку с использованием нового цифрового решения.

🧠 ИИ-модуль проверяет состав, актуальность и сроки действия разрешительных документов, их принадлежность к конкретному проекту, а также соответствие требованиям. Для этого используются технологии компьютерного зрения, оптического распознавания текста и языковые модели, обеспечивающие анализ структуры документов и их содержания. В результате сроки проверки комплектности документов сокращены с пяти до двух рабочих дней. Заявители более чем в два раза быстрее стали получать информацию о замечаниях и оперативнее переходить к следующим стадиям экспертизы.

📖 ИИ используется в качестве инструмента предварительного анализа. Окончательное решение о принятии проекта на государственную экспертизу либо его возврате принимается специалистами РГП «Госэкспертиза».

✔️ Пилотный модуль функционирует на мощностях национального суперкомпьютера и интегрирован с QPortal.kz. Реализация данного решения направлена на повышение эффективности экспертной деятельности, и дальнейшую цифровизацию строительной отрасли.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM