ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.5K subscribers
23.7K photos
7.63K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
⚜️ Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен халық. «Ырыс алды ынтымақ» деген ұстанымға сәйкес, бұл күн татулық пен береке-бірлікті, ортақ мақсат-мүддені насихаттайды.

Әскери ұжымдар үшін де ынтымақ пен бірлік – жауынгерлік дайындықтың басты негізі. Барлық бөлімшелерде әскери қызметшілер өзара сенім мен командалық рухты нығайтып, береке-бірлікте қызмет етуді атап өтеді. Бұл күн әрбір әскери қызметшіге ортақ мақсатқа жетуде бірліктің, татулық пен келісімнің маңызын еске салады.
Әскери ұжымдардағы ырыс пен ынтымақ, бірлік пен келісім қызметтік міндеттерді тиімді орындау мен жауынгерлік дайындықты жетілдірудегі басты байлық болып қала береді.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤2🔥1
🥁 Астанада Орталық әскери оркестрдің музыканттары қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің әскери қызметшілері «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында айрықша музыкалық қойылым ұйымдастырды.

🥁 В Астане музыканты Центрального военного оркестра поздравили казахстанцев с праздником Наурыз

В преддверии Наурыз мейрамы военнослужащие Центрального военного оркестра Национального военно-патриотического центра устроили яркое музыкальное выступление в торгово-развлекательном центре «Хан Шатыр».

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
21 наурыз – Ынтымақ күні 🤝
Талдықорғандағы 54380 әскери бөлімінің өзге ұлт өкілдерінің сарбаздарынан шын жүректен құттықтау 🇰🇿

Бірлік пен татулық – біздің басты құндылығымыз!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️🐕 Наурыз келгенде барша жер беті жанданып, қызғалдақтай құлпырады. Наурыз мейрамы – баршаға әсемдік сыйлайтын, әдемілік пен құнды салт-дәстүр тоғысқан ерекше мейрам.

Сіздерді Ақтау өңірлік гарнизонының Әскери полиция басқармасы Ұлы даламызға келіп жеткен шуақты да шырайлы Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤2🔥1
⚜️ Наурызнама: Қарулы күштердің әскери қызметшілері Ынтымақ күнін атап өтті
 
Қарулы күштердің барлық әскер бөлімдері мен құрамаларында «Наурызнама» онкүндігінің маңызды күндерінің бірі – Ынтымақ күніне арналған іс-шаралар өтті.

⚜️ Наурызнама: военнослужащие Вооруженных сил отметили День единства
 
Во всех войсках и соединениях Вооруженных сил прошли мероприятия, посвященные одному из ключевых дней декады Наурызнама – Дню единства.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤2🔥1
⚜️ Құрметті сарбаздар мен матростар,
сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар!
Қымбатты отандастар!


Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – жаңашылдық пен жасампаз рухтың жаршысы. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгел жанданады.
Наурыз – жаңа жыл мен жақсылықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Еліміз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың мерекесі.
Ұлтты ұйыстырып, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін бұл мейрам ежелден уақыт пен ұрпақ сабақтастығын айшықтап, бейбітшіліктің айқын нышанына айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен мемлекеттің тұрақты даму бағытындағы саясаты жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Бүгінде Қазақстан тәуелсіздігін берік бекітіп, азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеріп, халықаралық аренада лайықты орынға ие болуда.
Қазіргі таңда қоғамды бірлік пен келісім, патриотизм мен тарихи мұраға құрмет секілді негізгі қағидалар төңірегінде біріктіру ерекше маңызға ие болып отыр. Біз Тәуелсіздіктің осы құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны әрі қарай нығайтуға тиіспіз.
Қарулы күштердің жеке құрамы бұл міндетті абыроймен атқарып келе жатыр. Алдағы уақытта да солай боларына сенімдімін.
Жеке құрам өзінің жоғары кәсібилігімен әскери борышқа адалдық танытып, мемлекеттің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау туралы тапсырмаларды бұлжытпай орындауға дайын екенін ұдайы дәлелдеп келеді.
Бүгінгі көктем мерекесінде барша Қазақстан халқын, Қарулы күштердің жеке құрамын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтап, елімізге тыныштық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Әрдайым шаңырақтарыңыздан ырыс пен ынтымақ, игілік пен молшылық кетпесін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
👍18❤1🔥1