НЕХабар (қазақ редакциясы)
935 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Суретте сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың эмоциялары бейнеленген.
⠀
Нұрсұлтан Назарбаев президентті алғашқылардың бірі болып құттықтады.
⠀
"Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі, – делінген оның құттықтауында.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍12🤡5👎1
Кезектен тыс президент сайлауының нәтижесі бойынша 81,31 % дауыс жинаған Тоқаев қарашаның 26-сы ант береді.
⠀
Мемлекет басшысы 7 жылға сайланды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍10👎2⚡1💩1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Асқар Забикулинді туған қаласы Көкшетауда мәңгілік сапарға осылай шығарып салды.
⠀
Батырдың артында екі қызы мен жары қалды.
⠀
🎥: @astanovka98
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢24
Бақилық болған батырлардың балаларына білім алуға грант беріледі
⠀
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
⠀
Сөзінше,қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция, өрт сөндіру саласы және әскери қызметкерлердің балалары колледждер мен дарынды оқушыларға арналған мектептерде тегін оқи алады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤14👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дмитрий Песков ресейлік политологтардың Қазақстан туралы айтқанына қатысты пікір білдірді
⠀
Ресейде Қазақстанды, Қазақстанда Ресейді сынайтын политологтардың саны бірдей екенін айта келе, олардың сөзіне құлақ асудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.
⠀
Путиннің баспасөз хатшысы айтылған пікірлері, екі елдің қарым-қатынасына кесірін тигізбеуі керектігін ескерді.
⠀
Еске сала кетейік, мемлекеттік "Россия 1" телеарнасының "Владимир Соловьевпен кеш" ток-шоуында қонақтар "Ресейдің келесі проблемасы — Қазақстан" деп айтқан еді.
⠀
🎥: @tvkhabar24
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤮11👎8😐2
Әуе компаниясының кесірінен ұшақ уақытында ұшпаса, билет ақысының бағасы қайтарылады.
⠀
Нақтырақ айтқанда әр сағатына билет ақысының 3 пайызы қайтарылуы тиіс.
⠀
Бұл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың мәлімдемесі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍22
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда стендап-кеште әйелдерді қорлаған комик 10 тәулікке қамалды
⠀

Ол өзінің айтқан "әзілдерін" сынаған қыздарға "топас жезөкшелер шеруі" деп, өздеріне, аналарына қатысты бейәдеп сөздер айтқан.
⠀
Полиция департаменті "күдікті" ретінде атаған стендапшы камераға қарап кешірім сұрау дәстүрі бойынша өзінің кінәсін мойындады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍21
Ерекше мүмкіндіктері бар жандар туралы бірер сөз.
⠀
Айзада есімді ару ДЦП диагнозына шалдыққанымен қатарластарынан кем түспейді.
⠀
Ол қазақ тілінен бөлек, жапон, ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін полиглот.
⠀
Бұған видеоны көріп көз жеткізе аласыз.
⠀
🎥: IG-acc #madee.fazl
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍20👏4
Астана түске дейін президенттен ант қабыл алса, түстен кейін митинг өткізетін алаңға айналған.

Мұндай шараны "Болашақтың архитекторлары" жобасын құрып жүрген Genezis-тің негізін қалаушылардың бірі Марат Әбиев пен оның жақтастары өткізген.

Олардың өткізген шерудің салдарынан елордада интернет істемей қалған екен.

https://t.me/nehabarkaz
👍11🤨2👎1
Сәтпаев қаласындағы мектепте математика мұғалімі оқушыға жаман баға қойғаны үшін жұмысынан айырылды.
⠀
Оқиға №25 мектепте орын алды. Нашар баға алған оқушы — оқу ісі меңгерушісінің сіңлісі екен.
⠀
Жұмыстан шығарылған мұғалім адвокат жалдап, оқу ісі меңгерушісін жауапкершілікке тартпақ.
⠀
🎥: @roza_imanbeka
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬18🤯5😱2
Мемлекет басшысы Ресейге Владимир Путиннің шақыртуымен ұшып барды.
⠀
Ресми кездесу Мәскеудегі "Внуково-2" әуежайында өтті.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎23🤮5👍1🤨1
Жыл басынан бері елге 15 637 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.
⠀
Олардың 16% ғана жоғары білімді. Ал 39% — орта кәсіби білімді, 43,1 % — жалпы орта білімді, 1,9 % — білімі жоқ.
⠀
Қандастарымыздың 65,2 % Өзбекстаннан, 9,2% — Қытайдан, 8,8% — Ресейден, 8% — Түрікменстаннан, 4,8% — Моңғолиядан және 4% басқа елдерден келген.
⠀
Келген қазақтар Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарына және Астана, Шымкент, Алматы қалаларына қоныстанған.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍23👏1
Forwarded from Саяси Шолу
Екібастұздағы ЖЭО апатына шын мәнінде кінәлілер

Дәл қазір Екібастұз тұрғындарының жылусыз қалғанына куә болып отырғанымыз өкінішті. Көп жағдайда себебі желілердің тозуына алып келетін экран құбырларының жарылуы екені айтылады. Алайда, менің ойымша, бұл тек салдары ғана, шын мәнінде, кінә станция менеджментінің немқұрайлылығы мен жұмысына бей-жай қарауында.

👥 Екібастұздағы ЖЭО "ОАЭК" АҚ олигополиясының бір бөлігі, негізгі акционерлері — бизнесмендер Александр Клебанов пен Сергей Кан. Болып жатқан оқиғалардың барлығына осы кісілер жауапты.

Олардың СҚО-дағы ЖЭО, "Астана-ЕРЦ", сондай-ақ, Қазақстан бойынша басқа да кәсіпорындарды өз бақылауында ұстап отырғанын ескерсек, сол өңірлердің тұрғындарын алда не күтіп тұрғанын елестетудің өзі қорқынышты.

Бұл олардың кәсіпорындарымен байланысты алғашқы жанжал емес екенін атап өткім келеді — 20 наурызда Петропавл ЖЭО-2-де құбырлардың құлауынан нысан қызметкері көз жұмды. Апат басшылықтың тиісті бақылауының болмауымен байланысты болды.

Бұл жағдайлардың барлығы олигополиялардың шынайы табиғатын көрсетті: олар адам өміріне де, тіпті, олардың жайлы өмір сүруіне де мән бермеген. Екібастұздағы жағдай алда болатын тағы осындай апаттардың басы ғана.

❕Кәсіпорын басшылары бұл мәселелерді шешу үшін қадамдар жасаса да, олар көпке бармайды. Менің ойымша, осы түсінбеушілік калейдоскопының ішіндегі ең тиімді жол — барлық коммуналдық қызметті егжей-тегжейлі деолигополизациялау. Осылай жасаған жағдайда ғана халықты барлық қызмет түрімен сапалы қамтамасыз етуге болады, өйткені ісі күмән тудыратын кесіпкерлер азаматтардың беделі мен жайлылығы кез келген сомадан қымбат екенін түсінбейді.
🤬8
Көлігіңіздің дөңгелектерін қысқыға ауыстырып үлгермесеңіз, тездетіңіз
⠀
Желтоқсанның 1-інен бастап жазғы дөңгелектермен жүруге тыйым салынады. Ереже бұзғандарға Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍11
Қайрат Боранбаевтың туысқаны А.Боранбаев қаржы мониторингі қызметкерлеріне пара берген
⠀
Сот заңсыз сыйақы берген А.Боранбаевты және оны алған екі қызметкерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
⠀
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат айтылмады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Zamandas подкастінің кезекті шығарылымында қонақта болған әнші Мирас Жүгінісов сұрақтарға жауап беру барысында Моңғолиядағы қандастар жайлы сөз қозғады.
⠀
Танымал музыкант Ұлан-Батыр қаласына әндерін сүйіп тындайтын қазақтар үшін концерт өткізген.
⠀
Айтуынша, сол елдегі қандастарымыздың арасында Қазақстанға оралып, атамекенінде өмір сүруге қарағанда Моңғолияда қазақ болып жүргенді жөн көретіндер аз емес.
⠀
Бұған себеп — туған елге келгенде "оралмансың" деген шеттетулердің жанға батуы.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍18😢8