nurqojager
3.56K subscribers
618 photos
23 videos
22 files
66 links
Видеода айтылғанның дәлелдері, кітаптар, мақалалар мен қызықты әңгімелер!
Download Telegram
Ата-бабамыздың қабылан (гепард) ұстап, онымен аң аулағанына Қытайда табылған деректі дәлелдер
🔥150❤11🤔10😱10👍1
"Степь" сөзін қазақша қалай атайсың?
Anonymous Poll
58%
Дала
8%
Қыр
24%
Жазық
7%
Жайлау
2%
Өз нұсқам:
🤔39❤8😱4🔥3💩3😢1
Дұрыс, достар, ашаршылық туралы киноға тамақ ішпей аш болып бару керек. Аквамен киносында суға кірген сайын дем алмай отыру керек. Соғыс туралы киноны атысып отырып қарау керек, Стивен Хокинг туралы кинода қимылдамай отыру керек. Эверест киносын тауға шығып қарау керек, ал 18+ сценалары бар киноларды…
😁345🤔20❤11🔥8😱6😢3
1929, Павлодар әскери комиссариаты / болашақ солдаттар.

Ашаршылық кезінде қыстан аман шығудың амалы – солдат болу.
😢112🙏36😱5
Америка құрлығының жергілікті халқы, Үндістер (индеецтер) бірнеше ғасыр бұрын Сібір мен Алтайдан көшіп келгені туралы бір-екі дәлел. Қалғанын, қызық болса, тауып аларсыңдар 😁

https://egemen.kz/article/199806-bayyrghy-amerikalyq-undister-olardynh-tupki-tegi-antropogenezdik-ghylymdar-toghy
🔥51🤔11😁5❤1
Түркістан легионы – екінші дүниежүзілік соғыста Вермахт (наци. Германия) жағында соғысқан қазақ, татар, өзбек, қарақалпақ және басқа да Кеңес үкіметінің саясатына қарсы болған түркі елдерінің адамдарынан құралған әскер. Арасында қазақ генералдары да болған. Әскердің жалпы саны 16 мың адам. Көбісі соғыстан кейін Еуропада қалды.

Бұл туралы не ойлайсыңдар?
🔥160🤔16😢8😁6😱2❤1
Біздің тарихымыздағы ең қатты құрметтейтін тұлғаң кім? ⤵️
❤42🤔3
Аяз ата – "дед мороз" көшірмесі ме, әлде керісінше ме? Кімде Аяз ата ертерек пайда болды? 🤔

19 ғасырдың соңына дейін славян фольклорында "дед мороз" болмаған, пайда болғанына тек екі ғасырдай болды.

Ал бізде аяз ата қашан пайда болды? Ол туралы дерек таппадым, сондықтан талқылайық ⤵️
🤔82😁11❤7🙏2
Сақтардың қылышында 12 мүшел бейнеленген. Бұл қылыш екі жарым мың жыл бұрын жасалған.

Сақтардың мұрасын қалпына келтірумен айналысатын Қырым Алтынбек зертханасы осындай құттықтау жасады.

Негізі, қоян жылы ай күнтізбесі бойынша 22 күннен кейін кіреді, бірақ қазірден бастап қоян жылы құт береке әкелсін деп тілей берейік.

Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайтындар, пікірде құттықтау тілек жазсаңыздар болады 😁

Құтты жыл болсын!
🔥83❤12😱1