nurqojager
3.57K subscribers
618 photos
23 videos
22 files
66 links
Видеода айтылғанның дәлелдері, кітаптар, мақалалар мен қызықты әңгімелер!
Download Telegram
Осылай сауыт киіп, қару-жарақ асынып алып қолына бүркі ұстап алатындарды түсінбеймін 😂

Екінші суретте тіпті білегіне отырғызып қойыпты…

Сонда олар бұл түрімен қайда бара жатыр екен? Сауытпен аңға шыға ма, әлде бүркітпен жауға шаба ма? 😁
😁73👍7❤6😐4
Этно-фотосессия бойынша қысқаша гайд:

Сауытпен: ат, қару-жарақ, өкшелі етік, ішіне қымыз құйылған жаудың бас сүйегі* жарасады

Бүркітпен: ат, қысқа аңшы шапаны, садақ, аң терісі, тымақ жарасады.

Қару-жарақты ұстап тұрғанда актер болмасаңыз бетті тырыстырып суретке түсу бәріне жараса бермейді. Одан да күліп тұрыңыз 😁

Ата-бабамыз жануарларды сыйлаған, сондықтан суретке жануармен түскенде оны зат сияқты қинап емес, достай жақсы көріп түскен әдемі көрінеді ✅
❤73👍19🔥10
Шыңғыс қағанның түрі қандай болған?

Бұл Шыңғыс ханның ең ескі суреті. Оны Ұлы ханның қайтыс болуынан 51 жыл кейін салған. Алайда бұл сурет басқа портреттерге қарағанда Шыңғыс ханның шынайы түріне ең жақын нұсқасы десек болады, себебі бұны оның туған немересі Құбылай хан салдыртып, мақұлдаған.

Құбылай хан Шыңғыс хан қайтыс болғанда 12 жаста еді. Яғни өзінің атасынын түрін көріп, есте сақтап үлгерген. Мен өзім атам қайтқанда 13 жаста болғанмын, және қазір оның тура суретін салып бере алатын едім, сондықтан мына суретте Шыңғыс ханның шынайы жүзі бейнеленген деген үкімге келуге болады.
👍88🔥9😁5❤2
Ал мына суреттерде кешірек салынған қытай портреті және бірінші суретке қарап салынған моңғол суретшісінің бүгінгі портреті.

Шыңғыс хан 65 жыл жасаған, оның жас кезін бейнелейтін сурет табылмады.
👍48🔥7😱3🤔2
2006 жылы қытайлар түсірген хикаяда Шыңғыс ханды және оның әкесін Есүгейді ойнаған актер – Басен Чжабу. Бұл кісі Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болып келеді.

Біздің киноларда да хандарды солардың ұрпақтары ойнаса қандай керемет идея 👍🏻
🔥121👍22❤13🤔7😁1
Біздің бір видеоның астындағы пікір…

Не болды бізге, жігіттер? 😅
😁77😐12❤10👍8🤔5😱4🔥2
Бұл пікір қате, себебі мұражайда бұрыннан сақталған сауыт пен киімдерді біреуге кигізіп көрейін десе ең арық балаларды іздейді.

Батырлардың сүйектерін тапқан кезде олар орташа 170-180 сантиметрдей бойлары. Яғни қазіргі қазақтар қандай, бұрында да дәл сондай болған ☝🏻

Бірақ әпкеміз айтып тұрған жері қандай болғанын енді тарихта жазылмаған…😅
❤72😁34👍18🔥3😐1
Шыңғыс ханның өсиетінен
🔥86👍28❤5🤔4
Қызықты дерек:

Батырлар ашық темір сауытпен соғыспаған. Сауыттың үстінен киетін мата киімі болған. Ол жібектен жасалған қаттама сауыт болды деп ойлаймын.

Өз тәжірибемде айтайын: ашық темір сауытпен күн астында жүрсең, бетің бір тиіп кетсе барбекью болады 🥩
👍81😁29❤5😱5
Инстаграмға жаңа пост шықты, бірақ суреттер сыймай қалды. Осында шығарайын :)
🔥70👍16❤4