ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.5K subscribers
23.7K photos
7.63K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥳 Туған күніндерін сайлаудан бастады

Бүгін 68665 әскери бөлімінің сарбаздары Ерасыл Төлеген мен Арлан Тілеубековтің туған күні.

Туған күн иелері айтулы күнін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауларын жасаудан бастады. Сарбаздарға зор денсаулық, отбасыларына амандық және Отан алдындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖊️ Гвардейск гарнизонында әскери қызмет атқарып жүрген егіздер — Александр мен Арсений Зайцевтар, Нұрбол мен Айбол Ұлдахандар сайлауға қатысып, азаматтық таңдауларын жасады. Бірге қызмет етіп жүрген егіздер үшін бұл күн азаматтық жауапкершілігін танытып, ел болашағына өз үлесін қосқан маңызды сәт болды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🔥4👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында білім алып жатқан курсанттар мен сарбаздар Құрылтай сайлауына белсенді қатысты. 500-ден астам жас сайлау учаскесіне барып, өз азаматтық ұстанымын білдірді.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖊️ 44859 және 19033 әскери бөлімдерінде қызмет ететін және іссапармен келген әскери қызметшілер бүгінгі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Сарбаздар мен офицерлер таңертеңнен сайлау учаскелеріне ұйымдасқан түрде барып, дауыс берді. Әскери қызметшілер осылайша белсенділігі мен азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Ел болашағы – әр азаматтың таңдауынан басталады!

Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының 700-ден астам курсанты мен сарбазы Құрылтай сайлауына қатысып, өздерінің азаматтық белсенділігін танытты.

Жас әскери қызметшілер сайлау учаскелеріне барып, елдің қоғамдық-саяси өміріне өз үлестерін қосты. Бұл – Отанға қызмет етумен қатар, азаматтық жауапкершілікті де жоғары қоятын әскери жастардың айқын ұстанымы.

🇰🇿 Отанға қызмет – азаматтық жауапкершіліктен басталады!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4
🇰🇿 Астанада Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимараты ашылды

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне қатысты.

Орталық мұрағат 1997 жылы құрылған. Келер жылы оған 30 жыл толады. Бүгінде мұрағат қорында шамамен 27 миллион құжат сақтаулы, оның 128 мыңнан астамы цифрландырылған. Мұрағат материалдарында әскери құрылыс тарихы, Қарулы күштердің дамуы және Отан қорғаушылардың бірнеше буынының әскери қызметі сақталған.

– Әскери-тарихи мұраны сақтау – бүгінгі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір құжат әскер мен ел тарихының бір бөлігі. Мұндай заманауи жағдайлар тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етіп, оларға болашақта да қолжетімді болуға мүмкіндік береді, – деді Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов.


🇰🇿 В Астане открыли новое здание Центрального архива Министерства обороны

Министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов принял участие в открытии нового здания Центрального архива Министерства обороны.

Центральный архив был образован в 1997 году. В следующем году ему исполнится 30 лет. Сегодня в его фондах хранится около 27 млн документов, из которых более 128 тыс. уже оцифрованы. Архивные материалы отражают историю военного строительства, развитие Вооруженных сил и службу нескольких поколений защитников Отечества.

– Сохранение военно-исторического наследия – это ответственность перед нынешним и будущими поколениями. Каждый документ хранит часть истории нашей армии и страны. Создание современных условий для его сохранности позволит обеспечить доступ к этому наследию и в дальнейшем, – отметил министр обороны генерал-лейтенант авиации Даурен Косанов.


🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4🔥2
🏆 «Тіл – татулық тірегі»: әскери қызметшілер арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен қазақ тілі білгірлерінің сайысы Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы тіл айлығының шешуші кезеңі болды.

Байқау қорытындысы бойынша «Тәртіп сақшылары» командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1 миллион теңгелік сертификатпен марапатталды. Ал екінші орынды иеленген «Айбынды қырандар» командасына 750 мың, үшінші орын алған «Семсер» командасына 500 мың теңгелік сертификаттар табысталды. Басқа командалар да назардан тыс қалған жоқ. Барлығы Қорғаныс министрінің грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11