ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.4K subscribers
23.7K photos
7.64K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
🪖🕹 Дрондардан киберқауіпсіздікке дейін: Қазақстан армиясында «SARBAZ+» жобасы іске қосылды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметтің жаңа форматы – «SARBAZ+» жобасы енгізілуде. Жоба цифрлық құзыреттерді дамытуға, адами капиталды нығайтуға және жеке құрамның қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

🪖🕹 От дронов до кибербезопасности: в армии Казахстана стартовал проект «SARBAZ+»

В Вооруженных Силах Республики Казахстан внедряется новый формат срочной воинской службы — проект «SARBAZ+», направленный на развитие цифровых компетенций, человеческого капитала и повышение уровня безопасности личного состава.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤2🔥2😁1
76 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері отставкадағы генерал-майор Шацков Владимир Александрович дүниеден өтті.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.
Владимир Александрович жоғары жалпыәскери командалық училищенің курсантынан бастап «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысына дейін абыройлы қызмет жолынан өтті. Ол тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосып, жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және әскери борышына адалдығымен ерекшеленді.
Әріптестері мен жеке құрам арасында зор беделге ие болған Владимир Александрович офицерлердің бірнеше буынын тәрбиелеп, ар-намыс, адалдық және Отанға қызмет етудің үлгісін көрсетті. Әскерді басқару ісіндегі және жоғары жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етудегі елеулі еңбегі үшін ол II дәрежелі «Айбын» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды.
Әскери қызметін аяқтағаннан кейін Владимир Александрович Астана қаласының Әскери-техникалық мектебін басқарып, кадрларды даярлау және жастарды патриоттық тәрбиелеу ісін жалғастырды. "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Орталық кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Біз марқұмның жақындарының қайғысына ортақтасып, орны толмас ауыр қазаны бірге бөлісеміз. Владимир Александровичтің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгілік сақталады.

На 76-м году жизни скончался ветеран Вооруженных Сил Республики Казахстан генерал-майор в отставке Шацков Владимир Александрович.

Руководство Министерства обороны и личный состав Вооруженных Сил выражают глубокие соболезнования родным и близким Владимира Александровича.
Он прошел достойный служебный путь — от курсанта высшего общевойскового командного училища до командующего региональным командованием «Астана». Внес значительный вклад в становление и развитие Вооруженных Сил независимого Казахстана, проявив высокий профессионализм, ответственность и преданность воинскому долгу.
Пользуясь заслуженным авторитетом среди коллег и личного состава, Владимир Александрович воспитал не одно поколение офицеров, являясь примером чести, порядочности и верности служению Отечеству. За значительные заслуги в деле руководства войсками и обеспечения высокой боевой готовности он был награждён орденами «Айбын» II степени и «Құрмет».
После завершения военной службы Владимир Александрович возглавлял Военно-техническую школу города Астаны, продолжив работу по подготовке кадров и патриотическому воспитанию молодёжи. Входил в состав Президиума Центрального совета РОО "Ветераны Вооруженных Сил".
Мы глубоко скорбим и разделяем боль утраты с родными и близкими. Светлая и добрая память о Владимире Александровиче навсегда сохранится в наших сердцах.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏33❤9👍5🔥2😭2
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер, генералдар мен адмиралдар! Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің атынан және жеке өз атымнан сіздерді еліміздің егемендігін, бірлігі мен болашағы үшін жауапкершілікті айқындайтын мемлекеттік мереке — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күн — тек маңызды тарихи дата ғана емес, сонымен қатар халқымыздың еркіндік пен дербестікке деген ғасырлар бойғы асыл арманының көрінісі. Тәуелсіздік қазақ халқы бастан өткерген ауыр сынақтар арқылы, ұлттық болмысын, мәдениетін және әділеттілікке деген ұмтылысын сақтай отырып, зор қажыр-қайраттың нәтижесінде қол жеткізілген қасиетті құндылық.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Тәуелсіздік — бұл жай ғана саяси мәртебе емес, ол тұрақты қорғауды, нығайтуды және саналы жауапкершілікті талап ететін ең қастерлі құндылық». Бұл сөздер еліміздің тарихи таңдауы мен стратегиялық даму бағытының мәнін толық ашып көрсетеді.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халықаралық қатынастардың беделді әрі жауапты қатысушысы ретінде қалыптасып, қауіпсіздік, экономика, гуманитарлық ынтымақтастық, білім мен ғылым салаларында өзара ықпалдастықты жүйелі түрде нығайтып келеді. Елде жүргізіліп жатқан реформалар ұзақ мерзімді дамуға бағдарланған, қуатты, орнықты және әділетті мемлекет құруға бағытталған.

Қазақстанның түрлі этностар мен мәдениеттердің ортақ үйіне айналып, қоғамдық келісімді, өзара құрмет пен жоғары азаматтық жауапкершілікті сақтап қалғанын біз заңды түрде мақтан тұтамыз.

Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығын және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қарулы Күштердің орны айрықша. Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік архитектурасы өзгеріп отырған жағдайда еліміздің армиясы ұтқыр, кәсіби әрі заманауи технологиялармен жарақталған құрылымға жүйелі түрде трансформациялануда. Әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, басқару жүйесін дамытуға, жеке құрамды даярлаудың заманауи тәсілдерін енгізуге және әскерді жарақтандыруға басымдық берілуде.

Халықтың бірлігі, Қарулы Күштер жеке құрамының кәсібилігі, әскери ант пен борышқа адалдық алдағы уақытта да Отанымыздың тәуелсіздігі мен тұрақтылығының берік негізі болатынына сенімдімін.

Осы мерекелі күні Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына және барша отандастарымызға мықты денсаулық, амандық, ертеңгі күнге деген сенім және ашық аспан, бейбіт өмір тілеймін.

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов
👍24❤3🔥3
Уважаемые солдаты и сержанты, офицеры, генералы и адмиралы! Дорогие соотечественники!

От имени Министерства обороны и от себя лично сердечно поздравляю вас с Днем Независимости Республики Казахстан — государственным праздником, символизирующим суверенитет, единство и ответственность за будущее нашей страны.

Этот день — не только важная историческая дата, но и выражение многовековой мечты нашего народа о свободе и самостоятельности. Независимость была обретена ценой тяжелых испытаний, через которые прошел казахский народ, сохранив свою идентичность, культуру и стремление к справедливости.

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев справедливо отмечал: «Независимость — это не просто политический статус, а величайшая ценность, которая требует постоянной защиты, укрепления и осознанной ответственности». Эти слова в полной мере отражают суть нашего исторического выбора и стратегического курса государства.

За годы независимости Казахстан утвердился как авторитетный и ответственный участник международных отношений, последовательно укрепляющий сотрудничество в сфере безопасности, экономики, гуманитарного взаимодействия, образования и науки. Проводимые в стране реформы направлены на формирование сильного, устойчивого и справедливого государства, ориентированного на долгосрочное развитие.

Мы по праву гордимся тем, что Казахстан стал общим домом для представителей разных этносов и культур, сумел сохранить общественное согласие, взаимное уважение и высокий уровень гражданской ответственности.

Особая роль в обеспечении суверенитета, территориальной целостности и национальной безопасности Республики Казахстан принадлежит Вооруженным Силам. В условиях меняющейся архитектуры глобальной и региональной безопасности армия страны последовательно трансформируется в мобильную, профессиональную и технологически оснащенную структуру. Приоритетное внимание уделяется повышению уровня боевой готовности, развитию системы управления войсками, внедрению современных подходов к подготовке личного состава и оснащению войск.

Убежден, что сплоченность народа, профессионализм личного состава Вооруженных Сил, верность присяге и воинскому долгу и впредь будут надежной основой независимости и стабильности нашей Родины.

В этот праздничный день желаю всему личному составу Вооруженных Сил и всем соотечественникам крепкого здоровья, благополучия, уверенности в завтрашнем дне и мирного неба над головой.

С уважением,
Министр обороны Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации Д. Косанов
👍19❤6🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Ұлы Даланың өшпес рухы – ерлік дәстүрін жалғаған қазақ жауынгердің жүрегінде. Дархан даладағы тұлпардың екпіні мен ер жігіттің бейнесінде – халықтың туған жермен ғасырлар бойғы айнымас жарастығы қайта түрленіп, жан біткендей болады.

🇰🇿 Дух Великой степи живет в сердце казахстанского воина – достойного продолжателя традиций мужественных батыров. В стремительном беге коня, несущего всадника вперед по широким просторам, оживает вековое единство народа с родной землей.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥9❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстандық бітімгерлер өздерінің әскери және азаматтық борышын абыроймен атқара отырып, қақтығыс аймақтарында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Олар халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, еліміздің әлемдік аренадағы беделін арттыруға қызмет етуде. Ұлттық контингент атынан Сирияда бітімгерлік миссияны орындап жүрген штаб-сержант Асылхан Дулатов отандастарын мерекемен құттықтады. Ол Тәуелсіздік күні – халқымыздың егемендігі мен бірлігінің, күш-қуатының, ұлттық құндылықтарға адалдығының және ел болашағы үшін жауапкершіліктің символы екенін атап өтті.

🇰🇿 Казахстанские миротворцы с честью выполняют свой воинский и гражданский долг, внося вклад в поддержание мира и стабильности в зонах конфликтов, укрепляя международную безопасность и авторитет страны на международной арене. От лица национального контингента штаб-сержант Асылхан Дулатов, выполняющий миротворческую миссию в Сирии, поздравил соотечественников со знаменательной датой. Он подчеркнул, что День Независимости – это символ суверенитета, единства и силы нашего народа, верности национальным ценностям и ответственности за будущее страны.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🔥4❤2❤‍🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Отанға қызмет ету — оны қорғау, қалқан болу! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👍8🤝4
🇰🇿 Қарулы күштердің әскери қызметшілері Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қарулы күштердің түрлерінде, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдерде, мекемелер мен әскери оқу орындарында салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.

🇰🇿 Военнослужащие Вооруженных сил отметили День Независимости

Во всех видах Вооруженных сил, войсках региональных командований, войсковых частях, учреждениях и военных учебных заведениях прошли торжественные мероприятия.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15🔥4❤1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🕹️ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметтің жаңа форматы – «SARBAZ+» жобасы енгізілуде. Жоба цифрлық құзыреттерді дамытуға, адами капиталды нығайтуға және жеке құрамның қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

🕹️ В Вооруженных Силах Республики Казахстан внедряется новый формат срочной воинской службы — проект «SARBAZ+», направленный на развитие цифровых компетенций, человеческого капитала и повышение уровня безопасности личного состава.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤4🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы лейтенант Нұржанат Мұхамет  барша отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, әскеріміздің айбыны арта берсін!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤3🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Тәуелсіздік – бабалар аңсаған, ұрпақтың қолы жеткен киелі мереке. Тәуелсіздік – таңбасы таста, тамыры жерге жайылған құдіретті ұғым!
Бірлігі жарасқан елдің ержүрек сарбаздары - ел ертеңінің тірегі.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Ел тыныштығының қорғаны – талдықорғандық көк қырандары отандастарын Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтады.
Жасампаздыққа жетелейтін ерлік пен қайсарлықты дәріптеп жүрген десантшылар Отанымыздың өркендеуі жолында қызметтеріне адал.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🔥4❤3😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Тәуелсіздік күнімен,Отанымыз Қазақстан!
16 желтоқсан - мемлекеттіміздің күші халықтың бірлігінде,ата-баба жеріне деген сүйіспеншілікте және болашаққа деген сенімде екенін айшықтайтын айтулы мереке.
Осы орайда 41321 әскери бөлімінде Отан алдындағы борыштарын өтеп жүрген сарбаздар өз құттықтауларын рухты өлеңмен жеткізді.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🔥2❤1
🇰🇿 Тәуелсіздік тарихы – мәдениет пен әскери қызмет айнасы арқылы
Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ел ұраны» атты салтанатты көрме өтті.

🇰🇿 История Независимости — сквозь призму культуры и воинской службы
В Национальном центральном музее Республики Казахстан состоялось торжественное выставочное мероприятие «Тәуелсіздік – ел ұраны», приуроченное к празднованию Дня Независимости Республики Казахстан.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥5❤1