Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
7.25K subscribers
2.91K photos
662 videos
19 files
3.63K links
🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Басқа парақшаларымыз: https://muftyatkz.taplink.kz/
Download Telegram
📿 Әлсіз иманның себебі

Мүміннің бұл дүниедегі басты мақсаттарының бірі – кәміл иманға қол жеткізу.

Иман – сенім, ақиқатты ұғыну, Алла Тағаланы танып-білу. Бұл Алладан қорқу, Оған деген сүйіспеншілік, Оған берілгендік және Оған деген мұқтаждық.

✅ Ұстаз Елбек Тасболатұлы

🔘 https://www.instagram.com/reel/DQqk65ziAQG/?igsh=MWU3MXpnNmdzOHQyOA==
❤13👍1
🇰🇿☪️Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымында азаматтарымызды қажылық сапарына тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялаған болатын.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-05/47335-azhyilyi-2026-ue-tasyimalyi-natyilandyi/
❤7
🇰🇿☪️ 2026 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ БЕКІТІЛДІ

🕌Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-06/47337-2026-zhyildyi-dni-knder-kestes-bektld/
❤14
🇰🇿☪️ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы қажылық маусымына дайындық жұмыстарын бастады. ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми іссапармен барды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/world/2025-11-06/47339-mdb-azhyilyi-2026-mausyimyina-dajyindyi-zhmyistaryi-bastaldyi/
❤8
☪️ «Ол сондай Алла, сендерді әу баста әлсіз жаратты. Сосын әлсіздіктен кейін күш берді, сосын қайта күш-қуатыңды кемітіп, қартайтты. Ол қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол бәрін білуші, құдірет күштің иесі»

📖 («Рум» сүресі, 54-аят)

🤲 Жұма мүбәрак болсын!
❤34❤‍🔥1
🕌 Тәкфир – қоғам бірлігін бұзатын дерт

Соңғы уақытта кейбір жастар «Таза Ислам» ұранымен тәкфиршіл ағымның ықпалына түсуде. Олар өзге мұсылмандарды, тіпті қоғам мен билікті «кәпір» деп айыптап, ел ішіне бүлік салуда.

🔘 Алайда, Исламда адамды діннен шығаруға үкім беру – ғалымдардың ғана ісі. Пайғамбарымыз ﷺ:
«Кім бауырына “ей, кәпір” десе, олардың бірі міндетті түрде соған лайық болады»
(Бұхари, Муслим)

✅ Ұстаз Данияр Кенжалин

https://www.instagram.com/reel/DQ3ZxPUCCOU/?igsh=MTd6MWc5MXpvcHVjcA==
❤13
🇰🇿☪️ Джидда қаласында өткен «The 5th Edition of the Hajj Exhibition» халықаралық көрмесіне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы қатысты. Биылғы көрме «Меккеден Әлемге» тақырыбымен ұйымдастырылып, қажылық саласындағы соңғы жетістіктер мен заманауи технологиялар таныстырылды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-11-10/47349-mdb-traasyi-azhyilyi-krmesnde-innovatsiyalyi-zhobalarmen-tanyistyi/
❤8
🕊 Әбу Ләһәб пен әйелінің зұлымдығы

Адамзат жаратылғаннан бері адалдық жолы әрдайым қиын болды. Пайғамбарлар өздеріне түскен сынақтарға сабырмен төзді.

Хазіреті Мұхаммедке ﷺ қарсы шыққан қара ниеттілердің көшбасшысы – туысқаны Әбу Ләһәб пен әйелі Үммі Жәміл болды.

✅ Ұстаз Смайыл Сейтбеков

🔘 https://www.instagram.com/reel/DQ_fk5fiKP0/?igsh=MXJpcmw3ZGlrbDA1MQ==
❤14
☪️ «Міне барлығың (сенімі ортақ) бір үмбетсіңдер. Ал Мен Раббыларыңмын. Ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер»

📖 («Әнбия» сүресі, 92-аят)

🤲 Жұма мүбәрак болсын!
❤37