НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
Forwarded from ZTB - QAZAQSTAN
🧅«Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз»: Ауыл шаруашылығы министрі пияздың бағасы тұрақталып жатқанын айтты

Ербол Қарашөкеев өткен жылы 1,2 млн тонна пияз жиналып, оның 1 млн тоннасы Жамбыл облысында өндірілгенін мәлімдеді. Ал бүгінде елімізде 70 мың тонна пияз қоры бар екен.

Сонымен қатар, министр бірнеше өңірдегі пияздың бағасына тоқталып, пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынғанын атап өтті.

«Жамбыл облысында пияз 200 теңге тұрады, ал Астанада 260-300 теңге шамасында. Дүкендерде 300-360 теңге арасында. Пияздың құны оның бастапқы сатып алынған бағасына да байланысты. Баға тұрақталды, жағдай бақылауда. Оның үстіне пиязды экспорттауға уақытша тыйым салынды. Қысқасы, пиязсыз қалмаймыз», - деді Қарашөкеев.

Сіз тұратын өңірде пияз бағасы қанша?
❤7
Абай облысында жылқы кәріз құдығына құлап кетіп, абырой болғанда аман қалды.
⠀
Оны полиция қызметкерлері видеоға түсірген оператордың қолдауымен құдықтан алып шықты.

https://t.me/nehabarkaz
❤13
Бүгін белгісіз біреу журналист Данияр Молдабековты ұрып кетті.
⠀
Өзінің Telegram арнасында ол қазір жағдайы жақсы екенін, Алмалы ауданы полиция басқармасында арыз жазғанын хабарлады.
⠀
Енді басқарма бұл факт тіркелгенін, іске қажетті мән-жай анықталып жатқанын мәлімдеді.

📸: @kazakhjanuary
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤬11🤔2👍1
Қазақ тілінің қадірін кетірген аударма.
⠀
Желі қолданушылары жарнама жасағандарды "Тіл Туралы" заңды бұзғаны үшін жауапқа тарту қажет екенін бір-бірімен жарыса жазып жатыр.
⠀
Сіз де пікіріңізді бөлісе отырыңыз.
⠀
📸: @qazaqgrammar

https://t.me/nehabarkaz
😢14🤬9👎5😱3
Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды
⠀
Біздің еліміздің ірі қалалары Алматы мен Шымкентте де жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.
⠀
Сондай-ақ ҚР Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 8:01-де жер сілкінісін тіркеді. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 424 шақырым жерде болған.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😱9
Forwarded from ZTB - QAZAQSTAN
🇹🇷💔Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін 1858 бала жетім қалды

Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичи хабарлады. Оның айтуынша әлі 213 баланың құжаттары табылмаған.

«Ресми деректерге сәйкес 1858 жетім баланың 1645-і құжаттарын тауып, жеке басы анықталды. 1314-і туыстарымен байланыса алды. Алайда әлі 213 баланың құжаттары табылған жоқ. Балалар қазір мемлекет қамқорлығында»,- деді елші.

Ал мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Елші, жер сілкінісі салдарынан ата-анасынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндердің қатары көп екенін айтты. Алайда балалар басқа елдерге асырап алуға жіберілмейді, егер табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады екен.
😢16👍5
Жастар арасында Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық әнші Дархан Жүнісбеков қайтыс болды.
⠀
Бұл ақпаратты өнер иесіне шығармашылық жолда шарықтауға көмектескен õzen музыкалық лейблі растады.
⠀
Darkhan Juzz-ді жас буын "Sheker", "Үйде", "Erikpe", "Qosh bol, Zhapyraq" сынды әндері арқылы сүйіп тыңдайтын.

Иманы жолдас болсын.

https://t.me/nehabarkaz
😢23💔1
Деректерге сүйенсек, Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қайтыс болған.
⠀
Әлеуметтік желіде фотограф Жәнібек Алтынов оның соңғы суретін жариялады.
⠀
"Сапарға аттанбай тұрып жасалған соңғы сурет", деп жазды ол.
⠀
📸: IG-acc #kobyzshy

https://t.me/nehabarkaz
😢16
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Деректерге сүйенсек, Darkhan Juzz Таиландта жол апатынан қайтыс болған. ⠀ Әлеуметтік желіде фотограф Жәнібек Алтынов оның соңғы суретін жариялады. ⠀ "Сапарға аттанбай тұрып жасалған соңғы сурет", деп жазды ол. ⠀ 📸: IG-acc #kobyzshy https://t.me/nehabarkaz
СІМ Тайланд полициясына сүйеніп, ақпаратты растады.
⠀
Қазақстан азаматы Пхукет аралында жалға алынған мопедті айдап жүріп, жол апатына түскен.
⠀
Елшілік қаза тапқан әншінің туыстарымен байланыста.

https://t.me/nehabarkaz
Forwarded from НЕХабар
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Менікі дейтіндей саған фермерлер зат емес” - Жигули Дайрабаев Республика партиясының лидеріне үндеу тастады.

Толығырақ білу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

@nehabar
😁12👍3👎3
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
⚡️ Енді зират басындағы құлпытастарға QR-код орнатылуы мүмкін

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өкілі Ағабек Қонарбайұлы зират басындағы құлпытасқа QR орнатуға қатысты пікір білдірді.

«Жалпы QR - әлемнің дамыған елдерінің бәрінде бар тәжірибе. Мәселен, зират басындағы құлпытасқа QR орнатылады. Осы QR-ға ұялы телефонды жақындатып, өмірден озған азамат туралы толық мәлімет алуға болады. Айталық, қандай адам, нендей қызмет істеген, қандай өнегелі істері бар, қай өңірдің тумасы деген сынды сауалдарға қатысты толық мағлұмат ала аласыз. Осы үшін жасалған дүние. Бұл тәжірибе ретінде елордадағы шамамен 20 зираттағы құлпытасқа орнатылған», - деді Ағабек Қонарбайұлы.

Cөзінше, құлпытасқа QR орнату азаматтың өтініші болған кезде ғана жасалады.

t.me/abaiaqparatkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10😱4👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда тыңдармандар жиналып, Darkhan Juzz-дың әндерін бірге шырқап, өнер иесімен қош айтысты.
⠀
🎥: TT-acc #amet0ff
⠀
https://t.me/nehabarkaz
💔20👎2🔥1