НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Германияда тұратын 16 жастағы Асқар есімді бала өзінің туған анасын іздейді.
⠀
Ол шақалақ кезінде Алматы облысында орналасқан "Қара-Кестек" балалар үйіне түскен. Кейіннен немістер асырап алған.
⠀
Бала Қазақстан халқынан анасы Тапиева Аиданы тауып беруді сұрайды. Әйел 42 жаста.
⠀
Бұл туралы журналист Жанар Байсеміз Instagram-дағы парақшасында жазды.
⠀
📸: IG-acc #janar_baisemiz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢21👍11❤2🤡2🍌1
Голливудтық фильмдер қазақ тіліне аударылады деп қуанып едік, енді сол аударылған кинотуындылар кинотеатрлардан дұрыстап көрсетілмейді деп күйініп жатырмыз.

Күйінуіміз орынды. Бүгіннен бастап қазақстандықтар үлкен
экраннан "Қара қабылан: Ваканда жасасын" фильмін тамашалай алады.

Алматыда "Кинопарк" кинотеатрлар желісінің 8 кинотеатры бар. Бірақ олардың 4-еуі ғана 1 сеанстан, 15:30, 15:50 уақыт аралықтарында осы фильмді қазақша дубляжда көрсетеді екен.

Бұл туралы Рүстем Бақтығалиев есімді желі қолданушысы әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді.

"Кинопарк" әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

Осыған дейін "Дос-Мұқасан" фильмі Павлодардағы кинотеатрда қазақ тілінде тек түнгі уақытта көрсетілетінін жазған едік.

📸: IG-acc #baktygalyiev

https://t.me/nehabarkaz
🤬30👍3👎2😁1👌1
"7-20-25" бағдарламасы келесі жылға дейін жалғаса алады
⠀
Себебі 1 триллион теңге әлі игерілмеген. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
⠀
Шамамен 240 миллиард теңге қалған. Оған 17 мыңға жуық ипотекалық несие рәсімдеуге болады.
⠀
Қаржы толық игерілген соң ғана бағдарлама жабылады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Orda animation студиясы қалың көрермен назарына "Оның аты — Айбар" деген қазақша мультфильм ұсынды

Алғашқы бөлімі бүгін 20:00-де YouTube әлеуметтік желісіндегі Ordagen арнасынан көрсетіледі.

Бас кейіпкер Айбардың және оның достарының қызықты оқиғалары баяндалатын бөлімдер әр аптаның бейсенбісінде жоғарыда көрсетілген уақытта шығып тұрады.

Мультфильмді қазақстандық мультипликаторлар шығарған, яғни толығымен отандық жоба.

Ол балаларымыздың қазақ тіліне қызығушылығын арттырмақ.

🎥: IG-acc #orda.animation

https://t.me/nehabarkaz
👍25👏5
Елордадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттің түлегі Әли Жүсіпов Google-дан шақырту алды.
⠀
Оны қабыл алған азамат, қыркүйек айынан бастап компанияның Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы болып жұмыс істейді.
⠀
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
⠀
📸: Ғылым және жоғары білім министрлігі
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👏22👍6
Бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты бойынша Қазақстан қоржынында екі алтын
⠀
Бірінші алтынды 19-жастағы Санжар Тәшкенбай (48 келі) жеңіп алса, екіншісін құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) жеңіп алды.
⠀
Шымбергенов екі мәрте Қазақстанның чемпионы атанған.
⠀
Екі алтыннан бөлек, бес күмісіміз бар. Күміс медальдардың иегерлері: Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Сабырхан Махмұт (54 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі).
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍19
Димаш Құдайберген Үндістанның Мумбай қаласында өтетін TEDxGateway конференциясына қатысады

Азиядағы ең үлкен конференция NCPA, Тата театрында өтеді.

TEDxGateway шарасына әлемдік көшбасшылар, ғалымдар, дизайнерлер, IT мамандары, философтар, музыканттар, министрлер кабинетінің мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады.

https://t.me/nehabarkaz
👍24❤1🥰1
Ыстамбұлда туристер көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болды.
⠀
Соңғы мәліметтер бойынша, салдарынан 4 адам қаза тауып, 30 адам жарақаттанған.
⠀
Ресми емес ақпаратқа сүйенсек, орындықтың (скамейка) үстіне белгісіз біреу жарылғыш затты тастап кеткен.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢20
Истикляль көшесіндегі жарылыстың салдарынан 6 адам қаза тапты.
⠀

4 адам оқиға орнында жан тапсырса, 2 кісі ауруханада көз жұмды.
⠀
Жарақаттанғандардың саны — 53.
⠀
Бұл туралы президент Режеп Тайип Ердоған айтты.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢10👍1🤬1
Қазақстанның Түркиядағы елшілігі соңғы жағдайға байланысты сол мемлекетте жүрген отандастарымызға үндеу жасады.
⠀
Азаматтарымыздан көпшілік жерлерде барынша сақ болуды сұрады.
⠀
Көмек қажет болса, көрсетуге дайын. Ол үшін +90 212 662 53 49 нөмірі арқылы байланысқа шығу қажет.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жарақаттанғандардың саны 81-ге жетті.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢8
Ыстамбұлдағы жарылысты ұйымдастырған күдікті қамауға алынды
⠀
Түркия билігінің сөзінше, жарылысқа Күрдістан жұмысшы партиясы өкілдерінің қатысы болуы мүмкін.
⠀
Жарылыстан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍12
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік желіде бір қолымен көлік айдап, екінші қолымен сәбиін жұбатқан әйелдің видеосы көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.
⠀
Жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген келіншек екі баланың анасы, үлкен ұлы 12-де, кішкентай қызы 1 жасқа да толмаған.
⠀
Екі баланы ол өзі бағып отыр. Көлігі бұзылып, артқа қарай жүрмей қалған екен.
⠀
Әйелге жаны ашыған қазақстандықтар оған көмек ретінде 1,7 млн теңге жинап берді.
⠀
🎥: IG-acc #batyr_bloger
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤24👍5🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Талдықорған қаласында экс-президенттің ескерткішінің орнына Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылмақ
⠀

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев тұрғындармен кездесуде қазақтың ұлы ақынына арналған 9 метрлік ескерткіш 300 млн теңгеге Алматыда салынып жатқанын, 2-3 айда дайын болатынын айтты.
⠀
Бұдан бөлек, бір тұрғын Назарбаев атындағы көшеге бұрынғы Тәуелсіздік көшесі деген атауды қайтаруды ұсынды.
⠀
Әкім Жетісу облысы тұрғындарының басым бөлігі көшеге бұрынғы атау қайтарылғанын қаласа, бұл пікірге құлақ асатынын тілге тиек етті.
⠀
Қалаға Абай Құнанбайұлының ескерткішін қою қажет екенін қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтақын Бұлғақов айтқан еді.
⠀
🎥: ҚазТаг
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍16❤3
Елімізде 147 адамның атында 20-дан астам баспана бар
⠀

607 адамның басында 2 пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген.
⠀
Бір басында 5 нысаны барлардың саны – 4823. 1935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Шамамен 147 адамның атына 20-дан астам баспана тіркелген.
⠀
Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍8😁1🤔1🤬1
Ақтөбедегі ең ірі бассейнде су 5 жыл бойы ауыстырылмаған
⠀

"Достық" спорткомплексіндегі бассейнде жасөспірім спортшылар жаттығады. Ата-аналарының сөзінше, судағы хлор мөлшерінің көптігінен оған түскен балалардың үсті бөртіп, жөтеле бастаған.
⠀
Жазда суда жүзу бойынша өткен сайыс барысында 12 қатысушысының жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен еді.
⠀
Сол кезде барлығы реактивті затпен уланып қалды деген болжам айтылды.
⠀
Енді қараша айының басында жүргізілген тексерістің нәтижесінде судың соңғы рет 2017 жылы ауыстырылғаны белгілі болды.
⠀
Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің бас маманы Әділбек Ділжановтың айтуынша, суды бір рет ауыстыру үшін 7 миллион теңге қажет.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱20🤮7👎3🤣2👍1🤬1