ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
2.42K subscribers
7.01K photos
717 videos
2.18K links
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жаңалықтары
🇰🇿

🔘 Сайт: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=ru

🔘 Facebook: https://www.facebook.com/minpromstroy.kz

🔘 Instagram: https://instagram.com/minpromstroy.kz?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

🟦Мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті.

– Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Сонымен қатар Президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін айтты. Бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие.

🟦Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытқаны жөн.

🟦Жиын барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перспективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер туралы есеп берді.

🟦Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға саланы дамытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық барлау мен өңдеу ісін дамыту, техногенді минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосу, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства провел заседание Совета Безопасности

🟦Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета Безопасности по вопросам развития отрасли критических материалов, в том числе редких и редкоземельных металлов.

🟦Глава государства подчеркнул лидирующее положение Казахстана в Центральной Азии по ресурсному и производственному потенциалу и отметил необходимость его использования в интересах государства.

– Нынешняя ситуация в мире создает выгодные, можно сказать, уникальные условия для тех, кто обладает запасами, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


🟦Президент также обратил внимание на то, что в мире усиливается конкуренция государств за доступ к критическим материалам, имеющим стратегическое значение для развития высокотехнологичных отраслей.

🟦В этих условиях Казахстану следует эффективно использовать имеющийся ресурсный и промышленный потенциал, последовательно развивая собственные компетенции и производственные цепочки.

🟦В ходе мероприятия были заслушаны доклады членов Правительства о текущем состоянии отрасли, перспективах освоения ресурсной базы, развитии переработки и существующих барьерах.

🟦По итогам заседания Правительству и заинтересованным государственным органам даны конкретные поручения по формированию системного видения развития отрасли, совершенствованию регулирования, развитию геологоразведки и переработки, вовлечению техногенных минеральных образований в экономический оборот, развитию лабораторной и кадровой базы, а также устранению административных барьеров.
 
 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжон Кихонмен кездесті. Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың қыркүйек айында Сеулге жасайтын мемлекеттік сапарына ерекше назар аударылды.

🗣 Сонымен қатар Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның маңызды шикізаттық минералдар кен орындарын барлау және игеру саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды. Бұл ресурстар жаһандық қосылған құн тізбектерінде маңызды рөл атқарады. Тараптар ынтымақтастықты дамыту, технологиялар трансферті және бірлескен бастамаларды іске асыру үшін әлеует бар екенін атап өтті. Оның ішінде министрлік жүзеге асырып жатқан жерде сирек кездесетін металдар бойынша Өңірлік зерттеу орталығын құру жобасы да бар.

💬
«Қазақстан Корея Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Стратегиялық әріптестікті нығайтуда қалыптасқан сенімді қарым-қатынастар мен жоғары деңгейдегі тұрақты диалог ерекше рөл атқарады. Kia, Hyundai, Samsung Electronics және басқа да брендтермен бірлескен кәсіпорындар өнеркәсіптік ынтымақтастықтың жарқын мысалдары саналады. Бізде айтарлықтай әлеует бар және қосылған құны жоғары өнім бойынша жаңа өндірістерді құру үшін озық технологияларды, құзыреттер мен инвестицияларды тартуға мүдделіміз»,

– деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

▶️ Соңғы 10 жылда Оңтүстік Кореядан Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестиция көлемі шамамен $8 млрд-ты құрады. Министрлік жетекшілік ететін салаларда жалпы құны $2,6 млрд-тан асатын 36 бірлескен жоба түрлі пысықтау кезеңдерінде тұр, оның ішінде 16 жоба іске қосылған. Олардың қатарында жеңіл және жүк автомобильдері мен автобустар өндіретін зауыттар, тұрмыстық техника, желдету жабдықтарын және басқа да өнімдерді шығаратын кәсіпорындар бар.

🤝 Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Корея өнеркәсіптік ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге жәрдемдесу ниеттерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1😘1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Чжон…
🇰🇿🇰🇷 Ерсайын Нагаспаев обсудил с Послом Республики Корея перспективы развития промышленной кооперации 
 
Министр промышленности и строительства Республики Казахстан Ерсайын Нагаспаев провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Корея в РК Чжоном Кихоном. В ходе переговоров особое внимание было уделено предстоящему государственному визиту Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Сеул в сентябре текущего года.

🗣Кроме того, обсуждены перспективы сотрудничества Казахстана и Южной Кореи в сфере разведки и освоения месторождений критических сырьевых минералов. Данные ресурсы играют ключевую роль в глобальных цепочках создания добавленной стоимости. Стороны отметили потенциал для кооперации, трансферта технологий и реализации совместных инициатив, в том числе в рамках реализуемого Министерством проекта по созданию Регионального исследовательского центра по редкоземельным металлам.

💬
«Казахстан высоко ценит двустороннее сотрудничество с Республикой Корея. Особую роль в укреплении стратегического партнерства играют сложившиеся доверительные отношения и регулярный диалог на высшем уровне. Яркими примерами успешного промышленного сотрудничества являются совместные предприятия с Kia, Hyundai, Samsung Electronics и другими брендами. Мы располагаем значительным потенциалом и заинтересованы в привлечении передовых технологий, компетенций и инвестиций для создания новых производств с высокой добавленной стоимостью»,

— подчеркнул Ерсайын Нагаспаев.

▶️ За последние 10 лет объем прямых инвестиций из Южной Кореи в экономику Казахстана составил около $8 млрд. В курируемых Министерством отраслях на различных стадиях проработки – 36 совместных проектов общей стоимостью более $2,6 млрд, из которых 16 проектов уже запущено. Среди них заводы по производству легковых, грузовых автомобилей и автобусов, предприятия по производству бытовой техники,  вентиляционного оборудования и др.

🤝 По итогам переговоров стороны подтвердили намерения содействовать дальнейшему углублению казахстанско-корейского промышленного сотрудничества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤗1
🏡 Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары қолданылады.

▶️ Бағдарламаның операторы болып «Отбасы банкі» АҚ белгіленген.

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігін көздейді, оған сәйкес жалдау ақысының 50%-ы мемлекеттік субсидия есебінен өтелсе, қалған 50%-ын алушы өз қаражаты есебінен төлейді.

✔️ Жалпы, 2022 жылдан бері қазақстандық 45 514 отбасы субсидия алған. 34 246 алушымен жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған: қазірдің өзінде 20 424 отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге ие болған, қағида талаптары сақтамауына байланысты 13 822 отбасымен жасалған шарттар бұзылған. Бүгінде субсидия алушылардың саны 11 268 отбасын құрайды.

💬
«Мұндай қолдауға мынадай санаттағы азаматтар үміткер бола алады: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы жиынтық табысы күнкөріс минимумының 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрғанын растау қажет. Субсидия төлемдерін алу үшін өтінім «Отбасы банкі» АҚ-ның ресми сайты арқылы беріледі»,

— деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәубек Керімбаев.

✉️ Өтінім беру барысында тұрғын үйді жалға берушінің келісімін ЭЦҚ арқылы растауы талап етіледі. Барлық талап орындалған жағдайда «Отбасы банкі», субсидия алушы және жалға беруші арасында үшжақты шарт жасалады. Субсидиялар мемлекет тарапынан шартта белгіленген күнге сәйкес уақтылы төленеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🏡 Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау…
🏡 Свыше 11 тыс. казахстанских семей получают господдержку в виде субсидирования арендного жилья

В соответствии с поручением Главы государства в Казахстане действуют правила субсидирования части арендной платы за квартиры и дома, арендованные в частном жилищном фонде.

▶️Оператором данной программы определен АО «Отбасы банк».

Принцип адресной помощи предусматривает солидарную ответственность граждан, в соответствии с которой 50% покрывается за счет государственных субсидий, а остальные 50% получатель оплачивает самостоятельно.

✔️ Всего с 2022 года 45 514 казахстанских семей получили субсидии. С 34 246 получателями договоры были расторгнуты досрочно:  20 424 семьи уже получили арендное и кредитное жилье, с 13 822-мя семьями договоры расторгли из-за несоблюдения требований правил. На сегодняшний день количество получателей субсидий составляет 11 268 семей.

💬
«Рассчитывать на такую поддержку могут следующие категории: лица с инвалидностью первой и второй групп, семьи, воспитывающие детей с инвалидностью, дети-сироты, многодетные. При этом совокупный доход каждого члена семьи за последние 6 месяцев не должен превышать 1-кратный размер прожиточного минимума. Подтверждение постановки на учет в акимате в качестве нуждающегося в жилье по категориям. Для получения выплат по субсидиям заявка подается через официальный сайт АО «Отбасы банк»,

— разъясняет Даубек Керимбаев, и.о. руководителя управления жилищных отношений Комитета по делам строительства и ЖКХ МПС РК.

✉️ В процессе подачи заявки требуется подтверждение арендодателя жилья с помощью ЭЦП. При выполнении всех требований между «Отбасы банком», получателем выплат по субсидиям и арендодателем заключается трехсторонний договор. В соответствии с датой, установленной в договоре, субсидии со стороны государства выплачиваются своевременно.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗳Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі еліміздің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысты.

✔️ Ерсайын Нағаспаев Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде өз дауысын берді.

🚀 @minpromstroykz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1💯1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🗳Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі еліміздің жаңа бір палаталы заң шығарушы органы — Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысты. ✔️ Ерсайын Нағаспаев Астана қаласындағы сайлау учаскелерінің…
🗳 Ерсайын Нагаспаев проголосовал на выборах в Курултай

Министр промышленности и строительства Республики Казахстан принял участие в первых выборах в новый однопалатный законодательный орган страны — Курултай.

✔️ Свой голос Ерсайын Нагаспаев отдал на одном из избирательных участков Астаны.

🚀 @minpromstroykz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👌1💯1
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы
 
Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады

Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
 
Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша 20 жоба іске асырылуда
 
2029 жылға дейін Қазақстанда 1 трлн теңгеге 8 мың шақырымға жуық су құбыры және кәріз желілері жаңғыртылады
 
Орал мен Қарағанды қалаларында сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда
 
Қазақстанда жеті айда 9,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
 
Қазақстандық 11 мыңнан астам отбасы жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды
 
Қазақстан теміржол машиналарын жасау саласы өнімдерін өндіру көлемін 7 есеге арттырды
 
Қазақстанда пайдалы қазбаларды геологиялық тұрғыда барлау және өндіруге қолжетімді аумақтар кеңейтілді
 
Әлеуметтік нысандар бүгінде қалай жылытылады: көрсеткіштер мен өңірлер
 
Қазақстанда қой жүнін кәдеге асырудың жаңа жолы табылды
 
📍 Министрлік қызметінің барлық бағыттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
👍1
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
📌 Министрліктің апталық жұмыс қорытындысы   Ерсайын Нағаспаев Корея Республикасының елшісімен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективаларын талқылады Ерсайын Нағаспаев Құрылтай сайлауында дауыс берді   Қазақстанда толыққанды геологиялық түсірілім бойынша…
📌 Дайджест Министерства промышленности и строительства РК по итогам недели

Ерсайын Нагаспаев обсудил с Послом Республики Корея перспективы развития промышленной кооперации

Ерсайын Нагаспаев проголосовал на выборах в Курултай

В Казахстане реализуется 20 проектов детальной геологической съемки

До 2029 года в Казахстане модернизируют почти 8 тыс. км водопроводных и канализационных сетей на 1 трлн теңге

В Уральске и Караганде продолжается модернизация объектов водоснабжения и водоотведения

В Казахстане за семь месяцев введено 9,7 млн кв. метров жилья

Свыше 11 тыс. казахстанских семей получают господдержку в виде субсидирования арендного жилья

Казахстан в 7 раз увеличил объем производства продукции ж/д машиностроения

В Казахстане расширены территории, доступные для геологоразведки и добычи полезных ископаемых

Как отапливаются соцобъекты сегодня: цифры и регионы

Казахстанской овечьей шерсти нашли новое применение

📍 Работа продолжается по всем направлениям деятельности МПС.
👍3
🔥 Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

🏣 Министр барлық өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде 10 913 білім беру нысанының 10 693-і, яғни 98%-ы дайын. 8 өңірде дайындық жұмыстары 100% аяқталғаны байқалды. Жоспардан Алматы және Ақтөбе облыстары қалып келеді.

«Денсаулық сақтау нысандары бойынша да жағдай осындай, әзірлік деңгейі 98%-ды құрайды, яғни 5 394 нысанның бүгінде 5 281-і дайын. 6 өңірде барлық нысанның толық дайын екені байқалды. Шымкент және Алматы қалаларында көрсеткіш төмен. Тұрғын үйлер бойынша әзірлік жұмыстары 51 391 үйде аяқталды, бұл жоспардың 96%-ын құрайды. Түркістан облысында барлық тұрғын үй жылыту маусымына дайын. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында тұрғын үйлерді дайындау қарқыны өз деңгейінде емес»,

– деп мәлімдеді Ерсайын Нағаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🔥 Қазақстандағы әлеуметтік нысандардың 98%-ы жылыту маусымына дайын Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады. 🏣 Министр…
🔥 98% соцобъектов в Казахстане готовы к отопительному сезону
 
На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев доложил о ходе подготовки к предстоящему отопительному сезону.

🏣 Министр отметил, что во всех регионах ведется соответствующая работа. На сегодняшний день из 10 913 объектов образования подготовлено 10 693, или 98%. 100% готовность наблюдается в 8 регионах, отстают от графика две области: Алматинская и Актюбинская.

«По объектам здравоохранения ситуация аналогичная, процент готовности составляет 98%, то есть из 5 394 объектов на сегодня готовы 5 281. 100% готовность объектов наблюдается в  6 регионах. Низкие показатели в городах Шымкент и Алматы. По жилым домам подготовительные работы завершены в 51 391 домах, это 96% от плана. 100% готовность обеспечена только в Туркестанской области. Отмечаются ненадлежащие темпы готовности жилья в Восточно-Казахстанской области и в городе Шымкент»,

– сообщил Ерсайын Нагаспаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚰 Қазақстанда 1 303 шақырым сумен жабдықтау желісі жөнделді

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады.

🚰 1 808 шақырым сумен жабдықтау желісінің 1 303 шақырымы жөнделді. Бұл – жоспарланған көрсеткіштің 72%-ы. 6 өңірде жөндеу жұмыстары аяқталды. Алматы, Жамбыл облыстарында көрсеткіш төмен.

Су бұру желілері бойынша жоспардың 74%-ы орындалды, яғни 306 шақырым желінің 225 шақырымы жөнделді. 

💬
«Жылыту маусымынан кедергісіз өту үшін министрлік тарапынан автономды қазандықтардың дайындығына мониторинг жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне сәйкес, бүгінде 14 618 автономды қазандық дайын, бұл – 98%. 6 өңірде нысандардың әзірлігі 100%-ға жеткені байқалды. Алматы және Шымкент қалаларында көрсеткіш төмен. Автономды қазандықтарға арналған көмір қорын дайындау деңгейі 69%-ды, мазут қоры – 88%-ды, дизель отыны – 93%-ды құрайды»,

– деп баяндады министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
🚰 Қазақстанда 1 303 шақырым сумен жабдықтау желісі жөнделді Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында өңірлерде инженерлік инфрақұрылым бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. 🚰 1 808 шақырым сумен жабдықтау…
🚰 В Казахстане отремонтировали  1 303 км сетей водоснабжения
 
Министр промышленности и строительства Ерсайын Нагаспаев на заседании Правительства доложил, что в регионах ведутся плановые ремонтные работы по инженерной инфраструктуре.

🚰 Отремонтировано 1 303 км из 1 808 км сетей водоснабжения.  Исполнение составляет 72% от запланированного показателя. Ремонтные работы завершены в 6 регионах, низкие показатели в Алматинской, Жамбылской областях.

На сетях водоотведения исполнение составляет 74% от плана, или 225 км из 306 км.

💬
«В целях бесперебойного прохождения отопительного сезона по линии Министерства проводится мониторинг подготовки автономных котельных. Так, по данным местных исполнительных органов на сегодня подготовлено 14 618 единиц автономных котельных, это 98%. 
100% готовность объектов наблюдается в 6 регионах. Низкие показатели в городах Алматы и Шымкент. Готовность угля для автономных котельных составляет 69%, запасы мазута подготовлены на 88%, дизельного топлива – на 93%»,

— доложил министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Әкімдіктер жылыту маусымына әзірлікті толық қамтамасыз етуі қажет — Ерсайын Нағаспаев

Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу мақсатында әкімдіктерге мынадай міндеттерді орындау қажеттігін атап көрсетті:

❗️1 қыркүйекке дейін білім беру нысандарының толық дайындығын қамтамасыз ету;
❗️қыркүйек айының соңына дейін сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау;
❗️тұтынушылардың коммуналдық қызметтер бойынша қалыптасқан дебиторлық берешегін өтеу жұмыстарын күшейту;
❗️орталық, солтүстік, шығыс өңірлер мен елордада 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін, ал қалған өңірлерде 2026 жылғы 15 қазанға дейін жылыту маусымына өтуге әзірлікті толық қамтамасыз ету.

«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады әрі министрліктің тұрақты бақылауында болады»,

– деп қорытындылады министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі / Министерство Промышленности и строительства РК🇰🇿
⚡️ Әкімдіктер жылыту маусымына әзірлікті толық қамтамасыз етуі қажет — Ерсайын Нағаспаев Ерсайын Нағаспаев алдағы жылыту маусымына уақтылы дайындалу мақсатында әкімдіктерге мынадай міндеттерді орындау қажеттігін атап көрсетті: ❗️1 қыркүйекке дейін білім…
⚡️ Акиматам нужно обеспечить полную готовность к отопительному сезону — Ерсайын Нагаспаев 

Ерсайын Нагаспаев отметил, что в целях своевременной подготовки к предстоящему отопительному сезону акиматам необходимо:

❗️до 1 сентября обеспечить полную готовность объектов образования;
❗️до конца сентября завершить ремонтные работы на сетях водоснабжения и водоотведения;
❗️усилить работу по погашению имеющейся дебиторской задолженности потребителей за коммунальные услуги;
❗️ обеспечить полную готовность к прохождению отопительного сезона в центральных, северных, восточных регионах и столице до 15 сентября 2026 года, а в остальных регионах до 15 октября 2026 года.

«Работа в данном направлении будет продолжена и находится на постоянном контроле Министерства»,

— подытожил министр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM