ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.4K subscribers
23.7K photos
7.64K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Тоқтар Әубәкіров бағындырған көк аспанның бүгінгі иелері – қазіргі жас буын ұшқыш офицерлер. Талдықорған гарнизонындағы 21751 әскери бөлімінің ұшқыш-штурманы лейтенант Асар Қосмұрат үшін батырдың өнегесі – болаттай тәртіп пен аспанға деген шексіз сүйіспеншіліктің темірқазығы. Жас офицер аға буын салған даңқты жолды адал жалғастырып келеді.

🇰🇿 Сегодня эстафету покорения неба, начатую легендой отечественной авиации Токтаром Аубакировым, продолжает новое поколение офицеров. Для летчика-штурмана войсковой части 21751 Талдыкорганского гарнизона лейтенанта Асара Космурата казахстанский герой Токтар Аубакиров является примером профессионального мастерства, преданности делу и безграничной любви к Родине. Молодой офицер достойно продолжает славный путь старшего поколения летчиков.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍16🔥3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Астанада авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровке құрмет көрсетілді

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтің 80 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Мерейтой иесіне ел басшылығы, Қорғаныс министрлігі, шетелдік меймандар, қарулас жолдастары, етжақын бауырлары атынан ыстық ықылас пен ізгі тілектер жолданды.

Жиынға қатысушылар тұңғыш қазақ ғарышкерінің өмір жолы мен қызметіне арналған тақырыптық көрмені тамашалап, оның ғибратты тағдыры мен кәсіби қырынан сыр шертетін деректі фильмді тамашалады.
Салтанатты іс-шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы шығармашылық ұжымының мерекелік концертімен түйінделді.

🇰🇿 В Астане чествовали генерал-майора авиации Токтара Аубакирова

В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил состоялось торжественное мероприятие, посвященное 80-летию Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерал-майора авиации Токтара Аубакирова. Искренние пожелания прозвучали в адрес юбиляра от имени руководства страны, Министерства обороны, зарубежных гостей, соратников, родных и близких. Гости ознакомились с тематической выставкой, посвященной жизненному пути, летной и космической деятельности первого казахстанского космонавта, посмотрели документальный фильм о его судьбе и профессиональном пути. Завершилось торжество праздничным концертом с участием творческого коллектива Национального военно-патриотического центра Вооруженных сил.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥7❤4
🇰🇿 Алматыда соғыс ардагері Илья Кудинді туған күнімен құттықтады

Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Григорьевич Кудинді 99 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

– Ең бастысы – бейбітшілікті сақтау. Біз соғыстың зардабын жақсы білеміз. Жас ұрпаққа Отанын сүюді, үлкенді құрметтеуді және еліміздің аспаны әрдайым ашық болуы үшін еңбек етуді тілеймін, – деді ардагер.


🇰🇿 В Алматы ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения

Военнослужащие департамента по делам обороны города Алматы и управления по делам обороны Жетысуского района поздравили фронтовика Илью Григорьевича Кудина с 99-летием.

– Самое главное – беречь мир. Мы слишком хорошо знаем цену войны. Желаю молодому поколению любить свою Родину, уважать старших и делать все, чтобы над нашей землей всегда было мирное небо, – сказал он.


🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18❤3🔥2😁2
🇰🇿 Әскери прокурорлар мен психологтар әскери қызметшілер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мәселелерін талқылады

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери ортадағы жағымсыз құбылыстардың алдын алудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Шараға Астана қаласының Психикалық денсаулық орталығының, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының, Ақмола гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің өкілдері қатысты.

🇰🇿 Военные прокуроры и психологи обсудили вопросы профилактики кризисных состояний среди военнослужащих

В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил состоялось межведомственное совещание, посвященное выработке единых подходов к профилактике негативных явлений в армейской среде.

В нем приняли участие представители Центра психического здоровья города Астаны, межведомственной рабочей группы по профилактике правонарушений, воинских частей и учреждений Акмолинского гарнизона.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥4❤1
🇰🇿 Қазақстандық мерген Қытайдың әскери академиясын үздік аяқтады

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық басқармасының нұсқаушы сержанты 3-сыныпты сержант Нұрсұлтан Зейнелханов Қытай Халық Республикасының әскери академиясын үздік бітірді.

🇰🇿 Казахстанский военнослужащий-снайпер с отличием окончил военную академию Китая

Военнослужащий Сухопутных войск Вооруженных сил РК сержант-инструктор управления боевой подготовки управления командующего Регионального командования «Юг» сержант 3 класса Нурсултан Зейнелханов с отличием завершил обучение в военной академии Китайской Народной Республики.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20🔥4❤3
🇰🇿 Әскери қызмет сарбаз көзімен: Қорғаныс министрлігі «Сарбаз күнделігі» медиажобасын іске қосты

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Сарбаз күнделігі» атты жаңа медиажобаны іске қосты. Жоба мерзімді әскери қызметтің алғашқы күнінен бастап запасқа шығарылғанға дейінгі кезеңін көрсетеді.

🇰🇿 Служба глазами призывников: Министерство обороны запустило медиапроект «Дневник солдата»

Министерство обороны Республики Казахстан запустило новый медиапроект«Дневник солдата», посвященный тому, как проходит срочная военная служба с первых дней в армии и до увольнения в запас.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤4🔥4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубакіровтің туған жері – Қарағанды облысында Тұңғыш қазақ ғарышкерінің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Мерекелік бағдарлама аясында «Ғарышты бағындырғандар» монументіне гүл шоқтары қойылып, «Ғарышқа самғаған қазақ» көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Достық үйінде батырмен кездесу өтіп, «Аспан адамы» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылды.

🇰🇿 На Родине первого казахстанского космонавта Героя Советского Союза, Халық қаһарманы генерал-майора авиации Токтара Аубакирова в Карагандинской области прошли мероприятия, посвященные его 80-летнему юбилею. Программа включала церемонию возложения цветов к монументу «Покорителям космоса», посещение выставки «Ғарышқа самғаған қазақ», встречу и показ документального фильма «Аспан адамы» в Доме дружбы.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🔥4❤2😁2