ойыңды шектеме
1.4K subscribers
3.8K photos
465 videos
60 files
1.2K links
Download Telegram
Forwarded from balpanaq.
Нұрайды 2021 жылдан бері қараап, тыңдап келемін. Екі рет кәнсертінде болдым. Болашағы жарық, жарқын болады деп сенем! Қазірдің өзінде жааап-жарық, ерекшеленіп тұрады ғой✨
❤1
Forwarded from Khabar
🏆НҰРАЙ МЫҚТЫ «THE VOICE ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ⭐️

🌟Тәлімгерлер мен көрермен таңдауы бойынша финалға өткен 4 қатысушының арасынан қарағандылық Нұрай Мықты оза шауып, жобаның жеңімпазы атанды.

✨Нұрай байқау барысында көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, жоғары дауыс жинап, кезең-кезеңімен алға озды. Талантты аруға сенім артып, тәлімгерлік еткен — Байғали Серкебаев.

👏«Хабар» телеарнасы мегажобаны үзбей тамашалап, үздік қатысушыны таңдауға белсенді атсалысқан барша көрерменге алғыс білдіреді!
❤1
биылғы жаңа жыл әжемсіз болады. кейде ойланамын, соңғы жылдары жаңа жылды үйде қарсы алуым керек еді. өкініш. әттең, әжем маған мәңгі жасайтындай көрінетін. ал қазір әжемнің жарқын бейнесі түсімде ғана көрінеді.

Алматыда кәрі кісілерді, әжелерді көргенде құшақтап алғым келеді. бірақ білемін , бөтен әжелер екенін, жылы жүзіммен қараймын да, сол бір сағынышымды үнсіз қабылдауға тырысамын.
❤6
Үйде отбасымызбен жаңа жыл қарсы алғанда үнемі бейне таспаға түсетінмін. Сол бір естеліктер жүректе де, бейнеміз де де мәңгі қалсын деп. Соңғы 2 жылда жаңа жылда үйде болмадым. Сол кезге қайта орала алмаймын. Бірақ осы жылы өткен естеліктерді жаңғыртып жылы отбасылық бейне фильм жасағым келеді.

(Сіздерге де отбасыларыңызбен жаңа жылдық сәттеріңізді бейнеге жазып алуларыңызға кеңес беремін)

жақындарымызды барыңда бірге өткізген әр сәт маңызды ❤️
❤5
мен бар ғой, 2015 жылғы архив видеоларды қарасам, дені дұрыс видео түсіргенім аз. бүкіл видеода ыржиып күліп, қуып сөйлеппін.

жасым жетіп, ақылым кіріп, өз видеоларымды бір қарасам, қандай ақымақ тәтті балақай болғанмын😂
менің біртүрлілігіме шыдаған отбасы туысқандарыма медаль беру керек.
❤7
Бүгін Алматы -> Қостанай пойызға мінем. Жолым болсыншы🙏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
кейде, өз ақымақтығым мен бір нәрсені толық түсіндіре алмай қиналатыным мен адамдардың сөзін бірден түсіне алмайтыныма қапаланам.
❤5
бәрі өткінші, тек уәдене берік бол.
❤4
болашақ әлем✨
❤10
Forwarded from дәптер
❤5
Forwarded from дәптер
“жарығыңды сөндіріп алмасам екен” дейді ғой уиииииии
❤7
Пойыздағы қызық адамдар.
28-і күні пойызға ағам шығарып салды. Пойызға мінгенде, билетімнің купе вагонынан екенін кейін жан-жағыма қарап аңғардым. Сөйтіп бір купеде 1 тәте, 1 бикеш, 1 бозбала және өзім орналасттық. Тәте ШУға дейін әңгімелесіп келді. Өзі ұлты татар, Уфадан Қазақстанға қыдырып келіпті. Бикеш 19 жаста Алматыда тәрбиеші мамандығында 2 курста оқиды. Астанаға үйіне оралып келе жатыр. Бозбала 23 жаста, Алматыда магистратурада робототехника мамандығында 1 курста оқиды. Рудныйға үйіне бара жатыр. Олармен қазақша танысып сөйлестім.
Қызықты факт, сөз арасында бозбаладан сұрасам, ол КТЛ және НУ фаундейшн бағдарламасын бітірген. Ал мен КТЛ, НУдан хабарым бар, кезінде соны зерттегем. Содан осы тақырыпты талқылап жібердім.
Ал Астанадан бір тәте қызымен мінді. Олар екеуі де врач. Қостанайдың бұрыннан тұрғындары. Орысша сөйлейтін қазақтар екен. Тәте қазақша шамалы білсе де, оқуы, жұмысы, ортасы орысша болған соң, сол орыс тілінде сөйлеуге дағдыланған. Қызы да орысша мектепті бітіріп, орыс тілінде дәрігерлікті оқып аяқтаған. Олар Вьетнамнан демалып келіпті. Вьетнамды мақтады, қызығып кеттім. Осы бір күні саяхаттауға тұрарлық ел екен.
Сөйтіп жол жөнекей осы кісілермен әңгіме-дүкен сөйлестім.
Тәтелер сөзшең, ал жастарға сұрақ қоймасам, өздері әңгімені бастап жүргізбейді екен.
❤2
Қостанайға жеттім. Шүкір, алда әлі 3 сағаттық ауылға жол.
❤5
- Шолпан, қай жылғысыз?
- 2006, сіз ше?
- кішкентай екенсіз, мен кәрімін😅
- 😂😂 сонда нешедесіз?
- 24-темін
#диалогтанүзінді
❤5
Таксида:
- жолда шаршап қалмадыңыз ба?
- жоқ, жол бойы ұйықтап бардым
- пойызда ұйықтамадыңыз ба?
- жоқ, дұрыс ұйықтай алмадым, ыстық болды
- қазір машинада ішінде тоңбадыңыз ба?
- жоқ, жылы курткамды киіп алғам. тек аяғыма жұқа носки киіппін, аяқ кішкене тоңып қалды.
- машина іші ыстық көрініп, пешті өшіргем. негізі аяғыңыз тоңса, айтпадыңыз ба пешті қосар едім.
- аа мен білмедім, ойладым пеш тек денені жылытады, ал аяқ киімге әсер етпейді деп.
- үйіңізге жақындап келдік, түсуге дайындалыңыз
- жақсы

#диалогтанүзінді
❤5
ойыңды шектеме
Таксида: - жолда шаршап қалмадыңыз ба? - жоқ, жол бойы ұйықтап бардым - пойызда ұйықтамадыңыз ба? - жоқ, дұрыс ұйықтай алмадым, ыстық болды - қазір машинада ішінде тоңбадыңыз ба? - жоқ, жылы курткамды киіп алғам. тек аяғыма жұқа носки киіппін, аяқ кішкене…
Сабақ нөмірі 1045:
Егер тоңсаң, жүргізушіге айтып пешті қосуды сұрауға болады екен. Мен деген түкте сұрамаймын, үйге жетсем болғаны деп не тыныш, не әңгіме айтып барамын. Бұл жол бойы басымды терезеге қойып ұйықтап бардым.
❤6