ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.4K subscribers
23.7K photos
7.64K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
🇰🇿 Сағадат Нұрмағамбетовтің 100-ден астам құнды жәдігері Әскери-тарихи музей қорына тапсырылды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке тиесілі 100-ден астам бірегей жәдігер Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанындағы Әскери-тарихи музей қорын толықтырды.

– Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің жеке заттарын Әскери-тарихи музей қорына тапсыру – халқымыздың әскери мұрасын сақтауға бағытталған маңызды қадам. Бұл жәдігерлер – жай ғана музей экспонаттары емес, тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің қалыптасу тарихын, Отанға адал қызмет еткен көрнекті қолбасшы әрі мемлекет қайраткерінің өнегелі өмір жолын айшықтайтын асыл мұра, – деді Қорғаныс министрі.


🇰🇿 В Военно-исторический музей переданы более 100 реликвий Сагадата Нурмагамбетова

Более 100 уникальных реликвий первого министра обороны Казахстана, Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерала армии Сагадата Нурмагамбетова пополнили фонд Военно-исторического музея Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил.

– Передача личных вещей первого министра обороны Казахстана Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерала армии Сагадата Кожахметовича Нурмагамбетова в фонд Военно-исторического музея – это важный шаг на пути сохранения военного наследия нашего народа. Для нас это не просто музейные экспонаты – это живая история становления Вооруженных сил независимого Казахстана, память о выдающемся полководце и государственном деятеле, который посвятил свою жизнь служению Родине, – отметил министр обороны.


🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍15❤2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Тоқтар Әубәкіровтің аспанға деген сүйіспеншілігі мектеп жасында пайда болды. Ұшуға деген талпынысы оны алдымен авиациядағы алғашқы қадамдарын жасаған аэроклубқа, кейін Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесіне алып келді. Дәл осы жерде болашақ ұшқыш-сынақшының кәсіби шеберлігі, мықты тәртібі мен қайсар мінезі қалыптасты. Жастық шағында жинаған білімі, тәжірибесі мен шыңдалуы Тоқтар Әубәкіровтің отандық ғарыш тарихында ерекше орын алуына берік негіз болды.

🇰🇿 Любовь к небу у Тохтара Аубакирова зародилась в школьные годы. Стремление к полету привело его сначала в аэроклуб, где он сделал первые шаги в авиации, а затем – в Армавирское высшее военное авиационное училище летчиков. Именно здесь формировались профессиональное мастерство, железная дисциплина и характер будущего летчика-испытателя. Знания, опыт и закалка, приобретенные в юности, стали прочным фундаментом выдающихся достижений, вписавшим имя Тохтара Аубакирова в историю отечественной космонавтики.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥3❤2
🇰🇿 Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған волейбол турнирі: Генералдар командасы жеңімпаз атанды

Астанада Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері арасында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған волейбол турнирі өтті.

🇰🇿 Команда Совета генералов стала победителем турнира по волейболу в честь 80-летия Тохтара Аубакирова

В Военном колледже имени Сагадата Нурмагамбетова в Астане состоялся турнир по волейболу среди военнослужащих и ветеранов Вооруженных сил, посвященный 80-летию Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерал-майора авиации Тохтара Аубакирова.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста!

Кеңес Одағының Батырынан – Гиннестің рекордтар кітабына дейін

Ғарышта ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер жүргізу Тоқтар Әубәкіровтен асқан батылдықты, темірдей төзімділік пен мінсіз кәсіби даярлықты талап етті. Осындай ерекше қасиеттерінің арқасында сынақшы-ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімі әлемдік авиация тарихына алтын әріптермен жазылды.

🇰🇿 Тохтару Аубакирову - 80 лет!

От Героя Советского Союза – до Книги рекордов Гиннесса

Проведение научных исследований и экспериментов в космосе потребовало от него исключительного мужества, железного самообладания и безупречной профессиональной подготовки. Благодаря этим качествам имя летчика-испытателя и космонавта Тохтара Аубакирова вписано золотыми буквами в историю мировой авиации.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20🔥5❤3
🇰🇿 Ғарышты бағындырған авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста

Бүгін, 27 шілде күні, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 80 жасқа толды.

🇰🇿 Покорителю космоса генерал-майору авиации Токтару Аубакирову – 80 лет

Сегодня, 27 июля, исполнилось 80 лет первому казахстанскому космонавту, Герою Советского Союза, Халық қаһарманы, выдающемуся государственному и общественному деятелю генерал-майору авиации Токтару Онгарбаевичу Аубакирову.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🔥5❤3