Оқымысты
1.43K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
Оқымысты
Photo
Әдеби кітап оқудың пайдасы туралы әркім әртүрлі пікір айтады. Бірі - сөздік қорыңды байытады десе, бірі қиялыңды дамытады дейді. Енді бірі оқиғалардан ой түйіп, кейіпкерлердің әрекетінен сабақ аламыз деседі. Әлбетте олардың бәріне қосыламын, десе де мен үшін әдеби кітап оқу - шүкіршілікке итермелейтін бірден бір фактор

Қазақ әдебиетіне көз салсаңыз жазушыларымыз - өз кезеңіндегі оқиғаларды қағаз бетіне суреттеп түсіріп кеткен. Бердібек Соқбақбаевтың “балалық шаққа саяхатын”, Төлен Әбдіктің “парасат майданын”, Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айшасын” алып қараңыз, ол кісілердің соғыс кезіне тұспа-тұс келген өмірлерінің қандай ауыртпалыққа толы болғанын көресіз

Қанша жерден қызықты етіп жазған оқиғаларын күліп оқығанымызбен санамызда “мұндай күнді бастарынан қалай кешті екен?”- деген ой көлеңкелеп тұрады. Таба нан мен талқанды күнкөріс қып, оның өзіне зар боп қалатын күндер кешіп үнемдеп ұстағанын оқисың, қазіргідей газ, свет деген нәрсе жоқ, отын тасып қара қазан қайнатылады. жасап ішкен тамақтарында еттің болуы өте сирек, көбіне бір уыс ұннан кеспе жасап, бір екі картоп турап соны азық қылатын. Қыстың суығында тіпті бүтін киімдері де болмайтын, ал аяқтарына өздері қолдан тігіп пима, бастарына малақай киетін. Көлік атаулы да өте сирек, қақаған қыста аттары болдырып мына тұрған аудан орталығына әзер жеткен. Сөйте тұра “қарағайдан отын тасып келе жатқан кимешекті әжеміз еді”, “атамыз бес уақыт намазын қаза қылмайтын”- деген үзінділер жиі кезігеді.

Ал біз болсақ осынау барлық жағдайымыз жасалған заманда өмір сүріп жүрсек те әлі ғибадат қылуға әлсізбіз, ол заманда болсақ дінді де ұстанып қалуымыз екі талай болар ма еді. Жылы су үйге кеп тұр, от жағып ысытпайсың, киім дегенің дүкенде толып тұр, пішіп-тігіп әуре болмайсың, тамақ атаулының көптігі сонша қара нанның қадірі қалмаған. Аудан орталығына әзер жетпек түгілі түрлі шетел көруге мүмкіндігіміз бар.

Әлбетте, мен бұл сөзіммен біз де сондай қиындық көру керекпіз деп жатқан жоқпын. Бірақ біз білуіміз керек, Алла Тағала қаласа бізді сол заманда өмір сүргізсе де болар еді, бірақ бізге Алла осыншама жеңілдікті қалады. Ендеше осыған үнемі ой жүгіртіп, жүрекпен сезіне шүкір етуіміз ләзім
❤92👍18😢10💯7🔥5
Ілім иелері қандай да бір күнәлі іске бірден тәубе жасалуы қажет екендігіне бір ауыздан келіскен. Егер де біреу өз күнәсіне тәубе етуді кешіктіріп алса оған екі тәубе жасау қажет болады:

- жасаған күнәсі үшін
- оған тәубені кешіктіргені үшін

Көпшілік біріншісін жасап ал екіншісінен ғапылда қалуда

🎙️Шейх Әдһам әл-Асыми حفظه الله
❤54😢14👍8💔3
اللهم بارك لنا في رجب وشعبان وبلّغنا رمضان

«Аллаһумма бәрик ләнә фи раджаб уә шағбан уә бәллиғнәә Рамадан»

Уа, Раббым! Ережеп пен шағбан айларын бізге берекелі қыла гөр. Әрі бізді Рамазан айына аман есен жеткізе гөр 🤲🏻

🖇️Алла Елшісінің ﷺ дұғасы
❤52👍7😍2💯2
Ұзақ үзілістен соң жаңа еңбекпен қайта оралып жатқан жайымыз бар)
жақында бөлісеміз, иншаАлла 🙌🏻

Бұл жолы өзім емес, жолдасыммен бірге аударып- іздендік. бұл кітап сонысымен ерекше 📚🌿
❤25😍10👍4💯3🔥2
Алланың қалауымен өзімнің туған інім 7-сынып оқып жүргенде оның кітапқа деген қызығушылығына себеп болған едім. Ал қазір 5-сынып оқитын 10 жасар қайынсіңілімді ынталандыру үстіндемін. Бастағанына көп болмаса да (уже) 3 кітап бітіріп үлгерді:

Жұлдыз Қайратқызы “Әке”
Бақытжан Бұқарбай “Күміс кітап”
Дулат Исабеков “Гаухар тас”

жылдың басталғанына да бір ай өтіп кетті, ал сен кітап оқимын деп әлі жүрсің бе?)
😍31❤23😁5👍3😢3
Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» - дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып, қарсы келушілерден болды. (Бақара, 34)

Ібілістің Алла Тағала бұйырған сәждеден тосылуы - оның Алланың мейірімінен қуылуына себеп болды. Алайда, ібілістің осы бір жағдайы мен намаз оқымайтын адамның жағдайын алып қарайтын болсақ, таңғажайып нәрсе көреміз.

Ібіліс - Адамға (عليه السلام)
сәжде етуден бас тартты. Ал намаз оқымайтын адам - Адамның (عليه السلام) Раббысына сәжде етуден бас тартуда.

Алла Тағала бұл үмметке қандай мейірімді, жұмсақ еді!
Таңда да, кеште де құлдарын тәубе етуге шақыруда, мейлі, күнәлары қаншалықты ауыр, қателіктері көп болып, Алламен жолығуды ұзақ уақыт бойы тәрк етсе де!

📚«рәсәилу мин әл-қур’ан», 35 б
❤48👍8😢5😍5💯1
Бұрынғы ізгілердің бірі былай дейді:

«Егер бұл дүниенің қиыншылықтары болмаса, біз Алла Тағалаға банкрот болып барар едік..»

мағынасы: жақсы амалдарымыз аз болғанымен, бізге келген дүние сынақтары күнәларымызды кешіріп, дәрежемізді көтереді. Олай болмағанда, біз Раббымызға банкрот болып оралар едік...

https://t.me/fraidalkelam12/2803
❤53😢14👍7
Дүниеде қаншама жамандықтар орын алып жатыр: кісі өлтіру, зина тағысын тағы. Егер бүкіл нәрсе Алланың қалауымен болады десек, сонда бұл істердің орын алуы да Алланың қалауымен болып тұр ма? - деген сұрақ адамда туындауы мүмкін. Осы жерден кей адамдар ақидада адасып немесе күмәнға түсіп жатады. Бұл сұраққа Нұржан ұстазымыз حفظه الله өте мықты түсіндірме жасап беріпті. Тыңдап шығайық,таратайық ⤵️

https://www.instagram.com/reel/DRGTVGlCCtN/?utm_source=ig_web_copy_link
❤15🔥5💯2
Ибн Аббас رضی الله عنه айтады :
«Маған "Зілзала" және "әл-Қари'а" сүрелерін ой жүгіртіп оқығаным, "Бақара" және "Әл Имран" сүрелерін тез оқығаннан жақсырақ»

📚Имам Ғазали رحمه الله “арбағин фи усуль әд-дин”, 120б
❤30
жақсы істі ізгі адам да пасық адам да жасай береді, ал тыйымнан тыйылу - тек қана шыншылдардың ісі.

(с) Мулла Али әл-Қори رحمه الله
📚әл-мубиин әл-муғин
❤36