Оқымысты
1.44K subscribers
63 photos
1 video
3 files
19 links
қыздарға: https://t.me/+0TzxN-B-YQg3ODRi
кері байланыс үшін: t.me/anonaskbot?start=r8mjqzvddzjiq
Download Telegram
"كيف تحفظ القرآن الكريم" 📚

Құран жаттаушыға арналған өте керемет кітап 🫶

Ерекшелігі: құран жаттау барысында ескеру керек 19 алтын қағиданы келтіреді. Егер соны жақсы түсініп , жаттауда қолдансақ үлкен жетістікке жетерміз анық ✨

Алған пайдалар:

✅ Құрап жаттаушы мусхафын мүмкіндігінше ауыстырмай бір мусхафқа бекітілу керек. Себебі беттері, аяттардың орыны әртүрлі жерде болуы мүмкін. Ол жаттағанына шатасу туғызады.

✅ Жаттайтын беттің басы мен соңғы аятына ерекше мән беру керек.

✅ Көп шәкірттер жіберетін қателік бірден жаттауға кірісетіндері. Ал негізінде бірінші тасхихуль қиро'ә -мен жұмыс жасау керек

✅ Күніге үздіксіз құран жаттаушы аптасына бір не екі күн демалыс алса болады. Бұл оның құран жаттауға жаңа серпінмен, белсенділікпен оралуына септігін тигізеді және т.б.

Кітапты барша Құран жаттауға қызығушы жандар оқуы ләзім деп білемін 📌

#екіншікітап
#әліақ_жетіп_аламыз)
👍26❤‍🔥5❤3🔥3😁2💯2
📘"Наставление сыну", 29
❤‍🔥6👍5
Кітаптарын жақсы көріп оқитын мен үшін ерекше ғалымдардың бірі - Әбул Фәрадж ибн әл-Джәузи. (рахимаһуллаһ)

Бүгін оның "Наставление сыну" кітабын оқып шықтым. Автордың айтуы бойынша ол Құранды толық оқып шығып Аллаһ Тағаладан 10 бала нәсіп етуін сұрайды. Сөйтіп ол дұғасы қабыл болып 5 ұл,5 қызды болады, бірақ оның ішінде төрт ұлы қайтыс болып қалған жалғыз ұлы Әбул Қасымның салиқалы,тақуа ұрпақтардан болуын тілеп оған арнап осы бір ескерту, насихат кітабын жазады.

Өзінің өмір жолын баяндау арқылы қандай нәпсі қалауларынан бас тартып ілім жолына арнағанын , есесіне Аллаһ Тағаланың қаншама нығметіне бөленгенін айтып :
"Менің бұл хәлімнің барлығының себебін саған бір ғана сөзбен түсіндіріп берейін. Ол Аллаһ Тағаланың мына бір аяты", - деп Бақара сүресінің 282 аятын жазады... 💔

{واتقوا الله و يعلمكم الله}


Кітапта уақыт қадірі, бұл өмірдің өткінші екендігі, идеалды күн тәртібі, діни білімнің маңыздылығы, дүниеге алданбау т.б тақырыптарда маңызды насихаттар бар. Сонымен қатар оқуға басқа да бірнеше кітаптарға сілтеме берілген ✅

#үшіншікітап
👍20❤‍🔥5🔥2
- Кітапта мәселелерді неге ғалымдар ауыр қылып жазады?
- Шәкірттер әрдайым ұстазға мұқтаж болу үшін.

Имам ибн Абидин (рахимаһуллаһ)
👍27🔥4❤‍🔥3
🕊7👍4🤩3
📚Әш-Шәмәил әл-Мухаммадия

Бұл Имам Тирмизидің (рахимаһуллаһ) кітабы. 50-ден аса баптан тұрады, осы айда әр баптан бір хадистен жаттап шығу бұйырған екен. Жаттап қана қоймай әр хадистен алынатын пайдаларды білу үшін шархқа көз жүгірттік.

Осы кітапты оқу — Алла елшісін (саллаллаһу ъалейһи уә сәлам) жақсырақ тануға, оған деген махаббаттың артуына себеп болатыны сөзсіз. Имам Ғазалидің (рахимаһуллаһ) сөзі бар еді: "Махаббат деген нәрсе толық танып білуден кейін ғана білінеді. Себебі адам жақсы танып білмеген адамын жақсы көре алмайды".

Алла елшісінің сырт кейіпі, мінезі, қарапайымдылығы, жымиуы, киген киімі, таққан жүзігі, отырған отырысы, жеген тағамы, төсек орны қандай болған баарлығын осы кітаптан біле аласыздар. Әрі кітаптың соңғы бабы "Алла Елшісін түсте көру бабы". Неге соңғы бап олай қойылған десеңіз, кітапты соңына дейін оқып шыққан адам Алла елшісін танып-біліп, соның себебімен оны түсінде көрер деген ниет екен 🥺🤍

Іріктеуден финалға өткеніммен, бір жағдайлармен бұл кітап бойынша хадис жаттау жарысына қатыса алмадым. Десе де мен қай жағынан болсын ұтылмағанымды білемін. Алған пайдам өте өте көп болды. Әрі осы кітапты алуға себеп болған осы канал оқырмандарына тағы да алғыс білдіремін. Рахмеет 🙌
❤‍🔥15👍12🔥4😢2🕊1
Қудури оқыған адам таршылық көрмейді. Ол туралы қаншама ұстаздарымыз, ғалымдар, тіпті менің өзім "Уа Аллаһи" деп айтамын – бұл кітапты оқығаннан ақ мәселелерім шешіліп бастаған еді.

Сондықтан сендердің осылай үйге кетіп қалмай, кешке дейін қалып сабақ алып жатқандарың бекер емес. Уақытын ілімге арнағандар міне, солар жеңіске жетеді. Тек тоқтап қалмаңдар!

(с) Ұстаз
🔥24👍15❤7❤‍🔥3
👍12❤6❤‍🔥1🔥1
Имам Әбу Юсуфтен (рахимаһуллаһ) "ілімге қалай жеттің?" -деп сұралғанда ол :

"(Кімнен болса да) пайда алуға келгенде тәкәппарлық қылмадым және пайда беруге келгенде сараңдық қылмадым" - деп жауап берген екен.

📗таълим әл-мутаъаллим

#қазір_керісінше_жасайтын_шәкірттер_көп_өкінішкеорай
🔥15👍10❤6❤‍🔥1
❤‍🔥5👍5❤4🤩3
📘«Оқы да, жоғарыла!» кітабы. (pdf)

Құранды үйренуге, көркем оқуға, жаттауға қызыққан жандарға оқуға кеңес беремін, өзіме қатты ұнады.

Әсіресе қатты бір ескерту болғаны - құран үйреніп жүрген жасы үлкен кісілерге жұмсақтық таныту қажеттігі. Себебі ол кісілердің әріптерді дұрыс айтуы ережелерді үйренуі сәл қиындау, егер барлық қатесін бірден түзеп берсең көңілі түсіп беті қайтып қалуы мүмкін. Бірте-бірте жеткізбек керек екен.

✨Түртіп алған үзінділер:

📌Аман саулық білген соң "Құраның қалай?" деп сұрайтын үлгілі серігіңіз болсын. Ол - үлкен олжа.

📌Біздің өмірімізде маңызды және маңыздырақ деген дүниелер бар. Ал мұсылман үшін Құран әрқашан маңыздырақ болу керек.

[Басқа бір іспен Құран қатар келіп қалса,осыны есіңе ал]

📌Егер де ойынның, сауық-сайранның есігі ашылса, нұр мен танымның есігі жабылады.
___

Авторы :
@sayanyn_siyasy
Қаламыңыз мұқалмасын, жазарыңыз көп болсын әпке 🌷

Сіз де кітапты оқығыңыз келсе 87775721313 номеріне 2500 тг жіберіп, сол номердегі ватсапқа жазып ала аласыз. Сәттілік;)
👍9🔥4❤3❤‍🔥2
Егер бір бет Құран жаттау үшін бес-алты сағатқа мұқтаж болсаң, сен оны қиын көріп, сынып қалма.

Себебі бір адамдар бар, бір бетті бір-ақ сағатта жаттап алатын. Бірақ қалған уақытында әлеуметтік желі сынды уақытын бос кетіретін нәрселермен шұғылданып қалады.

Ал саған хифз бірден берілмесе де, ұзақ уақыт тырыса беретін болсаң, сол арқылы Раббым менің көбірек Құранмен уақыт өткізуіме мүмкіндік беріп қойды деген оймен қарайтын болсаң, бір күні саған да сен күтпеген ілімнің есіктері ашылады

Тек иджтиһадыңнан тайма...

#ұстаздан
❤36👍19❤‍🔥3🔥2😢2🤩1
Бір кітапты екі,үш ай оқып Қадір түні болуы ықтимал бір түні тәмәмдайсың, ал автор соңында бұл кітапты бірнеше жыл бұрын қадір түні жазып бітіргенін баяндайды...

Ілім талап етуші ризықты уайымдамай , Аллаға тәуекел етуі қажеттігі туралы бір ғалымның кітабын оқып отырасың , и вдруг саған күтпеген жерден ризық келеді...

Бір фиқһ кітаптан мәселе оқыдың, кейін соның түсіңде амалға асқан түрін көресің...

(не деген сәйкестіктер?)

Әр кітабыммен осындай ерекше естеліктердің қалуы - кітапқа деген махаббаттымды сөзсіз арттырады 💔
❤30👍8❤‍🔥2🤓2
Білім – ризық.
👍18💯4❤3🕊2
Зікір айту болсын, нәпіл ораза ұстау болсын, тәхәжудке тұру, иътикафта болу - барлығының фундаментін осы ілім жолында жүргендеріңізде тұрғызып алыңыздар.

Нағыз пайдаланатын уақыт осы. Ертең біреудің анасы, біреудің жұбайы, біреудің келіні боласыздар. Ол кезде фундамент тұрғызу қиын, бірақ осындай ізгі амалдарыңыздың негізі қазірден қаланса - алып жүру оңай болады

[Жалғас ұстаз]
👍29❤6
"Емтихандар бітті, енді демалып кино көрейік" ,- деп жүрген шәкірттер аз емес шығар?) 😸

Ал мен көруге мына бір подкастты кеңес етер едім ⤵️

https://youtu.be/5G-w9lnP8Kc

Бәрібір де ғалымдар туралы, ілім алу туралы айтылған мәжілістерге ештеңе жетпейді!
👍11🔥3❤2
Біздің араб тілін тереңірек меңгеруіміз - халықтың дінді дұрыс үйренуіне тікелей әсер етеді.

[подкасттан]
🔥13👍10❤5
Толиб өзінің жеріндегі ғалымдардың ілімін тауысуы керек. Солардың ижазаларын алып алуы керек. Одан кейін барып қана шетелге шықса болады.
Бұл - толиб үшін ең үлкен әдептерден.

подкасттан
👍22🔥3
Осы жылдың әдемі нүктесі. Альхамдулилля 🤍

Иджазадағы тізбекте Шейх Нуруддин Итр (рахимаһуллаһ) Усама әл-Азһари (хафизаһуллаһ) сынды ғалымдар бар екен. Алла Тағала бізге ғалымдармен бірге тірілуді нәсіп етсін 🥹
🤩25❤‍🔥10❤9👍7🔥5🤓2