Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
7.25K subscribers
2.91K photos
662 videos
19 files
3.64K links
🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Басқа парақшаларымыз: https://muftyatkz.taplink.kz/
Download Telegram
☪️ «Міне барлығың (сенімі ортақ) бір үмбетсіңдер. Ал Мен Раббыларыңмын. Ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер»

📖 («Әнбия» сүресі, 92-аят)

🤲 Жұма мүбәрак болсын!
❤37
🇰🇿☪️ Алматыда өткен «Діни басқармаға – 35 жыл» атты мерейтойлық рухани кеш барысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел руханиятының дамуына үлес қосқан бірқатар тұлғаларды арнайы марапаттармен құрметтеді. Шарада Бас мүфти ҚМДБ-ның ең жоғары наградаларының бірі – «Шарапат» орденін Діни басқарманың қалыптасуы мен елдік руханиятқа айрықша еңбек сіңірген, әр жылдары Бас мүфти қызметін атқарған Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Оразға табыстады.

🔍#muftyatkz

🔘https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-14/47361-almatyida-mdb-nyi-35-zhyildyiyina-oraj-ruhani-kesh-tt/
❤6
🇰🇿☪️ Алматы қаласында өткен «Діни басқармаға – 35 жыл» атты мерейтойлық рухани кеш аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық тарихына арналған арнайы кітаптың ресми тұсаукесері өтті. Салтанатты рәсімге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, халық жазушысы Смағұл Елубай, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаев және ғалым-аудармашы Зәріпбай Жұманұлы қатысып, кітаптың тұсауын кесті.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-14/47362-almatyida-mdb-nyi-35-zhyildyiyina-oraj-ruhani-kesh-tt/
❤5
🇰🇿🇺🇿 Өзбекстан астанасы Ташкентте «Орталық Азия: ортақ рухани-ағартушылық мұра – ортақ болашақ» атты халықаралық конгресс өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Нұрлан Қайырбеков қатысып, баяндама жасады.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/world/2025-11-18/47377-tashkentte-tken-halyiaralyi-kongresske-mdb-kl-atyistyi/
❤7