НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Павлодарда қазақстандық көрерменнің көңілінен шыққан "Дос-Мұқасан" фильмі жалғыз кинотеатрда және 22:40-та көрсетіледі екен.
⠀
Бұл туралы Ғабит есімді азамат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
⠀
Парақшасындағы суреттерден фильм уақытына шағымданған желі қолданушыларының пікірлерін көруге болады.
⠀
Жазба авторының сөзінше, бұл қазақ тіліне көрсетілген құрметсіздік.
⠀
🎥: IG-acc #gabigood
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24🤬16
Қашқын жемқорлар енді ТМД елдерінде тығыла алмайды
⠀

Бұл туралы ТМД елдері бір-бірімен келісті.
⠀
Тиісті құжат осыдан 14 жыл бұрын, яғни 2008 жылы әзірленген, 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциясына жіберу және жоғары деңгейде қол қою туралы шешім шығарды.
⠀
Келісім сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетуге;
⠀
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге ықпал ететін үйлестірілген және келісілген іздестіру іс-шараларын және басқа да шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍7🤡2
Қаңтар оқиғасына қатысқан 1500 адамға қатысты амнистия жасалады
⠀
Сенат бұл туралы заң қабылдады. Заңға сәйкес теріс қылық, ауырлығы төмен және орташа қылмыс жасағандар жазадан толық босатылады.
⠀
Ал ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандардың жаза мерзімі азайтылады.
⠀
Дегенмен амнистияның террористерге, рецидивистерге, азаптау жасағандарға, тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушыларға, мемлекетке опасыздық жасағандарға қатысы жоқ.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍15👎1
Түркияның Измир қаласында қазақстандық студент Рауан Дарханұлы жоғалып кетті.
⠀
2001 жылғы азамат биыл Докуз Эйлуль университетіне тіл курсына түскен.
⠀
Шетелге барғанына 20-ақ күн болған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
⠀
Рауан Дарханұлы қазанның 22-сі кешкі 20:00-де достарымен бірге "Горилла" клубына барып, бәрі сыртқа шыққанда ұялы телефонын ұмытып кеткенін айтып, қайта ішке кірген.
⠀
Достары оны сыртта 15-20 минут күтіп, клуб ішіндегі адамдардан Рауан туралы сұрайды, бірақ оны ешкім көрмегенін айтады.
⠀
ҚР Істер министрі бұл іске қатысты әзірге жауап бермеді.
⠀
📸/🎥: IG-acc #gulmir_ktk
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤔8😱8
Елжан Біртанов сот залында бір баб бойынша ақталып шықты, екінші баб бойынша бас бостандығы 5 жылға шектетілді.
⠀
Бүгін бұрынғы Денсаулық министрі және оның орынбасарына қатысты соңғы сот отырысы өтті.
⠀
Экс-министр Тараздан елордаға ұшу үшін санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айып бойынша ақталды.
⠀
Ал лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін оның бас бостандығы 5 жылға, орынбасары Олжас Әбішевтің бас бостандығы 4 жылға шектетілді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎8😢2🤔1🌚1
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Түркияның Измир қаласында қазақстандық студент Рауан Дарханұлы жоғалып кетті. ⠀ 2001 жылғы азамат биыл Докуз Эйлуль университетіне тіл курсына түскен. ⠀ Шетелге барғанына 20-ақ күн болған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында…
Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды.
⠀
Жанында қазір анасы және елшіліктің адамдары бар. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы елшілігі хабарлады.
⠀
Рауан Дарханұлы қазанның 22-сі достарымен бірге клубқа барған соң жоғалып кетіп еді.
⠀
Оны іздеп табуға тырысқан топ Измир өңірінің губернаторлығы, полиция қызметкерлері, еріктілерден құралды.
⠀
Елшілік қызметкерлері жоғарыда аталған топпен бірігіп отандасымызды тапқан соң Измир, Алсанджак ауданында орналасқан полиция учаскесіне алып келді.
⠀
Рауан Дарханұлы аман-сау, барлығы жақсы.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍10
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Көкшетауда орналасқан Мята лаундж-барының дәретханасында мекеме иелерінің Қазақстанға "құрметін" көрсететін сурет ілулі тұр. ⠀ Бұл туралы қазақстандық блогер Қайша Керей әлеуметтік желіде өз оқырманының сөзіне сүйеніп жазды. ⠀ Сөзінше, оқырманы лаундж-бар…
Көпшіліктің ашуын тудыртқан, Қазақстан туралы дәретханада ілінген сурет үшін ешкім жазаланбайды
⠀
Полицияның пікірінше, бұл сурет заң бұзушылықтың қатарына жатпайды.
⠀
Постер авторы кім екені анықталды, ал оны кім іліп кеткені белгісіз.
⠀
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу істері басталмаған, бұл іс тек арыздарды тіркеу кітабында жай ғана шағым ретінде тіркелген.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬27👎6👍1
Оңтүстік Кореяда Halloween мейрамын тойлау барысында 16-30 жас аралығындағы 151 адам қаза тапты
⠀
Итэвон ауданында мейрамдатып жүрген адамдар тобы көлемі шамамен 4 метр болатын түзу емес көшеде қысылып қалып, бір-бірін итере берген. Салдарынан адамдар тұнғышып, естерінен танған. Кей адамдардың жүректері тоқтап қалған.
⠀
82 адам зардап шекті, 19 адамның жағдайы өте ауыр, 350 адам жоғалып кетті. Қаза тапқандардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Норвегия мен Ираннан келген азаматтар бар.

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі төтенше жағдай орын алған жерге барып, қазақстандық студенттерді тауып, оларды үйлеріне қайтарғанын мәлімдеді.
⠀
Мемлекет басшысы Юн Сок Ёль ұлттық аза тұту күнін жариялады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢12👍4😁2😱2
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Оңтүстік Кореяда Halloween мейрамын тойлау барысында 16-30 жас аралығындағы 151 адам қаза тапты ⠀ Итэвон ауданында мейрамдатып жүрген адамдар тобы көлемі шамамен 4 метр болатын түзу емес көшеде қысылып қалып, бір-бірін итере берген. Салдарынан адамдар тұнғышып…
Оңтүстік Кореяда қайғылы жағдайда қаза тапқандардың қатарында қазақстандық студент бар 😔
⠀
Ақтөбе облысының тумасы сол елде орналасқан жоғары оқу орындарының бірінде білім алып жүрген.
⠀
Қазақстандық дипломаттар 26 жастағы бойжеткеннің туыстарымен байланысып, құжаттарды рәсімдеу және мәйітті туған еліне қайтару мәселелерімен айналысып жатыр.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢17👍1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық спортшылар шорт-тректен Әлем чемпионатында күміс медальдар жеңіп алды.
⠀
Монреалда өткен сайыста еліміздің намысын Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали мен Денис Никиша қорғады.
⠀
Жеңіс құтты болсын 🎉
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍34❤3🎉3
Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр.
⠀
Бұл туралы айтыскер Дидар Қамидің әлеуметтік желідегі парақшасынан белгілі болды.
⠀
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, белгілі ақынның денсаулығы бақылауға алынған. Оның ауруы асқынып, сепсиске айналыпты.
⠀
Тиісті ем жасалып жатыр.
⠀
Ағамыз ауруынан айығып, отбасына аман-есен оралсын.

📸: IG-acc #zhursin_yerman
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤11👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мұқағали Мақатаев туралы фильм Дубайдағы халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды.
⠀
Аталған Meta Film Fest фестивалінде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.
⠀
Сол кинотуындылардың арасынан "Мұқағали" фильмі алға суырылып шықты. Одан бөлек үш отандық кинотуынды "Ұлы дала таңы", "Ақын", "Конокрады" фильмдері байқауда бақ сынасты. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
⠀
"Мұқағали" туындысы ақынның 90 жылдық мерейтойына орай шығарылған, оның өмірінің соңғы жылдарын баяндайды.
⠀
Фильм сценарийін жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, режиссер Болат Қалымбетов пен Ғазиз Насыров жазған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24👏2
ОСК кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетенді көрсетті.
⠀
Құжатта барлық тіркелген кандидаттардың аты-жөні, тегі қазақ тіліндегі әліппе ретімен көрсетілген.
⠀
"Бәріне қарсымын" деген жол да бар.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍2
Жақын арада әр оқушының цифрлық профилі болады.
⠀
Бұл профильде оның балабақшадан бастап мектеп немесе колледж бітіргенге дейінгі академиялық, әлеуметтік жетістіктері, бағалары, құзыреттер картасы қалыптасады.
⠀
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Сондай-ақ сөзінше, аттестаттар мен дипломар QR-кодпен беріледі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍8❤1👎1