nurqojager
3.56K subscribers
618 photos
23 videos
22 files
66 links
Видеода айтылғанның дәлелдері, кітаптар, мақалалар мен қызықты әңгімелер!
Download Telegram
Шыңғыс ханның осы суретін дәлел ретінде келтіріп, оны (құдайдың өзі кешірсін) славян, еуропалық, немесе тіпті орыс болған деп жатады.

Негізінде бұл қарапайым фейк, оң жақта бұл суреттің түпнұсқасы.

Алайда шыңғыс ханның шашы сәл қоңырлау болғаны туралы деректер де бар. Бірақ бізде де шаш пен сақал күнге күйіп сарғайып жатады ғой 😂
👍77❤5
Абылай ханның бас сүйегіне негізделіп жасалған жалғыз шынайы, тарихи нақты суреті мен қартайған кезіне келтіріп жасалған мүсіні.

Қалған суреттері өтірік, ойдан шығарылған
🤔79👍40❤15🔥7😢4
Рашид ад-Дин сипаттамасы бойынша жасалған Шыңғыс ханның мүсіні
🔥90👍25😐7
Христиан діні пайда болмай жатып біздің жерімізде крес, немесе қазіргі кейбір тарихшылар шаңырақ деп жатады – күн символы болған.

Аталарымыз кресті тек киіз үйдің төбесіне ғана емес, әртүрлі түйме немесе мойынға аспа ретінде таққан. Бүгін бұл символ, әрине, басқа мағынаға ие болып кетті
❤78👍29🔥12
Педжикент қабырғаларындағы суреттер. Шашы беліне жететіндердің барлығы түркілер. Сақалы барлар парсылар. Басына біртүрлі нәрсе киіп алғандар қытайлар
👍71❤7😁3
Тоныкөк ескерткішімен суретке түсейін дегенмін, бірақ суретке қарасаң мен бір көне түркі анекдотын оқып күліп жатқан сияқтымын 😂
😁141❤24👍20🔥4
Қалмақтар – нағашы жұрт! Аналарымыз бен жеңгелеріміздің жұрты.

Орта ғасырда қалмақ қыздарына үйлену ақсүйектер арасында да, қарапайым халық арасында да "мода" болған. Және бұл алып қашу емес, кәдімгідей құда түсу.

Тәуке ханның, Қабанбай батырдың шешелері қалмақ қыздары. Шығай ханның анасы Абайхан Бегім қалмақ сұлуы болған. Абылайдың атақты батырларының бірі Малайсараның анасы да қалмақ болған. Қазаққа Кенесарыдан қалыспайтын батыр Қасым-сұлтанды берген Топыш-ханым да қалмақ қызы болған. Қазтуған жыраудың шешесі Бозтуған қалмақ қызы.
❤109👍37😐13😱7
Сіздер қалмақ деп ойлайтын, барлығымыз танитын бір кісі туралы сұрап жатырсыздар.

Мен жоңғар жігіттермен сөйлескенде де сол сұрақты қойғанмын, бірақ қалмақтар ол кісіні қалмақ деп мойындамайды деді 😁
😁76❤4
Бизнес идея
🔥96😁21❤13👍5
Тәждің орнына:
Қазақ хандығында билік белгілері мұрақ, мөр, күрзі болған.

Мөрмен құжаттарға қол қойған
🔥115❤7👍4
Қазіргі моңғолдарда ағылшын қалпағы дәстүрлі киім болып кеткен. Өз шапандарымен бірге ұлттық мейрамдарында киіп шығады.

Неге екенін білесіздер ме? 500 🔥 реакция жиналса айтамын
🔥589👍24🤔20❤9😐4😱1