НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Видеода былтыр Астанада 3 жасар қызды бір ажалдан аман алып қалған Сәбит Шонтақбаев пен жанұясы көрсетілген.
⠀
2022 жылы ерлігі үшін G-Park құрылыс компаниясының басшылығы оған тұрғын үй-кешендерінің бірінен 3 бөлмелі үй сыйлаған еді.

Компания басшысы Сәбит Шонтақбаев жақындарымен сол үйде қалай тұрып жатқанын көріп қайтты.
⠀
🎥: IG-acc #gabit_satmagambetov
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍33❤3
Кәсіпкер Тимур Турлов енді Қазақстан шахмат федерациясының президенті
⠀

Сонымен қатар ол Freedom Holding Corp негізін қалаушы.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14🤔8👎3😁1
"90 миллион теңгеден аса қаржы жымқырды" деген айып тағылып, бірақ сотта ақталып шыққан шенеунік есіңізде ме?
⠀
Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Жангелді Әубәкіров жалған жала тағып, заңсыз тергеу жұмыстарын жүргізгені үшін мемлекеттен 5 миллион теңге шығарып алды.
⠀
Шенеунікке 90 миллион теңгеге Lexus көлігін сатып алды, ал қалған ақшаны бес айыпталушы өзара бөлісті деген айып тағылған еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍10
Бір-бірімен 52 жылдан соң көрісіп, табысқан апалы-сіңлілі желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
⠀
Бір апамыз 82 жаста болса, екіншісі 80-де.

Толығырақ видеода 👆🏻
⠀
🎥: IG-acc #maral.zere8335 #batyr_bloger
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢8👍3👏2
Елордада "Балам-ай" дамыту орталығының тәрбиешілері ерекше балаларды ұрып, тұншықтырған.
⠀
Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬9😢6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Себебі мен мықтырақпын": Бибісара Асаубаева тағы бір жетістігі туралы айтып берді.
⠀
Алматыда блиц бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпазы жеңісінің себебін түсіндірді.
⠀
Тілші шахматшыдан Динара Сәдуақасова, Жансая Абдумәлік неліктен сол сайыста жеңіске жете алмағанын сұрады.
⠀
Жауабын видеодан таба аласыз.
⠀
2022 жылдың соңында Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Бірінші сайыс 2021 жылы Польша астанасы Варшавада өткен еді.
⠀
🎥: Informburo.kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍19❤3😱2
ОСК Путинді және Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған депутат Азамат Әбілдаевты мандатынан айырды.
⠀
Бұл туралы ОСК-ның ресми мәлімдемесінде айтылды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍45
Назарбаев ауруханаға жатқызылды. Оған ота жасалуы мүмкін.

Бұл туралы "Хабар 24" арнасының бұрынғы директоры Александр Аксютиц Facebook-тегі парақшасында жазды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤮9🤔5😢4❤1🍾1
Елена Рыбакина Australian Open-2023 чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты 🎉
⠀
Қазақстандық теннисші мен польшалық теннисші Ига Швентектің екі сетке созылған матчы 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🔥24👍6
Батыс Қазақстан облысында бастауыш сынып мұғалімі өз-өзіне қол жұмсады
⠀
17 қаңтарда Назым Өмірзақованы әпкесі сарайдан оны өлі күйінде тауып алған.
⠀
Туыстарының сөзінше, марқұм өзі жұмыс істеген ауыл мектебінде басшылықпен тіл табыса алмаған.
⠀
Мұғалімнің туысы Бекбол Мырзабаевтың айтуынша, директордың орынбасары оған ескертулер жасағанын, "жалақыны қысқартамын, бұйрық шығарамын, жұмысқа орналаса алмайтындай боласың" деп қорқытқан екен.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢14
Танымал композитор, ҚР еңбек сіңген қайраткері Арман Дүйсенов 48 жасында өмірден озды.
⠀
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢21👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дәрігерлер жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан.
⠀
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі қызметкері сәбиді жоғарыда аталған сомаға 39 жастағы әйелге сатып жіберген.
⠀
Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал сатып алушыға қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сәби балалар үйіне орналастырылды.
⠀
🎥: Qazaqstan.tv
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢9😱2👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордада 1997 жылғы қыз Ұлы Дала даңғылының бойында ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті.
⠀
Бойжеткенді 13 құтқарушы 3 техникалық жабдықтың көмегімен аман алып қалды.
⠀
"Құтқарушылардың сүйемелдеуімен және арқан мен баспалдақтың көмегімен, қыз аман-есен кәріз құдығынан шығарылды", - деп айтылған ТЖМ мәлімдемесінде.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍8
Мәулен Әшімбаев сенат спикері болып қайта тағайындалды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍7😁5👎1
Алматылық әйел ұлын бірнеше мәрте пышақтап өлтіріп қойған. Артынан ол өз-өзіне қол жұмсады.
⠀
Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бұрынғы күйеуінің сөзінше, әйел оған аудио хабарлама жолдап, ішіне жын кіргенін, сол жынның кесірінен баланы өлтіргенін айтқан.
⠀
Содан кейін ер адам үйіне келіп, ұлының және оның анасының денесін тапқан. Сондай-ақ ол әйелдің соңғы уақытта психикалық ауруға шалдыққанын айтты.
⠀
Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱14
СҚО-дан сайланған Сенат депутаты қайтыс болды.
⠀
Гүлмира Кәрімоваға алдын ала "анафилаксиялық шок" деген диагноз қойылып отыр.

https://t.me/nehabarkaz
😢15👍1