НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Видеода қазақ тіліне жаны ашыған неміс қызы Алина Кан.
⠀
23 жастағы ару Алматыдағы "Сөйле" клубында қазақ тілін үйретеді. Сабағына қатысатындар қатарында Ресейден келгендер де бар.
⠀
Алина Канның қазақ тілінің құндылығы жойылып кетпесе деген тілегі бар.
⠀
🎥: Азаттық Радиосы
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍48❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияның Қаһарманмараш қаласында қазақстандықтар жіберген киіз үйлер құрылып жатыр.
⠀
Бұл туралы журналист Нұрбек Бекбау Instagram-дағы парақшасында жазды.
⠀
🎥: IG-acc #nurbek_bekbau
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍34
🗣Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: шенеуніктер жұмысынан шеттетілді

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты.

"Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, шекара басқармасының басшы, оқиға болған жердегі заставаның тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Болашақта осы лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданады", - деді ол.

▪️ 2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімінде 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш асылып қалған жерінен табылды. Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩6👍1🤬1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿📞🇺🇦 Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.

t.me/aqorda_resmi
👍23👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елена Рыбакина Астанада иттерді аулау орталықтарынан құтқаратын еріктілерге қаржылай көмектесті.
⠀
Теннисшінің берген ақшасына олар 10 тонна макарон сатып алған.

Осы видеода еріктілер Уимблдон-2022 чемпионына алғысын білдірді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍20
Екібастұз тұрғындары үшін осы қыс өте қиын өтті, олардың үйлерінде әлі де жылу жоқ.
⠀
Бірақ Роман Скляр Екібастұзға келгенде қала тұрғындарының жағдайы сәл өзгерді. Сөздерінше, "үйдегі су жылып, батареялар қызған".
⠀
Ал вице-министр қаладан шығып кеткенде су қайттан суып, батареялар жартылай жылы болып қалған екен.

🎥: IG-acc #ekibastuz_blog
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢11😁2🤬1
Жоқ, бұл фильмнің түсірілімі емес және аса қауіпті қылмыскерді ұстау сәті де емес.
⠀
Видеодағы азаматтың тәртіп бұзғаны, яғни ішіп алғаны рас. Заңгер Айгүл Орынбектің сөзінше, полиция қызметкерлері ішіп алған жігіттің ісін сотқа жедел жеткізген, Қазақстандық 15 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
⠀
Куәгер қыздардың айтуынша, сол азаматты көлікке үстінде полиция формасы жоқ әрі өзі де ішіп алған ер кісі шашынан жұлып, мәжбүрлеп отырғызған. Ол кісінің кім екені белгісіз.
⠀
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшасында Айгүл Орынбек полицейлер жүргізуші жігіттің 120 мың теңгесін алып қойғанын жазды.
⠀
🎥: IG-acc #aigulorynbek_kz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬11👍2
Журналист Нұрболат Бекбау қазақстандық құтқарушылардың жұмысы жайлы:
⠀
"Шетелдік құтқарушылар — қиранды астында қалып қойған адамдарды тек ауыр техника күшіне сүйеніп қана шығарады. Оған ұзақтау уақыт керек. Тірі жатқан кісі күтіп жатып-ақ өліп қала берген.Ал қазақ жасағының тактикасы өзгеше. Қираған ғимараттың бүйірін үңгіп, жетіп барады немесе үй жанын ойып, басылып қалған кісінің астынан келеді.
⠀
Осындай пидагерлікке баруының арқасында, жігіттеріміз 7 жанды аман алып қалды. 88 адам денесін қиранды ішінен суырып алды. Бізжің жігіттер — қабырғаларды қақырата қазып жатқан кран аяулы адам денесін мылжалап тастауына жол бермей, әр марқұмның арулап көмілуіне жағдай жасады.
⠀
Түріктер осыдан кейін, Газиантеп қаласындағы бізге тиеселі 3 учаскеде қазақтың жігіттерін негізгі күш етіп, басқасын соларға бағындырып қойды.
⠀
Кеше қиранды үйлердің астынан тірідей болса тірідей, шейіт болғандардың денесін алып шығып, үйінді болған үйлерді сүріп, тап-таза етіп барып, елге қайтты. Әбжіл, арықтау келген, көпшілігің 5 уақыты түгел, сабырлы жігіттер. Нағыз батырсыңдар!!!" - деп жазды Instagram-дағы парақшасында.
⠀
🎥: IG-acc #nurbolat_bekbau
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍36🔥2
Журналист Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды.
⠀
Бұл туралы Вадим Борейко хабарлады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎5👍3
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына түсетін кандидаттардың үгіт-насихат кезеңі басталды
⠀
Үміткерлердің қатарында танымал отандық блогер, экономист Дәулет Мұқаев та бар.
⠀
Ол сайлауға Астана қаласындағы №2 бірмандатты аумақтық сайлау округінен түседі.
⠀
Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүреді.
⠀
Дауыс беру күні — 19 наурыз.
⠀
🎥: IG-acc #dauletten

https://t.me/nehabarkaz
👍19👎9
Журналист Вадим Борейкомен жұмыс істейтін оператордың екі көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген.
⠀
Көліктер оның YouTube-арнасындағы "Гиперборей" бағдарламасының аясында пайдаға жарап жүр еді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤯14🤔4😱2😁1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте полиция қызметкерлері қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған кісіні ұстады
⠀
Оқиға бүгін сағат 14:40 шамасында орын алды. Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде белгісіз бір кісі атыс ұйымдастырды.
⠀
Салдарынан күзетшілердің бірі жараланды. Ал қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.
⠀
Деректерге сүйенсек, атыс ұйымдастырған адам Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрған. Одан шолақ мылтық және ұрланған «Сайга» карабині тәркіленді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍5