Бүгін армияның үздіксіз жұмысын жан-жақты қамтамасыз ететін әскери қызметшілер – Қарулы күштердің Тыл мамандары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр.
Сегодня свой профессиональный праздник отмечают специалисты Тыла Вооруженных сил – военнослужащие, обеспечивающие бесперебойную работу и всестороннее снабжение армии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2
Гвардейск гарнизонында Құрлық әскерлері кіші мамандар даярлау орталығының 30212 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілерді әскери мамандықтарға даярлау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – әскери аспаздарды даярлау.
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек қазіргі таңда аспаздар даярлау ротасында әскери аспаз мамандығын меңгеріп жатыр. Әскери қызметші үшін бұл – жауапкершілігі жоғары әрі маңызды мамандықтардың бірі.
– Әскери аспаз болу – үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Әр тағамның сапасы мен дайындалу тәртібіне мұқият қарау керек. Оқу барысында көп нәрсе үйреніп жатырмын. Алдағы уақытта осы мамандықты жақсы меңгеріп, әскери қызметте алған білімімді тиімді пайдаланғым келеді, – дейді қатардағы жауынгер Қарсыбай Данабек.
В Гвардейском гарнизоне на базе воинской части 30212 Центра подготовки младших специалистов Сухопутных войск проводится подготовка военнослужащих срочной службы по различным военным специальностям. Одно из направлений – подготовка военных поваров.
Рядовой Қарсыбай Данабек, проходящий срочную военную службу, в настоящее время осваивает специальность военного повара в роте подготовки поваров. Для военнослужащего это одна из ответственных и важных военных профессий.
– Быть военным поваром – большая ответственность. Необходимо внимательно следить за качеством каждого блюда и соблюдать технологию его приготовления. Во время обучения я многому учусь. В дальнейшем хочу хорошо освоить эту специальность и применять полученные знания на военной службе, – говорит рядовой Қарсыбай Данабек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11❤2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12😁1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Офицер жолын таңдаған егіздер
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтына биыл қабылданған талапкерлер қатарында егіз ағайындылар – Ерасыл мен Нұрасыл Ұлықмановтар бар.
Ағайындылар бұған дейін 85395 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет атқарған. Ерасыл мен Нұрасыл әскери қызмет өткеру кезінде әскери мамандыққа қызығушылық танытып, болашақтарын әскери қызметпен байланыстыруға бел буды. Осылайша, олар әскери институтқа түсіп, кәсіби офицер атануды алдына мақсат етіп қойды.
Қабылдау кезеңіндегі маңызды сәттердің бірі – мандаттық комиссиядан өту. Егіздер бұл кезеңнен де бірге өтіп, әскери білім алуға деген ортақ мақсаттарын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Нәтижесінде қос талапкер де мандаттық комиссиядан сәтті өтіп, әскери институтқа қабылданды. Ең қызығы, ағайындылар бір взвод құрамына түсіп, бір рота сапында білім алатын болды. Осылайша, олар курсанттық өмірдің жаңа кезеңін де бірге бастады.
Бүгінде егіздер әскери институттың курсанттары атанды. Алда оларды әскери білім мен кәсіби даярлықтың жаңа кезеңі күтіп тұр. Теориялық біліммен қатар, олар тактикалық, дене шынықтыру және далалық даярлық бағыттары бойынша білімдері мен тәжірибелерін жетілдіретін болады.
Бір мақсат, бір сап, бір ротадағы Ерасыл мен Нұрасыл Ұлықмановтар сарбаздан болашақ офицерге дейінгі жолды бірге бастап, енді әскери институт қабырғасында да бір взводта білім алып, Отан алдындағы қызметке бірге дайындалатын болады.
🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

«Біз әскери қызметті 85395 әскери бөлімінде сарбаз ретінде бастадық. Сол жерде әскери өмірдің қыр-сырын көріп, офицер болуға шешім қабылдадық. Енді әскери институтта да бірге білім алып, бір взводта, бір рота құрамында әскери өмірімізді жалғастыратын болдық. Бұл біз үшін үлкен қуаныш», – дейді Ерасыл мен Нұрасыл.
Бүгінде егіздер әскери институттың курсанттары атанды. Алда оларды әскери білім мен кәсіби даярлықтың жаңа кезеңі күтіп тұр. Теориялық біліммен қатар, олар тактикалық, дене шынықтыру және далалық даярлық бағыттары бойынша білімдері мен тәжірибелерін жетілдіретін болады.
Бір мақсат, бір сап, бір ротадағы Ерасыл мен Нұрасыл Ұлықмановтар сарбаздан болашақ офицерге дейінгі жолды бірге бастап, енді әскери институт қабырғасында да бір взводта білім алып, Отан алдындағы қызметке бірге дайындалатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥5❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының базасында Қарулы күштердің шалғай гарнизондарында қызмет ететін әскери қызметшілердің балалары арасында әскери-спорттық ойындар басталды.
Жарысқа Өскемен, Аягөз, Үшарал, Сарыөзек, Гвардейск, Приозерск және Шымкент гарнизондарынан 16–17 жастағы жасөспірімдер қатысып жатыр.
Олар жеңіл атлетика, пневматикалық мылтықтан ату, арқан тарту, асық ату, шағын футбол және басқа да спорт түрлерінен өзара бақ сынайды.

👍13❤5🔥2❤🔥1