ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿
✔
13.4K subscribers
23.7K photos
7.64K videos
5 files
11.6K links
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
Министерство обороны Республики Казахстан
Ministry of Defense of the Republic of Kazakhstan

🔹 Сайт
https://mod.gov.kz/
🔹Instagram
https://instagram.com/modgovkz
🔹x.com
https://x.com/modgovkz
Download Telegram
🇰🇿 Медициналық қызмет офицерлері Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын бітірді

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында медициналық қызмет офицерлеріне алғашқы офицерлік атақ беру рәсімі салтанатты жағдайда өтті.

🇰🇿 Военный институт Сил воздушной обороны выпустил офицеров медицинской службы

В Военном институте Сил воздушной обороны имени дважды Героя Советского Союза Талгата Бегельдинова состоялась торжественная церемония выпуска офицеров медицинской службы.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13🔥3❤1
🇰🇿 Қазақстанда алғаш рет Майдандық авиация күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жаңа кәсіби мереке – Әуе қорғанысы күштерінің Майдандық авиация күні алғаш рет аталып өтіп жатыр.

– Майдандық авиация күнінің 5 тамызға белгіленуі – даңқты жерлесіміз Талғат Бигелдиновке, оның майдандас серіктеріне көрсетілген құрмет әрі бүгінгі әскери ұшқыштардың, инженерлер мен техниктердің еңбегін мойындаудың белгісі. Шабуылдаушы ұшқыштардың шебері атанған қаһарманның ерлігі әлі күнге дейін әскери қызметшілерді оқу-жауынгерлік міндеттерді мінсіз орындауда, кәсіби шеберлігін шыңдауда және күрделі ұшу тәсілдерін жетілдіруде жігерлендіріп келеді, – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.


🇰🇿 В Казахстане впервые отмечают День фронтовой авиации

Сегодня Вооруженные силы Республики Казахстан впервые отмечают новый профессиональный праздник – День фронтовой авиации Сил воздушной обороны.

– Учреждение Дня фронтовой авиации 5 августа – это дань памяти нашему великому соотечественнику Талгату Бегельдинову, его соратникам и одновременно признание заслуг современных военных летчиков, инженеров и техников. Подвиг «короля штурмовиков» и сегодня вдохновляет личный состав на безупречное выполнение учебно-боевых задач, совершенствование профессионального мастерства и освоение сложнейших элементов пилотажа, – отметил командующий Военно-воздушными силами генерал-майор авиации Аскар Избасов.


🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🔥6❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғаш рет жаңа кәсіби мереке – Әуе қорғанысы күштерінің Майдандық авиация күні аталып өтуде. 🇰🇿✈️

Талдықорғандық әскери ұшқыштар тәулік бойы елдің әуе кеңістігінің тыныштығы мен қауіпсіздігін қырағылықпен күзетіп, жауынгерлік дайындықты жоғары деңгейде қамтамасыз етіп келеді.

Отан күзетінде тұрған барлық әскери авиация қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Аспандарыңыз ашық, ұшуларыңыз сәтті болсын!

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
5 тамызда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, аңызға айналған ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтің туған күніне орай Әуе қорғанысы күштері әскери институтының аумағында даңқты батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға әскери институттың басшылығы, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары, курсанттар, сондай-ақ осы мақсатта Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан арнайы келген мектеп оқушылары қатысты. Рәсімге қатысушылар ел мақтанышына айналған даңқты тұлғаның рухына тағзым етіп, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤4🔥4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 «Сарбаз күнделігі» жобасы

Демалыс күнінің жоспарына сәйкес Аягөз гарнизоны 10810 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшілері жақындарымен бейнеқоңырау арқылы тұрақты түрде хабарласады. Қатардағы жауынгер Исламғазы Санжар ата-анасымен тілдесіп, әскери қызметінің қалай өтіп жатқанын бөлісті. Сонымен қатар, оның қарулас достары да өз отбасыларымен сөйлесіп, амандық-саулық сұрасып, жылы лебіздерін жеткізді. Мұндай байланыс сарбаздардың рухын көтеріп, туған-туыстарымен қарым-қатынасын нығайта түседі.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🔥2❤1😁1
🇰🇿 Әскери қызметшілердің батыл әрекеті: Алматыда кәмелетке толмаған бала қауіптен аман қалды

5 тамыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілері подполковник Батыр Тұяқов, майор Медет Махметов, капитан Данияр Баймолдин және капитан Әсем Әбдірайымова кәмелетке толмаған балаға жасалған заңсыз әрекеттің алдын алып, батылдық танытты.

🇰🇿 Не по приказу, а по совести: военнослужащие спасли ребенка от нападения в Алматы

5 августа около 08:00 часов военнослужащие Центра миротворческих операций Министерства обороны Республики Казахстан подполковник Батыр Туяков, майор Медет Махметов, капитан Данияр Баймулдин и капитан Асем Абдраимова проявили решительность и высокий профессионализм, предотвратив противоправные действия в отношении несовершеннолетнего ребенка.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21❤‍🔥4❤3🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Сарбаздар чемпион атанды
Қорғаныс министрлігінің «Sarbaz+» жобасы аясында джиу-джитсумен айналысып жүрген Алматы гарнизоны 78460 әскери бөлімінің сарбаздары «Sagadat Batyr Beginners Inter Club» турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Сайыста олар 6 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, әскери қызмет пен спортты қатар алып жүруге болатынын дәлелдеді.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍5🔥3
🇰🇿 Бас штаб бастығы Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсына дайындық барысын тексерді

Қонаев гарнизонына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Арнайы операциялар күштерінің «Nomad» курсын өткізуге дайындығын тексеріп, оның салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

🇰🇿 Начальник Генштаба проверил готовность к проведению курса «Номад» Сил специальных операций

В ходе рабочей поездки в Конаевский гарнизон первый заместитель министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных сил РК генерал-лейтенант Каныш Абубакиров проверил готовность к проведению курса «Номад» и принял участие в торжественной церемонии его открытия.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥3❤2💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Әскери қызметте әр күн қарқынды дайындықпен өтетіндіктен, дұрыс әрі құнарлы тамақтану сарбаздардың жауынгерлік қабілетін сақтауда маңызды рөл атқарады.
28738 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әлихан Әлімхан сарбаздарға ұсынылатын кешкі асты таныстырды. Кешкі ас – бір күндік оқу-жаттығудан кейін күш жинап, қаруластармен бірге тынығатын ерекше уақыт.
Әскери асхана мәзірі сарбаздардың күнделікті энергия шығыны ескеріліп әзірленеді. Құнарлы әрі теңгерімді тағамдар әскери қызметшілердің денсаулығын нығайтып, қызметін сапалы атқаруына ықпал етеді.

🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥5❤3