Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі «Әскер аруы» фотобайқауы басталды.
Байқау әскери қызметтің беделін арттыруға, армияның жағымды бейнесін қалыптастыруға және еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі әйелдердің үлесін көрсетуге арналып отыр.
Биылғы фотобайқауға Қарулы күштердің түрлерінен, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 40-тан астам әскери қызметші әйел қатысып жатыр. Байқауға қатысушы қыз-келіншектер әскери қызметті жеке және кәсіби дамумен табысты үйлестіріп келеді. Оларды бастамашылдық, біліктілік және жоғары жауапкершілік қасиеттері ерекшелейді.
Дауыс беру 2026 жылғы 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді. «Ұнайды» белгісін көп жинаған қатысушы жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Астанада өтеді.
Конкурс направлен на повышение престижа воинской службы, формирование позитивного имиджа армии и признание вклада женщин в обеспечение обороноспособности страны.
В фотоконкурсе принимают участие свыше 40 военнослужащих-женщин, представляющих виды Вооруженных сил, рода войск, региональные командования, а также структурные подразделения Министерства обороны и Генерального штаба.
Освоив военные специальности, участницы конкурса успешно совмещают службу с личностным и профессиональным ростом. Их отличают инициативность, компетентность и высокое чувство долга. Голосование пройдет с 27 февраля по 3 марта 2026 года на официальной странице Министерства обороны в социальной сети Instagram.
Победительницей будет признана участница, набравшая наибольшее количество отметок «нравится». Церемония награждения победителей состоится на торжественном мероприятии в Астане в преддверии Международного женского дня.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🔥3❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17🔥13😍5❤2
Жоспарлы жауынгерлік даярлық аясында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері, сондай-ақ Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімшелері 10 шақырымдық жаяу маршқа шықты.
В рамках плановых мероприятий боевой подготовки военнослужащие воинских частей региональных командований «Запад» и «Восток», а также подразделений Десантно-штурмовых войск совершили 10-километровый пеший марш.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥5❤4
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке мемлекеттік атаулы күндер күнтізбесінде айрықша орын алады. Ол елімізде тұратын барлық этностар арасындағы бірлік пен өзара құрметті, сенімді білдіреді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халық бірлігі мен ұлтаралық келісім – мемлекеттілігіміздің берік іргетасы және Қазақстанның тұрақты дамуының басты шарты.
Алғыс айту күні бізге өзара қолдау, ынтымақтастық және бір-біріміз алдындағы жауапкершіліктің жоғары құндылығын еске салады. Бұл – әр жылдары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюына үлес қосқан, өз еңбегімен, қызметімен және адалдығымен қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты, келісімді нығайтқан жандарға ризашылық білдіру мүмкіндігі.
Тарихтың күрделі кезеңдерінде ерлік, төзімділік және парасаттылық танытқан азаматтарды біз ерекше құрметпен еске аламыз. Жерімізде бейбітшілік пен келісімді сақтап қалған ата-бабаларымыздың өнегесі – біз үшін адамгершілік бағдар әрі шынайы отансүйгіштіктің үлгісі.
Осы мерекелі күні Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналына, әскер ардагерлеріне адал қызметі, кәсібилігі және әскери борышқа беріктігі үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз – мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуға, оның егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғауға қосылған қомақты үлес.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мемлекет пен қоғамның сенімді тірегі болып қала береді, тәртіпті, бірлікті және Отанға адалдықты айшықтайды.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, қызметте жаңа табыстар және ашық аспан тілеймін.
Жүрегімізде әрдайым алғыс, өзара құрмет және Қазақстанның гүлденуі жолындағы жасампаздыққа ұмтылыс салтанат құрсын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
Дорогие соотечественники!
Примите искренние поздравления с Днем благодарности!
Этот праздник занимает особое место в календаре государственных дат. Он олицетворяет сплоченность, взаимное уважение и доверие между всеми этносами, проживающими в нашей стране. Как неоднократно подчеркивал Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, единство народа и межэтническое согласие являются прочным фундаментом нашей государственности и главным условием поступательного развития Казахстана.
День благодарности напоминает нам о высокой ценности взаимной поддержки, солидарности и ответственности друг перед другом. Это возможность выразить признательность всем, кто в разные годы вносил вклад в становление и укрепление независимого Казахстана, кто своим трудом, служением и преданностью укреплял мир, стабильность и согласие в обществе.
Мы с особым уважением вспоминаем тех, кто в непростые периоды истории проявлял мужество, стойкость и благородство. Память о предках, сохранивших мир и согласие на нашей земле, служит для нас нравственным ориентиром и примером истинного патриотизма.
В этот праздничный день выражаю искреннюю благодарность военнослужащим и гражданскому персоналу Вооруженных сил, ветеранам армии за добросовестную службу, профессионализм и верность воинскому долгу. Ваш труд – весомый вклад в укрепление безопасности и стабильности государства, защиту его суверенитета и национальных интересов.
Вооруженные силы Республики Казахстан остаются надежной опорой государства и общества, олицетворяя дисциплину, сплоченность и преданность Родине.
Желаю вам крепкого здоровья, благополучия, новых успехов в службе и мирного неба над головой.
Пусть в наших сердцах всегда живут благодарность, взаимное уважение и стремление к созиданию во имя процветания Казахстана!
С уважением,
Министр обороны Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации Д. Косанов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤5🔥4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥5❤3
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған донорлық айы аясында әскери медицина қызметкерлері донорлық акция ұйымдастырды.
В рамках объявленного Министерством здравоохранения месяца донорства военные медики организовали донорскую акцию.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥4❤3