ойыңды шектеме
1.4K subscribers
3.8K photos
465 videos
60 files
1.2K links
Download Telegram
Нағыз мықтылар шаң мен шудың ортасында жүріп, өз жобасын тұрғыза алғандар. Олар архитекторға айналады. Олар іргетас қалайды.
Фундаментсіз дайын ғимарат болмайды.
❤1
Шаң-тозаң дегеніміз тек құрылыс емес. Ол кез келген істің бастапқы кезеңіндегі қиындықтар. Адам бір іске кіріскенде бәрін нөлден, фундаментінен бастап өзі қалайды. Ал сол жолда жағдай әрдайым жайлы бола бермейді.
❤1
өзің үшін ойланып, ой түйген жеткілікті.
❤1
Кейде, детальдерге мән беретінім қандай жақсы.

бүгін бір қыз духовканың противеньнің неге жумадың деп тұр. кеше противеньді көршіммен тәтті нан пісіргенбіз. Сол көршім противеньді жуғанын өз көзімен көрдім. бірақ дәлелдей алмай, сөйлеп тұрған қыз меннен үлкен болған соң, қарсылық білдірмей, таңданып түсінбесем де, жарайды деп жуып тұрмын. бір кезде противеньге қарасам, оның формасының бұрышы біз нан пісірген ыдысқа ұқсамайды. себебі, мен 2 противеньді салыстырып тұрып кеше 1 жұқалау, бұрышы сүйір болып тұрғанын таңдап алғаным есімде. шүкір тамақ пісіргенде суретке түсіргенім еске түсіп, соны галереядан қарасам шынымен де кір тұрған ыдыс біздің қолданған ыдыс емес екенін дәлелді анықтадым.

десе де, ескерту айтқан адамға соны айтып көрсетсем, онда мен білмеймін деп тұрды.

кейде шындықты айтсаң да, оны дәлелдеу оңай емес екен.
❤2
кейде, маған ескерту айтқанда, қарсыласып тұрып алудың орнына, бірінші әрине шынымды айтамын, мысалы , кеше менің көзімше бұл былай болды деп. оған сенбесе, жарайды деп жағдайға байланысты қолымнан келгенін оның ескертуіне қарай түзеуге тырысамын. бірақ іштей, өз шындығымды дәлелдеудің жолын қарастырамын.
❤2
ұсақ-түйек бойынша ойымды жазып жеңілдеймін.
❤1
айналаға ұнауға тырысу - жұртқа ұнайтын болмысты құрастырумен тең.
❤4
өз ой-пікірмен бөлісе отырып, не ойлайды екен деп алаңдау - өз ойыңды жеткізудегі қорқыныштың белгісі .
❤1
Миғраж түні ішіміздегі дұға-тілектерімізді тілеп, Аллаға сыйынатын мезгіл. Миғраж түніне арналған тасбихпен жасалатын амалдар төмендегідей 🌙🤲
(бұлар – сауапты, нәпіл ғибадаттар)
1) Тәубе тасбихы
2) Салауат тасбихы
3)Тәухид тасбихы
4)Хамд және тәсбих
5) Қалаған дұға
Тасбихтен кейін жүректен шыққан тілек, дұға жасау.

Ниеттеріміз, дұға-тілектеріміз қабыл болсын🤲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5
жақсылықты тілеу бұл жақсылыққа сенумен тең
❤5
неге мен біреудің маған деген сезімінен қорқамын, ал жауапсыз махаббатты қауіпсіз көретін сияқтымын?
❤2
мені біреу шын ұнатуы мүмкін деген ой неге мені қуантпай, керісінше күмән тудырады?
❤3
бізге өзге адам жетпейді емес, өзімізге өзіміз жетпейміз.
❤1
Forwarded from Үйрен - Үйрет
Forwarded from Chat | Үйрен - Үйрет
Қазіргі ақпараттық әлемде біз көп құбылыстың тек салдарын көреміз. Себебі жасырын қалып қояды.

Инстаграм/Тикток сияқты желілер көбіне салдармен мақтанатын алаң. Оны көрген көпшілік себепсіз (еңбексіз) нәтижені қалап өседі. Тез бай болу, жылдам нәтижені аңсау үдей береді.

Бүгінде, тіпті алдындағы асы (салдары) қайдан келгенін білмейтін балалар бар. Сәбіз ағашта өседі десеңіз сенеді. Себебі, ешқашан көрмеген. Бар көрген себебі тоңазытқыш ау.

Әдетте салдары, яғни, қандай да бір істің жемісі көпшілік үшін сүйікті боп табылады. Содан да, көбімізге саяхаттау мен қаржылай тәуелсіз болу сияқты нәтижелер ұнайды.

Ал осы нәтижеге себепші еңбек — себебі көбімізге сүйкімсіз. Терлегіміз келмейді.

Өмір тек сүйікті істен тұрмайды.
Forwarded from Chat | Үйрен - Үйрет
Бізде киімге, тамаққа және т.с.с. дүниелерге белгілі бір талғам қалыптасқан. «Мынаны киемін», «Мынаны ішпеймін» — деп жатамыз.

Тура сол сияқты ой талғамы болса екен. Әр ойды тұтына бермей, сүзіп — салмақтысын ғана теріп алатындай.

Талғам тұтынудан қалыптасады. Осы уақытқа дейін не көрдім? Сол бірден бір себепші.

Кейін бұл ой талғамы өзімнен шыққан ой сапасына тікелей әсер етеді. Пайдалы ас тән саулығына әсер еткендей. Кесек ой тұтынған болсам, айтар ойым да өтімді болмақ.
Forwarded from Үйрен - Үйрет
❤4
Алматыға келгеніме 5нші күн.Үйден шықпадым. Тек дүкенге азық-түлікке барып келіп жүрдім. Былайша маңызды дейтін диссертацияға көңілімді бөле алмай жүрмін.
Ал негізгі мақсаттан бөлек, марафонның тапсырмасы, кітап оқу, ағылшын үйрену, т.б. көңілімді бөлуге желанием болды.

жұмыс іздемедім, диссертация жазбадым, әдіскермен сөйлеспедім.

ал даму марафонында жүрмін🥲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4