мен нормальный адаммын.
бірақ менің киген киімім, өзімді қалай ұстауым кейде нормальный екенімді білдіртпейді.
бірақ менің киген киімім, өзімді қалай ұстауым кейде нормальный екенімді білдіртпейді.
❤5
қарапайым өзіме ыңғайлы киім кисем, ұят болады дұрыс әдемі киім киші дегенді естіп тұрамын.
әдемі болып жүргім келмесе ше😂
әдемі болып жүргім келмесе ше😂
❤5
Forwarded from дәптер
соңғы күндері мінезім өзгеріп жүр. өкінішке қарай жаман жаққа. тез ренжіп, тез ашуланып, бірден ұрысып кететін боппын. бұрында анау айтарлық көркем мінез болмап еді, бірақ қазір өзіме де қатты білініп жүр…
білмеймін стресстен бе, әлде бұрыннан осылай болдым ба. әлде үйдегілердің жанында көп жүргеннен бе екен🤣. алыстан сыйласып жүре бергеніміз жөн-ау🤣.
білмеймін стресстен бе, әлде бұрыннан осылай болдым ба. әлде үйдегілердің жанында көп жүргеннен бе екен🤣. алыстан сыйласып жүре бергеніміз жөн-ау🤣.
❤8
дәптер
соңғы күндері мінезім өзгеріп жүр. өкінішке қарай жаман жаққа. тез ренжіп, тез ашуланып, бірден ұрысып кететін боппын. бұрында анау айтарлық көркем мінез болмап еді, бірақ қазір өзіме де қатты білініп жүр… білмеймін стресстен бе, әлде бұрыннан осылай болдым…
Үйде 1 ай жүргеннен кейінгі состояние сондай болады өзі… үйдегілерге мінезім сыймай кетеді😅 себебі үйде көп болсам, мені тәртіпке бағындырып, өзгертуге тырысады:)
❤8
не қалада, не ауылда қалғым келмей жүр.
үлкен қалаға кеткім келеді.
бірақ Алматыға оралуға өзіме рұқсат етпей жүрмін.
үлкен қалаға кеткім келеді.
бірақ Алматыға оралуға өзіме рұқсат етпей жүрмін.
❤4
бүкіл киім кешегімді, заттарымды көшіріп, Алматыда бәрімен қоштасып, қай бетімен барамын? және қай бетімен туған үйіме, анама сағынышпен келіп алып, кетемін деу, ақылға сыймайды.
❤4
мама басында айтты, Алматыдан қалсаң қала беруіне болады деп. 2 ай бойы Алматыға кету сезімін признавать етпей жүрдім. қазір о жаққа оралу уже кеш. ұят болады.
❤4
Алматыда өзім жақсы көретін мектепте жұмыс істедім. кетуімнің себебі жай көшу, анама жақынырақ тұру, және мектептегі жалақы мен тұратын пәтердің бағасы қымбаттауы мені ойландырып тастаған.
❤4
ақша қырып табу арманым емес.
мен түсінетін, мені өсіретін нәрсе маған жеткілікті еді.
мен түсінетін, мені өсіретін нәрсе маған жеткілікті еді.
❤6
ақша менің арманым емес. бірақ армандарымның орындалуына ақша тікелей әсерін тигізетіні ішімді ащытады.
❤7
минут сайын ойланып, ойым өзгеріп те кетуі мүмкін. нақты жоспарым жоқ. жұрттың көзінше мынау дұрысырақ деп те өмір сүремін, кейде бәрібір деп жай жүремін.
❤6
құрбыларымның балаларының өсуін бақылап, қызығып та кетемін. бала деген тәтті ғой. өз баланың болуы бір банальный бақыт.
❤4
Аллаға шүкір, ауылда туып өскен үйім бар. қалада пәтерім болмаса да, әйтеуір туған жерімде үйім барына шүкір етемін. кейде, кейбір отбасылар пәтерден пәтерге көшіп қонып жүріп, өз үйлеріне қол жеткізе алмай жүрген шақтарында үй сыйлап отырғанын көріп өзім солармен бірге жылағым да келіп кетеді. өз үйінің болу бақыты бұйырғаны қандай жақсы. шүкір, қандай болсын өз үйімнің барына.
❤6