ойыңды шектеме
1.4K subscribers
3.8K photos
465 videos
60 files
1.2K links
Download Telegram
Ахмет Байтұрсынұлы сағаты✨
❤7
өзімді жек көрем.
❤1
“жауапкершілігім жоқ”

Бір күн алдын қасиетті Меккеден келе жатқан туысқан апам мен жездем Алматыға келетінін хабарлады. Соған вокзалға келуімді сұрады, менің қолым бос болған соң бара алатынымды білдірдім. Меннен бөлек, сіңлім, ол кісілерге немересі де шығарып салуға келетін еді.
Сонымен мен кеше апам сұрағанды тамақты, халал болсын деп, жақсысын таңдап дайындап қойғам.
Бірақ түнде ұйықтарда телефон көріп, әлеуметтік желіде көп отырып, түнгі 3те ұйықтағанда будильниксіз тұра алам деп ойладым. Себебі, ертең емтихан ал маңызды күнде өздігімнен ерте тұра аламын деген үміттендім. Ақыры, үмітімнің күл талқаны шықты, неге себебі мен өзімді дұрыс танымайды екем. Мен дәл 8:40 та ояндым(жеңгем звандап), ол мен ойлағаннан да кеш, пойыз 9:16. Үйім вокзалдан алыс. Не болса да, мен нағыз жауапсыз екенмін. Жолым бола беріп, соңына дейін дайындалу керектігін ескермеппін.
Әлеуметтік желінің шырмауына байланған жанмын.
Іштей қатты өкіндім, жылағым келді, бірақ көздегі жасты ұстап бәрі өзімнен екенін ұқтым. Дер кезінде әлеуметтік желіден шығып, өзімді тоқтата алмаған қандай адаммын?
тәуелді? жауапсыз?!
шүкір. Сіңлім апама уақытылы барып, шығарып салды. Мен таксимен үлгеремін деп шықсам да, кешіктім. Пойыз дәл мен жеткенде жүріп кетті.
апамнан кешірім сұрадым.
апамның көңілін қалдырдым.
енді ол маған сенуі екі талай.
ересек адамдағыдай жауапкершілігімнің әлі жоқтығымды байқады. мен де түсіндім.

өзгерем. сөз берем.
❤5
адамның сеніміне лайық болу еңбекпен келеді.
ал сенімінен шығу маңызды бір-ақ сәттегі жауапсыздығынан кетеді.
❤4
мамам да кеше түнде ертерек ұйықта, таңертең вокзалға барасың ғой деп ескерткен.
мен болсам, мамам білем ғой, бәрін дайындадым ғой, азанда керек кезде тұра алам деп сөз қайтардым.
ал өзім …
маманың ескертіп айтқанда, оны ұрысқандай қабылдап тыңдамай қалам, бәрін білем сияқты көрінем, өз бетімен дайындала алам деп .
менің дисциплинамның жоқтығын білетін мамамның ақылын неге тыңдай алмай жүрмін?!
❤5
сол апам бұрыннан мені мақтайтын, меннен жақсы жауапты қыз шығатынын айтатын, бірақ осы жолы менің қандай жауапсыз қыз екендігімді көріп қалай көңілі түскенін білмеймін, бірақ өзім өзімнен шынайы көңілім қалды. өкініштің таяғы қатты екен.

шынымды айтсам, өзімнің жауапсыздығымнан жақындарымнан алыстап кете жаздаймын.
❤4
сабақ болды деп жақсы жағынан ойлаймын, қабылдаймын, бірақ өзімді қатты өзгерткім келеді.
❤5
сопливый ойларымды оқығандарыңызға рақмет🤧
Ішімдегі сезінген күйімді жазбай тұра алмадым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
өз-өзіңді кінәлаудан бөлек, өз-өзіңмен жұмыс жасауды үйрену керек.

#өзіме
❤6
мамаға ұйықтап қалдым, кешіктім десем.

“ұйқыбас” деген сөзге ие болдым.
❤2
ұрысты. ұрысқанын көтерем ғой, бірақ ата-ананың абыройына осы кешігіп ұйықтап қалатын болсаң кір келтіресің дегені енді сәл қатты. мені еркелетіп өсіргені үшін қапаланды. кішкентайынан ерте тұрғызып тәртіпке салуым керек еді, сені аяй бердік деп.

негізі қателессең де ата-ана сені қабылдайды деген рас та шығар, бірақ жай қабылдап қана қоймай ұрысады. бірақ ол да орынды шығар.

дегенмен ата-ананың жан айқайын тек өзім балалы болғанда түсінермін
❤5
өз ісіне дұрыс мән беру керек екен, және ісіңді соңына дейін жеткізу керек.
басын бастап, будильникті қоюға ұмытып кетпей.

(с) мама
❤4
блакноттарынды жазуды бастайсың, жартысына келіп тоқтайсың, до конца жазсай , блакнотты толық толтыр.
жарты жолда қала бермей деп мамам сөйледі.
❤4
Тг арнамды өзім үшін жазамын. саморефлексия үшін. басқаларда да сондай бола ма жоқ па дегенді білу үшін де ішімдегі оймен бөлісемін.
❤5
бәлкім менің кемшілігім осылай қатты білінгенде, жаныма батқанда ғана мен оны жөндеуге тырысамын.
❤3
саған ұрысам деп, жүрегім ауырып кетті. ұрысқаннан пайда жоқ, құр босқа нерв кетіріп, жүрек ауыртпайын.

(с) мама
❤7
адам сабырға келгенде, ашуланғаннан пайда жоқ екенін түсінеді.
❤5
қызықтырып әдемі жазады
❤5
қарапайым бақыт үшін көп нәрсе керек емес.
❤6