ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.5K subscribers
23.7K photos
7.63K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Аягөз гарнизонындағы 41446 әскери бөлімінде Ұлыстың ұлы күні аталып өтті. Әскери бөлім аумағында киіз үйлер тігіліп, ақ дастархан жайылды.
Бөлім қолбасшылығы жеке құрамды Наурыз мерекесімен құттықтап, ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздарға алғыс білдірді. Өнерлі жауынгерлердің орындауындағы  ән-күйлер мен ұлттық ойындар мерекенің мәнін аша түсті.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤10🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Армысыздар! Назарларыңызға Қазақстан Қарулы Күштерінде өткен аптаның негізгі оқиғаларын ұсынамыз.

🇰🇿 Апта басында Қорғаныс министрі, авиация генерал - лейтенанты Дәурен Қосанов Астанадағы Арнайы операциялар күштерінің әскери бөлімдерін тексеріп, әскери инфрақұрылымның жай-күйі мен жауынгерлік дайындық деңгейін бағалады. Сонымен қатар Бас штаб комиссиясы батыс өңірлердегі әскери бөлімдерге барып, Атырау және Ақтау гарнизондарының қызметін тексерді.

🇰🇿 Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл 21 мыңнан астам жас азамат Қарулы күштер мен өзге де әскери құрылымдар қатарына қосылады. Қорғаныс министрлігінде өткен кеңесте шақыру жүйесін жетілдіру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

🇰🇿 Жауынгерлік дайындық барлық бағытта жалғасты. Гвардейск гарнизонында сарбаздар Т-72 танкісімен штаттық атыстар орындады. Десанттық-шабуылдау әскерлері далалық жаттығулардан өтіп, түрлі тапсырмаларды пысықтады. Каспий теңізіндегі Қазақстан секторында Әскери-теңіз күштерінің қатысуымен оқу-жаттығу өтіп, теңіздегі нысандарды қорғау және бөлімшелердің өзара іс-қимылы пысықталды. Әскери қызметшілер шартты түрде басып алынған кемені босату тапсырмасын орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Құрлық әскерлерінің әскери институтында курсанттар алғашқы парашюттік секіруін орындады.

🇰🇿 Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бағытында да жүйелі жұмыстар жалғасты. Астанада Қорғаныс министріне Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштеріне арналған заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды. Жаңа технологиялар оқу-жаттығу процесін жетілдіріп, жауынгерлік дайындықты шынайы жағдайға барынша жақындатуға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыстың жалғасы ретінде күні Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров отандық ІТ-компаниялармен киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл қадам Қарулы күштердің ақпараттық қорғанысын күшейтіп, цифрлық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға бағытталған.

🇰🇿 Наурызнама онкүндігі аясында әскери бөлімдерде мәдени және әлеуметтік іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер ұлттық киім киіп, дәстүрлерді дәріптеді. Қайырымдылық акциялары өткізіліп, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді. Ал Жаңару күні Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтың қатысуымен гарнизондарда сенбіліктер ұйымдастырылып, жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

🇰🇿 Сонымен қатар әскери спортшылар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, жыл басынан бері жүзден астам медаль жеңіп алды.

🇰🇿 Наурыз – жаңару мен бірліктің символы. Әскер үшін де ынтымақ пен бірлік – жауынгерлік дайындықтың негізі. Қарулы Күштер еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмысын жалғастыруда.

🇰🇿 Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, бірлік пен татулық тілейміз!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте 35748 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекеге ардагерлер, әскери қызметшілердің отбасылары мен қонақтар қатысты. Концерттік бағдарлама, ұлттық салт-дәстүр көріністері, ойындар мен ұлттық тағамдар, соның ішінде Наурыз көже ұсынылып, шара бірлік пен жаңарудың ерекше атмосферасында өтті.

В Шымкенте военнослужащие войсковой части 35748 встретили день весеннего равноденствия. Праздник прошёл с участием ветеранов, семей военнослужащих и гостей: концертная программа, национальные обряды и игры, угощения и Наурыз коже. Атмосфера единства, традиций и весеннего обновления объединила всех участников.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤5🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚓️ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшылығының жеке құрамы Әз–наурыз мерекесін ерекше атап өтті.

Әскери теңізшілер "Қыз ұзату", "Бесікке бөлеу" салттарын көрсетіп, салт – дәстүрлерді дәріптеді. Теңізшілер мерекелік іс- шара соңында бата беріп, барлық Қарулы Күштердің жеке құрамына молшылық пен ынтымақ тіледі.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍17❤2🔥2👏2😍1💯1
⚜️ Тазару күні – экологиялық һәм рухани жаңғырудың белгісі.

Бұл күн әскери қызметшілер үшін тек қоршаған ортаны тазарту ғана емес, ішкі тәртіп пен рухани тазалығын да дәріптейтін мереке саналады. Сол себепті табиғатты қорғау және ішкі жан дүниені жаңғырту идеясы осы күннің негізгі ұранына айналған.

Әскери ұжымдарда бұл мереке бір күндік іс-шарадан тыс, тұрақты әдетке айналған. Себебі қоршаған ортаны аялау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің бір бөлігі әрі әскери қызметшілердің тәртібінің маңызды өлшемі.
Наурызнаманың соңғы күнінде гарнизондарда тазалық эстафетасы басталып, қаланың көрікті жерлері, саябақтар мен әскери бөлім аумағы мерекеден кейінгі қалдықтардан тазартылады. Осылайша Отан қорғаушылары жалпыұлттық сенбілікке белсенді қатысып, экологиялық мәдениет пен ұжымдық тәртіпті насихаттайды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2🔥1
🇰🇿 Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында Наурызды атап өтті

Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Голан жоталарында халықаралық миссияға қатысушылар үшін мәдени-ағартушылық іс-шара ұйымдастырды.

🇰🇿 Казахстанские миротворцы отметили Наурыз на Голанских высотах

На Голанских высотах военнослужащие Вооруженных сил Казахстана организовали культурно-просветительское мероприятие для участников международной миссии.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤1🔥1😭1
⚜️Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Наурызнаманың соңғы күні – Тазару күні Қарулы күштердің әскери қызметшілері ағаш отырғызу, аумақты тазалау және абаттандыру акцияларын өткізді.

⚜️ В День очищения военнослужащие провели в гарнизонах экологические акции

В завершающий день декады Наурызнама – Тазару күні военнослужащие Вооруженных сил провели акции по посадке деревьев, очистке и благоустройству территорий.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤1🔥1😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Наурызнама: колледждегі тазалық акциясы

Наурызнама онкүндігінің соңғы күні – Тазару күні Сабыр Рақымов атындағы әскери колледжде экологиялық акция өтті. Әскери қызметшілер, тәрбиеленушілер мен оқытушылар бірлесе отырып, аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаның тазалығы мен жаңаруына өз үлестерін қосты.

⚜️Наурызнама: акция чистоты в колледже

В завершающий день декады Наурызнама – Тазару күні (День очищения) – в Военном колледже имени Сабыра Рахимова прошла экологическая акция. Военнослужащие, воспитанники и преподаватели вместе благоустроили территорию, внеся вклад в чистоту и обновление окружающей среды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤2🔥1
🇰🇿 Қорғаныс министрінің орынбасары 47007 әскери бөлімін және бірқатар үздік әскери қызметшілерді марапаттады

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтің шешімен жоғары жауынгерлік дайындық көрсеткіштері және маңызды нысандарды күзетудегі сапалы қызметі үшін 47007 әскери бөлімі мен бірқатар әскери қызметшілер марапатталды.

🇰🇿 Заместитель министра обороны поощрил войсковую часть 47007 и лучших военнослужащих

За высокие показатели в боевой подготовке и качественное выполнение задач по охране важных объектов заместитель министра обороны по воспитательной и идеологической работе генерал-майор Аскар Мустабеков распорядился о поощрении войсковой части 47007 и ряда военнослужащих.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤2🔥1