Біздің тарихымыздағы өте қызық бір феномен - сопылық дәруіштер.
Дәруіш – дүниедегі істер мен қызықтардан бас тартқан, жұрттан оқшау жүретін, оңаша тұрмыс кешіретін, рухани жетілуді мақсат еткен, мәлім діни не мистикалық ағымға берілген оқшауланушы адам.
Қазақ жеріне ислам келгенде ол орталығы Түркістанда болған өзіндік "сопылық" деген ағыммен дамиды. Орта ғасырда Қожа Ахмет Ясауи тариқат жолын ұстанған дәруіштер түркі елдерінде исламның таралып, дамуына үлкен үлесін қосқан. Көбінесе қожа руынан шыққан жоғары діни лауазымдағы әулие адамдардың қызметінде болған.
Өмір салты, жалпыдан жат ұстанымдары, мистикалық қозғалыстары, бет-келбеті, қайыр сұрап күн көруімен дәруіштер қазақ халқының арасында жағымсыз кейіпкер болып кетті.

❤62🤔26💩5
Наполеонның “маған 20 мың қазақ берсеңдер, мен әлемді жаулап алар едім” деген сөздері неге ФЕЙК?
төменде дәлелдеймін ⤵️
төменде дәлелдеймін ⤵️
😱58💩8❤5
Біріншіден, Наполеон ҚАЗАҚтар туралы ештеңе айтпады. Ол өзінің жеңілуі туралы 29-бюллетеньде жазып, ресейлік сословие – КАЗАКтар туралы айтады.
Сол 29-бюллетеньді қарап шықсаңдар болады (2-сурет). Және ағылшыншаға аударылған нұсқасын да табыстаймын (3-сурет).
Бірақ ол аталмыш “20 мың казак” туралы ештеңе жазбаған.
Иә, Наполеон казактардың үлесі туралы айтып кеткен. Бірақ “менде казактар болса, әлемді жаулап алатын едім” деген сөзі – осы кішкене мақтағанға бола асыра сілтеп жіберіп ойдан шығарылған дүние.
Үкім: 10/10 фейк ❌

🔥93❤13😁8
Қазақтарды француздар “казак” деп атаған шығар дейтіндерге жауап:
Бұл 1855 жылғы карта. Осы картада біздің жерді “kirgisen” деп жазған.
20 ғасырдың ортасына дейін бізді батыста “киргиз” немесе “киргиз-кайсак” деп атағанын басқа да деректерден білеміз.
Егер ол заманда батыста біз туралы жазатын болса, “киргиз” деп атап жазатын еді.

🔥87🤔5💩4😁3