НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал пайда болды.
⠀
Ол қала әкімдігі жанындағы алаңда Сәтбаев көшесінен оңтүстікке қарай және Назарбаев даңғылынан батысқа қарай орналасқан.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🙏8👍4👎2❤1
Елена Рыбакина Дубайда өткен турнирде жеңімпаз атанды
⠀

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өткен Дүниежүзілік теннис лигасының (WTL) көрме турнирінің жеңімпазы атанды.
⠀
Ол турнирде Hawks командасында ойнады.
⠀
Алдымен Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы Арина Соболенконы, одан кейін планетаның төртінші ракеткасы Кэролайн Гарсияны ұтып, ақтық ойында WTA әлемдік рейтингінің көшбасшысы Ига Свёнтекті жеңді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍12🔥4
2028 жылға дейін әйелдер зейнетке 61 жаста шығады
⠀

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
⠀
Бұл заңға сәйкес 35 жасқа дейінгі азаматтар «жастар» санатына қосылады. Ал 2023 жылдан бастап бала күтіміне арналған төлем 1,5 жасқа дейін төленеді.

https://t.me/nehabarkaz
👎9👍6
2022 жылы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді.
⠀
Мерейтой аясында үлкен шаралар ұйымдастырылғанымен Анкарада ұлт ұстазының атында саябақтың пайда болуы ең маңыздыларының қатарына кіреді.
⠀
Саябақта Ахмет Байтұрсынұлына қола мен граниттен жасалған ескерткіш қойылды. Оның биіктігі — 4 метр.
⠀
Мүсін авторлары — суретшілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍16❤4
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтаймыз 🎉
⠀
2023-ші жыл әр шаңыраққа бақ-береке, дәулет, ырыс алып келсін.
⠀
Болаттай мықты денсаулық, армандардың орындалуын тілейміз.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👏12👍4❤1
Қазақстанда ең жас министр 32 жаста.

Ол Серікқали Брекешевтің орнына келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.
⠀
Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған Асхат Оралов та Сүлейменованың қатарласы, жасы 32-де. Бірақ әріптесінен 15 күнге үлкен.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍22👎1
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 238 адамның 41-і бұрын сотталған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
⠀
"Шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болған. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған", - деді Берік Асылов.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5
Ресми мәлімдеге сүйенсек, қаза тапқан адамдардың саны 238
⠀

-67 адам шабуылдаушы болып танылды, яғни жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктілер;
- 142 адам төтенше жағдай мен антитеррористік операция режимін бұзушылар;
- 4 адам басқа да қылмыстар жасау кезінде қаза тапқан.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬5😢2
"Қай аға маған оқ атқан?" Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханның ісі жабылды.
⠀
Кішкентай қыздың әкесі іс қылмыс құрамы болмағандықтан тоқтататылғанын хабарлады.
⠀
Айкөркем Меделхан 2022 жылғы қаңтар айының 7-сі мерт болды. Сол күні ол отбасымен бірге дүкенге барып қайту үшін көлікке мінген еді.
⠀
Сейфуллин-Сәтбаев көшелерінің қиылысында сол көлік оқ жаңбырдың астында қалды. Салдарынан кішкентай қыз мәңгілік сапарға аттанды,
15 жастағы әпкесі мен 18 жастағы ағасы жарақаттанды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😭15🤬3😢3👍1
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке келді.

Енді ол "Хабар"Агенттігі" АҚ-ның жаңа креативті продюсері.
⠀

Бұл туралы басқарма төрағасы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.
⠀
Танымал шоумен арнада жаңа жобаларды дайындаумен айналыспақ. Берік Уәлидің сөзінше, телеарналарда бірнеше жыл жұмыс істеген ол әзілдері арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14🤔6🤮6😁2👎1
Қостанайлық жанұя балалар үйінен 33 бала асырап алған.
⠀
Лисаковскте тұратын ерлі-зайыптылар Рустам Шакуров пен Музамма Мансур — 36 баланың ата-анасы.
⠀
3 бала өздерінің туған ұл-қыздары болса, 33-і — асыранды бала. Бірақ сөздерінше, олар ешқайсысын бөліп жармай, барлығын бірдей жақсы көреді.
⠀
Туған балалары негізінен 6 болған екен, бірақ жұп 3 баласынан айырылып қалған.
⠀
Ерлі-зайыптылар бітпейтін үй тірлігімен толықтай өздері айналысады екен. Балалар тек табиғи өнімдерді тұтынады, ал оларды асырау үшін күніне 30 дана нан қажет.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍29🤔2❤1
Жаркент қаласында 6 жасар бала 3 айлық қарындасын пышақтап өлтіріп қойды
⠀

Оқиға қаңтардың 10-ы болды. Сәби үйдің кенжесі, 4 ұлдан кейінгі көптен күткен қыз еді. Үлкен екі ұл студент, екі ұл мектепте оқиды.
⠀
Анасы үшінші ұлын мектепке алып кеткенде 3 айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлы үйде қалған.
⠀
Баланың сөзінше, сәби жылап, мазасын алған. Сондықтан оны үш жерінен пышақтаған.
⠀
Ұлдың ешбір психикалық ауытқуы жоқ.
⠀
"Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤯7🤬6😱4👍2
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ел бойынша парацетомол тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды
⠀
"Бүгінгі таңда парацетамол дәрісінің тапшылығы жоқ. Қазірдің өзінде бүкіл жеке дәріханалардың өзінен тиісті комитет арқылы мөлшерін сұрап, біліп отырмыз. Парацетамолдың өзінің мөлшері немесе парацетамол қосылған әр түрлі дәрілердің түрлері біздің елімізде жеткілікті", - деді ол ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін БАҚ өкілдеріне.
⠀
Бұған дейін аталған дәріні Петропавлдағы 200-ге жуық дәріхананың біреуінен табуға болатыны туралы ақпарат таралды. Сондай-ақ қазіргі қор бірер аптаға жететіні туралы айтылған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤔3
Еліміздің шекарасын заңсыз кесіп өткісі келетіндер енді 6,9 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін
⠀

Бұдан бөлек Қазақстаннык шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елімізден тысқары жерге 5 жылға  шығарылуы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👏9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Кенесары ханның сүйегі мен мылтығын Ресейден алып келу мәселесін көтерді
⠀

Сөзінше, қазақтың соңғы ханының бас сүйегі мен мылтығы Мәскеудегі этнографиялық мұражайда сақталып тұр.
⠀
2021 жылы қазақстандық арнайы комиссия мен мамандар жоғарыда аталған сүйек пен қаруды анықтауға тырысып, тарихи, антропологиялық, мұражайлық және архивтік зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде мылтықтың 100% Кенесары Қасымұлына тиесілі екені, ал бас сүйек — ханға тиесілі екені (90%-дан астам сәйкестік) анықталды.

🎥: @halyqunimedia
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍28👎2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерден айыруды қолдады.

Әділет министрі экс-президенттің туыстары заң бұзса, қылмыстық жауапқа тартылатынын атап өтті.

“Экс-президент үшін барлық кепілдік сақталады. Алайда бұл (кепілдік – автор) отбасы мүшелеріне қатысты емес. Кепілдік тек оған (бұрынғы мемлекет басшысы – автор) қатысты болады”, - деді министр Парламент палаталарының бірлеске отырысынан соң.

https://t.me/halyqunimedia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮10👍8
Былтыр Қазақстанды жаяу жүріп шыққан 72 жастағы қария енді әлем араламақ.
⠀
Бұл туралы Сәрсенбай Қотырашев Instagram-дағы парақшасында жазды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤18👍8👎1
TikTok-та қазақ тілі пайда болды 🎉
⠀
Қосымшадағы барлық қызмет түрлері қазақшаға аударылған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍36👎1