НЕХабар (қазақ редакциясы)
936 subscribers
1.47K photos
625 videos
1.81K links
Қазақстан мен әлемнің шынайы жаңалықтары.

Жарнама/серіктестік/ұсыныстар: @tg1admin

Кері байланысқа арналған чат (осы жерге жаңалықтарды, фото/видео-материалдарды жіберуге болады): @nehabarkaz_bot.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда тыңдармандар жиналып, Darkhan Juzz-дың әндерін бірге шырқап, өнер иесімен қош айтысты.
⠀
🎥: TT-acc #amet0ff
⠀
https://t.me/nehabarkaz
💔20👎2🔥1
Дарханның артында кішкентай қызы мен ұлы қалды.
⠀
Әншінің отбасына қолынан келгенше көмек көрсеткісі келетін жандарға:
⠀
+ 7 777 008 35 42 (Омиржан М.)
⠀
Kaspi картасының нөмірі: 4400 4301 8388 7261 (Омиржан М.)
⠀
https://t.me/nehabarkaz
😢21👎3
Сейітқазы Матаев БАҚ цензурасы үшін шенеуніктер жауап беруге тиіс екенін айтты
⠀

Журналистер одағының төрағасы соңғы уақытта тілшілер мен операторлардың жұмысына кедергі келтіру жиіліп кеткенін тілге тиек етті.
⠀
Сөзінше, базарлардың, сауда орталықтарының, тіпті кейде мемлекеттік мекемелердің күзетшілері өздерін журналистерге шабуыл жасауға, камераларды жабуға немесе тіпті сындыруға құқылы деп санайды.
⠀
Ал шенеуніктер журналистерден қашады, жауап беруден бас тартады, ресми өтінімге жауап бермейді, түсірілімге, оның ішінде қоғамдық орындардағы түсірілімдерге де рұқсат талап етеді. Осының барлығын ескерген Сейітқазы Матаев журналистердің ерекше мәртебеге ие болуы керек екеніне сенімді.
⠀
"Егер БАҚ төртінші билік болса, онда журналистердің тиісті мәртебесі болуы керек. Судьялар — сот билігінің өкілдері. Олардың ерекше мәртебесі бар. Құқық қорғау органдары —атқарушы билік. Олардың ерекше мәртебесі бар. Депутаттар — заң шығарушы биліктің өкілдері. Олардың да мәртебесі бар. Ал журналистерде жоқ.
⠀
Менің ойымша, журналистердің заңнамалық деңгейде бекітілген ерекше мәртебесі болуы керек және олардың жұмысына кедергі келтіргені үшін, цензура енгізгені үшін, сөз бостандығын бұзғаны үшін жазаны күшейту керек. Міне, сол кезде біздің еліміздегі журналистика төртінші билік болады", – деді ол.

https://t.me/nehabarkaz
🔥8👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін қазақтың "Қыз Жібегі" Мерует Өтекешева 72 жасқа толды

Ол Алматыда мектеп бітіргеннен кейін бірден аты аңызға айналған фильмде ойнады. Ал тойын "Қазақстан" кинотеатрында "Қыз Жібек" фильмінің көрсетілімі басталған күні өткізді. Актриса осы фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған актер Құман Тастанбековке тұрмысқа шықты.

Айтпақшы, ерлі-зайыпты тұңғыш қызының есімін Жібек деп қойған.

Фото: kazakhfilm_official

@sputnik_aitady
❤23👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал жазушы Төлен Әбдіктің ұлы Дархан Әбдік руға бөліну туралы.
⠀
Асылдың сынығы, журналист ұлт боламыз десек рулық санадан арылуымыз керек дейді.
⠀
Келісесіз бе?
⠀
🎥: TT-acc #dopesoz
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍26🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түнде кішкентай баласына шоколад сатқызып қойған әке желі қолданушыларының ашуына тиді.
⠀
Видеоның әзірге қай қалада түсірілгені белгісіз. Бірақ видео авторының сөзінше, бала түнгі 23:51-де шоколад сатып жүр, ал әкесі оны көліктің ішінде күтіп отыр.
⠀
Видео авторы көліктегі кісіге баланың құқықтары бұзылып жатқанын, баланы ақша табу мақсатында пайдалануға болмайтынын түсіндіруге тырысты. Бірақ ер кісі мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деген пікірінен айнымады.
⠀
🎥: IG-acc #korea_komek
⠀
https://t.me/nehabarkaz
🤯10🤬2
🗣Сайлау: дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін болды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, бюллетеньдер жақсы оқылуы үшін әдеттегі А4 емес, А5 қағазы қолданылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады, ал 8-позиция – барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы.

Ал бірмандатты округтерге кандидаттар саны 16-дан асса, онда бюллетеннің мөлшері ұлғаяды.

Мәжіліс депутаттарына дауыс беруде көк пен жасыл түсті бюллетеньдер қолданылады.

Ал қызғылт және сары түстер мәслихат депутаттарын сайлау үшін.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10👎5
Көктемнің алғашқы күні журналист Асқар Жалдинов үшін жеңістен басталды.
⠀
Ол "5:32" сериалы бойынша сотта жеңіп шықты.
⠀
"Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы" кітабының авторы мен "5:32" сериалын түсірушілер арасында қозғалған іс бойынша сот шешімі шықты.
⠀
Жауапкерлер автордың құқығын бұзбағандығын дәлелдей алмады.
⠀
Енді жауапкерлерден талапкер пайдасына 1 000 АЕК (3 млн 450 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) көлемінде өтемақы және 1 млн теңге моральдық залал әрі сот шығындары алынады.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👎6🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1 Наурыз - Алғыс айту күні!

Айтулы мерекемен құттықтаймыз! Жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын!

@ptrkkz
👍15
Louis Vuitton киіз үй түрінде сөмке шығаруы мүмкін
⠀
Брендтің киіз үй түріндегі тау арасында ашылған бутигі есіңізде ме? Сол жаңалықтан кейін қазақстандық студент Айнұр Полатова компанияға киіз үй түрінде сөмке шығару туралы ұсыныс жасаған.
⠀
Louis Vuitton қазақстандық бойжеткеннің ұсынысына қызығып, оны Парижге кездесуге шақырды.

📸: ЕҰУ
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍22🥰2👌2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UFC 285 турниріне орай ұйымдастырылған конференцияда алғаш рет қазақ тілі естілді
⠀
Наурыздың 5-і, Лас-Вегас қаласында шамамен сағат 09:00-де Шавкат Рахмонов пен америкалық жауынгер Джефф Нилмен жекпе-жегі өтеді.

Конференцияда отандасымыз бәріне дайын екенін, тезірек жеңуге үміттенетінін айтты.
⠀
Бұл жекпе-жек Шавкат Рахмонов үшін өте маңызды. Себебі UFC президенті Дэйна Уайт Рахмонов жеңіске жетсе, орта салмақтағы чемпион титулына дәмелі бола алатынын мәлімдеді.
⠀
🎥: IG-acc #sportilinet
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍38❤4🥰3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"АМАNAT" партиясының бағдарламасын "Ауыл" партиясының өкілдері де қолдайды.

Қазақстанның ауыл-аймақтарын дамыту мәселесі еліміздегі өзекті тақырыптардың бірі. Видеода "Ауыл" және "AMANAT" партияларының мүшелері аграрлық ғылым, тұқым шаруашылығы туралы пікір алмасып, бір-біріне сәттілік тіледі.
⠀
"Ауыл" партиясы "Ауыл төреге шықсын" деген ұранды ұстанып келеді. Бұл мақсатқа "Ауылдастар" "AMANAT" партиясы арқылы жетуге болатынын сезінген секілді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍24👎6😁2
Бүгінгі күннің батыры 🔥
⠀
Түркістан облысының Жамбыл ауылында 1 жасар бала арыққа құлап тұншығып қалған.
⠀
Байқаусызда ауладан шығып кеткен балақайды үйдегілер байқамапты.
⠀
Атпен шауып бара жатқан 8 - сынып оқушысы Нұргелді, кілт тоқтап, сәбиді алып шығып, үлкендерді көмекке шақырған.
⠀
Суға тұншыққан кішкентай ұл аман. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
⠀
Балаларымызға абай болайық.
⠀
🎥: IG-acc #gulmir_ktk
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍33🙏5🔥3❤1
Шавкат Рахмонов 17-ші рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті
⠀
Қазақстандық жауынгер америкалық қарсыласын 3 раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
⠀
Жеңіс құтты болсын 🎉
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👏25👍7🎉1