Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
7.25K subscribers
2.91K photos
662 videos
19 files
3.64K links
🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Басқа парақшаларымыз: https://muftyatkz.taplink.kz/
Download Telegram
🤲🏻 Таң дұғасы

Оқылуы: «Аллааһуммә, Раббәнәә әәтинә фид-дуния хәсәнәтәу-уа фил-аахирати хәсәнәтәу-уа қинаа ъәзәәбән-наар».

Мағынасы: «Уа, Алла! Раббымыз! Бізге дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және тозақ азабынан сақта!»

@muftyatkz
❤27
🕌✅ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Съезд жұмысына белсене қатысып, лиазон-офицер міндетін абыроймен атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткайдың алғыс хатымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірқатар қызметкерлері мен елорда мешіттерінің имамдары марапатталды.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-10-04/47196-mdb-yizmetkerler-senat-apparatyi-basshyisyinyi-alyis-hatyimen-marapattaldyi/
❤8
🕊️ әр атқан таң - жаңа бір мүмкіндік

кеше істей алмағаныңды бүгін жасауға, өзіңді қолға алып, ренжіткен жаннан кешірім сұрауға мүмкіндік. Әр мүмкіндігіңді бағалап, әр күніңді берекелі амалдармен өткіз!

@muftyatkz
❤22👍2
«Амал етіңдер. Әрбір пенде тағдырда жазылғанына қол жеткізеді»

Алла Елшісі ‎ﷺ

@muftyatkz
❤19👍3
🔘 ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАН АЗЫҒЫ

Өміріміздің барлық саласындағы қарым-қатынастар сөз арқылы жүзеге асады. Адам баласы өзінің дәрежесін сөз арқылы анықтайды. Шынында да, балағат, келеңсіз сөздер айту арқылы адам жүрегі қатайып, дәрежесі түседі. Себебі, жүрек пен тілдің арасында жол бар.

✅ Ұстаз Хамзат Әділбек

🔘 https://www.instagram.com/reel/DPeCIFFiBwy/?igsh=MXJjZGdlczNyc3NzOA==
❤16
🎞️ АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ

🕌 Талдықорған қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан өткен XIV республикалық байқау жайлы арнайы репортаж

🔗 Толық көру үшін:
https://www.youtube.com/watch?v=_xG1p9ZHksU
❤16
🕌 Жұма құтпасы кезінде
сөйлеу дұрыс па?

Пайғамбарымыздың хадисінде жұма құтпасы кезінде біреуге “үндеме” десе, ол сөйлеген болып есептеледі делінген. Сонда құтпа кезінде сөйлеген адамның жұмасы қабыл болады ма?

✅ Ұстаз Елбек Тасболатұлы

https://www.instagram.com/reel/DPihZYJCLkI/?igsh=MThyMWhvanRsbXJwZw==
❤3🔥2
🇰🇿☪️ Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орайластырылған «Цифрлық кеңістіктегі ислам: көріністері, платформалары мен мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-10-08/47213-mdb-traasyi-halyiaralyi-konferentsiyaa-atyistyi/
❤2🔥2
🇰🇿☪️ Бүгін Алматы қаласында өткен «Цифрлық кеңістіктегі ислам: көріністері, платформалары мен мүмкіндіктері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Цифрлық кеңістіктегі ислам (Қазақстан мысалында)» кітабының танытымына қатысты.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-10-08/47214-bas-mfti-tsifrlyi-kestkteg-islam-ktabyinyi-tsaukeserne-atyistyi/
❤4🔥2
✍️ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жастық шақ – ел жүгін көтеретін алтын кезең» атты мақаласы республикалық «Иман» журналының жаңа санында жарық көрді.

Бас мүфти өз мақаласында жастардың рухани кемелденуі, ұлттық сана мен имандылықты сақтау, уақытты тиімді өткізу және елге адал қызмет ету сынды өзекті тақырыптарды қозғайды.

📖 Мақаланың толық нұсқасын «Иман» журналының қазан айындағы санынан оқи аласыздар.

https://www.instagram.com/p/DPjR9lDAlHY/?igsh=b2xqOW9mam8wNTMx
❤11