Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
7.25K subscribers
2.91K photos
662 videos
19 files
3.63K links
🌐 Діни басқарманың ресми сайты: www.muftyat.kz
📲 Басқа парақшаларымыз: https://muftyatkz.taplink.kz/
Download Telegram
🕌✅ Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай арнайы жиын өтті. Аталған шарада дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет атқарып келе жатқан Астана қаласы, Ақмола және Ұлытау облыстарының бірқатар имамдары марапатталды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-12-24/47572-mdb-nyi-35-zhyildyiyina-oraj-imamdar-marapattaldyi/
❤12❤‍🔥1👍1
🇰🇿☪️ Бүгін Астана қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өтіп жатқан 2025 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірқатар қызметкерлері ҚМДБ-ның 35-жылдығына орай сондай-ақ, ел руханиятын дамытуға, дін саласындағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-12-25/47579-mdb-yizmetkerler-ministrlk-tarapyinan-marapattaldyi/
❤8👍1
🇰🇿☪️ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен жиында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан орталық аппарат қызметкерлері арнайы мерекелік медальмен марапатталды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2025-12-25/47578-mdb-yizmetkerler-merekelk-medalmen-marapattaldyi/
❤5👍1🔥1
⚜️ ҚМДБ 2025 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісі қорытындыланды.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы 2025 жылы жүзеге асқан «Айтулы шаралар» жоспары бойынша, ал наиб мүфти Ермек Мұқатай басқарманың «Бағдарлық баяндама» аясындағы тапсырмалары бойынша есептік баяндама жасады.

Жиында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Оңғар, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Қыдыр Төрәлі, сондай-ақ Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.


@muftyat_news
❤8👍1🔥1😁1
📃 ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МИНИСТРЛІК ТАРАПЫНАН МАРАПАТТАЛДЫ

✍🏻 ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева атынан ҚМДБ Төрағасының орынбасарлары, наиб мүфтилер Сансызбай Құрбанұлы мен Кенжетай Байкемелұлына «Құрмет грамотасы» табысталды.

📌 Аталған марапаттар – ҚМДБ ұжымының дін саласындағы жүйелі еңбегіне, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы белсенділігіне және қоғаммен байланыстағы нәтижелі жұмысына берілген жоғары баға.

Сондай-ақ, шара барысында ҚМДБ-ның дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлестері үшін қызмет еткен орталық аппарат қызметкерлері мен облыс Бас имамдары арнайы мерекелік медальмен марапатталды.


@muftyat_news
❤4👍3🔥3😍2👏1
🤲🏻 БАС МҮФТИ БАС ИМАМДАР МЕН ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕГІНЕ ОҢ БАҒА БЕРДІ

Бас мүфти өз сөзінде 2025 жылдың діни сала аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланғанын ерекше атап өтті.

«Аллаға шүкір, биыл Астанада VI Республикалық имамдар форумын сәтті өткізіп алдық. Форумда отбасы құндылығына, Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге қатысты бірқатар құжаттар қабылдадық. Қарилар алқасын құрып, халықаралық және республикалық деңгейде Құран жарысын абыроймен өткіздік. Бірқатар мұсылман мемлекеттерімен ортақ меморандумдарға қол қойылды. Доха қаласында Қатар Даму қорымен жасалған келісім нәтижесінде Астанадағы «Әбу Наср әл-Фараби» мешітін қайта жаңғыртуға және рухани орталық салуға қол жеткіздік», - деді Бас мүфти.


@muftyat_news
👍6❤3🔥1😁1
ДІНИ БАСҚАРМАҒА – 35 ЖЫЛ

ҚМДБ 1990 жылғы 12 қаңтарда құрылды. Осы уақыт ішінде діни басқарма еліміздегі мұсылман қауымының рухани өмірін ұйымдастыруда, діни тұрақтылықты сақтауда және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарып келеді.

https://www.instagram.com/p/DS-J_TxiP62/?igsh=NWQ4ZHllY2FxdDVz
❤26
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жыл қорытындысы.

🔹 Жыл ішінде Бас мүфти 36 іссапар жасап, оның 8-і халықаралық, 28-і республикалық деңгейде өтті.

https://www.instagram.com/reel/DTDFJ27CMdG/?igsh=MW5ld3FzcjlnZ2phdw==
❤14
🇰🇿☪️ 2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша көңіл бөлді. Осы бағытта ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазрет Сауд Арабиясы Корольдігіне, Бахрейн, Қатар мемлекеттеріне, сондай-ақ Түркия, Мысыр, Марокко және Қырғызстан елдеріне ресми сапарлар жасап, жоғары деңгейдегі бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2026-01-06/47609-zhyildyi-esep-2025-halyiaralyi-yintyimatastyi-zhne-syirtyi-bajlanyistar-salasyindayi-yizmet/
❤11
🇰🇿☪️ 2025 жылы ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры уақып институтын дамыту, оның қызметін жүйелеу және қоғам игілігіне бағыттау мақсатында кешенді жұмыстар атқарды. Жыл барысында рухани, әлеуметтік, экономикалық және ақпараттық бағыттарды қамтитын бірқатар маңызды жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылды.

🔍#muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2026-01-07/47610-zhyildyi-esep---2025-uayip-ajyiryimdyilyi-oryi-zhyil-klemnde-817-ret-nasihat-ajtyip-16-340-a-zhuyi-azamattyi-amtyidyi/
❤9