ойыңды шектеме
1.4K subscribers
3.8K photos
465 videos
60 files
1.2K links
Download Telegram
керек емес затты алсаң,
керек затыңды сатуға мәжбүр боласың.

(с) asu.090.04
❤7
анаммен сөйлестім. ол нағашы әжемнің жылдық асы сәуірдің аяғында болатынын айтты. соған келе аламын ба деп сұрады. бір ай алдын бара аламын ба, жоқ па нақты шешіп айта алмай қиналдым.
сол кезде бір сөзінде былай айтты: 1 жылдық еске алу асында ең жақындары жиналады, және ақырғы құран бағыштау болады дегенде жүрегіме ауыр тиіп кетті. ақырғы деген сөз сондай қорқынышты естілді. жылағым келіп кетті, әрең шыдап қалдым.
егер мүмкіндігім мен жағдайым келіп тұрса, марқұм әжемнің жылдық асына баруым керектігін қатты ұғындым.
бұрын әжем тірі болғанда, ондай тақырыпта мүлдем ойланбайтынмын. қазір әжем туралы осы тақырыптар көтерілгенде жаным сыздап кетеді.

1 жыл өтсе де, кеше ғана әжем бар болғандай әлі есімнен кетер емес.
❤6
жақындарымызды бар кезінде бағалап, олармен мүмкіндік болған сайын қасынан табылып жүруіміз керек, себебі қанша өміріміз қалғанын білмейміз. Алла Тағала барлық жақындарымызға ұзақ ғұмыр берсін🤲🏻
❤9
мәңгілік еместі мәңгі еткіміз келеді. өмір деген осы.
❤10
қиын кез адамды мықты ете ме әлде әлсіз ете ме, ол адамның соны қабылдауына қарай болады. мықтылар төзіп алға жылжиды, әлсіздер өткенді ойлап қаймыға береді. екі жақтың ұшында тұрғандаймын: кейде әлсіздік танытам, кейде мықты болуға тырысам.
❤8
«чтобы найти хорошую работу, надо научиться хорошо работать.»

(с) Хватит мечтать, займись делом.
❤9
Референдумға орай шынымен де Алматыда тегін проезд.
❤7
Чем больше ты проблем решаешь, тем больше тебе платят.

(сестра)
❤8
18 аялдаманы өткізіп алыппын, дуолинго ойнаймын деп…
❤6
Haula әшекей бұйым жасауға арналған дүкенге барып, осындай әдемі браслеттерді құрастырып жасап, бір-бірімізге сыйладық✨
әпкеме қазақи сақина сыйлап, жұп қып тағып алдық. Астанадан келген әпкем Алматыда ағам екеумізді ауызашарға мейрамханаға апарды.
әпкеме көп рақмет🥹❤️
❤8
Forwarded from дәптер
кейін істеймін дегенде басымнан қойып қалатын ешкімнің болмағаны ма
❤10
Teztap-қа қатысып көргім келеді.
Ол үшін өзіңде команда болу керек екен.
#1045арман
❤4
ненавижу то состояние когда из-за ограниченных средств я не могу уехать в свой родной край.
❤5
ешкімнен ақша сұрамау және қарыз алмаудың арқасында ешқайда бара алмай қалмақшымын.
үйге асығып алған билеттерімді де возврат етпекшімін. себебі , айлық маған әлі түспейді. айдың басында ғана. оған дейінгі қаражатым жетіспейді. + демалыс күндерім 5-ақ күн екен. мен алған билеттер жұмыс күніне алыныпты. ол күндерден ақысыз демалысқа сұранатын болсам, 36 мың тг ұстап қалады. сосын жалпы расходтарды санасам, расходтарым доходтан көп. үйге баратын поездканы қысқартсам, ақшамды жеткізе аламын және айлығым да қысқармайтын болады. өмірім айлыққа тірелген шақ. үйден анамнан ақша сұрағым келмейді. дап-дардай болып, өз ақшамды жеткізуімді үйренуім керек, болмаса қосымша табыс көзін жұмысты қарастыру керек. не істерімді білмеймін.
❤6
миымдағы шеріммен бөліссем жеңілдеймін. бір қызығы кеше ғана пойыз билеттерін инстаға салып мақтанып отқандай болдым. енді көз тиіп кетті ме, әлде өзім тупить етіп жұмыс күндерімді білмегеннен ертерек билеттерді алып кеткенім қате болды. қызықтың көкесі менің миымдағы таңдау екі ұдай болып тұрғаны. бір жағынан ақшаны қия сал, жетпесе біреуден сұрап көрерсін десе, екінші жағынан ешкім саған көмектеспейді, үміттеніп қалма , өз күніне сен.
❤7
өз ақшасы өзіне жететін адамдардың қатарынан едім. бірақ үлкен шығындарды аяқ-асты міндетті жоспарлаған соң, өзімді бір қыспаққа ұстап алғандай сезімдемін. бір қызығы бұл әлемде бай адамдар бар, бірақ олар саған мә деп көмектесе салмайды. ешкім ешкімге міндетті емес.
❤7
адам өмір бойы өз қажетілігін өтеу үшін еңбек етеді=табыс табады.
ал адамның қажетіліктері бітпейді. тамақ, жол, тұратын жер, адамдарды қуанту, бәрі қазір қаражатына қарай шектеледі.
❤9
қадір түніне орай қайыр сұрайтындар көбейіп кетіпті.
❤6