This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ-қытай бір туған деген осындайда айтыла ма? 😅
⠀
Қытайдағы қандастарымыз Джеки Чанға шапан жауып, тұлпар мінгізді.
⠀
https://t.me/nehabarkaz

👏8👎6🤬1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Қымбатты ханымдар!
Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Аяулы аналарымыз өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, оларды еңбекқор, білімпаз болуға тәрбиелейді.
Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор.
Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді.
Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді.
Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Әрдайым көктем күніндей жадырап жүріңіздер!
t.me/aqorda_resmi

👍8
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Бүгінгі күннің батыры 🔥 ⠀ Түркістан облысының Жамбыл ауылында 1 жасар бала арыққа құлап тұншығып қалған. ⠀ Байқаусызда ауладан шығып кеткен балақайды үйдегілер байқамапты. ⠀ Атпен шауып бара жатқан 8 - сынып оқушысы Нұргелді, кілт тоқтап, сәбиді алып шығып…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 3,5 жасар баланы құтқарған Нұргелді Нұрболатты марапаттады
⠀
Ол мектеп оқушысына ерлігі үшін алғыс айтып, 400 мың теңге табыстады.
⠀
Видеода бала сәбиді қалай құтқарғанын айтып берді.
⠀
Нұргелді Нұрболат 2008 жылғы 1 желтоқсанда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылында туылған.
⠀
Мектепте үлгілі тәртібімен, үздік оқуымен ерекшеленеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Футбол үйірмесіне қатысып, түрлі деңгейдегі жарыстарда көзге түсіп жүр.
⠀
🎥:IG-acc #shyndykz

👍20🥰1
Әсет Матаев командасымен бірге Алматыда қызғылт сары тақтайшаларды орналастырып жатыр
Бұл тақтайшаларда ТЖ болған жағдайда зардап шеккендер жиналатын орындар белгіленген.
Қазір қала бойынша 28 тақтайша қойылды. Жұмыс жалғасып жатыр.
⠀
"Мен де Сіз секілді жоғары балдық жер сілкінісінен сескенемін. Түркия мен Сириядағы қайғылы жағдай жер сілкінісінен кейін тағы бір апат болуы мүмкін екенін және сол кезде адамдар өзіне қажетті көмекті дер кезінде ала алмай қалатынын көрсетті", - деп жазды Парламент Мәжілісі депуттатығына кандидат әлеуметтік желідегі парақшасында.
📸/🎥: @assetmatayev

❤8👍2👎2
Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты
⠀
Қазақстандық боксшы ұйымның суперчемпионы деген мәртебесін сақтап қалу үшін орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шықпайтын болды. GGG жекпе-жек өткізу мақсатында жасалатын промоутерлік сауда-саттыққа қатыспауды ұйғарды.
⠀
Нәтижесінде кубалық азамат осы дивизиондағы толыққанды чемпион атанды.
⠀
Осыған дейін Головкин IBF белбеуінен бас тартқан еді. Енді оның тек IBO чемпиондық белбеуі ғана қалды.
⠀
Еске сала кетейік, биыл қазақстандық боксшы 41-ге толады.

👍8😢3
Базарға барып, бір камаз пиязды тегін таратқан әйел кісі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді.
⠀
Сөзінше, ол мұндай шараны келе жатқан қасиетті Рамазан айына орай ұйымдастырған.
⠀
Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр.
⠀
Ораза айт — 21 сәуір.
⠀
🎥: TT-acc #manarka76

👍20❤2👏2
НЕХабар (қазақ редакциясы)
Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты ⠀ Қазақстандық боксшы ұйымның суперчемпионы деген мәртебесін сақтап қалу үшін орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жекке шықпайтын болды. GGG жекпе-жек өткізу…
WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кубалық боксшы Эрисланди Ларені жекпе-жекке шақырды
⠀
Өзінің Instagram-дағы парақшасында ол орта салмақтағы барлық белбеуді жинағысы келетінін, алдына сондай мақсат қойғанын ескеріп, Жәнібек-Лара жекпе-жегін өткізуді ұсынды.
⠀
Ал GGG кубалық боксшымен кездеспейтінін мәлімдегенімен, бұл оның спорттық мансабы аяқталуға жақын екенін білдірмейді.
⠀
Геннадий Головкиннің өкілі қазақстандық боксшы келесі жекпе-жекті жоспарлап, ұйымдастыру үшін әлі көптеген мәселелер бойынша шешім қабылдамағанын жеткізді.
📸: IG-acc #janibek_alimkhanuly

👍9👏1
Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталушы Серік Күдебаев ауруханаға түсіп қалды.
⠀
Сондықтан оған қатысты сот отырысы кейінге шегерілді. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров хабарлады.
⠀
Еске сала кетейік, прокурор Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
⠀
Ол қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының коменданты бола тұра жұмыс орнын тастап кетіп, өз қарамағындағы қызметкерлерге де полиция департаментіндегі жұмыс орнынан кетуге бұйрық бергені үшін айыпталып отыр.

🤔7👍1
Оралда судья Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды
⠀
"Мой город" басылымының мәліметінше, 1968 жылғы ер кісінің жағдайы табан астынан нашарлап кеткен. Желел жәрдемге қоңырау шалған адамның сөзінше, тергеу судьясы қырылдап, есінен танып қалған.

😢5🤔1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Мәжілістің бұрынғы депутаты Ресейде ұлын мобилизациямен алып кеткенін растады
Мәжілістің бұрынғы депутаты Самиғолла Оразов Ресейде тұратын ұлы Бауыржан Оразовты былтыр қыркүйекте мобилизациямен алып кеткенін, қазір Украинада жүргенін растады.
Оның айтуынша, ұлы бұрын Қазақстанның батысындағы Орал қаласында милицияда жұмыс істеген. Кейін Ресейге кетіп, сол жақта үйленіп, отбасын құрған. Ресей азаматтығын алған.
- Мобилизация басталған кезде "мұнда кел, қайт" дедім. "Ой, папа, мені кім алады? 45-темін. Ауыратыным да бар" деді. Сосын оны шақырып алып, әскери комиссариатқа қамаған. "Мына жерім ауырады" [дегеніне ешкім қарамаған]. Ешқандай комиссия жоқ. "Анда барғасың жазыласың" деп айдап жіберіпті. Қазір Запорожье АЭС-інің маңында Энергодар деген қала бар, сонда жүр. Ол жақта соғыс жүріп жатқан жоқ, – деді экс-депутат, Орал қаласының бұрынғы әкімі Самиғолла Оразов Азаттық тілшісіне.
https://t.me/azattyq

🤬21👍4😱3😢1
Демалыс күндерін қызықты өткізіп, қазақ тілін қолдаймын десеңіз, қазақша дыбысталған "Етік киген Мысық 2: Соңғы тілек фильмін көріңіз.
⠀
DreamWorks компанияның кезекті туындысын үлкендер мен кішкентайлар үшін қазақшаға Dopamine Voice студиясы дыбыстаған.
⠀
Мультфильмді сайттан және студияның Telegram-арнасынан көре аласыз.

👍27❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Димаш Құдайбергеннің 12 жасында берген сұхбаты.
⠀
Халқының көңілі жай, білімге бай болуын қалаған жігіттің қазақ тіліндегі әні Амеркада Channel R Radio радиосында шырқалды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
⠀
Халқының көңілі жай, білімге бай болуын қалаған жігіттің қазақ тіліндегі әні Амеркада Channel R Radio радиосында шырқалды.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
👍14❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сиэтлдік радиода шырқалған ән "Zhalyn" деп аталады.
⠀
Әннің бейнебаяны да бар.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
⠀
Әннің бейнебаяны да бар.
⠀
https://t.me/nehabarkaz
❤12👍4