НЕХабар (қазақ редакциясы)
937 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
ОСК сайлау қорытындысын жариялады. Мәжіліске алты партия өтпек:

Amanat партиясы – 53,90%
Ауыл – 10,90%
Respublica – 8,59%
Қазақстан Халық партиясы – 6,80%
Ақ жол – 8,41%
ЖСДП – 5,20%
Байтақ – 2,30%
Бәріне қарсы – 3,90%

https://t.me/nehabarkaz
👎12👍2
Алматыдағы 3 және 4-ші сайлау округтерінен Ермұрат Бапи мен Ерлан Стамбеков өтті.

Ал 5-ші округтен Бақытжан Базарбек жеңді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤔5👍4
Астанадағы 1-ші және 2-ші бірмандатты сайлау округтерінен Дәулет Тұрлыханов пен Дәулет Мұқаев өтті.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎7👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай домбырашылар
Жұбан Молдағалиевтің өлеңіне шығарылған Ерболат Құдайбергеновтың "Мен қазақпын" әнін орындады.
⠀
Домбыра арқылы берілген сезімді сөзбен айтып жеткіз мүмкін емес.
⠀
Видеоны қарап шығыңыз 👆🏻
⠀
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
⠀
🎥: IG-acc #oyu.live
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14👏3
Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды 🎉
⠀
Бұл титулды иелену үшін отандасымыз мексикалық боксшы Алехандро Менесеспен жекпе-жекке шығып, жеңіске жетті.
⠀
Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, бірақ Жанқош Тұраровтың қарсыласы 9 раундтың басында жеңілгенін мойындады.
⠀
Бұл қазақстандық спортшының кәсіби бокстағы 27-ші жеңісі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍29
Forwarded from ZTB - QAZAQSTAN
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандықтар өткен жылғы азық-түліктің бағасымен биылғы бағаны көріп таң қалғандарын жасырмады. Бұл туралы желі қолданушысы былтырғы түбіртекті сақтап, сол арқылы қазіргі бағаның айырмашылығын көрсеткен.

Бейнеролик әлеуметтік желіде 1 миллионға жуық қаралым жинады. Видеодан байқағандарыңыздай бір жыл бұрын табиғи шырынды 499 теңгеге сатып алған, ал биылғы баға 939 теңгені құрайды.

Адамдардың басым бөлігі жалақының өзгеріссіз қалғанын айтуда.

🎥: TT / mardan_king
😢10🤯4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңадан сайланған депутаттың жауабына өз бағаңызды беріңіз
⠀

Видеода Алматы облысы № 11 бірмандатты сайлау округінен сайланған мәжіліс депутаты Ардақ Назаров.
⠀
Журналистер оған қаңтар оқиғасына, сайлаудың қаншалықты әділ өткеніне, сайлау учаскелеріндегі заңсыздықтарға қатысты сұрақтарды қойды.
⠀
Ал Назаров барлығына "Аман болыңыздар", "Алла Тағала елге тыныштық берсін" деп жауап берді.
⠀
Сондай-ақ бұрынғы әдістің көмегімен жастарды тәрбиелеумен айналысатынын айтты.
⠀
🎥: IG-acc #sabit.rysbayev
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬12👎7😁3💩3❤2👍2
Сот кәсіпкер Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырды.

https://t.me/nehabarkaz
👏11👎5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда балаларға арналған қазақша алғашқы экологиялық мультсериал жарық көрді
⠀

Сериалдың 7 сериясы Ruh.kz порталының YouTube-тағы арнасында пайда болды.
⠀
Жобаның басты кейіпкері қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау, қоқыстың зияны және оны дұрыс жинау, ауыз су қорының азаюы, өрт қауіпсіздігінің ережелері, пластикалық қалдықтардың зияны деген маңызды тақырыптарды қозғайды.
⠀
Осылайша сериал балаларды қоршаған ортасына кішкентай күндерінен мұқият болуға баулиды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍28❤3
Серік Күдебаев ресми шекара бекеттерінен өтпеген
⠀
Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді.
⠀
ҰҚК қаңтар оқиғасына байланысты істі болып жатқан Күдебаевтың елден қашып кеткеніне байланысты
тексеріс жүргізгенін де айтты.
⠀
Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы шетелге қашып кетті деген ақпарат пайда болған соң халықаралық іздеу жарияланған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😁8👍3💯1
Forwarded from Qazaqstan.tv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠Тұрғын үй бағытындағы бағдарламалар халық сұранысына сай емес - депутат Дәулет Мұқаев

Депутат Мәжілістің жалпы отырысында баспана мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныстарды атады:

1. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгеріс енгізу;

2. «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмау;

3. «7-20-25» бағдарламасы бойынша маусым сайын қойылатын лимитті алып тастау;

4. Жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасын еліміздің барлық аймағында іске қосу.

@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🤮2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңаөзендік жұмысшылар санцкияланбаған митинг өткізгені үшін тұтқындалды.
⠀
Олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 488 және 667 баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
⠀
Бұл баптар бойынша кінәлі адамдарға ескерту жасалмақ немесе 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
⠀
Сондай-ақ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
⠀
Ал Маңғыстау облысындағы "Қарақұдықмұнай" мекемесінің жұмысшылары президентке үндеу жолдап, елордаға барған жаңаөзендік мұнайшыларды қудалауды тоқтатуды талап етті.
⠀
🎥: Азаттық Радиосы
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎11❤2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жигули Дайрабаев Мәжіліс отырысында сотталған ұлдарына қатысты пікір білдірді
⠀
Депутаттың сөзінше, олар кінәлі емес. Балалары әділдік үшін күреседі.
⠀
"Апелляциялық сотқа жүгініп, абыройын қорғауға мүдделі. Ендеше мен Мәжілістен не үшін кетуім керек?" — деді ол.
⠀
Еске сала кетейік, депутаттың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалық Тараздағы сыбайлас жемқорлық бойынша сотқа тартылды. Олар 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

4 адамға, соның ішінде Дайрабаевтың балаларына судсидияны ұрлау арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтірді деген күдікпен айып тағылды.
⠀
Осыған байланысты Дайрабаевтың отставкаға кетуін талап етілген еді.
⠀
🎥: @prokadrykz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤮19👎2🤡2💩1
2GIS қосымшасы қазақ тілінде жұмыс істей бастады 🎉
⠀
Қазақстандықтар үшін жасалған қосымшада дүкендер, дәріханалар, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет мекемелері қазақшаға аударылды.
⠀
Мобильді қосымшада тілді ауыстыру үшін:
⠀
— Мәзір → Баптаулар → Тіл батырмаларын басып, қазақ тілін таңдау қажет.
⠀
Тілді таңдаған соң қосымшаны қайта іске қосу керек. Ол үшін телефоныңыздағы қосымшадан шығып, қайта кірсеңіз болғаны.
⠀
2gis.kz сайтында:
⠀
Мобильді құрылғыда — интернет-браузерде
⠀
— Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы Мәзір белгішесін (үш көлденең сызық) басыңыз, ашылған беттің төменгі бөлігіндегі Тіл батырмасын таңдаңыз.
⠀
Ноутбукта немесе компьютерде:
— Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Ру → Kz тілді ауыстыру батырмасын басыңыз.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤‍🔥16👍13❤2👏1🤔1
Бүгін президент Қазақстанның 1-ракеткасы Елена Рыбакинаны қабылдады.
⠀
Мемлекет басшысы оған
Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді.
⠀
Өз кезегінде Рыбакина Тоқаевқа Wimbledon-2022 кітабын сыйға тартты.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍11👎1🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Геннадий Шиповских әскердегі тәртіпсіздік үшін басшыларды қатаң жазаға тарту керек дейді.

Өз сөзінде депутат қатаң жазаға тарту арқылы әскерде тәртіп орнатуға болатынын айтады. Сондай-ақ бейбіт күнде борышын өтеуге кетіп, мүгедек болып оралғандардың көбейгенін тілге тиек етті.

Видео: Геннадий Шиповскихтің Instagram-парақшасынан.

t.me/stankznews
👍30❤9😁1