nurqojager
3.56K subscribers
618 photos
23 videos
22 files
66 links
Видеода айтылғанның дәлелдері, кітаптар, мақалалар мен қызықты әңгімелер!
Download Telegram
Түркістан легионы – екінші дүниежүзілік соғыста Вермахт (наци. Германия) жағында соғысқан қазақ, татар, өзбек, қарақалпақ және басқа да Кеңес үкіметінің саясатына қарсы болған түркі елдерінің адамдарынан құралған әскер. Арасында қазақ генералдары да болған. Әскердің жалпы саны 16 мың адам. Көбісі соғыстан кейін Еуропада қалды.

Бұл туралы не ойлайсыңдар?
🔥160🤔16😢8😁6😱2❤1
Біздің тарихымыздағы ең қатты құрметтейтін тұлғаң кім? ⤵️
❤42🤔3
Аяз ата – "дед мороз" көшірмесі ме, әлде керісінше ме? Кімде Аяз ата ертерек пайда болды? 🤔

19 ғасырдың соңына дейін славян фольклорында "дед мороз" болмаған, пайда болғанына тек екі ғасырдай болды.

Ал бізде аяз ата қашан пайда болды? Ол туралы дерек таппадым, сондықтан талқылайық ⤵️
🤔82😁11❤7🙏2
Сақтардың қылышында 12 мүшел бейнеленген. Бұл қылыш екі жарым мың жыл бұрын жасалған.

Сақтардың мұрасын қалпына келтірумен айналысатын Қырым Алтынбек зертханасы осындай құттықтау жасады.

Негізі, қоян жылы ай күнтізбесі бойынша 22 күннен кейін кіреді, бірақ қазірден бастап қоян жылы құт береке әкелсін деп тілей берейік.

Жаңа жылды 1 қаңтарда тойлайтындар, пікірде құттықтау тілек жазсаңыздар болады 😁

Құтты жыл болсын!
🔥83❤12😱1
Тикток пен рилста бүгін шыққан видеоның астында "бізде солай ілініп тұр, ешкім өліп қалмады" секілді пікірлер көп екен 🤦🏻‍♂️

Ақылдыларым-ау, бұл солай ілсең біреу өледі деген сөз емес, бұрын ата-бабамыз үйге кіргенде қамшының қалай ілулі тұрғанына қарап, отбасының жағдайын, тұрмысын анықтағаны туралы 😂

Ым дүсінбеген – дым түсінбейді деген осы екен ғой 😁
❤143😁42🔥8💩5
"Моңғолдың үш ұлы ханы" деген суреттер: Шыңғыс, Құбылай, Үгедей.

Біздің хандарды да бір суретші осылай әдемі қылып салса ғой, үйге іліп қоятын едім 😍
🔥107❤14🙏3
#қарауғакеңес
Netflix түсірген "Марко Поло" хикаясы 🎬

Бұл хикаяның біраз бөлігі Қазақстанда түсірілген, қазақ актерлары бар. Итальян саяхатшысы Марко Полоның қазіргі Моңғолияға саяхаты туралы.

Шыңғыс ханның ең ұлы немересі – Құбылай ханның өмірі өте жақсы көрсетілген. Менің сүйікті хикаяларымның бірі. Бірақ өкініштісі, 2 маусымы ғана бар, кейін хикая аз ақша жинағандықтан жабылып қалды.
❤112😢22😁4🤔4🙏1
Моңғолияда Шыңғыс ханға арналған ескерткіш көп, мынау солардың ішіндегі ең үлкені. Ал Қазақстанда біреуін де көрмедім, алайда біздің рулардың басым бөлігі Шыңғыс әскерінен болған, арамызда тікелей ұрпақтары көп.

Егер бір бай адам өз ақшасына Шыңғыс ханға ескерткіш саламын десе, қолдайсыңдар ма?
🔥292💩55🤔13❤8
Қытайдағы моңғол тарихшы әріптестеріміз "осындай туды біз 1930 жылға дейін қолданғанбыз" дейді.

Бұның аты "бунчук". Барлық түркі елдерінде болған десек болады. Жылқының жалынан, құйрығынан жасалады. Тудың орнына қолданылған.

Моңғол тілінде ту – "туг" болады.
🤔85❤20🔥11😁1😢1🙏1
🔥147❤18😁6💩2😢1
Түркістанда, Ахмет Яссауи кесенесінің жаңында әдеттегідей, бізге үйреншікті болған шапанмен жүріп, айналадағы адамдардан неше түрліні естідік 🤦🏻‍♂️

"Қай елден келгенсіңдер?"
Деген сұрақ жиі қойылды. Мен үшін бұл өте қызық. Шапан киіп шет елге барғанда "қазақтар келді" деп айтатын дәреже болуы керек қой…

Ал біздің елде ұлттық киімнің қолданыстан жоғалып, ұмытылғаны сонша, өз елімізде жүріп, өзіміздің ұлттық киімді киіп жүрсек, "қайдан келгенсің?" деген сұрақ естиміз.

Бір қырықтан асқан кісі күліп "қалмақтар келген ба?" деп айтқанда, тіпті қаным қайнап кетті. Бірақ артық сөз айтып қоймайын деп, бір екі-дем алып, "сен немене, қазақтың шапанын ұмытқансың ба?" деп жауап бердім. Анау жігіт ұялғанынан теріс айналып кетті.

Ұлттық киімді қанша әдемі, заманауи қылып тігіп, оны сәнге айналдырайық деп киіп жүрсең де, біздің халық әлі күнге шейін қазақ болудан ұялады…
❤237😢101🔥12💩4🙏4👍2😁2🤔2
Қоғамды ашуландырған Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілмейтін болды 🥳

Мен өзім Ұлытау тумасы болғандықтан, бұл жаңалық мен үшін аса маңызды.

@informburo_kaz жазуынша, облыс әкімдігі конкурс қорытындысын жою туралы шешім қабылдаған.

Әкімдік өңір елтаңбасын таңдау үшін байқау өткізген. 130-ға жуық дизайн ішінен осы елтаңба ең көп дауыс жинады дейді.

Ал әлжеліде жұрт бекітілмек болған елтаңбаның дизайны өзге сайттан алынғанын айтады.

Мен жаңалықтарды @informburo_kaz арнасынан оқимын, өзекті жаңалықтарды қазақ тілінде шығарып тұрады, жазылуға кеңес беремін!
❤41🔥5