Forwarded from Банальный бақыт
Әлеуметтік желіге салынған жалт-жұлт дүниеге аса сене бермеңіз. Адам шынайы тірлігін, аяулы сәтін, торыққан кезін жасырып қалады. Ол дұрыс та. Көбіне біз елдің бақытты сәтін аңдимыз. Өзіміздікімен салыстырамыз. Асылында, бәрі бал жалап жүрген жоқ. Оны жіті білмегендіктен өзімізді бір кем бейбақ санаймыз. Мысалға, бүгін менің кіші ұлым ауырды. Жедел жәрдем шақырып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Иманымды үйіріп, жүйке талшықтарым өлді. Ал, жаңа ғана инстаграмға бақытты болып, рухани кеште отырғанымды салдым. Бұған қарап, “әәә Зәкеңнің өмірі әдемі, менікі мынау, тіршілікке жұтылып” деуге келмес. Сіздікі де әдемі. Сіз өзіңізше бақыттысыз. Сіз қызығып қарап отырған Зәкеңіз де күндіз бір жылап алған. Бірақ, онысын әлеуметтік желіге жүктемеді. Тек, банальный бақытты сәтімен бөлісті. Қызықпаңыз жай ғана қызықтаңыз🫶
❤7
28/11 күн әндерді тыңдамауға тырыстым.
28/12 бүгін әндерді таңдамай бәрін тыңдадым.
28/12 бүгін әндерді таңдамай бәрін тыңдадым.
❤4
репост частный арнаға кім жіберген екен?🌚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Бүгін баланың сабаққа дайындықсыз келгенін айтам деп, бір ата-анадан сөз естідім. Үй тапсырмасын жекесіне жазып тұруым керек екен. Үлгермей жатса, мектеп кінәлі, оқытушы және мен екенмін олардың түсінгінше. Ақша төлейміз, бала мектепте біліп келуі керек.
❤8
байлардың өмірі бал емес. себебі олар балаларына бөле алмаған уақытты жұмыспен өткізіп ақша табады. ал сол ақшаны қымбат мектепте оқытуға арнайды. мектеп балаға сол ата-ана үшін де уақыт арнағандай болады. бірақ ата-анадағыдай орнын баса алмайды.
❤7
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
ойыңды шектеме
Дайындықсыз үйленбеймін😁
Айдана құрбым осындай күшті әрі пайдалы кітап сыйлады. 14 ақпан кітап сыйлау күнінде кітап алу бұйырыпты, не ожидала🥹
Көп рақмет от души❤️😘
Көп рақмет от души❤️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
дорама қарасам, басыммен кіріп кетемін. 1 күнде 3 серия қарап, ол деген өзімді тоқтату қиын.
жаман әдет.
жаман әдет.
❤9
кино/сериал/фильм/дорама/подкаст кез келген контентті параллельно бір шаруамен айналысып көре алмаймын.
бүкіл шаруамды кейінге ысырып беріліп кететінім бар. многозадачность қабілетім дамымаған, жоқ та шығар.
бүкіл шаруамды кейінге ысырып беріліп кететінім бар. многозадачность қабілетім дамымаған, жоқ та шығар.
❤12
дорамадағыдай қыз бен жігіттің қарым-қатынасын шынайы өмірде кездестірмеппін.
әлеуметтік желідегі жұптардың көрінісі де дорамаға татымайды.
дорамадағы қыз бен жігіттің сүйкімді ғашық болуы, дос болуы басқа екінші әлем тәрізді. өте қызық.
әлеуметтік желідегі жұптардың көрінісі де дорамаға татымайды.
дорамадағы қыз бен жігіттің сүйкімді ғашық болуы, дос болуы басқа екінші әлем тәрізді. өте қызық.
❤8
бірге тұратын құрбым фонға дорама қосып шаруасын істейді, тамақ пісіреді, шай ішеді. еріксіз қосылып тұрған дорамаға көзім түссе болды, сюжетін басын түсіндіріп берсе бітті, мен де сол дораманы көргім келіп кетеді. бірге қарап отырамын. бірақ минусы, үй жұмысым тоқтап қалады.
“С сегодняшнего дня я человек“ адамды баурап алатын қызық дорама. әр сериясы шым шытырыққа толы тылсым дүние.
“С сегодняшнего дня я человек“ адамды баурап алатын қызық дорама. әр сериясы шым шытырыққа толы тылсым дүние.
❤6
бүгін ақпанның ортасында дала жып жылы болды.
түскі екі шамасында балалармен далаға ойнауға серуендеуге шықтық. сол серуендеп жүргенде, балалар дала жылы ғой, куртканы шешсек болады ма? деп сұранды. кейбірі сұранбай ақ шешіп тастаған.
сөйтіп шынымен дала жылырақ көрінді. курткамен ыстықтап бара жатқанымды түсініп рұқсатымды бердім.
әлжуаз жіңішке оқушымның бірі үйге анасына апайымыз далада куртканы шешуге рұқсат бергенін хабарлады. сөйтіп анасы маған балалар ойнап жүргенде ыстықтап, курткасын шешуге сұранса, қалай ғана рұқсатымды бергеніме ашуланды. опық жеп қалдым. іштей осындай жағдайдың шағымның маған келіп түсетінін сезгендеймін. себебі ереже бойынша сырт киімсіз жүруге болмайды, екінші аяқ киім болуы керек, қар атысып ойнауға болмайды тағысы тағы.
бірақ басқа кіші сыныптың балалары курткасыз жүргенін көрген соң, өзімше болатын шығар, біз ғана емеспіз ғой.

❤3