Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына баса мән беретінін жеткізді
t.me/aqorda_resmi
– Алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр. Мемлекетіміздің басты құндылықтарын жете түсініп, жүрекпен қабылдайтын жастар тәрбиелеуіміз керек. Бұл құндылықтар – Тәуелсіздік пен Егемендік, елдің аумақтық тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары, Қазақстанды Әділ, Құқықтық және Озық мемлекетке айналдыру. Әскер қатарындағы қызмет шынайы патриоттарды тәрбиелейтін маңызды, тіпті, басты мектепке айналғаны жөн. Дәл осы себепті әскери дәстүрлерді «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» қағидатына сай жаңғырту жөніндегі бастамаға қолдау білдірдім. Бұдан былай әскерге шақыру, ант қабылдау және әскери қызметтен босату секілді үш кезең мемлекеттік протокол тәжірибесіне сәйкес жаңа форматта, ерекше салтанатпен ұйымдастырылады. Мұндай есте қаларлық рәсімдер аталған іс-шаралардың мән-маңызын арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтады. Сонымен қатар жастар арасында және жалпы қоғамда әскердің беделін айтарлықтай көтереді. Сарбаз болу – зор мәртебе. Қарулы күштер сапында борышын өтеген әр азамат көпшілік құрметіне бөленуі керек. Баршамыз бірге күш жұмылдырсақ, ата-аналар әскери саланы таңдаған ұл-қыздарын мақтан тұтатындай жағдайға жететінімізге сенімдімін. Басқаша айтқанда, Отан алдындағы жауапкершілік барлық салада жоғары деңгейде адал еңбек етуден көрінеді. Әскери қызмет те осы санатта. Мемлекеттік рәміздерге құрмет және азаматтық жауапкершілік жастар дүниетанымының өзегіне айналуға тиіс. Соғыс өрті тұтанып, әскери қақтығыстар ушыққан, мемлекеттер санкциядан көз ашпаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Әлемдегі ахуалды алдын ала болжау барған сайын қиындап барады. Осындай кезде ел келешегіне енжар қараудың салдары кейін өзімізге ауыр тиюі мүмкін, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
👍9🔥3❤1😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, Казахстан уделяет большое внимание всестороннему развитию подрастающего поколения
t.me/aqorda_resmi
– Перед нами стоит задача стратегической важности – воспитывать молодежь, которая понимает и близко к сердцу воспринимает главные ценности нашего государства: Независимость, Суверенитет, территориальную целостность страны, законные права и свободы наших граждан, превращение Казахстана в Справедливое, правовое, прогрессивное государство. Служба в армии должна стать важнейшим, ключевым этапом воспитания подлинных патриотов. Поэтому я поддержал инициативу, направленную на модернизацию армейских традиций в соответствии с принципом: «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» («Ответственный гражданин – Воин – Защитник Отечества»). Отныне три главных этапа воинской службы – призыв, принятие присяги и демобилизация – будут проходить в новом формате, торжественно в соответствии с государственной протокольной практикой. Новый церемониал придаст этим важным вехам особое значение и символизм, укрепит преемственность поколений и существенно повысит авторитет армии как среди молодежи, так и в обществе в целом. Быть солдатом – это высокая честь, и каждый, кто достойно отслужил в рядах Вооруженных сил, должен пользоваться почетом и признанием нашего общества. Мы все вместе сделаем так, чтобы родители гордились своими сыновьями и дочерьми, выбравшими воинскую стезю. Другими словами, деятельный, ответственный патриотизм –это добросовестная работа на всех участках, включая воинскую службу. Уважение к государственным символам и гражданская ответственность должны стать основой мировоззрения каждого молодого человека. В современном мире, где бушуют войны, разгораются военные конфликты, налагаются санкции на государства, а глобальная обстановка становится все более непредсказуемой, равнодушие к собственной стране может обернуться тяжелыми последствиями для нас самих, для наших граждан, – подчеркнул Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
👍11🔥3❤1😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент елімізде жасақталған «Жас сарбаз» қозғалысының айрықша рөліне назар аударды
✔️ Мемлекет басшысы аталған ауқымды жоба осы жылдар аралығында нағыз патриотизм мектебіне айналғанын, мыңнан аса жігіттер мен қыздарды бір тудың астына біріктіргенін айтты.
t.me/aqorda_resmi
– Озық құндылықтарды дәріптейтін ұйымның қатарында 280 мыңнан астам мектеп оқушысы және студент бар. Әскери-патриоттық бірлестіктерде тәрбие алған азаматтардың көбі болашақ өмірін әскери қызметпен, құқық қорғау органдарымен және ұлттық қауіпсіздік жүйесімен байланыстырады. Мен Мемлекет басшысы ретінде жастарымыздың осындай ұмтылысын толық қолдаймын. Сіздердің араларыңызда қазірдің өзінде елеулі табысқа қол жеткізіп, құрдастары мен ізінен ерген інілеріне үлгі көрсетіп жүрген жандар бар. Бүгін осы жиынға Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтын тәмамдаған үздік түлек Арман Оңдасынов қатысып отыр. Жақында Мемлекеттік рәміздер күні аясында оған аға лейтенант офицерлік атағын өз қолыммен табыстадым. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға «Айбын» халықаралық жарысының өткен жылдардағы жеңімпаздары келді. Жыл сайынғы әскери-патриоттық жиында еліміздің әр өңірінің және достас елдердің талантты жастары бас қосады. Мұның мәні зор. Орайлы сәтті пайдаланып, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан елдерінен келген қонақтарымызға бастаманы қолдап, оған белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
– Жастар мұнда әділ бәсекеге түсіп, темірдей тәртіптің не екенін біледі. Қысылтаяңда бір-біріне қол ұшын созуға және командада жұмыс істеуге үйренеді. Жарыстар тек физикалық төзімділік пен күшті ғана сынап қоймайды, ақыл-ой ұшқырлығын, тапқырлық пен шығармашылық қабілетті де шыңдайды. Сондықтан «Айбын» жиынының ең басты миссиясы – Қарулы күштер қатарында кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалды элита қалыптастыру. Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтады. Өзара тілеулeстікті күшейтіп, халықтарымыз арасындағы достық, бірлік және түсіністік қағидаттарының беки түсуіне септігін тигізеді, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2🔥2😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Далее в выступлении был отмечен вклад движения «Жас сарбаз» в патриотическое воспитание молодежи
✔️ По словам Президента, этот масштабный проект стал настоящей школой патриотизма, собрав под своими знаменами свыше тысячи парней и девушек.
t.me/aqorda_resmi
– Важную роль в формировании прогрессивной системы ценностей играет движение «Жас сарбаз», объединяющее в своих рядах более 280 тысяч школьников и студентов по всей стране. Многие участники военно-патриотических клубов связывают свою судьбу с военной службой, правоохранительными органами и системой национальной безопасности. Как Глава государства я всецело поддерживаю это стремление нашей молодежи. Некоторые из вас уже добились серьезных успехов и являются примером для своих последователей и сверстников. Здесь среди нас находится лучший выпускник Военного института Сухопутных войск имени Сагадата Нурмагамбетова – Арман Ондасынов. Недавно, в День государственных символов, я лично присвоил ему первое офицерское звание – старший лейтенант. На сегодняшнем мероприятии также присутствуют победители международных состязаний «Айбын» прошлых лет. Особую ценность имеет то, что наши ежегодные военно-патриотические сборы объединили талантливую молодежь из разных регионов Казахстана и дружественных государств. Пользуясь случаем, хочу выразить признательность нашим гостям из России, Узбекистана, Кыргызстана, Азербайджана за активное участие и поддержку данной инициативы, – сказал Глава государства.
– Здесь в условиях честной борьбы молодые люди познают основы железной дисциплины, учатся чувству локтя и оттачивают умение работать в команде. Сами состязания служат проверкой не только физической выносливости и силы, но и гибкости ума, смекалки и творческого потенциала. Поэтому главная миссия сборов «Айбын» – формирование высокопрофессиональной, интеллектуальной элиты Вооруженных сил. Такие встречи укрепляют международное сотрудничество, развивают дух солидарности и способствуют дальнейшему укреплению дружбы, единства и взаимопонимания между народами, – считает Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥3❤1😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шараға қатысушыларды «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының аяқталуымен құттықтады
t.me/aqorda_resmi
– Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Ерлік – елдің қасиеті» деген қанатты сөзі бар. Елге қызмет білімге ұмтылудан, қоршаған ортаға қамқор болудан, келешек алдындағы жауапкершілікті терең сезінуден басталады. Сондықтан әрбір Отан қорғаушы азамат көзі ашық, көкірегі ояу, елге жанашыр, антқа адал, талапты әрі табанды болуға тиіс. Осы күндері сіздер нағыз достық пен өзара құрметтің, ұйымшылдық пен мызғымас бірліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер. Жарайсыздар! Жеңімпаз болған командаларды шын жүректен құттықтаймын! Рухты жастардың осылай бір алаңда бас қосып, тәжірибе алмасуы мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен сенімді нығайта түсері сөзсіз. Әр сарбаздың айбыны асқақ болсын! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Қасиетті Отанымыз – Қазақстанның аспаны ашық, болашағы жарқын болсын! – деп түйіндеді сөзін Президент.
t.me/aqorda_resmi
👍10🔥3❤2😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
👍11🔥4❤3😁1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
👍11❤4🔥3😁2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Айбын» ХІI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны
📍 Ақмола облысы, Щучинск қаласы
****
ХІI Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын»
📍 город Щучинск, Акмолинская область
🎦 t.me/aqorda_resmi
****
ХІI Международный военно-патриотический сбор молодежи «Айбын»
🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥5❤4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды
🟦 Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты.
🟦 Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған «Айбын» кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.
🟦 Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.
🟦 Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация қондырғылары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.
🟦 Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.
➡️ Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.
t.me/aqorda_resmi
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤6🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
👍9🔥3❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
👍10❤3🔥3